Төтенше жағдайлар

1.3.1 Төтенше жағдайлардың жіктелуі

Төтенше жағдайлар негізгі үш белгісі бойынша жіктеледі:

  1. Шығу тегі бойынша.
  2. Салалық;.
  3. Таралу масштабы бойынша.

Шығу тегі бойынша:

-техногенді

-табиғи сипаттағы болып бөлінеді

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар:

-геофиқзикалық қауіпті құбылыстар(зілзала, вулкандардың атқылауы)

-геологиялық қауіпті құбылыстар(сел, көшкін, );

-метеорологиялық қауіпті құбылыстар(боран, құйын, құрғақшылық, қатты аяздар);

-теңіздегі гидрологиялық қауіпті құбылыстар

-гидрологиялық қауіпті құбылыстар(су басу, грунт сулары деңгейлерінің көтерілуі)

-табиғи өрттер(даладағы, ормандағы, тофты)

-адамдардың жұқпалы аурулармен ауыруы(эпидемия)

-ауылшаруашылық жануарларының жұқпалы аурулармен ауыруы(эпизоотия)

-ауыл шаруашылық дақылдарының аурулармен және зиянкестермен зақымдануы(эрифитопия)

Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар

-өндірістегі;

-көліктегі аварийялар(авиа, авто катастрофалар, темір жол көлігіндегі, магистралды құбырлардағы аварийялар);

-өрттер(жарлыстар);

-АХҚЗ, РЗ, БҚЗ (химиялық, радиациялық, биологиялық) төгілуіне қатысты аварийялар;

-электро-энергетикалық жүйелердегі аварийалар;

-коммуналды жүйелердегі аварийялар;

-гидродинамикалық аварийялар.

Салалық бойынша:

-құрлыстағы

-өндірістегі

-көліктегі

- ауыл шаруашылығындағы;

-орман шаруашылығындағы;

-көлік коммуникацияларындағы( газ, мұнай құбырлары)

Таралу масштабы бойынша

-обьектілік(қондырғы, цех, обьектіні қамтиды);

-жергілікті(облыс, қала, ауданды қамтиды);

-аймақтық(бірнеше облыстарды, ірі регионды);

-ауқымды(ҚР территориясын және көршіліс мемлекеттерді қамтиды)

1.3.2Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар – дүлей зілзала (жер сілкінісі,сел, көшкін, су тасқыны және басқалары), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын тудыратын ТЖ.

Су тасқыны – қардың еруі, жауын-шашын, суды желмен айдаған және кептелу кезінде өзендердегі, көлдер мен теңіздердегі су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде құрлық аймақтарын айтарлықтай су басу

Су тасқынының негізгі себептері:

1. Ұзақ нөсер жауын

2. Қардың және мұздың қарқынды еруі

3. Қатты желдің өзен, көл суларын жағалауға айдауы

4. Гидротехникалық үймереттердің бұзылуы

5. Жерасты суларының көп көлемде жер бетіне шығуы

6. Өзен жолдарының бітеліп қалуы

7. Цунами

Су тасқынының түрлері:

Топан су –жергілікті аудандағы су деңгейінің көктемдегі қардың еруімен бірте-біртекөтерілуі;

Тасқын су – толассыз жауынның нәтижесінде су деңгейінің жылдам көтерілу;

Айдалған су тасқындары– қатты желдің ,өзен, көл суларын жағалауға айдауынан туындайтын су тасқыны;

Цунами– суасты жер сілкіністерінің нәтижесінде мұхиттар мен теңіздердің жағалауында туындайтын су тасқыны;

Бөгеттердің бұзылуы– гидротехникалық қорғаныс үймереттерінің бұзылуы немесе су көлемінің мөлшерден тыс құйылуы нетижесінде туындайтын су тасқыны.

Су тасқынының қиратушы факторлары:

1. Үлкен су массасының қарқынды ағысы;

2. Биік толқындар, су айналымдары;

3. Судың төмен температурас;

4. Судағы қалқынды заттар;

5. Электр сымдарының үзілген жағдайдағы электр тоғы;

6. Инфекциялық аурулар

Су тасқыны кезінде

Адамдарды,малдарды, жеке мүліктерді және материялдқық бағалы заттарды құтқарып қалу үшін қоғамдық меншіктегі, сондай-ақ жеке адамдардың да меншігіндегі суда жүзу құралдары –теплоходтар, баржалар /суйретпе қайықтар/ катерлер, баркастар/ көп есікті қайықтар/, паромдар, моторлы қайықтар мен желқайықтар т.б. да құралдар түгелдей пайдалануы тиіс. Егер онда жүзу құралдары дер кезінде табыла қоймаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда ең қарапайым жүзу құралдарын әртүрлі салдар жасау керек. Сал жасау үшін тақтайларды, бөренелерді, автомобиль камераларын, бос бөлшектерді, билондарды, местерді, қамыс пен құрғақ бұталардың буындыларын пайдалануға болады.Әртүрлі мүліктер мен дүниелерді, материялдық бағалы заттардығ сондай-ақ малдарды тасу үшін жуан бөренедерден, сығаулардан сал жасау қажет, қайықтарды пайдаланып, олардың үстіне тақтайларды, бөренелерді, сырғауларды төсеп, шегелеп, байлап, тастауға болады.

