ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Мемлекеттің функциялары. Мемлекет бірқатар маңызды функциялар атқарады. Бұдан екі ғасыр бұрын 98 өмір сүрген ағылшын экономисі Адам Смиттің тұжырымдауы бойынша, "табиғи еркіндік жүйесіне сәйкес, мемлекет аса маңызды да нақты және түсінікті үш функцияны атқаруы керек.
1. Қоғамды күш көрсетуден және өзге тәуелсіз қоғамдардың басып кіруінен корғау;
2. Мүмкіндігіне қарай, қоғамның әр мүшесін әділетсіздіктен және сол қоғамның өзге мүшелерінің тарапынан езгіден сақтау;
3. Жекелеген адамдар мен шағын топтардың мүдделеріне қызмет етпейтін, белгілі бір қоғамдық мекемелер ұстау міндеттілігі". Үкімет ерікті қоғамды сақтау және нығайту бағытында шаралар жүргізуі керек.
Аталған функцияларды орындау үшін мемлекетке билік органы, басқару органы, күштеп бағындыру органы және сот керек.
Мемлекетті басқару формалары билікке келудің екі түрлі заңды жолына сәйкес монархия (грек, monarchia — өзі билейді) және республика (res — іс, publicus — қоғамдық, жалпыхалықтық) болып бөлінеді. Билік үшінші, заңсыз жолмен келген адамдар тобының қолына тигенде диктатура орнайды.
Монархия — абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия деп мұраланған тақ иесінің (монархтың) ешқандай заңдармен шектелусіз, өз қалауынша дара билік жургізуін айтамыз.
Конституциялық монархия деп аталатын басқару формасындағы елдердің алдыңғы елдегінде қазір Англия, Жапония сияқты мемлекеттер тұр.
Республикалық басқару екіге бөлінеді:
1. Парламенттік;
2. Президенттік;
Мемлекетті басқарудың парламенттік жүйесін қабылдап алған елдерде парламенттегі орындардың көпшілігін сайлауда жеңіп алған партия немесе партиялар коалициясы — премьер-министр басқарады. Парламенттік басқару жүйесінде саяси партиялар үлкен рөл атқарады.
Диктатура (лат. dictare—нұсқау беру) — бір қолға шексіз биліктің жинақталуы, заңды аяққа баса отырып, күш көрсету арқылы мемлекет басқаруды жүзеге асыру.
Негізгі билік орталық үкіметтің уысына шоғырланған, орталыққа тәуелді және оған есеп беретін, өңірлік және жергілікті органдарға, заңға сай, белгілі мөлшерде билік берілген құрылды мемлекетті унитарлы мемлекет дейміз. Биліктің бұлай бөлінуінде орталық үкімет толығымен егеменді әрекет етеді, халықаралық және ішкі істерде конституцияға сай, толыққанды билік жүргізеді. Бірақ ол билікті асыра қолдануға апарып соқпауы керек.
Дүние жүзіндегі унитарлы мемлекеттер қатарында Ұлыбритания, Франция, Жапония, Түркия, Польша, Иордания, Уругвай т.б. бар. Бұлар, негізінен, бір ұлтты мемлекеттер. Ұлттық азшылық өкілдерінің сол елдер тұрғындары арасындағы үлестері аз.
Федерация (лат. foedaratio — одақ, бірлестік) — бірнеше мемлекеттік түзілімдердің бірігіп, бір одақтың тұтастықты құрауынан тұратын мемлекеттік құрылым формасы. Федерацияның аумағы оған кіретін мемлекеттік түзілімдер аумақтарының жиынтығынан тұрады. Федерациялық мемлекетте егемендік жалпы ұлттық және жергілікті үкіметтерге бөлініп беріледі, орталық және өңірлік билік иелерінің өкілеттіктері федералдық (одактық) конституцияда нақты көрсетіледі.
Аумақтык ұстанымдар бойынша бөлінген федерациялық мемлекеттерге — Америка Құрама Штаттары, Мексика, Канада сияқты елдер жатады. Федерациялық мемлекеттердің үлкен бір тобы ұлттық-
аумақтық ұстаным бойынша құрылған. Олардың ішіндегі ең ірісі және көрнектісі — Ресей Федерациясы. Ресей Федерациясында аумақтық-әкімшілік бірліктерден басқа, ұлттық белгілері бойынша түзілген 21 республика, 1 автономиялық облыс, 10 автономиялық округ бар.
Конфедерация (лат. confoederare — шартпен байланысқан, біріккен) — тәуелсіздігін сақтай отырып, өздерінің кейбір әрекеттерін үйлестіру үшін біріккен мемлекеттердің жеке одағы. Конфедерациялық одаққа біріккен елдер, әдетте, сыртқы саясатты бірігіп жүргізеді, көбіне әскери одақтар құрады. Конфедерацияның құрамына кемінде екі, кейде ондаған елдер кіруі мүмкін. Дүние жүзіндегі ең ірі конфедерацияның мысалы ретінде Ұлыбритания Достастығын алуға болады. Бұл саяси-экономикалық бірлестікке 49 тәуелсіз мемлекет және Ұлыбританияға, Аустралия мен Жаңа Зеландияға тәуелді аумақтар кіреді. Достастықтың орталығы — Ұлыбритания.
Бекіту кезеңі:
1.Мемлекеттің атқаратын функцияларын өз сөздеріңізбен қысқаша тұжырымдап, дәптерлеріңізге жазып қойыңыздар.
2.Басқарудың президенттік республика мен парламенттік республика формалары арасындағы ұқсастықтар мен ұстанымды айырмаларды атаңыздар.
Сабақты қорытындылау: Тақырыпты пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 23
Пән:Адам, қоғам, құқық
Сынып:9 бСабақ: 26 Күні:
Тақырыбы:Демократияның басты құралы,
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Демократияның басты құралы туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық:Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;