Халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері» пәні бойынша
Л-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Халықаралық қатынастар факультеті
Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы
Халықаралық қатынастар факультетінің Ғылыми кеңесінде бекітілді №____хаттама « ____»________ 2016 ж. Факультет деканы _______К.Н. Шакиров | |
СИЛЛАБУС*
Пән
«Халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері»(3 кредит)
1 курсы, қ/б, 4/7 семестрі (күзгі)
Халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері» пәні бойынша
Оқытушының аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі: Балаубаева Бинұр Мұратқызы
т.ғ.к.,халықаралық қатынастар және әлемдік саясат кафедрасының доценті міндетін атқарушы
Телефондары (жұмыс, үй, ұялы байланыс): 87011839459
e-mail: [email protected]
каб.:208
Модульдің МАЗМҰНЫ:
§ Мақсаты:халықаралық қатынастар және сыртқы саясат саласындағы жоғары білікті мамандар даярлау, мемлекеттер, мемлекеттік емес және ұлт үсті ұйымдардың өзара әрекетін халықаралық ауқымдағы талдаудың әртүрлі дәрежелерінде, сонымен бірге оған саяси, мәдени және экономикалық факторларды қоса бағалауға қабілеттілік қалыптастыру, халықаралық қатынастар теориясы саласындағы тиянақты білім меңгерген, пәнаралық зерттеу тұрғысында халықаралық қатынастар классикасы және тарихымен таныс, халықаралық саясат және саясат ерекшеліктерін түсінетін, теориялық, әдістемелік және эмприкалық дәрежедегі зерттеулер жүргізе алатын және әрқайсысының маңыздылығы мен ерекшелігін түсінетін, зерттеу дағдылығы мен дара зерттеу жұмысын (магистрлік диссертация) орындауға қабілеттілігіне ие, халықаралық қатынастардың даулы мәселелеріне өзіндік көзқараспен таныс және оған әртүрлі мәдени және дара дәстүрлер ағымында қарау ерекшелігіне ие,
- қазіргі халықаралық саясаттың интернационалды тілдерін жетік меңгерген мамандар даярлау.
§ Міндеттері: - қазіргі халықаралық қатынастардың маңызды мәселелерін, халықаралық қатынас саласындағы өлшемді қызметті, халықаралық ұйымдардың нормативті-құқықтық тетікті ережелерін меңгеру;
- әртүрлі құбылыстар мен үдерістерді негізгі ғылыми талдаулар мен болжауларды игеру, олардың сапалық және сандық талдауларын жүзеге асыру, арнайы зерттеулер мақсатын айқындау және зерттелген ғылымды жүзеге асыру тәсілдерінде оларды қолдану, пәнаралық жобалармен жұмыс істеуге дайын болу.).
- мемлекеттік және шет тілдердегі мамандық бойынша ғылыми, анықтамалық, әдістемелік әдебиеттерді пайдалана білу.
§ Модуль бойынша оқытудың нәтижелері:
- сараптама жасау, кеңес беру саласында, халықаралық байланыстарды орнату стратегиясын дайындау мен тәжірибесінде бастамалық пен кәсіпкерлік рухқа ие болу
- халықаралық саясат саласындағы танымдық кәсіби қызмет нәтижесінде алған өзіндік ғылыми негізделген нәтижелерді, тәжірибе мен бақылауларын жетекшілікке ала отырып тиімді және дербес әрекет етуге дайын болу
- халықаралық-саяси арнадағы мағлұматтар ішінен ақпараттарды, жалған ақпараттарды тани білу тәсілдерін игеру және белгіленген міндеттерге сай тәжірибеде өздерінің ақпараттық арнаға ықпал ете білуі
- халықаралық саясат мәселелері бойынша өздерінің ойларын мемлекеттік және шет тілдерде ауызша және жазбаша еркін жеткізе білу
- кәсіби халықаралық байланысты ведомства немесе корпорация мүдделерінде, оның ішінде шет тілдерінде жүйелеу тұжырымын әзірлеу қабілеттілігі
- Жалпы құзырет:
құралдық: - кем дегенде, екі шет тілін білу мен жетік білу, кәсіби бағыттың материалдарды жазбаша және ауызша аударуды орындау қабілеттілігі;
тұлғааралық: тәжірибені, оның ішінде өз ісіңді сыни көзбен қайта қарай білу, соған орай түзетулер жасау, болашақ кәсіби мамандығының азаматтық негізін түсіну;
жүйелік: айқын емес халықаралық-саяси жағдайларда жүйелік ойлай білу мен тәжірибенің негізінде ерекше шешімдер ұсына білу);
- Пәндік құзырет: халықаралық қатынас талдауларының озық теориялық амалдарын меңгеру және оларды Қазақстанның сыртқы саяси ресурстарын жетілдіру үшін олардың танымдық мүмкіндігі дәрежелерін түсіну.
§ Пререквизиттері: «Халықаралық қатынас тарихы», «Халықаралық ұйымдар», «Әлемдік интеграциялық үрдістер», «Халықаралық қатынастардың қазіргі мәселелері».
Постреквизиттері: «Халықаралық қатынастардың теориясы»; «Халықаралық қатынастар және жаһандану үдерісі», « Халықаралық қатынастарды зерттеудің әдістемелік негіздері»;
«Халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері»(3 кредит)
Пәннің МАЗМҰНЫ:
Мақсаты:Халықаралық қатынастар мәселелерінің типологиясының мәнін кез-келген аймақ пен бүкіл әлемнің дамуы үшін қолдануға болатын ортақ заңдылығы бар күрделі саяси құбылыс екендігін анықтау курсты оқытудағы мақсатболып табылады. Осы орайда, қазіргі халықаралық процестер ұдайы қозғалыста, ал халықаралық оқиғалар әрдайым болжауға келе бермейтіндігін есте ұстау керек. Халықаралық қатынастардың өткендегі тарихын білу кейбір халықаралық процестердің ықтималды бағыттарын болжауға мүмкіндік береді. Осыларға байланысты курсың құрылымдық ұстанымы, оның мазмұны және оқытудың әдістемелік жүйесі белгіленген.
Міндеттері:Студенттердің меңгерген білімі мен біліктіліктерін қалыптастыруда мынадай міндеттер алға қойылады:
· қазіргі кезеңнің ғаламдық мәселелерін сараптауға қабілеттілік ықпалын қадағалау;
· нақты материалдарды және қазіргі халықаралық мәселелерді бағдарлай алатын теориялық және қолданбалы зерттеу әдістерін меңгерген, саяси ахуалды болжай және модельдей білетін мамандарды дайындау;
· курсты оқыту барысында белсенді азаматтық позиция қалыптастыруға қажетті идеялық-өнегелік сенімді қалыптастыру. Көпполярлы әлемдік саясаттың бағыт бағдарын аймақтық өлшемдерде қадағалай білу;
Модуль бойынша оқытудың нәтижелері
Құзырет: халықаралық жағдайдың дамуын болжауды негізгі пәндік білім мен оның интеграциялануын жаһандық үдерістерді зерттеу саласынан, қазіргі әлемдік саясат және дүние жүзілік саяси даму тұжырымдардан тиянақты көре білу ауқымынан шыға отырып, саралаудың мынадай түрлеріне бағамдау;