Басқару әдістері

Басқару әдістері – басқарушы субъектінің белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу үшін басқару объектісіне ықпал етуде қолданатын құралдар мен тәсілдердің жиынтығы. Жалпы ғылыми әдістерді әдістемелік нұсқаулықтардан көруге болады. Мәселені жүйелі әрі кешенді тәсілдемелермен шешуге негізделген. Ғылыми әдістер: тарихи, үлгілеу, эксперименттік, экономикалық-математикалық алгоритмдерді пайдалану, әлеуметтік зерттеулер т.б.

Жалпы ғылымидан басқа бақаруда қолданылатын өзіндік ерекшеліктері бар әдістер де болады. Басқару әдістерін жіктеудің критериялары:

Мазмұн: ықпал етудің ұйымдастырушылық-әкімшілік, экономикалық, әлеуметтік-психологиялық тәсілдер;

Мотивация: материалдық, моральдық, мәжбүрлеу ұйымдастыру түрлері: жалпы, түрде жекешеге, ұжымдыққа және алқалыққа;

Қолдану саласы бойынша: әдістер жалпы түрде (барлық жүйеге қатысты) және тұжырымды түрде (локальный) оның жекелеген бөлімдерде қолданылуына қарай болуы мүмкін.

Басқару әдістерідегеніміз бұл басқарудың мақсатқа жетудегі іс-әрекеттік жолдары. Басқару субъектісінің басқару объектісіне ықпал жасау әдістері басқару әдістері деп түсіндіріледі. Басқару әдістері ұжымдар қызметінің жоғары тиімділігін, олардың ынтымақты жұмысын қамтамасыз етуге тиіс. Мұның өзі басқару әдістерін өндірістік-шаруашылық міндеттерді шешу процесінде қолданылатын басқа да техникалық және технологиялық әдістерден ерекшеленеді. Басқару әдістері басқару процесін мүлтіксіз ұйымдастыру, осы замаңғы техниканы пайдалану, еңбек пен өндірісті прогресті жолмен ұйымдастыру үшін жағдайлар жасайды, олардың барынша тиімді болуын қамтамасыз етеді. Сонымен, әдістер-басқару қызметінің мәні және негізгі мазмұны болып табылады, өйткені басқару міндеттері солар арқылы іске асырылады.

Басқару әдістері дегеніміз-тәсілдер немесе адамның іс-қызмет аясындағы амалдарының жиынтығы, белегілі мақасаттарға жету тәсілі, белгілі бір міндеттерді шешу жолдары.Еңбек ұйымдарының тыныс тіршілігінің ең басты, әрі өзекті мәселелерінің бірі басқару.Басқаруға әлеуметтану тұрғысынан қарасақ, онда мән мағынасы жөнінен оның үш компоненттерінің бір бірінен аырата бөліп көрсетуге болады.

Олардың біріншісі мақсатқа бағытталған басқару ықпалы,бұл басқарудың негізін, яғни өзегін құрайды. Мұндай ықпал жасау сырттан (басқару оргондарының объектілерден тыс жерде болуы) әсер ету, сондай ақ өзін өзі басқару (объектінің құрамына енген бөлімнің немесе субъектінің ықпалымен іске асады) арқылы жүзеге асады.

Басқарудың екінші компоненті әлеуметтік өзін өзі ұйымдастыру, яғни ұжым ішінде реттеудің спонтанды процестері (лидерлік, “мәртебе шкаласы” әлеуметтік нормалар, формалды емес топтар құру)

Аталған екі компоненттің үшінші компоненті - ұйымдық тәртіп құрайды.Бұл өткен басқару еңбегінің жемісін[шешім, әкімшілік тәртіп] және ұжымда стихиялық қалыптасқан жүйені өз құзырына алады.Индивит, топ, ұйым, басқа да әлеуметтік түзілімдер мен процестер басқарудың объектісі болып табылады.

Басқарудың өзіндік әдістері бар.Басқару әдістері бұл қызметкерлерге, топтаорға және ұжымдарға мақсатты ықпал жасаудың әлеуметтік кешені.

Көрсетілген деңгейдің әрқайсысында басқару бір біріне ұқсамайтын, өзіндік ерекшеліктері бар проблемаларға кезігеді, демек, соған сәйкес әдістер жасалады; олардың кейбіреулері талған үш жағдайдың әрқайсысында да қолданылады, басқаларының қолданылуы бір оқйға барысымен шектеледі.

Жеке қызметкерлерге келер болсақ, сол адамның жүріс тұрысына ықпал етудің әр түрлі әдіс тәсілдерін қолданады:

А) тікелей[бұйрық,тапсырма];

Б)мотивтер мен қажеттіліктер арқылы [ынталандыру];

В)құндылықтар жүйесі арқыылы[тәрбие, білім, т.б]

Г)қоршаған әлеуметтік орта арқылы емес ұймдар статусының өзгеруі, т.б

Кәсіплрынның өндірістік ұжымына кіретін топқа қолданылатын әлеуметтік басқару әдістері төмендегідей болып бөлінеді:

А)алдағы мақсатқа бағыттай отырып, топтықұрамын қалыптастыру(біліктілігі,демографиялық, психологиялық белгілері, жұмыс орындарының саны, орналасуы және т.б тәсілдермен ұйымдастыру).

Б)топтарды ұйыдастыру(жарыс ұйымдастыру,басшылық стильн жетілдіру, әлеуметтік психологиялық факторларды қолдану арқылы және т.б тәсілдермен ұйымдастыру).

Әлеуметтік ұйым деңгейінде кәсіп орын мынандай әдістерді қолданады:

А)формальды және формальды емес құрлымдардың ұйғарымы (жоспарланған және наты айқын байланыстар мен нормалар арасындағы қарама қайшылықтарды жою);

Б)басқаруда демократияландыру (қоғамдық ұйымдардың рөлін артыру, қызметкерлерді ортақ шешім дайындауға кеңінен қатыстыру, өндірісте кейбір басшыларды сайлау, еңбек белсенділігін дамыту арқылы және т.б);

В)әлеуметтік жоспарлау(қызметкерлердің біліктілігін көтеру, ұжымның әлеуметтік құрылымын жетілдіру, хал ахуалын жақсарту мен басқа да шаралар).

Басқару әдісістері дегеніміз - ұйым көздеген мақсатына жету жолында басқарылатын жүйеге ықпал ету үшін қолданылатынтәсілдер мен амалдар жйынтығы.

Наши рекомендации