ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ТАБИҒИ КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЫ. Нарықтық экономикаға көшу, ақылы жер пайдалану жүйесін енгізу, мемлекеттік жер меншігі мен қатар шектеулі

КІРІСПЕ

Нарықтық экономикаға көшу, ақылы жер пайдалану жүйесін енгізу, мемлекеттік жер меншігі мен қатар шектеулі түрде оның жеке меншікте болуын тану, жерді жылжымайтын мүлік және құқықтық реттеу обьектісі ретінде бағалау, жер реформасының әрі қарай даму жөніндегі міндеттерді, оның жаңа кезендерін белгілейді. Жердің ұтымды пайдаланылуына және қоғалуын мүдделі пйдаланушылардың жағдай жасау өзеті мәселелердің бірі болып табылады.

Тәуелсіздік жылдарынан бері нарықтық қатынастарға бейімделген жер қатынастары қалыптасуда. Осы кезеңдегі жер реформасының басты мақсаты – жер телімдерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтық жағдайларын қалыптастырып, оны қорғайтын жер заңнамасын жетілдіру болды. Жер заңдылығын жүзеге асыруда жерді тиімді пайдалану мен жер қорын қорғау маңызды мәселе.

Жерге орналастыру жер қатынастарын реттеуге және өңдірістің маңызды құрал-жабдығы ретінде жерді толық және тиімді пайдалануға, қорғауды ұйымдастыруға бағытталған жер заңдылығын іске асыру шаралар жүйесі ретінде қызмет атқарады. Облыстың аграрлық секторының әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағытын сақтай отырып, экономикалық реформаның дамуында жаңа бағыттарын, инженерлі дайындалған суармалы жерлер, жер және су ресурстарын ұтымды пайдалануын қалыптастыру керек.

Жерге орналастырудың екінші түрі - шаруашылықаралық жерге орналастыру (ШАЖО) бір топ шаруашылықтың, ал кейбір кезде бүтін аудандардың территориясында жүргізіледі, бірақ та тек жеке саланың (өнеркәсіп ауыл шарауашылығы және т.с.с.) шеңберінде. Нақтылы түрде ШАЖО әртүрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес заң тұлғалары мен жеке тұлғалардың мүдделерін, олардың жер иеленушіліктері мен жер пайдаланушылықтарын кұру немесе қайта кұру арқылы қанағаттандырып отырады. Оның түр тармақтары ауылшаруашылық және ауылшаруашылық емес жерлерде жүргізілуіне карай ажыратылады.

Қазіргі кездегі шаруашылық аралық жерге орналастыру жұмыстары мемлекеттік тұрғыдан қарағанда күрделі инженерлі-экономикалық қатынастардан құрылады. Оған қойылатын басты мақсат - жер қорларын тиімді пайдалану, жер құрылымын нығайту, өндірістің тиімділігін жоғарылату, жоспарлы түрде пайдалануды алға жүргізу, еңбек күштерін дұрыс пайдалана отырып мол өнім алуға итермелейді.

Шаруашылықаралық жерге орналастырудың негізі жер болғандықтан алға қойылатын жоспар бойынша жер иеленушілер мен жер пайдаланушылар арасындағы қатынастар реттеледі, жүйеленеді.

Қазіргі кездегі осы жағдайларды реттеп жер реформасын жүзеге асыру үшін келесі жұмыстарды атқару көзделеді:

-ауыл шаруашылығы мен халық шаруашылығында пайдаланып отырған жерлерге жаңа қосымша жерлерді игеру, оның мақсатын анықтау, айналымға қосу қажеттілігі;

-жаңа жер иеленушілерді құру, бұрынғы жер пайдаланушылардың өркендеуін қадағалау, жетімсіздік жағдайларын реттеуді қайта құру;

-жекешелендіру арқылы, өндірістік кооператив жүйелерін қайта құрып шаруашылық құрылымдарының жердегі пайдаланымына басшылық ету;

-мемлекеттік, жекешелік, қоғамдық қажеттілікке жер бөлу арқылы ауыл шаруашылығында пайдаланбайтын жер қорларын реттеу, салалау;

-елді мекендердің жерлерін шектеу, қосымша жер бөліп оның ұлғаюына көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасында жеке азаматтардың жеке қосалқы шаруашылықтарын дамытуға араласуымен олардың заңды құқықтары реттеледі;

-жер қорларын қорғау, аумақтың даму сызбаларын жасауға жоспарлар құру;

-табиғи қорықтар мен табиғат қорғау, сауықтыру маңызы бар жерлерді шектеп жақсарту;

-әкімшілік-аумақтық шекараларды қайтып рәсімдеу;

-жер пайдаланушыларға қажетті құжаттарды дайындап тапсырады.

Сонымен қорытындылай келгенде, шаруашылықаралық жерге орналастыру - ол әлеуметтік-экономикалық, техникалық, экологиялық жүйелерді бір жүйеге келтіріп жер пайдаланымын реттеу болады. Осы кезеңде жаңа жер пайдаланушылар пайда болып құрылады, халық шаруашылығының дамуына жағдай жасалып әкімшілік-аумақтық шекаралар белгіленеді, жер пайдаланушылардың бүтіндігі сақталу арқасында өзара қатынастары құрылады.

Дағдарыстан кейінгі дамуды қамтамасыз етудің бірінші бағыты – агроөнеркәсіп кешені мен ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуді дамыту.

Әлемдік нарықта азық-түлікке бағаның өсуіне байланысты аграрлық сектор экономиканың барынша табысты саласы болып табылады. Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану бірінші кезектегі жоспарға қойылуы тиіс.

ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ТАБИҒИ КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЫ

Наши рекомендации