Бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің шағымдарын қараудың міндеттілігі
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен берілген шағымдар міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге және қаралуға жатады. Шағымдарды қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.
Мемлекеттік орган (мемлекеттік органның лауазымды адамы) кәсіпкерлік субъектісі берген шағымды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарауға міндетті.
Бап. Шағым жасау құқығы
1. Кәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың шешімдері, әрекеттері (әрекетсіздігі) олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын болса, оларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым жасауы мүмкін.
2. Шағым құзыретiне оны қарау және ол бойынша шешім қабылдау кiретiн мемлекеттік органға беріледі. Жоғары тұрған мемлекеттік органға, лауазымды адамға шағым беру даулы құқықтарды, бостандықтарды және (немесе) заңды мүдделерді қорғау үшін сотқа жүгінуге кедергі келтірмейді.
7-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ
ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ
ЕРЕЖЕЛЕР
30-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ
ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ
320-бап. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік
саласындағы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
1. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
2. Мемлекеттік органдар және олардың лауазымды адамдары коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты заңсыз таратқаны және (немесе) пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады, ал осындай тарату және (немесе) пайдалану салдарынан кәсіпкерлік субъектісіне келтірілген нұқсан Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасынасәйкес өтелуге жатады.
3. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
4. Өзінің заңды кәсіпкерлік қызметіне кедергі жасалу салдарынан кәсіпкерлік субъектісі шеккен барлық залал Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге жатады.
Бап. Мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының өз қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптылығы
1. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары кәсiпкерлiк субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимыл жасау процесінде, оның ішінде кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу мен қолдау кезінде өздерінің қызметтік мiндеттерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, сондай-ақ құқыққа қайшы әрекеттер (әрекетсiздiк) жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
2. Мемлекеттік органдар құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған кәсіпкерлік субъектісін Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына кінәлі мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына қатысты қолданылған шаралар туралы бір айдың ішінде жазбаша хабардар етуге міндетті.
322-бап. Кәсiпкерлiк субъектiсiн тексерудiң белгiленген
тәртiбiн бұзғаны үшiн жауаптылық
1. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының тексерулер жүргізу кезіндегі құқыққа сыйымсыз әрекеттерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
2. Мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттік орган немесе оның лауазымды адамы кәсiпкерлiк субъектiсiне келтiрген зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге жатады.
Өтелуге қойылатын залалдар көлеміне, оның ішінде кәсiпкерлiк субъектiлерінің жұмыскерлеріне материалдарды тексеруге дайындағаны үшін төленген сыйақы сомалары, өндiрiстің мәжбүрлеп тоқтатылған уақытындағы жалақы, өндiрiстi тоқта тұру салдарынан шығарылмаған тиiстi тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi өткiзген кезде кәсiпкерлiк субъектiсiнің алуы мүмкін, жіберіп алған пайда енгізiледі.
31-тарау. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР