Курс Журналистика, Тарих, Физика факультеттерінеарналған

«Әлеуметтану» пәнi бойынша емтихан сұрақтары (2-3 кредит)

Сұрақтар Сұрақ
Позитивизм мен позитивистік әлеуметтану ғылымының негізін салушы Огюст Конттың тұжырымдамасын түсіндіріңіз
О.Конт «әлеуметтік статикаға» талдау жасауды отбасының жағдайынан бастады. Себебі отбасы әлеуметтік организмнің негізгі жасушасы деп білді. О.Конттың қарастыруындағы отбасына берген тұжырымдамасын түсіндіріңіз және әлеуметтанулық талдау жасаңыз
О.Конттың «әлеуметтік динамикасы» адамзат дамуының универсалды әмбебап заңдылықтарын ашуды мақсат еттті. О.Конт бойынша «әлеуметтік динамика» тұжырымдамасын әлеуметтанулық талдаңыз
Қоғамның дамуы – сана дамуының бір сатысынан екінші сатысына көшуі арқылы, яғни теологиялық, метафизикалық және позитивтік «үш саты заңы» арқылы көрсетіледі. Осы «үш саты заңын» талдай отырып, түсіндіріңіз
Әлеуметтанудың әдістері туралы мәселелерге Конт неге басты назар аударған,осы әдістерді атаңыз және олардың мәнін түсіндіріңіз
Әлеуметтану ғылымының мәні мен міндетін атай отырып, әлеуметтанушылардың көзқарастарына салыстырмалы талдау жасаңыз
Ч.Даривиннің еңбегінен кейін эволюционизм идеясы әлеуметтану саласына еніп, қалыптасып келе жатқан жаңа ғылымның териялық мәртебесін анықтап, зерттеушілердің назарын құбылыстарды генетикалық тұрғыдан түсіндіруге шоғырландырылды. Эволюционизм идеяларын кеңінен насихаттауда Г.Спенсердің еңбектері ерекше маңыз алады. Г.Спенсердің эволюционизм тұжырымдамасын түсіндіріңіз
Г.Спенсер бойынша әлеуметтік институт түсінігі, түрлері мен атқаратын қызметтерін атаңыз. Әлеуметтік институттарда орын алатын дисфункцияны шешудің екі жолы бар: реформалау және тарату. Осы шешу жолдарын нақыт түсіндіріңіз
Г.Спенсер «әлеуметтік организмнің» өзіне тән ерекше белгілерін анықтап беруге және оның биологиялық жүйелерге ұқсас ете түсетін жалпы жүйелік принциптерді іздеп табуға күш-жігер жұмсаған. Оларды атап, сипаттама беріңіз
К.Марктің әлеуметтанулық тұжырымдамасын түсіндіре отырып, әлеуметттанулық талдау жасаңыз
«Қоғамдық формация» ұғымы Маркстік әлеуметтанудың басқа ұғымдарынан қоғамдық өмірдің барлық жақтарын тұтастық және өзара әрекеттестік ретінде қарастыруымен ерекшеленеді. Талдау жасаңыз
Маркс пен Энгельс бес қоғамдық-экономикалық формацияларды бөліп көрсеткен: алғашқы қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік және коммунистік. Ғалымдардың аталған формацияларға бөлуін түсіндіріңіз
В.Паретоның әлеуметтанулық көзқарасына талдау жасаңыз
В.Паретоның пікірінше теорияның пайдалылығы оны қолдану нәижелеріне қарай анықталады деген тұжырымды түсініріңіз
В.Парето «өз саласында жоғары көрсеткішке ие» болған адамдарды «элита» деп атады. Паретоның элиталар туралы теориясының әлеуметтануда алатын орнын түсіндіріңіз
Э.Дюркгеймнің әлеуметтанушылық тұжырымдамасын талдаңыз
Э.Дюркгейм бойынша әлеуметтік фактілер теориясына түсіндірме беріңіз
Әлеуметтікинституттардаорыналғандисфункциянышешудің 2 жолы бар: 1. реформалау; 2. тарату. Дисфункциянышешугеқатыстымысалкелтіріп, әлеуметтанулықталдаужасаңыз.
Абай ілімінде қоғам мен адамның даму процесі үш сатыға бөлінеді. Біріншісі - төменгі саты. Мұнда адамды Абай жануарға теңейді. Екінші кезеңде қоғам белгілі бір тәртіпке ие болады. Бұл деңгейде Абай жеке адамды “адам” деп атайды. Үшінші деңгейде адам таза рухани жолмен кемелдікке жетуге тиіс. Бұл шынайы ілімге және мәңгілік қанағаттандыруға апарар жол, оған “толық адам” жатқызады. Осы тұжырымғаәлеуметтанулықталдаужасаңыз, әрдеңгейдіңерекшелігінсипаттаңыз.
