Негізгі түсініктер мен терминдер. Айырбас; Альтернатива, Бөлу, Интенсивті өндіріс, Материалдық емес өндіріс, Материалдық өндіріс
Айырбас; Альтернатива, Бөлу, Интенсивті өндіріс, Материалдық емес өндіріс, Материалдық өндіріс, Өндіріс, Өндіріс факторлары, Ресурс, Таңдау, Тұтыну, Экстенсивті өндіріс Аралас экономика, Ашық экономика, Ғылыми-техникалық прогресс, Дәстүрлі жүйе, Жабық экономика, Индустриалдық жүйе, Әкімшілік-әміршілік экономика, Нарықтық экономика, Экономикалық жүйе, Экономикалық реформа, Экономикалық үлгілер
Дәріс мәнмәтіні.
Адамзаттың және қоғамның үстемелі дамуының материалдық негізі – ол өндіріс. Қоғамдық өнімнің төрт сатыдағы қозғалысы қоғамдық өндірісті құрайды.
1. Өндіріс – материалдық игіліктерді пайдалы өнімді өндіру процесі.
2. Бөлу - әрбір адамның өндірілген өнімділігі үлесін анықтау.
3. Айырбас – белгілі бір өнімді басқа өнімге айырбастау процесі.
4. Тұтыну - өндірілген өнімді қажеттілікті қанағаттандыру үшін пайдалану.
Тарихи дамудың қандай сатысында болмасын, адамзат қоғамында, адамдар өмір сүру үшін қажет тамақ, киім, тұрған үй және басқа материалдық игіліктер болуы керек. Адамдардың өмір сүруіне қажет заттар өндірілуге тиісті. Бұлар өндіріс процесінде жасалады.
Өндіріс - бұл қоғам дамуына қажет материалдық игіліктер мен қызметтер жасау мақсатымен табиғат заттарына адамның ықпал ету процесі. Бұл процестің дамуы ұзақ мерзімді қамтиды жабайы өнімдер өндіруден өте күрделі техникалық жүйелер, өзгерістерге икемді кешендер, есептеу машиналар өндірісіне дайын. Қандай жүйеде болмасын өндіріс қоғамының табиғатпен қатынасы, байланысы болып табылады. Осы қатынастар өндірістік ресурстар арқылы білінеді. Экономикалық теорияда «ресурс» деген түсінік өндірістің әр түрлі элементтерінің жиынтығы болып табылады, бұлар материалдық және рухани игіліктер мен қызметтер жасауға қолдануы мүмкін
Табиғи ресурстар – дегеніміз бұлар адамның өмір сүруінің табиғаттық шарттарының жиынтығының бөлшегі, өндіріс процесінде қолдануға болатын қоршаған ортаның өте маңызды компоненттері. Мысалы, күн қуаты, су ресурстары, пайдалы қазбалар.
Материалдық ресурстар - дегеніміз өздері өндірістің (еңбек құралдары және заттары) нәтижесі болып табылатын, құрал – жабдықтардың барлығы жатады. Қоғамның қандайында болмасын табиғи, материалдық және еңбек ресурстары тән және қажет болып табылады. Нарық экономикасында бұлардың қатарына қаржы ресурстары қосылады. Осыған адамның өндіргіш күштерін бағыттау қажет.
Өндіргіш күштер- бұл адам өзінің өндірісіне және тұтынуына бейімдеп қызмет етуге жұмылдырған күштер. Ал адамсыз өндірістің және тұтынудың болуы мүмкін емес. Сондықтан өндіру және тұтыну үшін қолданылатын табиғат күштері, адамның өндіргіш күштер болып табылады. Өндіргіш күштердің ішкі құрылымы болады. Олардың ішінен алдымен өндіріс құралдарын және жұмысшы күшін бөліп атап айту қажет.
Өндіріс құралдары екі бөлшектен құралады:
1. Еңбек заттары – ол адамның еңбегіне бағытталған зат.
2. Еңбек құралдары – ол адамның еңбек затына ықпалын жүргізетін құрал.
