Пән білімінің жалпы баллдық бағасының бөлінуі

Заң факультеті

Ылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы

БЕКІТЕМІН

Бірінші проректор - ОӘЖ

жөніндегі проректор

____________ Л.К. Еркінбаева

«_____» ___________2016 ж.

Мемлекеттік тілде іс құжаттарын құрастыру пәнінің

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Мамандықтар: 5В030100 - «Құқықтану»

Оқу формасы: күндізгі, қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша

Талдықорған 2016 ж.

Оқу - әдістемелік кешенді оқу жұмыс бағдарламасына сәйкес 5B030100 «Құқықтану», мамандығы үшін аға оқытушы Б.Е.Молдабеков кұрастырған _______________________

(оқытушының қолы)

Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының отырысында қарастырылды

«»______________20____ ж. №____хаттама

Кафедра меңгерушісі_____________PhD докторы А.Алтынбекқызы

«_____»________________ 20____ жыл. №______хаттама

Заң факультетінің әдістемелік бюросы мақұлдаған.

Әдістемелік бюроның төрайымы: ___________ Б.К.Амирова

СМЖ ЖМУ Е/ПОӘК.09-2016   Ф.4.09-28

Заң факультеті

Ылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы

СИЛЛАБУС

Мемлекеттік тілде іс құжаттарын құрастыру пәні бойынша

5В030100 «Құқықтану» мамандығы үшін

Оқыту түрі: қүндізгі

курс: 2, 3

семестр: 3, 5

кредит саны: 3

барлық сағат саны: 135, соның ішінде

дәріс: 30

практикалық сабақтар: 15

СӨЖ (оның ішінде ОСӨЖ): 90

Емтихан: 3, 5 семестр

Талдыкорған 2016 ж.

Оқытушы туралы мәлімет – Молдабеков Болат Есенғалиұлы қылмыстық - құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы.

Байланыс телефоны: 87014682872, [email protected]

Офис: қылмыстық құқықтық пәндер кафедрасы – 226 ауд.

Оқыту уақыты – сабақ кестесі бойынша

Консультация уақыты – кафедра кестесі бойынша

Пән: Мемлекеттік тілде іс құжаттарын құрастыру

Уақыт: Бекітілген бойынша

Кредит: 2

Пән пререквизиттері: бұл пәнді оқу үшін студентер мына келесі пәндерді игерулері керек: қылмыстық құқық, қылмыстқ іс жүргізу құқығы, азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу құқығы, нотариат.

Пәннің постреквизиттері: қылмысты саралаудың теориялық негіздері, сот дәлелдемелерінің теориясы.

Пәнге қысқаша түсініктеме: «Мемлекеттік тілде іс құжаттарын құрастыру» арнайы тандау курсы – заңтану мамандығының жоғары оқу орындарының оқу жоспарында студенттерді процессуалдық құжаттарды құрастыруға дағдыландыру үшін көзделген маңызды курстардың бірі.

Қылмыстармен күресу қызметі барлық мемлекеттік органдардың көз астында болады. Азаматтық және қылмыстық іс жүргізу құжаттарын құрастыру пәні азаматтық, қылмыстық істер бойынша іс жүргізудің процессуалдық ережелерін белгілейді және қылмыстық іс жүргізудің негізгі қағидалары мен іске қатысушылардың құқықтары мен бостандықтарының қамтамасыз етілуінің кепілдіктерін бекітеді. Пәннің бағдарлама мазмұны 3 модулге бөлінген.

«Мемлекеттік тілде іс құжаттарын құрастыру» пәнінің негізгі мақсаттары:

- Азаматтық және қылмыстық іс құжатарын жүргізудің ұғымы мен процестің негізгі қағидаларымен танысу;

- Азаматтық және қылмыстық процеске қатысушылар шеңберін және олардың қызметін анықтау;

- Мәжбүрлеу және бұлтартпау шараларын, оларды қолдану хаттамасы мен қаулы тәртібімен танысу;

- Азаматтық және қылмыстық істі жүргізудің жалпы шарттарымен танысу.

