Ашық нарықтағы саясат.
Ақша саясатында күнделікті жүзеге асатын негізгі әдістердің бірі бағ.қағаз-ды сатып алу және сату бойынша операциялар болып табылады. Әлемдік тәжірибеде ашық нарықта операцияларды жүзеге асыратын негізгі бағалы қағаздарға мыналар жатады: қазыналық вексельдер, пайызсыз қазыналық міндеттемелер, мемлекеттік займдар облигациясы, өнекәсіптік облигациялар, бірінші сыныпты қысқа мерзімді бағалы қағаздар және т.б. Ашық нарықтағы операцияларға орталық банк шығарған бағалы қағаздар эмитенттерінен тікелей сатып алған жағдайда, сонымен қатар бағ.қағ-р сатып алу- сату мәмілелерін орталық банк өз есебінен емес, мыс. Қазыналық тапсырыс бойынша (МБҚ-белгілі бағамын ұстап тұру мақсатында және т.б.) жүзеге асады. Бірінші жағдайда шотты дебеттеу жүзеге асырылажы, ал екінші жағдайда мемлекеттің бюджеттің шотына сәйкес несиелеу. Ашық нарықтағы саясатты дәстүрлі құралдармен жүргізу болып екінші реттегі нарықтағы мемлекеттік бағ.қағ.-мен операциялар табылады. Мұндай операциялар келесі елдер үшін сипатталады: Германия, Франция, Греция, Италия және Ұлыбритания.
Англия банкі үшін ашық нарықтағы операциялар экономикалық реттеудің алдыңғы қатарлы құралы болды. Сондықтан басқа құралдарды жиі қолданады. Англия банкі ашық нарықтағы саясатты жүргізк кезеңінде 2 негізгі операциямен шектеледі:
1.Ұзақ мерзімді саясат шеңберінде – мемлекеттік заем облигациялары опер-да
2.Қысқа мерзімді аспектіде- қазынашылық вексельдер операциялары. Бұл саясат б.қ. сату-сатып алу бойынша тұрақты ставка-ды белгілеу жолымен дисконттық үйлер арқылы жүзеге асырылады.
Орталық банк сұраныс жағынан ашық нарықтағы саясатты жүргізе отырып ұсынылған көлемді сатып алуға қол жеткізген кезде бағамды тұрақтандырады немесе бағалы қағаздардың берілген түрі бойынша белгілі санын ұсыныс бағамына тәуелсіз сатып алады. 2-ші жағдайда жеткен нәтиже несиелік институттардың үкіміндегі ақша массасының көбеюі (тұрақты, номиналды, %-қ) ж-да ықтималдылық мөлшерін білдіреді. ҰБ үшін маңызды мәселе 2-ші реттегі нарықта мемлекеттік бағалы қағаздар орналас-ды ұйымдастыру болып табылады.
Тұжырымдамалар:Мемлекет қаржы саясатының жүзеге асырылуы ақша-несие саясатымен тікелей байланысты. Сол себептен, қазіргі кездегі ақша-несие саясатын зерделеу.
Тақырып бойынша теориялық білімін бақылау үшін сұрақтар мен тапсырмалар
Репродуктивті деңгей:
26. Ақша-несие саясатының түсінігі
27. Ақша-несие саясатының мақсаты мен міндеттері
28. Құрылымдық саясатының түсінігі
29. Қаржылық қатынастарындағы ақша-несие саясатының рөлі
30. Қазақстан Республикасының 2020 жылға арналған ақша-кредит саясаты
Шығармашылық жұмыс: Қазіргі кездегі ақша-несие саясаты және оның қаржы саясатындағы рөлін талқылау.
Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар:
Кейс құрастыру. Кейс нақты жағдайды білдіреді, мысалы, автор тарапынан оны бағалауы және дұрыс біртекті шешімі болмайтын шынайы фактілер мен оқиғаны суреттеуді айтады. Оның баяндау стилі - ресми және академиялық. Сөзбен жеткізу мүмкіндігі болады. Кейс құрылымы - уақытша, сюжеттік, түсініктемелік.
