Азақстан Республикасының мұнай саласының даму қарқыны

АСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ТІЗІМІ

Атырау МӨЗ– Атырау мұнай өңдеу зауыты

АМҚ – ауыр мұнай қалдықтары

ҚМГ -"Қаз Мұнай Газ "

ГОСТ -мемлекеттік стандарт

ОСТ -сапалық стандарт

РСТ -Республикалық стандарт

СТП -Кәсіпорындық стандарт

ГЛОССАРИЙ

Ароматты қосылыстар -қос байланысы бар, ең кем дегенде, бір сақинасы болатын мұнайлы көмірсутектердің жалпы аталуы.

Бензин - мұнайды айдау кезінде алынған қайнау температурасы төменұшқыш сұйықтық. Бензинді 20-180°С температура аралығында айдайды.Құрамында гексаннан деканға дейінгі көмірсутектердің қоспасы бар. Бензиноңай тұтанады, оны іштен жану двигательдерінде отын ретінде қолданады.

Газойл -қайнау температурасы ауыр нафтадан жоғары болатын кез-келген жеңіл дистиллят.

Гудрон -шикі мұнайдың вакуумды айдау мұнарасында алынатын, мұнайдың қалдығы немесе ең ауыр фракциясы.

Дистиллят -буланған немесе соңында конденсацияланған мұнай өңдеу өнімдері.

Изомеризация - молекуланың өз салмағын өзгертпей, құрылысын өзгертіп, басқа пішінге өтуі.

Каталитикалық риформинг(ағылшын тілінен аударғанда to reform - ауыстыру, жақсарту) - мұнай шикізатынан жеке ароматты қосылыстарды бөлу.

Кокс -жоғары температурада конденсация реакциясының нәтижесінде түзілетін көміртекті материал.

Кокстеу -кокс және жеңіл өнімдер алынатын, қатаң шартта өтетін гудронның термиялық крекингі.

Крекиг -термиялық әдістерді (кокстеу) немесе катализаторды қолданы арқылы (каталитикалық крекинг, гидрокрекинг) көміртек-көміртекті байланыстардың үзілуі.

Өрт сөндіретін заттың берілу қарқындылығы деп - бірлік уақытта бірлік ауданға немесе көлемге берілетін өрт сөндіргіш заттың мөлшері.

Көбіктің инерттілігі - көбіктің мұнай немесе мұнай өнімдерінің қабатынан өткенде немесе жанасқанда ластануға қарсы тұру қабілеті.

