Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
№ | Авторы, атауы, басылым уақыты | Ақпарат көзі | Бары (дана) | |
Кітапханада | Кафедрада | |||
Негізгі әдебиеттер | ||||
1. | Күзекова З.С. Қазақ тілі: Оқулық.–Алматы: Раритет, 2011. -208 бет. | оқулық | эл. нұсқа | эл. нұсқа |
2. | Күзекова З.С. Қазақ тілі практикумы. Грамматикалық жаттығулар жинағы. Астана.- 2010.-160 бет. | оқу құралы | эл. нұсқа | эл. нұсқа |
3. | Иманқұлова С., Егізбаева Н., Иманалиева Ғ. т.б. Қазақ тілі. – Алматы, 2008. | оқу құралы | эл. нұсқа | эл. нұсқа |
4. | «Қазақ тілі. Тілдарын» оқу құралы/ Бас ред. М.Қ.Жапарова, С.С. Жұманова, Қ.Ғ. Мұтанова – Астана, 2012. – 280 б. | оқу құралы | эл. нұсқа | эл. нұсқа |
5. | Орыс бөлімінде оқитын студенттерге арналған «Қазақ тілі-І» және «Қазақ тілі-ІІ» пәніне байланысты «Сандық білім беру ресурстары». –Астана, 2014 | электронды оқулық | эл. нұсқа | эл. нұсқа |
Қосымша әдебиеттер | ||||
1. | Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис.-Астана, 2002. - 784 бет. | оқулық | эл. нұсқа | эл. нұсқа |
2. | Түймебаев Ж.Қ, Қадашева Қ., Асанова Ұ.О. «Қазақ тілі» деңгейлік оқу-әдістемелік кешен (Негізгі оқулық, бағдарлама, әдебиеттік оқу кітабы, тест, бейнебаян). –Алматы: «Ителлсервис» баспасы, 2013. | оқу-әдістемелік кешен | эл. нұсқа | эл. нұсқа |
3. | Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі/Жалпы редакциясын басқарған Т.Жанұзақов.–Алматы: Дайк-пресс, 2008. – 968 бет | анықтамалық | эл. нұсқа | эл. нұсқа |
4. | Қазақша-орысша сөздік. Алматы: Дайк-Пресс. 2008.- 962 бет. | анықтамалық | эл. нұсқа | эл. нұсқа |
5. | Қазақ тілінің сөздігі. Алматы: Дайк-Пресс баспасы. 1999.- 776 бет. | анықтамалық | эл. нұсқа | эл. нұсқа |
Студенттің білімін бақылау және бағалау
7.1 Бақылау түрлері (ағымдық,аралық)
Коллоквиум
7.2 Бақылау түрлері(қорытынды)
Ауызша емтихан
Студенттің білімін бағалаудың жалпы шкаласы
Әріптік жүйе бойынша баға | Сандық эквивалент | % мазмұны | Дәстүрлі жүйе бойынша баға |
А | 4,0 | 95-100 | үздік үздік |
А- | 3,67 | 90-94 | |
В+ | 3,33 | 85-89 | жақсы жақсы жақсы |
В | 3,0 | 80-84 | |
В- | 2,67 | 75-79 | |
С+ | 2,33 | 70-74 | қанағаттанарлық қанағаттанарлық қанағаттанарлық қанағаттанарлық қанағаттанарлық |
С | 2,0 | 65-69 | |
С- | 1,67 | 60-64 | |
D+ | 1,33 | 55-59 | |
D | 1,0 | 50-54 | |
F | 0-49 0-49 | қанағаттанарлықсыз |
Оқу тәртібінің саясаты
Қазақ тілі пәні – міндетті пән. Оқу жүктемесінің көлемі 3 кредиттен тұрады, оның ішінде семинар (практикалық) сабақ – 45 сағат.
Пәннің талаптары: аудиториялық сабақтарға міндетті түрде қатысу, мәселелерді, сұрақтарды талқылауға белсене қатысу, семинар сабақтарына оқу-әдістемелік құрал және негізгі әдебиет бойынша алдын-ала дайындалу, БӨЖ тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау, бақылаудың барлық түріне қатысу (ағымдық бақылау, БӨЖ тапсырмалары, аралық бақылау, қорытынды бақылау).
Білім алушылардың білімін бағалауда аудиториялық сабақ барысындағы жауабының сапасымен қатар белсенділігі де ескеріледі.
ГЛОССАРИЙ
Диалог –екі адам арасындағы сұрақ-жауап үлгісінде өткізілетін сұхбаттасу.
Дискуссия(лат. Discussion – қарастыру, зерттеу) – мәселені талқылау үрдісі, оны шешу жолдарында берілетін ұжымдық зерттеу тәсілі.
Жағдаяттық тапсырма – білім алушының белгілі бір оқиғаға немесе жағдайға қатысты орындайтын жұмысы. Көп жағдайда бұл тапсырма рөлдік үлгіде орындалады.
Жазылым– сөйлесім, тыңдалым-оқылым үнемі жазба жұмыстарымен ұйымдастырылады. Жазба жұмысының тақтада жазу, көшіріп жазу, шағын реферат, баяндама, аннотация т.б. түрлері жүргізіледі.
Монолог – бір адамның кез келген тақырыпты немесе естіген, оқыған материалдарды ауызша баяндауы.
Оқылым- өз бетінше іштей оқу, дауыстап оқу техникасын меңгеру. Газет материалы, естеліктер және әңгімелер, повестер оқу тапсырылады. Өздік жұмыс барысында оқу нормаларын, талаптарын жетілдіреді.
Презентация(лат. Praesentatio - таныстыру) – жеке немесе топта орындалған оқу-танымдық жұмыстың нәтижелерін көрсету.
Сөйлесім – белгілі бір тақырып, проблема жайлы өз білгендерін қазақша толық жеткізе алуға және пікірін қарсыласымен жарыссыз арқылы жеткізуге дағдылану: Ауызекі және ресми сөйлесім үлгілерін меңгеру.
Тыңдалым – меңгерілген лексикалық материал және қосымша таныс емес мәтін материалын ауызша мәнерлеп оқып, тыңдауға жаттығу. Радио, теледидар хабарларын тыңдауға жаттығу және аудио-видио құралдарынан берілетін мәтінді тыңдау, айтып беруге үйрену.
Тұрақты тіркес –сөздердің орны әбден қалыптасқан және құрамындағы сөздерден мүлдем басқа мағына беретін тіркес.
Омоним –дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары әртүрлі сөздер.
Синоним –айтылуы әртүрлі, бірақ мағыналары бір-біріне жақын сөздер.
Антоним – мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер.
БІРІНШІ АПТА
Отан отбасынан басталады
Бірінші сабақ
Лексикалық тақырып: Сәлем – сөздің анасы