Кейс түрлері:
- дәстүрлі «гарвардтық»;
- түрлендірілген;
- стратегиялық;
- тактикалық.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер - 1, 3, 4, 5, 6.
Заңдамалар мен нормативтік актлер
Мерзімді басылымдар
Интернет көздері.
Тақырып. Қазақстан Республикасындағы валюталық саясат және валюталық операциялардың заңды анықтамасы
Сабақ мақсаты:Қаржы саясатындағы валюталық саясатының рөлін және оның валюталық операциялық заңдамалармен орындалуын түсіну.
Дәріс эжоспары
1. Валюта саясатының мәні және мазмұны
2. Валюталық саясаттың әдістері, нысандары мен бағыттары
3. Валюталық саясатты жүзеге асырудың құралы
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар:валюта саясаты, валюталық қарым-қатынастар, халықаралық валюта-қаржы ұйымдар, дисконттық валюта саясаты, девиздік валюта саясаты, валюта шарты.
1. Валюта саясаты — мемлекеттік органдардың, орталық банктің және қаржы мекемелерінің, сондай-ақ халықаралық валюта-қаржы мекемелері мен ұйымдарының валюталық қарым-қатынастар саласында жүзеге асыратын экономикалық, құқықтық және ұйымдық шараларының жиынтығы. Ол, негізінен, экономика дамудың орнықтылығын қамтамасыз етуге, инфляция қарқыны мен жұмыссыздықтың өсуін тежеуге, төлем балансының тепе-теңдігін сақтауға бағытталады.
Валюта саясатының пішімі мен бағыты елдің қаржы-эконикалық ахуалына, әлемдік шаруашылықтың даму барысына байланысты анықталады. Валюта саясатының, негізінен, дисконттық, девиздік (валюта интервенциясы) сондай-ақ валютаны шектеу, т.б. түрлері қолданылады.
Дисконттық валюта саясаты — орталық банктің капиталдың халықар. қозғалысына, ішкі кредитті тиімді бөлуге, ақша массасына, баға және жиынтық сұранысқа әсер ету жолымен төлем балансы мен валюта курсын реттеуге бағытталған есепке алу ставкасын көтеру не төмендету саясаты.
Девиздік валюта саясаты — шет ел валютасын сатып алу — сату жолымен ұлттық валюта курсын реттеу. Орталық банк ұлттық валюта курсын жоғарылатуды көздесе, шет ел валютасын сатады, ал төмендету үшін сатып алады. Девиздік валюта саясаты валюта интервенциясы түрінде жүргізіледі. Валюта интервенциясы дегеніміз — шетелдік валютаның ірі топтамасын сату не сатып алу жолымен елдің орталық банкісінің валюта рыногы мен валюта курсына нысаналы түрде бір рет ықпал етуі. Валюта интервенциясы мемлекеттің алтын-валюта қоры не орталық банктің банкаралық “своп” (қолма-қол) келісімі негізінде қысқа мерзімді кредит түрінде ұлттық валюта есебінен жүзеге асырылады. Егер валюта курсының құралуына мемл. реттеудің ықпал ету дәрежесімен салыстырғанда нарықтық факторлардың әсері басым болса, валюта интервенциясы валюта курсының тұрақтылығын сақтай алмайды.
Мемлекеттің валюта саясатының құрамдас бөлігінің бірі — валюталық шектеу. Валюталық шектеу — валютамен, алтынмен, басқа да валюталық құндылықтармен жасалатын операцияларды шектеу жөніндегі заңды немесе әкімш. жолмен белгіленген ережелер мен нормалардың жиынтығы. Ол сырттан валюта әкелу мен шетке валюта шығаруды, аударуды реттейді, еркін сатуға тыйым салады, валюталық операцияларға бақылау жасайды, кәсіпорындарды валюталық түсімнің бір бөлігін сатуға міндеттейді
Қазақстан Республикасының валюталық саясаты ұлттық валютаның және ұлттық экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі оның ұлттық валютасы болып табылады. Кез келген мемлекеттің тарихына оның бір рет енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Басқа көптеген елдердің ұлттық валютасының тарихы сан ғасырлар бойы қалыптасқан. Кез келген ұлттық валюта елдің өткенін, бүгінгісін және болашағын бейнелейді.