КІРІСПЕ

Жалпы кен орындарын игеру,оның ішінде мұнай-газ өндіру – Қазақстан Республикасы экономикасының дамуының қайнар көзі. Мұнай өнеркәсібінің дамуы мұнай қалдықтарының артуы мен қоршаған ортаны ластаумен қатар жүреді. Егер мұнай өңдеу зауыттары мұнай өңдеу өндірісінде ескі технологияларды, мерзімі біткен қондырғыларды, мұнай өндірісінің сапалы болуына теріс әсерін тигізетін іс-шараларды қолданса бұл қоршаған ортаға зор зиянын тигізеді. Қоршаған ортаны мұнай мен мұнай қалдықтарымен ластау көзі- мұнай өңдеу зауыттары, мұнай өнімдерінің қоймалары,мұнай сапасын анықтайтын зертханалар және т.б. есептеледі. Мұнай өндіру саласы үлкен жер көлемін алумен,ластандыру мүмкіндіктерімен, өндірістік нысандардың жарылыс және өрт қауіпінің жоғарылығымен ерекшеленеді. Ұңғымаларды бұрғылауда, мұнай өндіру мен дайындауда қолданылатын химиялық реагенттер мен өндіру процесінде ауаға тарайтын көмірсутектері және олардың қоспалары адам өміріне, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне қауіп төндіретін зиянды заттар болып табылады. Қазіргі таңда қоршаған табиғи ортаның ахуалы әрбір адамға тікелей де,жанама түрде де әсер ететін маңызы орасан зор әлеуметтік–экономикалық мәселенің біріне айналып отыр. Кәсіпорындардағы мұнай өндірумен байланысты қауіп-қатердің негізгі көздеріне қасыммен жұмыс жасайтын ыдыстар,атмосферада кездесетін көмірсутектердің,күкіртсутектердің,уытты заттардың булары,сонымен қатар көміртегі тотықтары, әртүрлі жұмыстарға арналған улы химиялық реагенттер, әртүрлі механизмдердің айналу бөлшектері, жоғары кернеудегі электр қондырғыларының,құралдардың,газдардың,сұйықтардың өртенуі және жарылуы жатады. Мұнай кен орындарында газдың немесе мұнайдың жеңіл фракцияларының шығуынан болатын бу-ауа қоспаларынан күшті жарылыстар,дауылды желдер,мұнай құбырлары мен резервуар парктеріндегі үлкен көлемдегі өрттер, фенол, метанол, қышқыл, сілті және тағы да осы сияқты күшті әсер ететін уытты заттардың үлкен алаңдарға төгілуі сияқты төтенше жағдайлар болуы мүмкін. Қазақстанда қазіргі таңда табиғи ортаның қарқынды түрде ластануы жүріп жатыр. Өнім өндіру төмендегенімен қоршаған ортаның ластануы кеміген жоқ. Себебі, нарықтық қатынастар жағдайында табиғатты қорғауға жұмсалатын қаражат шығыны бұрынғысынан да үнемделу үстінде. Халықтың әлеуметтік-экономикалық өмір сүру жағдайының нашарлауы аясында экологиялық жайсыз мәселелер ерекшелене түсті. Бұл тұрғылықты халық денсаулығы мен өмір сүру жағдайының биологиялық негіздеріне нақты қауіп тудырады. Сондықтан,қазіргі кезеңде,мұнай өндіруші нысандарда алдын ала жабдықталатын тазалау қондырғылары іске қосылғанымен,мұнайды өндіру және тасымалдау кезінде қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін заттардан және іс-әрекеттерден толық арыла алмай отырғаны анық. Сондықтан, табиғи жағдай үшін шығыны аз, тиімді технико-технологиялық шешімдерді іздестіру қажет. Ұңғымадан алынған мұнай және газды өндіру, тасымалдау кезінде және сұйық көмірсутегі қалдықтарының апаттардың салдарынан төгілуінің алдын алу және қоршаған ортаға тараған мұнай газ қалдықтарын тез арада жинап, тазарту қажет.

азақстан Республикасының мұнай саласының даму қарқыны

Қазақстанның мұнай саласы – Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады.1899 жылы Қазақтың алғашқы мұнай кен орны Қарашұңғыл,кейін Доссор(1911 жылы) және Мақат(1915 жылы) мұнай кен орындары іске қосылды.Барлық үш мұнай кен орындары Қазақстан Республикасының Атырау облысында орналасқан. 1965 жылға дейін мұнай өндірісі тек Ембі бассейнінде ғана жүргізіледі.Себебі, Ембі мұнай бассейні қолайлы мұнай аймағында орналасқан. Қазақстанда мұнай өңдеу 1945 жылы алғашқы рет басталса, бұл жылы 1959 жылға дейін тыстан әкелінген шикізатта жұмыс істеген Атырау мұнай өңдеу зауыты іске қосылды. Қазіргі уақытта Қазақстанда 3 мұнай өңдеу зауыттары жұмыс істейді.Бұл зауыттарда дайын мұнай өнімдері алынады.Оларға: Атырау,Шымкент;Павлодар мұнай өңдеу зауыттары жатады,олардың жалпы қуаты жылына 19,4 млн.тонна құрайды.

