Э – емтихан (тест-экзамен)бағасының пайыздық көрсеткіші.

10.4.Студенттердің білімін бағалау ұстанымы бағалау нәтижесінде көрініс алатын студенттің қандай жағдайда жоғары балл, айып өтеу және ынталандыру балдарын жинай алатындығын анықтаушы болып табылады. Мысалы, аяқталмаған жазбаша жұмыс, орындалмаған жұмыс, қалыс қалған сабақтарын өтеу, белгіленген мерзімде тарсырылмаған тапсырмалар т.б.

- Ең жоғары бал, берілген тапсырманы 100 пайызға орындаған жағдайда қойылады;

- Ауызша жауапқа курс пәніне сәйкес келетін терминологияның қолданылуы ықпал етеді;

- Жазбаша жұмыстарды бағалауда безендірудегі сілтемелер мен құрылым және стандартта есепке алынады.

10.5. Академиялық ұстаным саясаты:

- Оқу процесінде белсенділік таныту, білім алушылардың сыртқы келбетіне және жоғары оқу орынындағы қойылатын талаптарды орындау;

- Белгісіз себептермен сабаққа кешігуге жол бермеу;

- Сабақ уақытында кедергі келтіретін заттарды қолданбау;

- Әр уақытта сабырлылық, ұстамдылық таныту.

ДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер

1. Аженов М. Социальная стратификация в Республике Казахстан. Алматы 1997ж.

2. АгафоновА.Н.,Менлибаев К.Н. идр.Основы теории социальной работы.Караганда2002.

3. Әлеуметтік қорғау. Алтын Орда. 16 мамыр, 2002 ж.

4. Бабакумов Е.Ж. Социальная политика государства. Алматы, 1996

5. Зейнышев И.Г Взаимосвязь социальной политики и социальной работы-
М, 1996

6. ҚР.-Конституциясы-А, 1995

7. Кадомцева С.В Социальная защита населения- М, 1999

8. Менлибаев К.Н., Туганбекова К.М., Черная Г.Г., Каргин С.Т. Социальная работа. Караганда, 2000.

9. Мемлекет саясатының стратегиясының басым бағыттары-
баянды даму кепілі. Ақиқат. №10, 2001 ж.

10. Назарбаев Н.А. «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы,Астана. 2013жыл14 желтоқсан.

11. НазарбаевН.А XXI ғасырлар тоғысында- Л, 2002

12. Рапатский Б.В Социальная политика, Социальная защита, самозащита
трудящихся в обществе. -М, 1998

13. Романов В.И. Социальная политика Казахстана. Саясат. №9, 1997 .

14. Сәрсенова Ж.Н.Әлеуметтік жүмыс - Алматы,2004ж

15. Тасмаганбетов И.Н. Сущность и типология социальной политики. Саясат. №7,1997 ж.

16. Тасмағанбетов Ш.А. Социальная политика и политическая
трансформация-А, 1997

17. ХолостоваЕ.И. Социальная политика и социальная работа,- М,

18. ХолостоваЕ.И. Социальная работа.-М, 2004

Осымша әдебиеттер

19. Государственная семейная политика в странах Европейского общества и США.-М, 1996.

20. Конституция РК – Алматы, 1995

21. Виллиандт Демократический социализм (статьи и речи) – М.: Изд. «Республика», 1992

22. Б.В. Ракитский Социальная политика, социальная защита, самозащита трудящихся в обществе. Часть первая. Социальная политика – М.:2004

23. Институт перспектив и проблем страны, 1998

24. Бабич А.М., Егоров Е.Н., Жильцов Е.Н. Экономика социального страхования. – М., 1998.

25. Гуслякова Л.Г., Холостова Е.И. Основы теории социальной работы. – М., 1997.

26. Гершунский Б.С. Философия образования для ХХI века. – М., 1998.

27. Законодательство зарубежных стран по социальному обслуживанию населения. – М., 2004.

АЗАҚ ЭКОНОМИКА, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА УНИВЕРСИТЕТІ

ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

Пәннің атауы:Әлеуметтік саясат

Ші дәріс.