«Мемлекеттік тілде іс құжаттарын құрастыру» пәнін зерттеудің міндеттері:Процессуалдық құжаттарды сауатты құрастыра білу, сондай-ақ құжаттарды тәжірибеде қолдана отырып, жұмыс істей алу. Студенттер азаматтық қылмысттық істер бойынша құжаттарды құрастыру нысандарымен танысуы және құжаттарды құрастыруға қойылатын талаптар туралы нақты түсінікке ие болуы керек. Ол студенттер қылмыстық сот ісін жүргізудің барлық мәселелері бойынша терең білім алуы және қазір жұмыс жасап отырған қылмыстық іс жүргізу заңын берік меңгеру болып табылады. Студенттер қылмыстық сот ісін жүргізудің мәні мен міндеттерін дұрыс түсінуі, қылмыстық іс жүргізудің басты принциптерін, дәлелдемелер теориясын, іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу тәртіптерін, атап айтсақ жасалайын деп жатқан немесе жасалынып жатқан қылмыстар туралы ақпараттарды тексеруден бастап ол бойынша қылмыстық істі қозғаудың, айыпталушыны сотқа беру және сот талқылауының, істерді апелляциялық және қадағалау сатыларында қарауының, үкімді орындау сатысының, жаңадан ашылған мән- жайлар бойынша ісіт қайта жаңғыртудың, қылмыстық істерді жекелеген санаттары бойынша айрықша іс жүргізу мәселелерін толық түсінуі қажет.

Студенттердің меңгеретін білімі мен іскерлігі:

-Азаматтық және қылмыстық істер бойынша іс жүргізу құжаттырының құрастырылу тәртібін;

- сот актілерін толтыру тәртібін;

Сабақтар классикалық нысанда (лекциялар, семинарлар, практикалық сабақтар, есептерді шешу) және студенттердің логикалық -тану қызметтерін белсендіретін нысандарда (минималды қорытынды мәліметтер бойынша істің фабуласын талдау, қылмыстық іс жүргізуге қатысушы тұлғалардың рөлін бөле отыра сабақтарды ойындармен жүргізу) жүргізіледі. Студенттер семинар және практикалық сабақтарға жеке өзі және СОӨЖ бойынша берілген тапсырмаларды уақытында дайындалуға міндетті.

а) Түйіндік құзіреттілік (ТҚ)

- кәсіби қызметінде заман талабына сай білімді болу;

- алған білімі негізінде құқықтың әр саласынан хабары болып, білімін көрсете білуі;

- үнемі ізденісте болу.

б) Пәндік құзіреттілік (ПҚ)

- сөйлеу шеберлігі, дауыс мәнері, өзіне қарата білу қабілеті мен мәдениетті болуы, қызметінде ортамен тіл табысуға бейім болуы;

- инновациялық технологияларды қолдану шеберлігінің болуы;

- өзінің жан-жақтылығын арттыруға ұмтылысының болуы;

в) Арнайы құзіреттілік (АҚ)

- теориялық алған білімін, дағдыларын іс жүзінде дұрыс пайдалана білуі;

- біліктілігі жоғары, тәжірибесі мол адамдардың тәжірибесінен үлгі алып, кеңейтіп, қолдана білуі;

- нормативтік-құқықтық актілер туралы білімінің болуы мен оның өзгерістеріне ілесе алуы, нормативтік құқықтық құжаттармен жұмыс жасай білуі тиіс;

- кез келген тығырықтан шығу үшін шешім қабылдай білу қабілеті мен сын айта білу, ойын жүзеге асыру қабілетінің болуы.

Пән білімінің жалпы баллдық бағасының бөлінуі

Бағаланатын бағдар (позиция) 1-8 аптадағы бағалау мөлшері 9-15 аптадағы бағалау мөлшері Баллдың максималдық (жоғары) мөлшері Электронды журналға балл қоюдың кезеңі
Арнайы зерттеушілік Әрбір бағалауға 100 баллдан 8 және 15 апта
ӨЖ Әрбір ӨЖ –ге 100 баллдан 4,7,11, 14 апталарда
Аралық бақылау Әр аралық бақылауға 100 баллдан 8 және 15 аптада
Кіру рұқсатының рейтенгісі R1 8 апта
Кіру рұқсатының рейтенгісінің R2 15 апта
Академиялық кезеңдегі кіру рұқсатының рейтенгісі R= (R1 + R2)/2 15 апта
Емтихан   ЖЕ 16-17 апта
Қорытынды баға І = R*0.6+E*0.4  

Наши рекомендации