Атырау МӨЗ – қуаты жылына 5,2 млн.т мұнайды құрайтын, Ресей шикізатынан тәуелсіз жалғыз зауыт болып табылады. Ол Маңғышлақ және Теңіз мұнай кен орындарының құбырларымен байланысқан.Зауыттың салынуы «Баджер» фирмасының жобасы бойынша 1943 жылы басталды,ал 1945 жылдың қыркүйек айында ең алғашқы өнім шығарылды.Бұл кеңейту мен модернизация үшін географиялық тұрғыдан қолайлы жерде орналасқан жалғыз зауыт. Себебі,ол мұнайды әртүрлі аймаққа жеткізудің басты түйіні болып табылады, жоғары санатты қызметшілерге және инфрақұрылымға ие болады да,мұнай өңдеудің жоғарғы өнімділікті қазіргі заманға сай жиынтығының негізі ретінде қолданылуы мүмкін. Зауытта тауарлы өнімнің кең түрлері шығарылады, ол тауар экспортқа шығарылуы мүмкін. Бұл АИ – 76, АИ – 93, пеш отыны,мазут, тұрмыстық газ және басқа да тауарлар болып табылады. Маңғышлақ мұнай кен орнының шикізатында парафиндердің жоғары үлесі болғандықтан, Атырау мұнай өңдеу зауыты реактивті және дизельді қысқы отынды шығара алмайды. Зауытта мұнай өңдеу тереңдігі 50% құрайды. Бұл тереңдік өте төмен болып табылады. Атырау мұнай өңдеу зауыты Қазақстанның батыс аймағы кен орындарының құрамында парафин мөлшері жоғары ауыр мұнайды өңдейді. Өткен жүзжылдықтағы 60-жылдардың ортасынан бастап 80-жылдардың ортасына дейінгі кезеңде мұнайды өңдеу жөніндегі барлық технологиялық құрылғылардың техникалық қайта жарақтандырылуы жүзеге асырылды,бұл зауыттың қуаттылығын жылына 4,3 миллион тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Атырау МӨЗ қайта құрудың негізгі мақсаты ескірген құрылғыларды ауыстыру, Еуропалық Одақтың (ЕО) ерекшеліктеріне сәйкес жоғары сапалы өнімді шығару жолымен қоршаған ортаға зиянды әсерән азайту, қосылған құны жоғары ақшыл мұнай өнімдері өндірісінің көлемін ұлғайту, сондай-ақ қосымша жұмыс орындарын құру болатын. Осы міндеттердің орындалуы үшін бензинді гидротазалаудың,дизель отынын гидротазалау/ депарафиндеудің, изомерлеудің,газдарды аминді тазадаудың, сутегін алудың,ағынды суларды биологиялық тазартудың және күкірт өндірудің жаңа қондырғылары салынды. 2007 жылдың басында Еуростандартқа (құрамынддағы күкірт 150 ррм-ден артық емес) сәйкес келетін бензиннің және Еуростандартқа (құрамындағы күкірт 50ррм-ге дейін және минус 35 градуста қататын) сәйкес келетін дизель отынының бірінші партиясы шығарылған болатын.Этилденген, қоршаған ортаға зиянды бензин өндірісі тоқтатылды,нәтижесінде Аи-80 маркалы бензиннен Аи-93/96 маркалы бензинге дейін жақсартылды.

Қазіргі кезде Атырау МӨЗ дамыту аясындамынадай инвестициялық жобалар іске асырылуда:

  • «ЭЛТҚ-АВҚ қондырғысының вакуум блогын қайта құру және баяу кокстау қондырғысы». Жобаны іске асыру мерзімі – 2008 – 2010 жылдар.
  • «Хош иісті көмірсутегін өндіретін кешен салу».

Жобаны іске асыру мерзімі – 2008 – 2013 жылдар.

  • «Мұнайды терең өңдейтін кешен салу».

Жобаны іске асыру мерзімі – 2008 – 2014 жылдар.

Жобаның мақсаты:

- мұнай өңдеу бойынша жобалық қуаттылығын жылына 6,0 млн. тоннаға дейін қалпына келтіру;

- 90%-ға дейін мұнайды терең өңдеуді ұлғайту;

- 83% -ға дейін ақшыл мұнай өнімдерін өндіруді ұлғайту;

- ЕУРО -4 стандарттары деңгейіне дейін мотор отындарының сапасын жақсарту.

Қазақстан мемлекетінің 2003-2015 жылдардағы индустриялды – инновациялы стратегиясында мұнай-газ өнеркәсібінің дамуына көп көңіл бөлінеді. Қазақстанда индустрияның дамуының негізгі тірегі – Каспий теңізінің Қазақстандық секторын игеру болып табылады. Бұл секторда көмірсутектердің жалпы қоры 8 млрд. тоннаны құрайды, олар мемлекетте көмірсутектерді өндірудің жоғары өсуін қамтамасыз етуі мүмкін. Болашақта мұнай кен отындарынан мұнайды өндіру жылына 150-200 млн. тоннаны құрайды және бұл деңгей 25-30 жыл ұсталып тұрады.Отандық МӨЗ төмен бәсекелестікті және физикалық ескеріп кеткен қондырғыларға ие болып отыр. ҚР сараптама агенттігінің берілгені бойынша,мемлекеттегі 3 МӨЗ кемшілігі – шикі мұнаймен артық жүктелу болып табылады. Алдағы онжылдықта Қазақстанның мұнай өндіру саласына инвесторлар 80 млрд. доллардан астам қаражатты шығаруды көздеп отыр,олар өнеркәсіп орнында жұмысты іске қосатын, өндірістілік, инфрақұрылымдық және әлеуметтік салаларды жақсартатын мақсатпен

Наши рекомендации