Параграф 12. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттесу туралы

117. Ақпарат агенттіктері, баспа, радио және теледидар арқылы халыққа заңдылық пен құқық тәртібінің жағдайы туралы жүйелі түрде хабарлансын.
118.Қоғам назарын аударатын, сондай-ақ заңның өрескел бұзылуын анықтаған прокурорлық тексеру нәтижелері, мемлекет мүддесі, жеке азаматтарға келтірілген зиян орнын прокурорлық шаралармен толтыру туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарына жедел хабарлансын. Бұл ретте орынсыз сенсацияға, дүрлігу мен жеңіл-желпілікке жол берілмесін.
119.Бұқаралық ақпарат құралдарымен, азаматтардың қоғамдық және діни бірлестіктерімен өзара әрекеттесуде, оларға тиісті ақпарат беруден негізсіз бас тартуға, прокурорлық қадағалау мен қылмыстарды тергеу барысына араласуға тиым салатын заң талаптары қалтқысыз қадағалансын.
120.Заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуда қолданылып жүрген шаралар туралы ақпараттар, материалдар, мақалалар, сұхбаттар, телерадио бағдарламалары және арнайы репортаждарды агенттіктер тілшілерімен, журналистермен, репортерлермен бірлесе әзірлеу тәжірибеленсін.
121.Материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарына беру кезінде әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы туралы Конституцияда белгіленген талаптар қатаң басшылыққа алынсын.
122.Бас прокуратура атынан ресми хабарлар тек Бас прокуратураның баспасөз қызметі арқылы және тек Бас Прокурордың келісімімен ғана жолданатындығы белгіленсін.
123.Баспасөзге берілетін материалдар мұқият тексеріліп, олардың сапасы қамтамасыз етілсін.
124.Бас прокуратураға ұсынылған материалдардағы деректердің растығы мен толықтығы үшін жауапкершілік оларды берген прокуратура органдарының бірінші басшыларына жүктелсін.

Орытынды ережелер

125. Халықтың прокуратура органдарына сенім білдіру деңгейі мен олардың елдегі заңдылық жағдайын жақсарту бойынша қабылдап жатқан шараларының тиімділігі прокуратура органдарының қызметін бағалаудың негізгі өлшемдері болып есептелсін. Аталған өлшемдерге сәйкес келу үшін төмендегілер қамтамасыз етілсін:
1)адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, қоғам мен мемлекет мүдделерінің іс жүзінде қорғалуы;
2)прокурорлық қадағалау шараларымен қоғамдық қарым-қатынастың барлық салаларындағы құқық бұзушылықтар мен олардың туындау себеп-салдарының дер кезінде анықталуы әрі іс жүзінде жойылуы;
3)қадағалаудың нақты саласындағы заңдылық жағдайына нақты ықпал ету арқылы сандық көрсеткіштердің ізіне түсудің доғарылуы;
4)заң бұзушылардың, соның ішінде мемлекеттік билік пен басқару органдарының лауазымды тұлғаларының қызмет деңгейіне қарамай, жауапкершілікке тартылуының бұлтарыссыздығы;
5)мемлекеттік органдар мен меншік нысанына байланыссыз ұйымдар және олардың лауазымды тұлғаларының заңсыз іс-әрекеттері салдарынан мемлекетке келтірілген зиян орнының толтырылуы.
126.Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар қажет жағдайда жоспарлы және өзге тексеру жүргізген кезде Республиканың басқа аймақтарының прокурорларымен ақпарат алмасу, жеке тапсырмаларды орындау, прокуратура қызметкерлері мен мамандарын бөлу арқылы тікелей және жедел өзара қарым-қатынасты қамтамасыз етсін.
127.Прокурорлық қадағалау актілері мен оларға жауаптардың көшірмелері Бас прокуратураның Деректер жиынтығына жүйелі түрде және дер кезінде жолдансын.
128.Қадағалауды неғұрлым тиімді жүзеге асыруға және қолда бар ресурстарды ұтымды пайдалануға ықпал ететін әдістер мен жаңаша жұмыс істеу бойынша ізденістер үнемі жүргізілсін.
129.Заңдылықты бұзу және оған ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау үшін жұмыстың талдаушылық әдістері белсенді пайдаланылып, мемлекеттік органдар деректерін, статистикалық мәліметтер мен басқа да ақпараттарды уақтылы талдау және оның негізінде ықпал ету шараларын қабылдау көп жағдайда бұзушылықтарды ескертуге немесе олардың салдарын тексеру жүргізбестен азайтуға мүмкіндік беретіндігі ескерілсін.


© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

Наши рекомендации