Азақстан Республикасының ақша-кредит саясатының құралдары

Азақстан Республикасының ақша-кредит саясатының құралдары - student2.ru

Өтімділікті беру бойынша ашық нарық операциялары шеңберінде Ұлттық Банк 7 күндік мерзімге кері РЕПО аукциондарын өткізеді. Бастапқы кезеңде бұл операциялар аптасына 2 рет өткізіледі.

Кепіл құралдары жеткіліксіз болған жағдайда, Ұлттық Банк қажеттілігіне қарай валюталық своптар арқылы өтімділік беретін болады.

Өтімділіктің артық болуы туындаған жағдайда аптасына 2 рет болатын 7 күндік мерзімдегі тікелей РЕПО аукциондары оларды алудың негізгі құралдары болады. Қысқамерзімді ноттарды апта сайынғы негізде 28, 91 және 182 күндік мерзіммен шығару жалғасады.

Ұлттық Банк тұрақты қолжеткізу операциялары ретінде күн сайынғы негізде 1 күндік мерзімімен кері РЕПО операциялары арқылы өтімділік береді. Ұлттық Банктің депозиттері тұрақты негізде 1 және 7 күндік мерзімдерге қол жетімді болады.

Ұлттық Банк 2015 жылы теңге құралдарының тартымдылығын арттыруға бағытталған пайыздық саясатты жүргізуін жалғастырады. Ұлттық Банктің пайыздық мөлшерлемелер жүйесінде ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі көбіне индикативті рөл атқарып, инфляция деңгейі мен инфляциялық күтулерді көрсететін болады.

Шетел валютасындағы банктер міндеттемелерінің өсуін бұдан әрі ынталандырмау мақсатында ең төменгі резервтік талаптар тетігін банк секторының өтімділігін басқару құралы ретінде жетілдіру шеңберінде Ұлттық Банк резиденттік және мерзімділік қағидатын сақтай отырып, теңгемен және шетел валютасымен міндеттемелерді бөлуді енгізу арқылы резервтік міндеттемелердің барынша нақты құрылымын ендіреді. Қосымша, банктердің өтімділікті басқару бойынша мүмкіндіктерін жақсарту мақсатында орташалау қағидатын сақтай отырып, ең төменгі резервтік талаптарды есептеу тәртібін өзгерту жоспарланып отыр.

Валюта саясаты Қазақстан экономикасының ішкі және сыртқы бәсекеге қабілеттілігінің арасында теңгерімділікті қамтамасыз етуге бағытталады.

Атап айтқанда, Ұлттық Банктің ішкі валюталық нарықтағы сауда-саттықтарға қатысуы валюта нарығындағы ахуалды тұрақсыздандыруы және қаржы жүйесінің тұрақтылығына теріс ықпал етуі мүмкін болатын айырбастау бағамының күрт және айтарлықтай құбылмалылығын реттеу қажеттілігімен байланысты болады.

Ұлттық Банк 2015 жылы өз іс-әрекеттерінің айқындылығын арттыру және жұртшылықты жүргізіліп отырған ақша-кредит саясатының шаралары мен құралдары туралы хабардар ету жөніндегі жұмысын жалғастырады.

Жалпы алғанда, ақша-кредит саясатының жоғарыда көрсетілген шараларын іске асыру ұзақмерзімді тұрақты экономикалық өсім және инфляцияны нысаналы дәлізде ұстап тұру үшін жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған.

Орытынды

Ұлттық Банк Қазақстанның қаржы секторының ерекшеліктері мен экономикасының даму деңгейін ескере отырып, ақша-кредит саясатының барабар режімін таңдау бойынша талдамалық жұмыс жүргізді. Инфляциялық таргеттеу неғұрлым қолайлы режім болып табылады, оның ерекшеліктері мен артықшылықтары шешімдер қабылдау кезінде орталық банктің «іс-қимылдар еркіндігімен» қатар ақша-кредит саясатының түпкі мақсаты мен басымдықтарын нақты сәйкестендіру болып табылады. Қазақстанда инфляциялық таргеттеуді енгізу кезең-кезеңімен жүргізілетін болады. Дайындық кезеңінде ақша-кредит саясатының және Ұлттық Банктің операциялары бойынша кепілмен қамтамасыз ету құралдарының жүйесін кеңейту, қысқамерзімді және ортамерзімді кезеңдерге талдау және болжау жүйесін құру жұмыстары жүргізілетін болады.

Сонымен қатар Ұлттық Банктің толық тәуелсіздігін көздейтін шешімдер қабылдау жүйесі құрылатын болады. Коммуникация шеңберінде, стратегия Ұлттық Банк жүргізіп отырған ақша- кредит саясатына деген сенімді арттыруға, сондай-ақ экономикалық агенттердің басымдығын айырбастау бағамынан инфляцияға ығыстыруға бағытталатын болады. Инфляциялық таргеттеуді енгізу кезеңінде Ұлттық Банк операциялық мақсатты айқындай үшін пайыздық арнаны тестілейтін болады. Коммуникациялық стратегия экономикалық агенттердің инфляциялық болжамдарын қалыптастыруға және басқаруға бағытталатын болады.

Осылайша, 2020 жылға дейінгі ақша-кредит саясаты инфляциялық таргеттеу режіміне көшуге арналған шаралар кешенін іске асыруға бағытталатын болады. Ақша-кредит саясатының бұл режімі экономиканың орнықты дамуына ықпал етіп, елдің әлемнің неғұрлым дамыған отыз елінің қатарына кіруі бойынша стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуіне жәрдемдесетін болады.

Наши рекомендации