Негізгі қорлардың қолдану көрсеткіштері
Негізгі қорлардың толық барын көп жағдайда белгіленген бір мезгілдегі жағдайын сипаттайды. Мысалға, есептік жылдың жыл басына және жыл аяғына бар болуын негізгі қорлар балансынан алуға болады. Бірақ кейбір жағдайларда негізгі капиталдың бар болуы орташа бір кезең ішіндегі негізгі қорлардың қозғалысы салдарынан олардың түсімі және шығысы жүрген туралы сипаттама қажет болады. Орташа бір кезең ішіндегі бар болуын статистика орташа шамалардың формуласын пайдаланамыз: а) кезеңнің басындағы және аяғындағы мәліметтері бар болған кезде – орташа арифметикалық жәй; б) тең емес интервалды уақыт моментіне мәліметтер бар болғанда – орташа арифметикалық. салмақтанған; в) тең интервалды периодты уақыт моментіне мәліметтер бар болғанда – момент қатарының орташа хронологиялық. Бір сөзбен айтқанда негізгі қорлардың ортажылдық құны — бұл кәсіпорынның жыл ішіндегі негізгі қорлардың бар болуының орташа мағыналы көрсеткішінің құны. Негізгі қорлардың ортажылдық баланстық құнынан басқа негізгі қорлардың ортажылдық құны ортажылдық бағада есептелуі мүмкін.
Емтихан билеті
Еңбек ақы және оның түрлері
Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбекақы негізгі және қосымша деп аталатын екі түрге бөлінеді.
Негізгі еңбек ақы - жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы жұмыста болған уақытына, яғни олардың істеген жұмысына, атқаратын қызметіне төленеді. Негізгі еңбекақыға мына төмендегі аталғандар жатады:
1. Мерзімді және кесімді еңбекақы.
2. Сыйлықтар мен сыйақылар.
3. Үстеме сыйлықтар.
Қосымша еңбекақыға — еңбек заңына сәйкес шарттарда қаралып белгіленген, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істемеген, қызмет атқармаған уақытына төленетін төлемдер жатады. Бұндай төлемдер қатарына:
1. Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек демалысы үшін төленетін төлемдер.
2. Жұмысшылар мен қызметкерлердің мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарды атқарғаны үшін төленетін төлемдер.
3. Жас сәбилі аналарға берілетін демалысқа, баланы тамақтандыру үшін берілетін үзілістерге төленетін төлемдер.
4. Жас өспірімдердің қысқартылған жұмыс уақытына төленетін төлемдер.
5. Жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсіз жұмыстың тоқтап қалған уақытына төленетін төлемдер.
6. Тегін көрсетілген немесе тегін берілетін қызметтер мен заттың құны.
7. Жоғары немесе арнаулы оқу орындарында және басқа да мамандығын көрсету курсына жіберілген уақытына байланысты жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін төлемдері.
8. Әскери жиындарға қатысқаны үшін сондай ақ демалыс күндері кезекшілік атқаратын адамдарға төленетін төлемдер және тағы да басқалар жатады.
Кәсіпорынды жоспарлаудың басымдылығы
Өндіріс процесін басқару бірнеше қызметті қамтиды, олардың ішінде - жоспарлау мен болжау, ұйымдастыру, реттеу, есептеу, бақылау, талдау және ынталандыру бар.
Бұл бөлімде жоспарлау басқару қызметінің маңызды бір саласы ретінде қарастырылады, әрі басқарушылық бақылау процесінің бір бөлігі болып табылатын жоспарлау бойынша негізгі екі қызмет түрін бөліп қарастырады. Оның біріншісі - бағдарламаны әзірлеу - бұл қызметтің негізгі бағыты бойынша шешім қабылдау процесі, ол қабылданған стратегияны жүзеге асыру үшін орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарларды әзірлеуді білдіреді. Екіншісі - бюджетті әзірлеу, тұтас кезеңдерге, әдетте бір жылға созылатын барлық ұйымдардың, оның жекелеген бөлімшелерінің қызметін жоспарлау процесі.
Жоспарлау кәсіпорынға белгілі бір кезеңде қол жеткізуге міндетті немесе мүдделі сандық және сапалы көрсеткіштер түріндегі кызметтің алдына мақсат қоюын ұйғарады.
Жоспарлау кезеңдеріне қарай (жоспарлау кезеңі - жоспар жасалатын және оның жүзеге асырылатын уақыт аралығы) ерекшеленеді
Емтихан билеті
Тарифсіздік жүйесі. Еңбек ақы төлеудің аралас жүйесі мерзімдік және кесімді еңбек ақы төлеудің негізгі артықшылықтарын қамтиды және еңбек ақы мөлшерінің жеке қызметкерлер және кәсіпорын қызметінің нәтижесімен икемді байланысын қамтамасыз етеді. Мұндай жүйелерге қазіргі кезде тарифсіз жүйе жатады.
Еңбек ақы төлеудің тарифсіз жүйесінде қызметкерлердің табыстары ұжым жұмысының соңғы нәтижелеріне толықтай тәуелді. Тарифсіз жүйе еңбек ақы қорындағы барлық ұжымның тапқан табысындағы өзінің үлесін көрсетеді. Мұндай жүйеде тарифтік мөлшерлеме немесе тұрақты жалақы белгіленбейді, ол ереже бойынша мұндай үлесті еңбекке қатысу деңгейін, жұмысшыға белгіленген тұрақты коэффициент арқылы анықтаймыз.
Тарифсіз жүйенің негізі – жұмыскерлердің өнім шығаруға қатысушылығын көрсететін біліктілік деңгейі болып табылады. Біліктілік деңгейі былай анықталады:
Бд = Eан/Еамин, (6)
мұндағы: Бд – біліктілік деңгейі; Еан – нақты еңбек ақы; Еамин – кәсіпорындағы еңбек ақының минималды деңгейі.