Тақырып.Әлеуметтік саясат қоғамдық теория, практика ретінде

Негізгі мақсаты:«Әлеуметтік саясат“ ұғымы және негізгі мақсаттарына, әлеуметтік саясаттың принциптері мен тұжырымдамасына жалпылама тоқталу

Негізгі түсініктер:Әлеуметтік мемлекет, әлеуметтік саясат, полициялық мемлекет ұғымдары

Жоспары

1. «Әлеуметтік саясат“ ұғымы және негізгі мақсаттарының бірі.

2. Әлеуметтік саясаттың принциптері мен тұжырымдамасы.

Әлеуметтік мәселелерді реттеу ең алдымен әлеуметтік саясатты қажет етеді. Әлеуметтік саясат – бұл барлық азаматтардың жан-жақты дамуы, тұрмыс жағдайы, әл-ауқатын жоғары деңгейде қамтамасыз етуге бағытталған экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Әлеуметтік саясат – бұл түпкі мүдделерді және белгіленген халық топтарының ұзақ мерзімді мүдделері мен қоғам мақсаттарын қанағаттандыруға мүмкіндік беретін қоғамдық өнімді құру мен бөлу шарттару бойынша әлеуметтік топтар мен қоғамдар (общности) арасындағы қатынастармен байланысты мемлекеттің немесе (және) қоғамдық институттардың іс-әрекеті. Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты – еңбекке жарамды азаматтарға өзінің еңбегімен ауқаттылығын сақтап қалу үшін жағдай жасау және еңбекке жарамсыздарға-кепілденеген әлеуметтік қорғау мен қолдау көрсету жолымен қоғамдық-саяси жүйенің серпінді дамуын қамтамасыз ету.

Әлеуметтік саясат төрт бөліктен тұрады:

- Қоғам мүшелерінің әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әлеуметтік сфера ұйымдарына құқықтық, ұйымдастырушылық, қаржылық жағдай жасау.

- Өмір сүру деңгейін қажетті деңгейде сақтап қалу үшін азаматтарға өз еркімен табыс табуына құқықтық, ұйымдастырушылық, өндірістік алғышарттар жасау.

- Мемлекеттің немесе муниципалды басқару органдары қолындағы және/немесе меншігіндегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жолымен халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға жағдай жасау

- Мемлекеттің немесе муниципалды басқару органдары қолындағы және/немесе меншігіндегі әлеуметтік сфераның өндірістік кәсіпорындары мен мекемелеріндегі өндірісті ұйымдастыру, бөлек тауарлар мен қызметтерді бөлу және тұтыну.

Әлеуметтік саясаттың маңыздылығы жұмыс күшін ұдайы өндіру процесіне, еңбек өнімділігін арттыруға, еңбек ресурсының білім және мамандық деңгейін көтеруге, өндіргіш күштердің ғылыми техникалық деңгейіне, қоғамның мәдени және рухани өміріне байланысты анықталады. Әлеуметтік саясат адамдардың ауыруға шалдығу деңгейін төмендететіп өндірістегі экономикалық шығындарды қысқартады. Қоғамдық тамақтану, мектепке дейінгі білім беру сияқты әлеуметтік салалар халықтың басым бөлігін үй шаруашылығы салаларынан босатып, қоғамдық өндірістегі жұмысбастылықты көтеруге мүмкіндік туғызады. Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты - қоғам мүшелерінің материалдық, мәдени және рухани қажеттіліктерін қамтамассыз ету.Қазақстан реформасының негізгі мақсаттарының бірі әлеуметтік мемлекетті құру. Бірақ бұның мәнін кез келген қарапайым адамның түсіндіріп беруі мүмкін емес. Себебі, ұсынылған идея бұқара халықтың қоғамдық санасында, кұнделікті өмірінде өте төменгі деңгейде тараған. Қалай дегенде де бұқара халық белгілі бір дәрежеде, әлеуметтік мемлекет дегеніміз не, оның белгілері, өзіне тән ерекшеліктері, қызметі туралы нақты білу қажет. Сондықтан, әлеуметтік мемлекет мәселесі өзекті де маңызды мәселелердің бірі екендігін атап көрсетеміз. Бұл көптеген мәселелерді қамтиды.