Нарық экономикасына өту жағдайында және экономикалық дағдарысты жоюда, макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуде ҚР банк жүйесі маңызды роль атқарады.
ҚР Ұлттық банкі түрлі күрделі операцияларды орындайтын және ақша айналымын реттейтін, ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамассыз ететін негізгі буын болғандықтан бірінші деңгейлі банк болып есептеледі.
Валюталық және өзге де экономикалық халықаралық қатынастар аясында жүзеге асырылатын валюталық саясат, шаралардың жиынтықтағы нарықтық экономиканы реттеу жүйесінде маңызды орын алады. Ел дамуының белгілі бір кезеңінде сыртқы экономикалық стратегияны жүзеге асыру және ұлттық экономиканың өсуі соның тиімділігіне байланысты болады. Сыртқы экономикалық саясат жүйесінде валюталық саясат аса маңызды орын алады. Сондықтан да, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында сыртқы және ішкі саясаттың негізгі бағыттары анықталған, соның ішінде негізгі мақсат болып ақша-несие саясаты екендігі баса айтылған. Себебі, қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету және экономикалық өсу мен ынталандыруды қатамасыз ететін негізгі бағыт екені айқын көрсетілген.
Сондықтан да, валюталық саясаттың мақсаты негізінен орнықты экономиканың өсуін, жұмыстылықтың жоғары деңгейін, бағаның тұрақтылығын (құнсызданудың төменгі деңгейі), сыртқы экономикалық тепе-теңдікті (төлем балансы тепе–теңдігін) қолдауды қамтамасыз етеді. Валюталық саясаттың шеңберіне ішкі валюта нарығын бақылау да кіреді.
Валюталық саясаттың нақты міндеттеріне мыналар жатады: валюта жүйесі мен валюта нарығының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету; валюта дағдарысын жеңіп шығу, валютаның және ұлттық валютаның бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету; валюталардың айырбасталымдылығына көшу, валюта операцияларын ырықтандыру және тағы басқалары.
Мемлекет әзірлеген салық-бюджет, ақша-несие және сыртқы экономикалық саясаттардың негізінде валюталық саясат қалыптасады. Олардың барлығы өзара байланысты болып, экономикалық мақсаттардың жалпы жүйесінен туындайды. Әрбір мемлекеттік саясат үшін өзіндік жеке жүйе құрылып, оларды іске асырудың әдістері таңдалады.
Валюталық саясатты үкіметпен бірлесе отырып Орталық банк ойластырып, ол заң негізінде бекітіледі. Валюталық саясатты валюталық стратегияның, валюталық реттеуімен ұштастырылуы ретінде қарастыруға болады. Валюталық стратегия саласына валюта бағамы тұжырымдамасын, сол бағамға ықпал ету әдістерін таңдау.
2. Валюталық саясаттың әдістері, нысандары мен бағыттары елдің валюталық-экономика жағдайына, әлемдік шаруашылықтың өрістеуіне, дүниежүзілік аренада күштерді орналастыруға байланысты. Әр алуан тарихи кезеңдерде валюталық саясаттың мынадай нақты міндеттері алғашқы жоспарға қойылады: валюта дағдарысынан шығу, валюта тұрақтылығын қамтамасыз ету, валюталық шектеу, валютаның айырбасталымдылығына көшу, валюта тәртіптемесін ырықтандыру және басқалары.
