Тақырып. Экономика саласындағы қаржы саясаты және қаржы механизмi.

Сабақтың мақсаты -қаржы саясаты және қаржы механизмінтерендетіп түсіну.

Сұрақтар:

1. Қаржы саясатның мәні.

2. Қаржы механизмiнін түсінігі.

3. Қаржы саясатының дамуы.

1- Сұрақ Қаржы саясатның мәні.

Қаржы саясаты-бұл қоғамның элеуметтiк-экономикалық дамуы жөніндегi мiндеттердi шешу үшiн:

- қаржыны пайдалану жөнiндегi мемлекеттің нысаналы қызметi,

- қаржыны басқарудың тупкiлiктi мақсаты;

- оның нақтылы нэтежиесi.

Ол мемлекеттiң экономикалық саясатының кұрамды бөлiгi болып табылады.

Қаржы саясаты өзiне

- бюджет,

- салық,

- ақша,

- кредит,

- баға

- кеден саясатын камтидi.

Өз кезегiнде мемлекеттiң қаржы саясаты тек оның экономикалық және әлеуметтiк саясатын жүзеге асырудың кұралы болып келедi.Мемлекеттiң саясаттын басқа да бағыттарын-ұлттык геосаясатты, әскери саясаты да ұмытуға болмайды.

Қаржы стратегиясы экономикалық және әлеуметтiк стратегиясымен анықтап, перспективаға есептенлген және iрi ауқымды мiндеттердi шешудi қарастырылады қаржы саясатын ұзақ мерзiмдi курсы.Ол макро экономикалық процестер дамуының ұзақ кезеңiне бағытталатын,ал оның шенберiндегi күнделiктi мiндеттер басты стратегиялық мақсатқа жетудің кезеңдер ретіңде жүзеге асырылып отырады.

Қаржы стратегиясын мемлекет қоғам дамуының iрi тарихи кезеңдерне үйлестiре отырып жасайды.Оны жасау процесiнде қаржыны дамытудың негiзгi тенденцилы болжанады,оны пайдаланудың тужырымдары қалыптасады, қаржы қатынастарын ұйымдастырудың қағидаттары белгiленедi .Ұзақ мерзiмдi мақсаттарды алу және қаржы саясатында мақсатты багдарламаларды жасау қаржы ресурстарын экономикалық және қаржы ресурстарын дамудың басты бағыттарында шогырландыруды қажет етедi .

Қаржы тактикасы қаржы байланыстарын ұйымдастыруды дер кезiнде өзгертiп отыру ,қаржы ресурстарын қайта топтастыру аркылы қоғамды дамытудың нақтылы кезеңнен мәселелер шешуге бағытталған. Ол назарды кезек куттiрмейтің мiндеттердi шешуге пайда болған үйлесiмсздктердi қаржылардағы және елдiн аумактын саланың экономикасындағы ауыткушылықтарды жоюга шоғырлануға отырып стратегиялық нұсқаманы нақтылайды.

Қаржы саясатының бағыттары фискалдык және экономикалық саясат болып табылады.Фискалдык саясат ең маңыздысы мемлекеттiк бюджет болып табылатын орталықтандырылған мемлекеттiк қорлаpды толықтыруымен экономикалық саясат экономикалық процестердi реттеумен байланысты.

Қаржы саясаты нақты шаруашылық өмірде қаржы механизмі аркылы iске асырылады, ол қаржыны ұйымдастыру , жоспарлау және басқару түрлерi болып табылады.Қаржы механизмi аркылы шаруашылық жүргізудн турлi денгейлерiнде және қызмет сфераларындағы қоғамдык өнімнің, материалдык емес игiлктердiн, қызметтер көрсету мен құндылықтардың толып жаткан барлық элементтер курамына кiретің қаржы ресурстарының удайы ондiрiлуiне айналдырып, iске асырады. Удайы өндірістн эр алуандылыгы оз кезегiнде қаржы механизмi курамды және ажырагысыз болып табылатын экономиялық (шаруашылық) механизмнiн нысандары мен әдістернiн тиiстi эр алуандыгын тудырады.

Қаржы механизмi - эканомикалық және элеуметтiк даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржы қатынастарын ұйымдастыру нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалану әдістернiн жиынтығы. Ол қаржы қатынастарын ұйымдастырудың түрлерiн, нысандарын және әдістерiн,

Оларды сан жағынан анықтаудың амалдарын кiрiстіредi .

Қоғамдык шаруашылықтын жеке болiмдернiн ерекшелiктерне қарай ж-е қаржы қатынастарның сфералары мен буындары бөлінунiн негiзiнде қаржы механизмi шаруашылық жүргізушi субьектiлернiн қаржы механизмi, сондай ақ мемлекет қаржысының механизмi болып табылады.

Аумақтық бөлінiске сәйкес республиканың, билiктiң жергiлiктi орғандарының қаржы механизiмi деп бөлуге болады.

1. Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Тінәсілов М.Д., Үркүмбаева Ә.Р. Бағалы қағаздар нарығын реттеу. /оқулық/. РМК «АӨА экономикасы және ААД ҒЗИ» баспаханасы Алматы 2007.

2. Ібрішев И.И., Үркүмбаева Ә.Р. Банктік тәуекелдер. /оқу құралы/. Қазақ көлік және Коммуникациялар академиясының баспасы. Алматы 2009.

3. Әділов Ж.М., Тінәсілов М.Д., Үркүмбаева Ә.Р. Инвестиция менеджменті. /оқу құралы/.ҚазҰТУ-дың ҒТБ орталығы. Алматы 2009.

4. Тінәсілов М.Д. Банк менеджментін ұйымдастыру. /оқулық/. ҚазҰТУ-дың ҒТБ орталығы. Алматы 2009.

5. Тінәсілов М.Д. Сақтандыру ісінің қаржылық негіздері. /оқулық/ ҚазҰТУ-дың ҒТБ орталығы. Алматы 2011.

6. Тінәсілов М.Д., Үркүмбаева Ә.Р. Қаржы негіздері: теориясы, тәжірибелер мен есептеулер. /оқулық/ ҚазҰТУ-дың ҒТБ орталығы. Алматы 2016.

Слайд № 4

Наши рекомендации