Еңбекақы, еңбек мөлшері, кепілдіктер мен өтемақылар

6.1. Қызметкерге еңбекақы айына 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде белгіленеді.

6.2. Қызметкердің еңбек ақысы еңбекақы төлеу жүйесі бойынша төленеді.

6.3. Қызмет беруші мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындау уақытында Қызметкерді ҚР қызмет орны және лауазымы сақталатын заңына сәйкес қызметтен босатады.

6.4. Қызметкер лауазымдық міндеттеріне байланысты қызметтік тапсырмаларды орындау үшін Қазақстан Республикасы шегінде іс сапарларға жіберіледі.

6.5. Қызметтік іс сапарлармен байланысты кепілдіктер және өтемақылар Қазақстан Республикасының әрекет етуші Еңбек кодексіне сәйкес белгіленеді және төленеді. Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген Қызметкердің іссапардағы үстеме жұмыстар шығынының өтемақысы куәландыратын құжаттар болған жағдайда, Қызмет берушінің қаражатымен жүзеге асырылады.

6.6. Қызметкер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiпке байланысты әлеуметтiк жәрдемақылардың барлық түрлерiмен қамтамасыз етiледi.

6.7. Қазақстан Республикасының Үкiметiмен реттелген жағдайда өзiне тиiстi қызметiн орындау кезiнде еңбекке қабiлетiн жоғалтқан немесе қайтыс болған адамның отбасына немесе қызметкерге ҚР заңдарында белгiленген мөлшерде жәрдемақы төлейдi.

6.8. Қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде Қызметкердiң денсаулығына тигiзген зиян үшiн Жұмыс берушi жауапты болады, қызметкерлердiң өмiрiн сақтандыруы керек.

6.9. Мына себептерге байланысты:

- жұмыс берушiнiң ұйымы таратылғанда;

- қызметкердi әскерге шақырғанда;

- қызметкер қайтыс болған жағдайда шартты бұзады.

Жұмыс берушi Қызметкерге немесе оның отбасына Қазақстан Республикасының Үкiметiнде белгiленген ең төменгi жалақының мөлшерiнде жәрдемақы төлейдi.

6.10. Мына себептерге байланысты:

- штаттық кестенiң немесе қызметкердiң лауазымының қысқаруына байланысты;

- тараптардың келiсiмi бойынша;

- денсаулығына байланысты атқаратын қызметiн орындай алмаған жағдайда;

- зейнетке шығуына байланысты;

- басқа жерге көшуiне байланысты шартты бұзады.

Жұмыс берушi қызметкерге жәрдемақы төлейдi.

6.11. Жұмыс берушi қызметкердi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпте арнайы киiммен, құралдармен, көлiкпен және де басқа инвентарлармен, сонымен бiрге еңбектi қорғау және техника қауiпсiздiгiмен қамтамасыз етуге мiндеттi.

6.12. Егер қызметкер Жұмыс берушiнiң кәсiпкерлiк қызметiн орындау мақсатында өз мүлкiн пайдаланатын болса, оған Жұмыс берушi шыққан шығынды төлеуге мiндеттi.

Еңбек шартын тоқтату немесе бұзу

7.1. Шарт мерзiмiнiң бiтуiне байланысты және тараптардың еркiнен тыс себептерге байланысты еңбек кодексінде қарастырылған негіздер бойынша бұзылуы және тоқтатылуы мүмкін.

7.2. Қызмет беруші, Еңбек кодексінің 54 бабы, 8), 12), 14), 15) тармақтарында қарастырылған жағдайлардан бөлек, шартты бұзудан бір ай бұрын, жазбаша түрде, шарттың бұзылуы туралы Қызметкерді хабардар етуге міндетті.

7.3. Қызметкер 57 баптың 4 тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қызмет берушіге еңбек шартының бұзылуы туралы кемінде бір ай бұрын жазбаша ескертуге міндетті.

7.4. Егер тараптардың бірі мерзімі жетуіне байланысты шартты бұзуды талап етпесе, бірақ еңбек қатынасы шын мәнінде жүріп жатқан жағдайда шарт белгісіз мерзімге жасалған деп саналады.

7.5. Осы шартты бұзу жағдайында Қызметкер Қызмет берушіге барлық материалдық активтерді, Қызмет беруші арқылы берілген жабдықтар мен керек-жарақтарды қайтарады. Сонымен қатар, Қызметкер Қызмет берушіге барлық құжаттарды, Қызметкердің қызметімен байланысты өндірілген немесе алынған ақпараттар мен мәліметтерді қайтарып беруі керек.

Еңбек даулары

8.1. Еңбек даулары тараптардың келiсiмiмен төмендегi инстанцияларда:

а) келiсiм комиссиясында (егер ол Жұмыс берушiде бар болса);

ә) аралық сотта, оның құрамы тараптардың келiсiмiмен сайланады;

б) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк соттарында қаралуы мүмкiн.

8.2. Қызметкер мемлекеттiк сотқа жүгiнсе, онда ол мемлекеттiк баж салығынан және басқа да соттың төлемдерiнен босатылады.

Наши рекомендации