Абсолютті дербес ұлттық экономикалық саясат, соның ішінде валюталық, несиелік, қаржылық елдердің өзара тәуелділігінің дамуымен және әлемдік шаруашылықтағы бірігуімен сыйыспайды.
Валюталық саясатты заңды түрде, яғни валюталық құндылықтармен ел ішінде және тыс жерде операцияларды жүзеге асырудың тәртібін реттейтін құқық нысандары жиынтығы – валюталық заңдармен, сонымен қатар валюта проблемасы бойынша мемлекеттер арасында жасалатын екі жақты және көп жақты валюталық келісімдермен рәсімделеді.
3. Валюталық саясатты жүзеге асырудың бір құралы – халықаралық есеп айырысуды және валюта операцияларын жүргізу тәртіптерін мемлекеттің реттеуі. Ол ұлттық, мемлекетаралық және аймақтық деңгейде жүзеге асырылады. Тікелей валюталық реттеу заң актілері және атқарушы үкіметтің әрекеті арқылы орындалса, ал жанама реттеу экономикалық, соның ішінде валюта-несие әдістерімен нарықтағы экономикалық агенттердің мінез-құлқына ықпал ету жолымен іске асады. Шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру мемлекетаралық валюталық реттеудің дамуына әсер етеді. Ол мынадай мақсаттарды көздейді: жекелеген елдердің валюталық саясатын үйлестіру, валюта дағдарысынан шығудың бірлескен шаралары, бұл турасында басқа елдерге қарағанда жетекші мемлекеттердің валюталық саясатымен келісу.
Қазақстаннң Ұлттық банкі ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге және отандық өндірушілер үшін жағымды бәсекелестік ортасын сақтауға бағытталған саясатын жүргізуде.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 25 ақпандағы отырысында теңгенің айырбастау бағамы ауытқуларының дəлізін жою жəне 2011 жылғы 28 ақпаннан бастап теңгенің басқарылатын өзгермелі айырбастау бағамының режиміне өту туралы шешім қабылданды.
«Басқарылатын өзгерудің пайдасына валюталық дəлізден бас тарту теңгенің, қажет болған жағдайда, теңбе-тең, экономика үшін «қолайлы» деңгейде нығаюына, алтынвалюта активтерін ұлғайтуға жəне валюта нарығындағы ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз етуге жағдай жасайды», - деп өз шешімдерін өткен отырыстың мүшелері басым бөлігі негіздеді.
Валюта нарығындағы ахуалды тұрақтандыруға жəне халықтың девальвациялық күтулерін төмендетуге бағытталған уақытша шара ретінде
енгізілген валюталық дəліз теңгенің нығаюына күшейіп келе жатқан үрдіс жағдайларында өз қажеттілігін жойды. Бұған əлемдік нарықтардағы қазақстандық экспорттың негізгі позицияларына оңтайлы баға конъюнктурасы жəне төлем балансының жай-күйі себепші болды.
Соңғы бір жарым жылда мұнай, металдар жəне астықтың əлемдік бағаларының өсу үрдісі байқалып отыр. Нəтижесінде ішкі валюта нарығындағы шетел валютасы ұсынысының ұлғаюы теңгенің нығаю жағына қарай айырбастау бағамына қысым көрсетіп отырды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі теңгенің айтарлықтай нығаюын болдырмау мақсатында соңғы айлар ішінде сол арқылы оның
ұсынысын қысқарта отырып жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерінің көлемін ұлғайта отырып, ішкі нарықта айтарлықтай көлемде шетел валютасын сатып алуда. Мəселен, егер 2015 жыл бойы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі теңгенің нығаюын алдын алу мақсатында нарықта 2,0 млрд. АҚШ долларын сатып алса, тек ағымдағы жылдың қаңтарында жəне ақпанында ғана 4,5 млрд. АҚШ долларына жуық сатып алды, бұл өткен жылдың жылдық көлемінен екі еседен астам көп.