Абай афоризмдерінде тұлғаның, оның құрылымының және маңыздылығының әлеуметтену процесі сипатталады. “Нәресте дүниеге келгеннен кейін оның келешек жетілу дәрежесі үш себепке байланысты екенін білдірген. Олар баланың ата тегі, дүниеге келу ортасы және келешек тәрбиесі”. Өзкөзқарасыңызбойыншаталдаужасаңыз.
Шәкәрім адамды тәрбиелеу процесіне ар білімін енгізуді ұсынады. “Бұл ғылымды ақылды адамдар ойластырып, пән ретінде жазып, нәпсіні жойып, адам бойында жеке ардың қожасы болып қалу жағын көздеу керек. Адам бойындағы нәпсі кеселі кетсе, өзгесі оңай...” деген тұжырым айтты. Бұл тұжырымы арқылы Шәкәрімнің қозғағанәлеуметтік мәні бар мәселесіне сипаттама беріңіз
Ш.Уәлихановтың “Сот реформасы туралы жазбаларында” қандай әлеуметтік көзқарастар мен мәселелер қозғалғандығына анықтама беріңіз
Ы.Алтынсарин Қазақстандағы білім беру институтының негізін қалаушы ретінде белгілі. Сауатсыз халыққа білім алудың құндылығын жеткізу үшін атқарған қызметтері мен жетістіктері,сонымен қатар, осы атқарған жұмыстарының қоғам дамуына ықпалына талдау жасаңыз
Қазақстандағы әлеуметтанулық ойдың қалыптасуына Абай мен Шәкірім мұралары қалай ықпал етті, нақты дәлелдемелермен сипаттаңыз.
Қазіргі кезде пайда болып отырған отбасының жаңа түрлеріне пікіріңіз және оның қоғамдық дамуға, жалпы қоғамдық ортаға әсерін түсіндіріңіз
Отбасы ұғымының құндылығына жан-жақты талдау жасаңыз.
Қазіргі уақытта қоғамда орын алып отырған отбасылардың тұрақсыздығына қандай факторлар әсер етуде. Өзпікіріңіз, нақтыдәлелдемелер, статистикалықмәліметтеркелтіріңіз.
Сауалнама әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттайтын 2 бағананы құрайтын кесте құрыңыз.
Анкетада қолданылатын ашық және жабық сұрақты көрсететін 3 мысал келтіріп жазыңыз (ашық сұраққа -3, жабық сұраққа – 3 мысал келтір).
Социологиялық бағдарламаның негізгі бөлімдерін құрайтын 2 бағаналы кесте құрыңыз. 1-ші бағанада негізгі бөлімдері, 2-ші бағанада сол бөлімдер сипаттамасына талдау жасаңыз.
2 бағанадан тұратын кесте сызыңыз, сол жақ бағанада берілген әлеуметтанулық зерттеу әдістерін жазыңыз: анкета, сұхбат, бақылау, фокус топ, эксперимент. Осы әдістердің сипаттамасын оң жақ бағанаға толтырыңыз.
О.Конттың ғылымға енгізген ұғымдарын таңдап алыңыз және сипаттама беріңіз: арнайы орта деңгей теориясы, әлеуметтік іс-әрекет, аномия, идеалды тип, жүйе, функция, стратификация.
О.Конт қоғам дамуының 3 сатысын атап көрсетті: теологиялық, ...... Сатыларын жалғастырыңыз және әрқайсысына әлеуметтанулық талдау жасаңыз.
Әлеуметтік топтар құрамы уақыт өте ауысып отырады. Адамдар топтан әртүрлі себептермен кетеді, яғни тұрғылықты мекен-жайын өзгертуіне, жасына байланысты, мамандығын ауыстыруына және т.б.; олардың орнына жаңа адамдар келіп отырады. Осы өзгерістерге қарамастан әлеуметтік топтар біртұтас жүйе ретінде жұмысын тоқтатпайды. Әлеуметтік топтардың мұндай тұрақтылығы қалай түсіндіріледі, өз жауабыңызды дәлелдеңіз. «Әлеуметтік топ», «әлеуметтік қауымдастық», «әлеуметтік ұйым» ұғымдарына салыстырмалы талдау жасаңыз.
Ф.Энгельс бойынша «Бұл отбасының түрі ер адамның билігіне негізделгендіктен балаларының ата-тегі күмән туғызбайды, ал бұл дегеніміз алдағы уақытта балалар мұрагер ретінде әкесінің мүлкін иеленуі тиіс» деген тұжырымдама айтқан болатын. Аталып отырған отбасының түрін сипаттаңыз,қазіргі қоғамға қандай отбасының түрі сай және неліктен,өз жауабыңызға дәлелдер келтіріңіз.
Ауытқымалы мінез-құлықтың үш түрін атауға болады: девиантты, деликвентті және криминалды мінез-құлық. Ауытқымалы мінез-құлықтың әр түрін жеке-жеке сипттаңыз және өзара салыстырыңыз. Олардың әрқайсысы қандай әлеуметтік бақылауды қажет етеді. Өз жауабыңызға нақты дәлелдемелер беріңіз.
Қазіргі қоғамдағы жастар арасындағы девиантты мінез-құлықтың көбейу салдарына әлеуметтану ғылымы тұрғысынан талдау жасаңыз.
