Ылмыс санаттары,қылмыстық жауаптылық,қылмыстың субьектісі мен обьектісі.
Қылмыс санаттары:
1. Қылмыстар сипаты мен қоғамға қауiптiлiк дәрежесiне қарай онша ауыр емес қылмыстар, ауырлығы орташа қылмыстар, ауыр қылмыстар және аса ауыр қылмыстар деп бөлiнедi.
2. Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан айыру екi жылдан аспайтын қасақана жасалған іс-әрекеттер, сондай-ақ жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан айыру бес жылдан аспайтын абайсызда жасалған іс-әрекеттер онша ауыр емес қылмыстар деп танылады.
3. Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан айыру бес жылдан аспайтын қасақана жасалған іс-әрекеттер, сондай-ақ жасалғаны үшiн бес жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген абайсызда жасалған іс-әрекеттер ауырлығы орташа қылмыстар деп танылады.
4. Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан айыру он екi жылдан аспайтын қасақана жасалған іс-әрекеттер ауыр қылмыстар деп танылады.
5. Жасалғаны үшiн осы Кодексте он екi жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру, өмір бойына бас бостандығынан айыру немесе өлiм жазасы түрiндегi жаза көзделген қасақана жасалған іс-әрекеттер аса ауыр қылмыстар деп танылады.
Қылмыстық жауапкершілік туралы түсінік.
Қылмыстық жауапкершілік құқықтық жауапкершіліктің інішдегі ең қатаң түрі болып есептеледі. Қылмыстық жауапкершілік қылмыс жасағаны үшін қылмыстық заңмен белгіленеді.
Қылмыстық жауапкершіліктің мағынасы кінәлі адамның өзінің құқыққа қайшы әрекеті үшін мемлекет атынан сотталатындығын білдіреді. Соған орай, мемлекет құқық бұзушының еркінен тыс мәжбүрлеу тәртібінде қылмыстық жауапкершілікті жүктейді.
Қылмыстық жауапкершілік – бұл адамның жасаған қылмысы үшін жазалануы немесе қылмыстық – құқықтық сипаттағы басқа да шаралармен жазаланатын қылмыстық заңмен бекітілген міндеті.
Қылмыстық жауапкершіліктің мынадай элементтері болады:
· жасаған қылмысы үшін адамның жауап беру міндеті;
· соттың адамның жасаған әрекетін теріс бағалаудан көрінетін соттау;
· кінәлі адамға қылмыстық – құқықтық сипаттағы шаралар қолдану;
· жаза тағайындаудың құқықтық салдары ретіндегі соттылық.
Қылмыстық жауапкершілік қылмыс жасаған сәтте пайда болады және адамға қылмыстық мәжбүрлеу шарасын қолданған сәттен бастап жүзеге асырылады. Қылмыстық жауапкершілік соттылық мерзімі біткенде тоқтатылады.
Қылмысты іс-әрекет жасаушының қиянаты бағытталған, қылмыстың салдарынан зиян шеккен немесе шегуі мүмкін нәрсе қылмыс объектісі болып табылады.Қылмыс объектісінің заңды тізімі ҚР қылмыстық кодексінің 2-бабының 1-ші бөлігінде көрсетілген. Олар адам мен азаматтық құқықтары, бостаңдықтары мен заңды мүдделері, меншік, ұйымдардың қүқықтары мен заңды мүдделері, қоғамдық қауіпсіздік пеи қоғамдық тәртіп, қоршаған орта. Қазақстан Республикасының констиуциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығы, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделері және бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігі.
Кеңестік заң әдебиеттерінде қылмыс объектісі, әдетте, қылмысты қиянаттан қылмыс заңымен қорғалатын қоғамдық қатынастар ретінде айқындалып келді. Ал қоғамдық қатынастар ретінде біз адамдар арасындағы бірлесіп атқарған әрекетті немесе өзара араласуы нәтижесінде пайда болған, құқықтық және моральдық нормалармен бекітілген қатынастарды түсініп келдік. Көпшілік жағдайларда қылмыс объектісін кейбір қоғамдық қатынастар ретінде пайымдау орынды да, мысалы, бұған ұрлау, тонау немесе басқа да бөтеннің мүлкін талан-таражға салу кезіндегі меншікке қатысты қылмыс объектісі деп танылуын жатқызуға болады. Бұл жағдайда, шынында да, қылмыс объектісі ретінде ұрланатын мүліктің тікелей өзі емес (оған ешқандай зиян келтірілмеуі де мүмкін) меншік құқығынан, атап айтқанда, мүлікті иелену, пайдалану немесе басқару құқығынан туындайтын қатынастар танылады. Алайда, кейбір жағдайларда қылмыс объектісін қогамдық катынастар ретінде тұжырымдайтын 6ұл теория "іске аспай" қалады. Бұл әсіресе, жеке адамдарға қарсы жасалатын қылмыстарға, соның ішінде кісі өлтіруге қатысты, адамның маңыздылығы туралы оны «барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы» деген марксистік тұрғыдан түсініп келгендіктен, кеңестік қылмыстық заң ғылымында кісі өлтіру объектісі адам өмірінің өзі емес, тек қана қоғамдық қатынастар жиынтығы2 деген түсінік орын алып келді.
Қылмыс деп істелінетін іс-әрекетті істеген адамды қылмыстық жауапқа тарту үшін (ондай адамды қылмыстық субъектісі деп атайды) ол адамның белгілі қасиеті болу керек. Қылмыстық заң бойынша белгіленген қасиет қоғамға қауіпті іс-әрекет істеген адамда болмаса ол адамды қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.
Қылмыстық заң арқылы тыйым салынған іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) жасаған және ол ісі үшін қылмысты жауап беруге қабілеті жететін тұлға қылмыстық құқық бойынша қылмыстың субъсктісі деп танылады1.
Демек, қылмыстық жауапқа тек есі дұрыс және заңның қойған талабы бойынша белгілі жасқа толған жеке тұлғаны ғана қылмыстық жауапқа тартуға болады.
Қылмыс субъектісінің белгілері қандай? Егер қылмыс жасаған жеке тұлғаның бойында, есі дұрыстың, қылмыстық заң тағайындаған жаска жету сияқты белгілер болса, ол өзінің жасағаны үшін қылмыстық жауап беруге қабілетті. Қылмыстың субъектісі тек жеке тұлға ғана бола алатындығы жөніндегі ереже қылмыстық кодекстің бірнеше баптарынан туындайды. Мысалы, ҚР ҚК-нің 6, 7, 14-баптарында Қазақстан Республикасының азаматтары, шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар, қылмыстың және қылмысты жауаптылықтың субъектілері болу мүмкіндігі туралы айтылған. Қылмыстың ықтимал субъектілері туралы жеке тұлғалармен шектелуі, заңды тұлғалардың, яғни кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, партиялардың қылмыс субъектісі бола алмайтындығын білдіреді. Бұл мәселе заңдылық деңгейде отандық қылмыстық құқыққа тән үлгіде шешілген. Алайда, теориялық тұрғыдан заңды тұлғалардың қылмыстық құқықтағы жауаптылығы туралы мәселелер әлі күнге дейін пікір-талас тугызуда.