Халықтың өмір сапасын бағалаудың озық халықаралық тәжірибесіне шолу
Өмір сапасын бағалаудың халықаралық статистикасы салыстырмалы түрде таяу уақыттан бастап дами бастады. 1960 жылы БҰҰ жұмыс тобы халықаралық ауқымда өмірдің сапалық көрсеткіштерін анықтау және өлшеу принциптері туралы баяндама жасды. Бұл салыстырмалы көрсеткіштер жүйесін құрудың алғашқы мүмкіндігі болатын. Бұдан бұрын елдердің даму деңгейі нақты жалақы индексімен (бағалар индексіне бөлінген номиналдық жалақы индексі), ал одан кейін ең төменгі күнкөріс деңгейі және өмір құны индекстерімен (белгілі бір топтамадағы тауарларға және қызметтерге тұтыну бағалары индексімен) бағаланды. Көрсетілген индекстердің әрқайсысы өзінше маңызды болды, ал жеке-жеке олар елдің даму деңгейінің жанжақты сипаттамаларын берген жоқ. Сонымен бірге нақты жалақы және өмір құны индекстері тек қана жалдамалы еңбекке жатады, бұл ретте халықтың кейбір санаттарының (шаруалар, өздерінің кәсібі бар) өмір сүру деңгейін анықтау кезінде көрсетілген индекстер пайдаланыла алмайды.[37]
Халықаралық статистикалық тәжірибеде алғашқылардың бірі болып кешенді индексті БҰҰ Әлеуметтік Дамуды Зарттеу Институты ұсынды (1970 жылы). Бұл индекс «әлеуметтік даму индексі» деген атауға ие болды және16 маңызды (9 әлеуметтік және 7 экономикалық) өзара тәуелді көрсеткіштерді қамтыды. Зерттеу авторлары 500 доллардан аспайтын жан басы табысы деңгейлерінде экономикалықтан асты деген қорытындыға келді.
Одан әрі британ экономисі М.Д. Моррис мынадай үш көрсеткішті ескеретін өмір сапасының нақты даму индексін әзірледі: [1]
· 1 жасқа дейін жету бойынша күтілетін өмірдің ұзақтығы;
· нәрестелер өлімі деңгейі;
· жасы үлкен халық арасында сауаттылықтың таралуы.
Жиынтық индекс 1 баллдан (нашар нұсқасы) 100 (үздік нұсқасы) баллға дейін шәкіл бойынша бағаланатын қалдырылатын орта арифметикалық шама ретінде есептелді.
Бүгінде БҰҰ халықаралық статистикадағы өмір сапасы көрсеткіштері жүйесінің қолданыстағы нұсқасы 1978 жылы әзірленді және 11 негізгі көрсеткіштер топтарын қамтиды: [37]
1. Халықтың туу, өлім-жітім және басқа да демографиялық сипаттамалары.
2. Өмірдің санитарлық-гигиеналық шарттары.
3. Азық-түлік тауарларын тұтыну.
4. Тұрғын үй шарттары.
5. Еңбек және жұмыспен қамтылу шарттары.
6. Білім және мәдениет.
7. Халықтың табыстары және шығындары.
8. Өмір құны және тұтыну бағалары.
9. Көлік құралдары.
10. Демалысты ұйымдастыру.
11. Әлеуметтік қамтамасыз ету. Адамның еркіндігі
Аталған көрсеткіштер топтарынан басқа БҰҰ статистикалық комиссиясы өмір сүру деңгейін бағалау үшін қажетті, бірақ БҰҰ сарапшыларының пікірі бойынша оның тікелей сипаттамалары болып табылмайтын бірқатар ақпараттық көрсеткіштерді қамтитын жалпы бөлімді бөліп көрсетті. Мұнда ұлттық табыс, халықтың жан басына жалпы ішкі өнім (ЖІӨ); әлеуметтік қызмет көрсету көлемі және түрлері; халықтың жеке тұтыну шығындары, олардың құрылымы және өсудің орташа жылдық коэффициенті, халықтың тығыздығы, халыққа көлік қызметін көрсету; байланыс құралдары, баспасөз жұмысы және т.б. енгізілген.