Тұтыну тауарларын жасау үшін инвестициялық игіліктер немесе экономикалық қорлар қажет. Экономикалық ресурстар –экономикалық игіліктерді өндіру үшін пайдаланылатын элементтер, бұнда өндіріс факторы табиғаттан пайда болады және оны адам өндіреді. Өндіріс ресурстары бұл шаруашылық әрекетте қолданылатын өндірістің әртүрлі құралдарының жиынтығы. Ресурстарға жататындар: табиғи ресурстар, адам ресурстары, қаржылық, ақпараттық және т.б. Осы замандағы индустриалдық нарықтық экономика ақпарат ресурстарсыз болмайды, бұлар ғылыми-техникалық революция кезеңінде өте маңызды рөл атқарады.
Қазіргі кезде өндіріс факторлары ретінде ақпарат үлкен рөль атқарады. Ақпарат бұл сақтау өндеу және жеткізу объектісі болып табылатын мәліметтер. Экономикалық тұрғыдан алғанда ақпарат бұл экономикалық процеске қатысушылардың баға, тауармен қызмет туралы толық мағұмылаттардың болуы.
Қазіргі кезде экономикалық теорияда төрт өндірістік факторлар көрсетіледі: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет.
1.Өндірістік факторлар ретінде жерекі жағынан қаралады:
Ø жер беті ретінде
Ø экономикалық мақсатта пайдалануға қажетті табиғи игілік ретінде
Егер қажетті миниралды және органикалық тынайтқыштарды әсіресе жаңа технологияны қолдаса жердің құнарлығы сақталып қана қоймайды одан сайын жақсаруы мүмкін. Адам саны артқан сайын адам басына шаққандағы жер көлемі жылдан жылға қысқаруда.
2. Капитал:
Ø Өндіріс факторы ретінде және қаржы ретінде пайдалануға болады.
Ø Өндіріс факторы ретінде капитал өндіріс құралдарын сипаттайды. Мұнда ұзақ уақыт пайдаланылатын өндіріс құралдары (машина, құралдар) жер қысқа мерзім пайдаланылатын өндіріс құралдары (шикізат, энергия қуаты, жол байланыс қызметі).
Нақты капитал пайда болу үшін өндіріс құралдарын сатып алуға қаржы қажет. Осы қаржы ақша капиталы болып табылады. Өндіріс құралдарын сатып алуға капиталдың жұмсалуы қаржыландыру, ал ақша капиталын нақты капиталға айналдыру- инвестициялау деп аталады.
3. Еңбектіде екі жақты түсіндіруге болады:
- адамның ойлау қабілетімен қимылдау қабілеті.
- өндіріс процесінде пайдалануға болатын қоғамдағы барлық еңбек ресурстары.
Еңбек қызмет ретінде қарағанда оны басым ойлау қабілетті қажеттілік немесе интелектуалды және басым қимылдау қабілетін қажет ететін деп бөледі. Білім деңгейіне қарай:
- көп дайындықты қажет ететін еңбек,
- көп дайындықты қажет етпейтін еңбек,
- ешқандай дайындықты қажет етпейтін еңбекдеп бөлінеді.
4.Соңғы жылдары көптеген елдердің экономистер өндіріс факторына кәсіпкерлік қаблетті де жатқызды. Кәсіпкерлік қабілет- бұл барлық өндірісі факторларын тиімді пайдалануға қабілеті бар адам ресурстарының ерекшк түрі. Оған мынадай қасиеттер тән болуға тиіс.
1). Өндіріс факторларын дұрыс үйлестіру мен келістіру үшін оның білім деңгейі жоғары болуы керек.
2). Дұрыс шешімдер қабылдай білуі керек.
3). Жаңамалдыққа ұмтыла білуі керек.
4). Тәуекелшіл болуы тиіс.
Қазіргі қоғамдық өндіріс құрылымын материалдық және материалдық емес өндіріс деп бөлуге болады. Адам қоғамының даму негізі - материалдық өндіріс болып табылады. Материалдық өндіріс саласы өмір сүру, жұмыс істеу үшін қажетті игіліктерді өндіреді. Материалдық емес өндіріске ерекше материалдық емес (рухани құндылықтар) игіліктер өндіру, қызмет көрсету саласы жатады.
2 кесте.