Валюталық операциялар бойынша ақша төлемдерін және (немесе) аударымдарын уәкілетті банктер арқылы жүргізген кезде резидент (резидент емес) уәкілетті банкке мынадай құжаттар ұсынады:
- жеке басын куәландыратын құжат (жеке түлғалар үшін);
- Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығын растайтын құжат (жеке түлғалар
- шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар үшін), егер болса;
- Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеу (есепке алу) туралы куәлік (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын резидент жэне резидент емес заңды тұлғалар үшін), егер осы құжат бұрын ұсынылмаған не өзгерген жағдайда;
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік статистикасының уэкілетті органы берген КҮЖЖ коды берілгенін растайтын құжат (Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркелген заңды түлғалар үшін), егер осы құжат бұрын үсынылмаған не өзгерген жағдайда;
- салық төлеушінің мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжат, не салық органының осы тұлғаның Қазақстан Республикасының салық органында тіркеу есебінде түрмағаны туралы қүжаты, егер осы қүжат бұрын ұсынылмаған не өзгерген жағдайда;
- валюта шарты;
- Ережедегі көзделген жағдайлардағы лицензия, тіркеу куәлігі, хабарлама туралы куәлігі;
- мәміле паспорты (мәміле паспортын ресімдеуді талап ететін тауарлар (жұмыс, қызмет көрсету) экспортына немесе импортына байланысты мәмілелер бойынша);
- міндеттемелердің орындалғанын растайтын немесе, не соның негізінде орындалуы қажет қүжаттар (экспортпен немесе импортпен байланысты мәмілелер бойынша Мәміленің жағдайларын нақтылау және оның. қатысушыларын жіктеу мақсатында резидент және резидент емес заңды тұлғалар сондай-ақ уәкілетті банктердің талап етуі бойынша құрылтай қүжаттарын ұсынады.
Резидент (резидент емес) осы тармаққа сәйкес талап етілетін қүжаттарды және мэліметтерді ұсынбаған жағдайда уәкілетті банк осы Ереженің 7-тармағының екінші абзацында, 8 және 10 тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, валюталық операциялар бойынша ақша төлемдерін және (немесе) аударымдарын жүргізбейді.
Резидент лицензия жэне (немесе) тіркеу куәлігі және (немесе) хабарлама туралы куәлік талап етілетін валюталық операциялар бойынша ақша төлемдерін және (немесе) аударымдарын жүргізген кезде резидент уәкілетті банкке осындай қүжаттардың түпнүсқасын жэне көшірмесін береді. Оларды салыстырғаннан кейін көшірмелері уәкілетті банкте қалады, ал түпнұсқалары резидентке қайтарылады. Осы Ереженің 69-тармағында көзделген жағдайларда тіркеу куәлігінің (хабарлама туралы куәліктің) түпнұсқасының орнына нотариалды куәландырған немесе Ұлттық Банк растаған тіркеу куәлігінің (хабарлама туралы куәліктің) көшірмесін үсынуға рұқсат етіледі.
Резидентте хабарлама туралы куэлік болмаған жағдайда уәкілетті банк оны алу қажеттігі туралы резидентке кез келген түрде хабарлай отырып, операцияны жүргізеді. Бүл ретте уәкілетті банк ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-на дейін (қоса алғанда) Ұлттық Банктің орталық аппаратына резиденттерде хабарлама туралы куәліктер болмаған кезде олардың тапсырмалары бойынша жүргізілген операциялар туралы Ереженің 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша есеп береді.
Тіркеу куәлігі талап етілетін валюталық операция жүргізу нәтижесінде алынған ақша резиденттің пайдасына түскен кезде уәкілетті банк резидентке тіркеу куәлігін ұсыну қажеттігі туралы хабарлайды және түскен ақшаны. резиденттің банктік шотына ол тіркеу куәлігін ұсынғаннан кейін ғана есептейді.
Тұжырымдамалар: Қаржы саясатының жүзеге асырылуы валюта саясатының рөлін зерделеу.