Тақырып 2. Қылмыстық заң.
АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАС ПРОКУРАТУРАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ АКАДЕМИЯСЫ
«Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы»
Пәнінен қабылдау емтиханын тапсыру үшін
ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
МАГИСТРАТУРА
Ылыми-педагогикалық бағыт
«6М030100 – Құқықтану» мамандығы
«6М030100 – Құқық қорғау қызметі» мамандығы
Астана 2016
Жұмыс оқу бағдарламасы 2012 жылғы Мемлекеттік білім беру стандартына, «5В030100 –Құқықтану» және «5В030300 –Құқық қорғау қызметі» мамандықтары бойынша мемлекеттік білім беру стандарттары бойынша, сонымен қатар «5В030100 –Құқықтану» және «5В030300 –Құқық қорғау қызметі» мамандықтарына арналған «Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)», «Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (ерекше бөлім)» пәндері бойынша типтік оқу бағдарламалары негізінде 2014 ж. 03 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің нормаларына сәйкес құрастырылған.
КІРІСПЕ
Аталған бағдарлама Қазақстан Республикасының қолданыстағы қылмыстық заңнамасының негізінде қылмыстық құқық ғылымының теоретикалық жетістіктерімен сәйкесінше өңделді.
Бағдарлама қазіргі кездегі қылмыстық құқықтың даму үрдістерін және жаңа бағыттарын ескеріп жасалынған. Онда қылмыстық құқық теориясының негізгі сұрақтары енгізілген.
Бағдарламаның құрылымы екі бөлімнен құралған:
I – Қылмыстық құқықтың жалпы бөлімі;
II - Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімі.
Жауап беруге дайындық кезінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық құқығы бойынша қабылдау емтиханының жұмыс оқу бағдарламасын қолдана алады.
Негізгі бөлім
Тарау. Жалпы бөлім
Тақырып 1. Қылмыстық құқықтың түсінігі, міндеттері және жүйесі. Қылмыстық құқықтың ғылымы.
Қылмыстық құқық іс-әрекеттің жазаланушылығын, қылмыстылығын анықтайтын заң нормаларының жүйесі ретінде. Қылмыстық құқықтың тарихи қалыптасуы. Қылмыстық құқықтың тарихи қалыптасуы, әлемдік цивилизацияның дамуы мен қылмыстық құқықты жетілдіру.
Қылмыстық құқықтың пәні және әдісі. Қылмыстық заң, қылмыстық құқық бұзушылық пен жаза қылмыстық құқықтың негізгі түсініктері ретінде. Қылмыстық құқықтың институттары мен нормаларының қорғау, алдын алушы және тәрбиелеуші рөлі. Қылмыстық заңнамасының нормалары тиімділігінің мәселесі.
Конституциялық заңдар және қылмыстық заңнаманың міндеті. Қылмыстық құқық міндеттерін анықтау үшін жалпы адамзат құндылықтары мен олардың рөлі. Адамды, оның құқықтары мен мүдделерін корғау қылмыстық құқықтың басты міндеті ретінде.
Басқа адамгершілік, ізгілік және саяси бастаулардың қылмыстық құқықтың міндеттерін қалыптастыру үшін маңызы.
Қылмыстық құқықтың қағидаларының түсінігі. Қазіргі заңдардағы қылмыстық құқық қағидалары және оның түрлері мен жалпы сипаттамасы. Қылмыстық құқық қағидаларының қылмыстық заңдарда және соттың және құқық қорғау органдарының салаларында жүзеге асырылуы.
Қылмыстық, қылмыстық-іс жүргізу, қылмыстық-атқарушылық құқықтары құқық жүйесіндегі жеке дара салалық кешенді құрайтын салалар ретінде. Қылмыстық құқықтың басқа құқық салаларымен арақатынасы (конституциялық, әкімшілік, азаматтық және т.б.).
Қылмыстық-құқықтық саясат мемлекет саясатының бір бағыты ретінде. Қылмыстық саясаттың өзгермелілігі және тарихи негізділігі. Қылмыстық саясат, оның мазмұны және маңызы.
Қылмыстық құқық ғылымы. Қылмыстық құқық ғылымының пәні мен әдісі. Қылмыстық құқық пәні мен әдісінің кылмыстық құқық ғылымының пәні мен әдісі арасындағы қатынас. Қылмыстық құқық ғылымының әдістемесі.
Қылмыстық құқық ғылымының міндеттері. Қылмыстық заңды дұрыс қолдану үшін ұсыныстарын әзірлеу мақсатында соттардың және құкық қорғау органдарының тәжірибелік қызметін зерттеу және талдау қылмыстық құқық ғылымының міндеті ретінде.
Қылмыстық құқық курсының жүйесі. Шетелдердің қылмыстық құқығының жалпы бөлімінің негізгі сұрақтары.
Тақырып 2. Қылмыстық заң.
Қылмыстық заңның ұғымы, мазмұны және құрылымы. Жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін қорғау қажеттілігі қылмыстық заңды басып шығару немесе өзгертудің негізі ретінде. Қылмыстық заңның функциялары.
Қылмыстық заңның нормативтік-құқықтық актілер алдындағы басымдылығы.
Республиканың қолданыстағы қылмыстық құқықтық заңнамасы. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары қылмыстық құқықтың қайнар көзі ретінде.
Қылмыстық заңның құрылымы. Қылмыстық-құқықтық норманың мазмұны. Қылмыстық заңнаманың Жалпы және Ерекше бөлім нормаларының құрылымы. Диспозициялар мен санкциялардың ұғымы мен түрлері.
Қылмыстық заңның уақыт бойынша қолданылуы. Қылмыстық заңдардың жария ету, күшіне ену және күшін жою тәртібі. Қылмыстық заңның керi күшi
Қылмыстық заңның аумақтағы әрекеті. Қылмыстық заңдардың әрекет етуінің аумақтық қағидасы. Шетел азаматтарымен және азаматтығы жоқ тұлғалар жасалған іс-әрекеттерге қатысты қылмыстық заңның қолданылуы. Экстрадиция (қылмыскерді ұстап беру) институты, оның мәні.
Қылмыстық заңды талқылау. Қылмыстық заңды талқылаудың ұғымы, түрлері және әдістері. Қылмыстық заңның сот-тергеу тәжірибесінде дұрыс қолдануындағы сот шешімдерінің және құқық қорғау органдарының нормативтік актілерінің маңыздылығы.