1987 ж. Халықтың дағдарыс проблемалары бойынша Вашингтон Комитеті Халықаралық сәтсіздік индексін жариялады. Индекс материалдық жағдайға, демографиялық жағдайға, денсаулық жағдайына және қоғамдық құрылымға байланысты адамдардың әл-ауқатын сипаттайтын 10 көрсеткішке негізделген жиынтық болып табылады. Есептер осы сәтте өмірдің барынша қолайсыз жағдайлары Анголада және Мозамбикте, ал барынша қолайлылары Швейцарияда және Люксембургте болғанын көрсетті.[1]
1990 ж. БҰҰДБ елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуын кешенді бағалау мүмкіндігін қабылдады және алғаш рет Адамның даму индексін (АДИ) жариялады. Онда деректерді үш түрі ескерілді: өмірдің ұзақтығы, білім деңгейі (сауаттылық және бастауыш, орта және жоғарғы білімге қатысудың жалпы көрсеткіші өсті) және нақты сатып алу қабілетімен өлшенетін өмір сүру деңгейі. Индекс 1-0 аралығындағы шәкілді білдіреді. Дамудың жоғары деңгейі 0,8 және одан жоғары, орташа 0,5 - 0,799 аралығындағы, және төмен 0,5-тен төмен көрсеткіш болып есептеледі.[37]
Өмір сапасын және деңгейін бағалау кезінде сондай-ақ, сараптамалық бағалар пайдаланылуы мүмкін. Мысалы, «Демографиялық дағдарыс жөніндегі комитет» американдық коммерциялық емес ұйымы 1989 ж. ресми статистика деректері, сауалнамалық сұраулар және сараптамалық бағалар нәтижелерін негізінде әлемнің 100 ірі қалаларында өмір сапасын зерттеуді өткізді. Көрсеткіш мынадай жеке көрсеткіштермен 10-балдық шәкіл бойынша бағаланды: тамақтану құны (тамақтануға арналған отбасылық шығындар үлесі), тұрғын үй шарттары (бір бөлмеге тұрғындар саны), тұрғын үй сапасы (су құбыры және электр қуаты бар үйлер мен пәтерлер үлесі), байланыс (100 тұрғындарға телефондар саны), білім (мектепте оқитын балалар үлесі), денсаулық сақтау (1000 тірі туғандарға балалар өлім-жітімі), қоғамдық қауіпсіздік (100 мың тұрғындарға жылына кісі өлтіру саны), тыныштың (сыртқы шу деңгейі), көше қозғалысы (қарбалас уақытындағы орташа жылдамдық), ауаның тазалығы. [40]
Сондай-ақ, АҚШ-та кедейлік индексі көмегімен өмір сапасы және деңгейінің интегралдық көрсеткішін оңайлатылған тәсілі белсенді қолданылады. Соңғысы құнсыздану және жұмыссыздық индекстерінің жиынтығын білдіреді.
Бүгінде әртүрлі позициялардағы өмір сапасын бағалайтын бірқатар халықаралық әдістемелер бар, төменді өмір сапасын сипаттайтын жалпы қабылданған халықаралық әдістемелердің кейбірі толық қарастырылған.
Ұсынылған әдістемелер әлемде жүргізілген мынадай себептер бойынша осындай зерттеулер қатарынан таңдап алынды:
1. Интернетте келтірілетін деңгейі бойынша.
Google.com іздеушісіндегі сұрау бойынша 1 орынды АДИ (301 000 000 көздер), 2 орынды – International Living (58 700 000 көздер),3 орынды – Пан-еуропалық өмір сапасын зерттеу (38 000 000 іздестіру нәтижелері), 4 орынды – Economist Intelligence Unit зерттеуі (7 040 000), 5 орын - Мерсер 4 860 000 алды және соңғы орын Канада халқының денсаулығын нығайту орталығына - 3 300 000 көздер тиесілі болды.
Өмір сапасы зерттеу саласындағы Әлемдегі барынша беделдісі Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының аясында есептелетін Адамның даму индексі болып табылады.
Өмірдің сапалық көрсеткіштерін айтарлықтай белгілі тұрақты зерттеулерді «International Living» және «The Economist» журналдары жүзеге асырады. Олардың АДИ-дан негізгі ерекшелігі бұл әдістемелердің өмірдің сапалық сипаттамаларын субъективтік қабылдауға барынша назар аударатындығында, мысалы «The Economist» зерттеушілері елдің сандық көрсеткіштері нашар болатын, бірақ халқының жақсы моральдық күйге ие болатын экономикалық тұрғыда барынша дамыған елдің рейтинг бойынша жоғары болуы жағдайының қалыптасу мүмкіндігін алып тастамайды.
2. Жиналған тәжірибе және өмір сапасын өлшеу зерттеулерінің басталу біріншілігі.
Канаданың денсаулықты нығайту орталығының тәжірибесі өмір сапасы зерттеулер саласындағы бірінші жүру себебінен жұмыста қаралды. Орталықтың тәжірибесі сондай-ақ, ұйымның халықтың жеке санаттарын зерттеуден халықаралық кешенді зерттеуге дейін жеткенімен қызықты.
3. Шектелген аумақтағы даму айырмашылықтары.
Еуропалық зерттеу мысалы көбінесе онда салыстырмалы шектелген аумақта орналасқан, бірақ бұл ретте дамудағы елеулі айырмашылықтары бар елдердің шектелген санының қарастырылуымен тартымды. Бұл тәжірибе ең алдымен, жағдайдың сондай-ақ, бірыңғай аумақта елеулі өңірлік сәйкессіздікке ие Қазақстанмен ұқсастығымен қызықты.
4. Материалдың қол жетімділігі.
«International Living» халықаралық журналы және БҰҰДБ олардың белгілі бір объективтілік үлестерде Қазақстандағы өмір сапасын және оның рейтингтердегі орны бағалауға мүмкіндік беретін елдердің рейтингтеріне жалпы қол жетімділігі бар.