Тұлғаның әлеуметтенуіне әсер ететін агенттеріне мысал келтіре отырып, жеке-жеке талдау жасаңыз.
Субъмәдениет түсінігі және түрлері. Қазастанда субмәдениетті алып жүрушілер бар ма және олардың қоғамдық ортаға тигізетін кері әсеріне талдау жасаңыз
Сұхбат әдісінің басқа әдістермен салыстырғандағы ерекшелігі және түрлеріне талдау жасаңыз
Эксперимент әдісінің қоғамда орын алып отырған белгілі-бір құбылысқа жүргізілуіне мысал келтіріп, талдау жасаңыз
Отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттеудің негізгі социологиялық аспектілеріне сипаттама беріңіз
Мектепке дейінгі, орта білім, кәсіби техникалық және жоғарғы білім беру деңгейлеріне талдау жасаңыз
Тұлғаның әлеуметтену кезеңдерін атаңыз және әрқайсысына мысал келтіре отырып, сипаттама беріңіз
Адамдардың экономикадағы әрекетін әлеуметтану тұрғысынантүсіндіру «Экономикалық адам үлгісінің» түсіндірмелі мүмкіндіктерін есепке ала отырып құрылады. Оны бейнелеудің төмендегідей төрт алғышартын бөлуге болады: адам тәуелсіз, адам өзімшіл, адам ұтымды, адам хабардар. Алғышарттарына жеке-жеке талдау жасаңыз және «Әлеуметтік адам» үлгісімен салыстырмалы сипаттама беріңіз.
Марксистік және марксистік емес бағытты ұстанған әлеуметтанушыларды қақтығыссыз қоғам бола ма деген сұрақ қатты толғандырды. Қақтығыс күнделікті өмірдің ажырамас бір бөлігі, яғни қоғамдық өмірдің қозғаушы күші болып табылады. Осы тұрғыда, қақтығыс қандай көрініске ие болып отыр: дисфункция, аномалия, әртүрлі әлеуметтік өзгерістерді туындататын әлеуметтік өмірдің маңызды қажеттілігі. Нақты дәлелдемемен сипаттама беріңіз.
Экономика қоғамның әлеуметтік дамуының негізі деген тезисті дәлелдеңіз. Осы мақсатта нақты бір елдегі белгілі-бір уақыт аралығындағы экономикалық даму мен әлеуметтік прогрестің арақатынасын талдауға көмектесетін статистикалық көрсеткіштерді мысалға ала отырып, дәлелдеңіз.
Қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде категориялық талдау: «әлеуметтік қауымдастық», «әлеуметтік ұйым», «әлеуметтік институт».
Әлеуметтанудың негізін салушы О.Конттың әлеуметтанулық тұжырымдамасын сипаттаңыз
О.Конттың қоғам дамуының кезеңдеріне талдау жасаңыз
Г.Спенсердің әлеуметтануға қосқан үлесіне анықтама беріңіз
Э.Дюркгеймнің әлеуметтанулық көзқарасына талдау жасаңыз
М.Вебер әлеуметтануына талдау жасаңыз
М.Вебер әлеуметтік іс-әрекет теориясына сипаттама беріңіз
Қазіргі уақытта қоғамда орын алып отырған отбасылардың тұрақсыздығына қандай факторлар әсер етуде. Өз пікіріңіз, нақты дәлелдемелер, статистикалық мәліметтер келтіріңіз.
Сауалнама әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттайтын 2 бағананы құрайтын кесте құрыңыз.
Анкетада қолданылатын ашық және жабық сұрақты көрсететін 3 мысал келтіріп жазыңыз (ашық сұраққа -3, жабық сұраққа – 3 мысал келтір).
Социологиялық бағдарламаның негізгі бөлімдерін құрайтын 2 бағаналы кесте құрыңыз. 1-ші бағанада негізгі бөлімдері, 2-ші бағанада сол бөлімдер сипаттамасына талдау жасаңыз.
2 бағанадан тұратын кесте сызыңыз, сол жақ бағанада берілген әлеуметтанулық зерттеу әдістерін жазыңыз: анкета, сұхбат, бақылау, фокус топ, эксперимент. Осы әдістердің сипаттамасын оң жақ бағанаға толтырыңыз.
Ауытқымалы мінез-құлықтың үш түрін атауға болады: девиантты, деликвентті және криминалды мінез-құлық. Ауытқымалы мінез-құлықтың әр түрін жеке-жеке сипттаңыз және өзара салыстырыңыз. Олардың әрқайсысы қандай әлеуметтік бақылауды қажет етеді. Өз жауабыңызға нақты дәлелдемелер беріңіз.

Әдiстемелiк бюро төрағасы, доцент Саитова Н.А.

Кафедра меңгерушiсi, профессор Абдирайымова Г.С.

Аға оқытушы Сарыбаева И.С.

Эксперт ____________________________

Наши рекомендации