Шағылыстырудың еркін, үйірлі, кластық, қолдан және жасанды түрлері қолданылады.

Еркін шағылыстыруда саулықтар мен қошқарларды жалпы табында 1,5-2 ай ұстайды. Күйге келген саулықтар шағылысу кезеңінің кез келген уақытында адамның бақылауынсыз шағылыса береді. Еркін шағылысу кезінде асыл тұқымдық уақыттың аздығына байланысты аталықтар тез шаршайды. Әрбір 100 саулыққа 3-4 аталық қажет. Егер саулықтар табынына бірнеше аталықты жіберсе, онда оларды екі топқа бөліп, оларды саулықтарға күнара кезекпен жіберу қажет. Сонымен қатар қошқарларды түнде саулықтарға қосып, күндіз бөліп алып, азықтандырып отыруға болады, ал егер саулықтар жайылымда бағып күтілсе, онда қошқарларды табынға күндіз жіберіп, түнде азықтандырады.

Бақылаусыз шағлыс кезінде, яғни еркін шағылысу сау малдың ауруға шалдығуына жол береді, сонымен қатар қойлардың көп мөлшері құйрығындағы май қорының көптігіне байланысты шағылысуы қиындап, қысырлыққа ұшырайды. Еркін шағылыстыруды өткізу мен ұйымдастыру неғұрлым қарапайым және еңбек шығынын аз қажет ететін операция, бірақ, құнды қошқарларды тұрақсыз және бақылаусыз пайдалану асыл тұқымдық жұмыстың нақты нәтижелілігін қиындатады.

Үйірлі (гаремная) шағылыстыруалынатын ұрпақтың шығу-тегін бақылауға мүмкіндік береді. Өткізу үшін 30-50 бас аналықтан тұратын әрбір топқа бір айға арналған азық қоры бар жайылым аумағын қоршау қажет. Сонымен қатар аналық тобының санвна байланысты онша үлкен емес қоршаулар жасауға болады, оған бір ай ішінде жем-шөпті тасымалдау арқылы саулықтарды азықтандырады. Саулықтарды қошқарлармен бір ай ұстағаннан кейін, әр қоршаудағы саулықтарды бір табынға біріктіріп шағылыстыруды аяқтайды.

Кластық шағылыстыруда шағылыс кезеңінде саулықтардың белгілі бір класына нақты аталықтар бекітіледі. Еркін шағылыстырудан айырмашылығы мал саны аз қолданылады.

Қолдан шағылыстыру адам бақылауымен іске асады. Бұл малды жекелеп жұптастыру мен асыл тұқымдық жұмысты тиімді жүргізуге мүмкіндік береді; асыл тұқымды қошқарларды пайдалану жақсарады. Алайда қолдан шағылыстыру кезінде өте жақсы аталықтарды пайдалану шектеулі, өйткені оған көп еңбек шығымы қажет, аталықтар ауру жұқтырып таратуы мүмкін сондықтан қолдан шағылыстыруды мал басы аз жеке жұптау жүргізетін шаруалышықтарда пайдалану тиімді.

Қолдан шағылыстыру кезінде күйге келген аналықтарды күйттеуші аталықтар көмегімен таңдап алады. Күйге келген саулықтарды оларға бекітілген қошқарлармен шағылыстырады. Шағылыстыру үшін саулықты станокқа бекіткен дұрыс, аталық аналыққа күшпен итеріліп, секіргенде ғана ұрықтанған болып есептеледі. Бір саулыққа қайта-қайта аталықты секірту қажет емес. Бір рет алыпты секіру, ұрықтану үшін жеткілікті.

Аталықты ұрықтандырғаннан кейін аталықты тұратын қоршауына, ал саулықты – ұрықтанған малдар қатарына қосады. Одан кейін дәл осы жолмен келесі саулық ұрықтандырылады. Аталық бәр тәулікте үш төрт саулықты ұрықтандыруы қажет, ал жаақсы күтіммен күшті азықтандырудағы аталық үшін 5-6 саулық бекітіледі, секірту аралығы 1-2 сағаттан кем болмауы керек. Ұрық сапасын 5күнде бір тексеріп отырады.

Егер ұрық сапасы тұқыммен төмен болса, аталықты шағылыстыруға жібермей оған арнайы жақсы күтіммен толық құнды азық беріп, жағдайлар жасалады. Мұндай аталықтарды тек ұрық сапасы жақсарған жағдайда ғана шағылыстыруға жібереді.