Жер сікінісі

Жер сілкінісі – қаһарлы , кездейсоқ құбылыс және қас-қағым сәтте өтеді. Жер сілкінісі бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пенжарылыс нәтижесінде пйда болады және әлеулі ауытқулар түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер бетінің қозғалысы.

Жер сілкінісін сейсмология ғылымы зерттейді. Оның туындауына және дамуына байланысты құбылыстарды сейсмикалық құбылыстар деп атайды. Жер сілкінісі жанартаулық,денудациялық және тектоникалық болып бөлінеді.

Жанартаулық жер сілкінісі қазіргі жанартаулар әрекет ететін аудандарда дамыған.

Денудациялық жер сілкінісі таулы аудандардағы тау жынысы массаларының шатқалдарға құлауынан, жер асты қуыстары мен краст үңгірлердің опырылуынан және ірі жылжымалардың ықпалынан туындайды.

Тектоникалық жер сілкінісі литосфераның жекелеген блоктары өзара қозғалысқа келгенде , Жер қойнауында ұзақ уақыт бойы жинақталған механикалық энергияның қысқа мерзімде шұғыл босанып шығуына байланысты болады.

Туындау себебіне қарай жер сілкінісі табиғи және антропогендік болып бөлінеді.

Табиғи жер сілкінісі табиғи күштердің әрекеті нәтижесінде туындайды: тектоникалық үрдістер, жанартаулардың атқылауы, үлкен метеориттердің құлауы, күшті опырылмалар мен сырғымалар т.б.

Антропогендік жер сілкінісі адамзат әрекетінің нәтижесінде туындайды: үлкен қуатты жарлыстар, жер асты үймереттердің бұзылуы, пайдалы қазбаларды қарқынды өндіру және т.б.

Жер сілкінудің негізгі сипаттамалары

  1. Гипоцентр – жер астында сілкініс басталған орын
  2. Эпицентр – гипоцентрдің жер бетіндегі проекциясы.
  3. Сілкіну ошағының тереңдігі – жер бетінен гипоцентрге дейінгі қашықтық..Терең емес сілкіністерде ошақтың тереңдігі5-40км, тереңінде 500км дейін.
  4. Күшті дүмпулердің ұзақтығы – орташа сілкіністе 2-ден 5 секунқа дейін,күштісінде 20-90секунд.
  5. Жер сілкіну ауданының радиусы – орташада 5-15км, күштісінде 50-160км.
  6. Жер сілкінудің интенсивтілігі – белгілі бір жердегі жер сікінісінен болған шығынның дәрежесі, балл.

12 балдық халықаралық шкала бойынша жер сілкінісінің сипаттамалары:

1балл – елеусіз сілкініс, аспап арқылы тіркеледі

2балл – әлсіз дірілді жоғарға қабаттағы кейбір адамдар ғана сезеді

3 балл - әлсіз, дүмпуі аз ғана адамға білінеді, терезе дірілдеп, іле шамдар теңселеді, жекеленген адамдар ғана сезеді

4балл – елеулі сілкіну ғимарат ішіндегі адамдардың бәрі сезеді – есік-терезе, ыдыс-аяқ, үй қабырғалары, шкаф, кереует сықырлайды.

5балл – дүмпуді барлық адамдар сезеді-

6 балл – күшті сілкіну – діріл жүруге кедергі келтіреді ғимараттар теңселеді (бүлінеді), сылақтарда жарықшақ пайда болады

7балл – адамдарды үрей билейді, жиһаз құлайды, блоктар, каркастар, пенелдер арасындағы қилыстар жарылады

8балл – адамдар өзін-өзі әрең ұстайды, беткейдегі топырақта жарықшақ пайда болады,ғимараттар қатты зақымдалады, қабырғалар мен қоршаулар қирайды, қирату күші мол сілкініс

9балл – адамдар жүре алмайды, топырақ беті жарылады,ғимараттар жаппй зақымдалады;

10балл – ғимараттар толық қирайды; жойқын сілкіну,

11балл - апат;

12балл – жер бедерінің қатты өзгерісі

Кесте1 Жер сіліну кезіндегі ғимараттардың бүліну дәрежелері, балл

Құрлыстар мен ғимараттардың атаулары Бүліну дәрежелері, балл
әлсіз орташа күшті
Кірпіштен(тастан) салынған 3 қабатты және одан көп 5-6 6-7,5 7,5
Кірпіштен(тастан) салынған 1-2 қабатты 6-7 7-7,5 7,5-8
Ағаш қаңқалы ғимараттар мен құрлыстар 6-7,5
Көп қабатты металл қаңқалы немесе бетон (темір-бетон) панелдерінен салынған 5-6 6-7,5 7,5-8

Наши рекомендации