Әлеуметтік мемлекеттің басты тұжырымдамасының негізі- өте ертеде пайда болған әлеуметтік саясатқа келіп тіреледі. Ертеде көптеген билеушілер, мысалы, Рим цезарлары жағдайы өте төмен адамдарға нан тарату мен ойын сауықтар ұйымдастыру арқылы қамқорлық жасаған. XIX ғасырдың екінші екінші жартысында “әлеуметтік мемлекет” ұғымын ең алғаш ұсынған неміс ғалымы Лоренц Фон Штайнер болды. Ол “әлеуметтік мемлекет өз азаматтарын экономикалық және қоғамдық дамуға дағдаландырып, үйретуге міндтті, өйткені, бірінің дамуы- екіншісінің дамуына шарт болуы қажет, әлеуметтік мемлекеттің негізгі мәні де осы болып табылады” деп көрсеткен. “Әлеуметтік мемлекет” деген ұғымның пайда болуы “полициялық” мемлекеттен әлеуметтік функцияларды жүзеге асырушы мемлекетке өтуін көрсетеді.

1930 жылы неміс ғалымы Герман Геллер әлеуметтік-саяси әдебиетке әлеуметтік құқықтық мемлекет ұғымын еңдірді. Екінші дүниезүзілік соғыстан кейін бірқатар Батыс Еуропалық мемлекеттердің Конституциясында әлеуметтік мемлекет формуласы жазылған еді. XX ғасырдың 60 жылдары шамасында алғашқы әлеуметтік мемлекеттер, мысалы, Францияда, германияда, швецарияда, Англияда, т.б. елдерде құрыла бастады. Олардың негізгі өмір сүру шарты-қоғамдағы жағдайын нашар топтарды қолдау үшін халықтық табыстың белгілі бір бөлігін бөле алатын экономикалық дамудың ең жоғарғы деңгейі болып табылады.

Әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы өте күрделі және қарама-қайшылыққа толы-ұзақ процесс. Қоғамдық-экономикалық және ғылыми- техникалық дамудың нәтижесіндегі билік пен жеке тұлғаның арасындағы қатынастың өзгеруі мемлекеттің- әлеуметтік мемлекетке өтуін жылдамдатады. Әлеуметтік мемлекеттің басты идеясы- гуманизм принциптері негізінде қоғам өмірінің саяси және құқықтық жағынан жетілдіру, кешенді қызметін жүзеге асыру, азаматтық қоғам дамуына жағдай жасау… Бүгінгі таңда әлеуметтік мемлекеттің мәні туралы ғылыми зерттеулерде әртүрлі тұжырымдама жасалынған. Ғалымдардың мемлекет туралы берілген анықтамаларында бұл әрбір азаматтардың лайықты өмір суруіне, өндірісті басқаруға, азаматтарды әлеуметтік қорғауға ұмтылған мемлекет. Ал біздің қозқарасымыз бойынша, әлеуметтік мемлекет әр азаматтың жақсы ортада тіршілік етуіне, әлеуметтік жағынан қорғалуына, таланттары мен шеберліктерін толық дамыту үшін мүмкіндік жасайтын мемлекеттік биліктің формасы болуы керек. Мұндай мемлекет адам мен қоғамға қызмет етеді және әлеуметтік әділеттілік, әлеуметтік бітім мен әлеуметтік келісім принциптеріне негізделген адамдар адасында жаңа типті байланыстарды қалыптастырады.

Тақырыпты пысықтау сұрақтары:

1. Әлеуметтік саясат ұғымына анықтама берііңіз

2. Әлеуметтік саясаттың негізгі принциптерін атаңыз

3. Әлеуметтік саясат тұжырымдамасы

Ұсынылатын дебиет

1. АгафоновА.Н.,Менлибаев К.Н. идр.Основы теории социальной работы.Караганда2002.

2. Әлеуметтік қорғау. Алтын Орда. 16 мамыр, 2002 ж.

3. Бабакумов Е.Ж. Социальная политика государства. Алматы, 1996

4. Зейнышев И.Г Взаимосвязь социальной политики и социальной работы-
М, 1996

5. Кадомцева С.В Социальная защита населения- М, 1999

2- ші дәріс.

Наши рекомендации