Шағылыстыру кезеңі мен ұзақтығы 1,5-2 ай. Қолдан шағылыстыру кезінде бір аталық 60-80 және одан да көп аналықты ұрықтандыра алады. Қолдан шағылыстыру аяқталғаннан кейін аталықтарды ұрықтанбай қалған саулықтар үшін, саулық табынына 25-30 күнге еркін шағылысуға жібереді.

Жасанды ұрықтандыру аналықтарды ұрықтандырудың нақты әдістерінің бірі болып табылады. Жасанды немесе қолдан ұрықтандыру асыл тұқымды аталықтарда неғұрлым көп пайдалануға мүмкіндік беріп, малдың өнімділік және асыл тұқымдық сапасын жоғарылатуға зор ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, бұл әдісті қолдану басқа ұрықтандыру әдістерімен салыстырғанда аналықтардың қысырлығына жол бермеудің бірден бір күресушісі. Бұл әдіс жыныс жолдары арқылы берілетін ауруларды алдын алады.

Бірақ қолдан ұрықтандыру әдісі ғимарат, құралдарымен жабдықтап, реактивтер және қосымша жұмыс күшін қажет етеді. Сондықтан, бұл қажеттіліктермен кез-келген шаруашылық қамтамасыз етіле бермейді, ол тек мал басы аз фермаларда (500-1000 бас саулық) ғана қолданылады.

Кейінгі жылдары еліміздің бірқатар аймақтарында қойларды қатырылған ұрықен ұрықтандыру қолданыс табуда. Мұндай ұрықты шаруашылыққа жеткізу мен оны сақтауды қолдан ұрықтандыру станциялары жүзеге асырады. Алайда, қатырылған ұрықтың жібігенімен кейінгі ұрықтандыру сапасы неғұрлым төмендеу.

Сондықтан қойларды ұрықтандырудың тиімді әдісін таңдау нақты шаруашылық жағдайына байланысты, ондағы маманның шешуі бойынша жүргізіледі.

Қолдан ұрықтандыруды қой мен ешкіні қолдан ұрықтандыру нұсқаулығын (1986) басшылыққа ала отырып, жүргізеді.

Ұрықтандыру нәтижелә өту үшін күйге келмеген саулықтарды күн сайын және мұөият таңдау қажет. Бұл сынақшы аталықтар көмегімен жүргізіледі.

Сынақшы аталықтарды дайындаудың бірінші әдісі ұсынылған, олар: алжапөыш (күйек) байлау, вазоэктология, жыныс мүшесін күпекпен бұрышына қарай орналастыру, жыныс мүшесін S-тәрізді иілдірі ұстау және т.б. Көбінесе сынақшы қошқарларды алжапқышпен (8.1.1.сурет) пайдаланады. Бұл өте қарапайым тәсіл; ұзындығы 60 см, ені 40 см алжапқышты күек тұсына байлайды, бірақ алжапқышты тағу мен шешу көп еңбек шығынын қажет етеді, сонымен қатар сынақшы аталықтар күйттеу кезінде алжапқыштарын жоғалтып, аналықтарды ұрықтандырады. Сондықтан таңдау кезінде сынақшылар алжапқыштарын жоғалтпауын мұқият қадағалауы қажет.

Шағылыстырудың еркін, үйірлі, кластық, қолдан және жасанды түрлері қолданылады. - student2.ru

8.1.1 сурет. Сынақшы қошқар

Сынақшылар ретінде вазоэктомияланған қошқарларды (шәует жолы көмегімен) пайдалану неғұрлым сенімді жіне еңбек көлемі аз жұмсалады.

Күйлеген аналықтарды таңдауды танертен ерте бастайды. Оған дейін сынақшыларды екі үш топқа бөледі, 180-200 м2 аумақтағы қоршауларға 150-200 бастан топтап қоймайды ды оларға күйлегендерді анықтау үшін 2-3 бас сынақшылар жіберіледі. Күйге келген саулық сынақшы қошқар секіргенде қашпай тұрады. Күйге келмеген саулықтарды үшінші қоршауға (300 м2 ) қамап орнына малдардың жаңа тобын енгізеді. Осылай бүкіл табынды тексеріп бьіткенше қайталайды. Бірінші топ сынақшыларының аналықтарды таңдап төмендей бастағанда оларды келесілерімен алмастырады.

Күйге келген қойларды таңдауды екі мезгіл таңертең және кешкі уақытта жүргәзуге болады. Таңдау аяқталған соң, сынақшыларды табыннан шығарады да күйге келген саулықтарды ұрықтандыру пунктіне алып кетеді. Табынды жайылымды жібереді, ал малды қорада ұстау кезінде азықтандыру базына қояды.

Күйге келген аналықтарды таңдау - ауырда қажырлы жұмыс. Сондықтан еңбекті жеңілдету үшін сынақшыларды таңбалауышпен де пайдаланады. Таңбалауыш ретінде қаңылтырдан жасалған 50 х 20 мм көлемдегі арнайы құралды пайдаланады. Құралға дәл сондай көлемде оқ салынады. Оқ 15-20 бояудан тұрады, ол 5-8 күндік жұмысқа жеткілікті бояу біткеннен кейін қайта толтырылады немесе ауыстырылады.

Күйге келген аналықтарды таңдауды сынақшы таңбалағыштармен келесідей жүргізеді: әрбір саулық табынына 10-12 вазэктомиоланған қошқар - таңбалағыштарды бекітеді. Шағылыстыру уақытында оларды екі топқа бөліп, табынға кезекпен жібереді. Олар күйге келген аналықтарға секіру кезінде жүндеріне бүлдірмейтін бояумен таңба қалдырады. Танертен қойшылар саулықтарды өткелек арқылы шығарып барлық таңбаланған саулықтарды ұрықтандыруға қалдырады.

Аналықтарды таңдау аяқтала салысымен күніне бір немесе екі рет, таңертен немесе кешке ұрықтандырады. Ұрықтандырудан кейін де, бір тәуліктен артық күйлеген саулықтарды қайтадан таңдап ұрықтандырады (8.1.2. сурет).

Шағылыстырудың еркін, үйірлі, кластық, қолдан және жасанды түрлері қолданылады. - student2.ru

8.1.2 сурет.

Жатыр мойнына ұрықты кататер көмегімен енгізу

Қолдан ұрықтануды 35-40 күн жүргізеді, одан кейін табынға қошқарларды еркін шағылыстыру үшін 20 күнге жібереді. Ол үшін қошқарларды 2 топқа бөледі, олар шағылысқа күнара жіберіледі немесе бірінші топты күндіз, екіншісін – түнде пайдаланады. Демеалыстағы қошқарларды жақсы күтім мен азықпен қамтамасыз ету қажет.

Бір орында ұрықтандыратын мал басы өте көп мөлшерде (4-6 табын) болған жағдайда, ұрықтандырудың циклдік түрін пайдалануға болады. Егер бес немесе алты аналық табын және төлдеуге арналған екі жылы қора жай бір аумақта болса, циклдік ұйымдастыруды келесідей ұйымдастырылады. Күн сайын барлық отардан күйге келген аналықтарды таңдап алады да, ұрықтандырады және олардан ұрықтанған саулықтар табынын жасақтайды. Егер табын 750 саулықтан тұру керек болса, бастапқыда ол 850 – 900 бас болады, ал қалған кейінгі күйлеген 20 – 25% саулықтар басқа табындарға жіберіледі. Бірінші табынның жасақталуына 5-6 күн қажет. Екінші табын (жылыланған екі қораны алғанда) біріншіден кейін үзіліссіз жасақталады. Екі табын толықтай жасақталғаннан соң, шағылыстыру 2-3 аптаға үзіледі. Ұрықтандырудағы бұл үзіліс, ұрықтанудың бірінші циклындағы саулықтар мен олардың 2-3 апталық қозыларын жылы қорадан арнайы төл алуға жабдықталған қораларға ауыстыру үшін жасалады. Босатылған жылы қораларды ұрықтандырудың екінші циклындағы буаз саулықтарды қабылдау үшін тазалап, дезинфекциялайды.

Ұрықтанудың екінші немесе үшінші цикл табындарын да, дәл біріншідегідей жасақтайды.

Ұрықтану басталғанына 12 күн өткеннен кейін аналық тобына немесе табынына қайта күйге келген аналықтарды анықтау үшін сынақшылар жіберіледі.

Наши рекомендации