Шығындарды есепке алу тәртібі

Шетел тәжірибесінде әдетте үстеме шығындарды бөліп таратуда нормативтік ставканы қолданады. Бұл ставка жоспарлы немесе сметалық деп аталуы да мүмкін. Әдетте бухгалтерлер үстеме шығындарды орташа жылдық мәліметтер бойынша келесідей тізбектілік қадамдар негізінде жүргізеді:

1-қадам. Жоспарлы кезеңде үстеме шығындар сметасын бір жылға құрады.

2-қадам. Үстеме шығындардың көлеміне әсерін тигізетін үстеме шығындардың орналастыру базасын таңдайды. Әдетте база ретінде жабдықтардың жұмыс сағаттарының саны немесе негізгі өндіріс жұмысшыларының жұмыс сағаттарының саны қолданылады. Осыдан кейін таңдалған бөліп тарату базасының жоспарлы көлемі анықталады.

3-қадам. Үстеме шығындарды орналастыруда нормативтік ставкасын мына формуламен анықтайды:

Үстеме шығындарды Sжоспар бойынша үстеме шығындар көлемі (1-қадам)

бөліп таратудың = ------------------------------------------------------------------------------

нормативтік ставкасы Sжоспар бойынша бөліп тарату базасының көлемі (2-қадам)

4-қадам. lс-жүзіндегі бөліп тарату базасының көлемін есептейді (жұмыс-сағат немесе станок-сағат).

5-қадам. Үстеме шығындарды өнімге енгізу үшін үстеме шығындардың нормативтік ставкасын іс-жүзіндегі бөліп тарату базасының көлеміне көбейту жолымен есептейді (3-қадамның нәтижесін 4-қадамның нәтижесіне көбейтеді).

6-қадам. Жылдың аяғында жоспардағы және іс-жүзіндегі үстеме шығындар көлемінің айырмашылығын анықтайды.

Нормативтік ставка әрбір цехтың немесе бірыңғай зауыт деңгейінде де есептелуі мүмкін.

Нормативтік ставканы қолданған кезде үстеме шығындардың есебі синтетикалық шоттарда төмендегідей жүргізіледі. Іс-жүзіндегі үстеме шығындар олардың пайда болған уақытына байланысты айдан айға цех журналында және «Үстеме шығындар» шотына жатқызылады. Үстеме шығындарды белгілі тапсырыстың немесе өнімге енгізілуінде нормативтік ставкасы қолданылады. Сондықтан іс-жүзіндегі үстеме шығындардың көлемі (немесе «Үстеме шығындар» шотының қалдығы) жыл бойындағы нормативтік ставка көмегімен өнімнің өзіндік құнына жатқызылған үстеме шығындар көлемімен сай келмейді. Көптеген бухгалтерлер «Үстеме шығындар» шотымен қатар «Бөліп таратылған немесе есептен шығарылған үстеме шығындар» шотын жүргізеді. Олардың кезең аяғындағы қалдығы кемде-кем сәйкес келеді, яғни әрқашанда артық бөліп таратылған немесе кем бөліп таратылған үстеме шығындар пайда болады. Жыл соңында «Үстеме шығындар» және «Бөліп таратылған үстеме шығындар» шоттары жабылады және кезең соңында қалдықтары болмайды. Егер де шоттар арасында айырмашылық үлкен емес немесе өндірілген көпшлік бұйымдар сатылған болса, онда айырмашылық «Өткізілген өнімнің өзіндік құны» шотына жабылады.

Стеме шығындарды өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәртібі

Шетел тәжірибелерінде көптеген компаниялар үстеме шығындарды өнімге екі этап негізінде жатқызады. Бірінші этапта үстеме шығындар өндірістік цехтары бойынша үлестіреді. Бұл этап екі қадамнан тұрады. 1- қадамда үстеме шығындар барлық цехтардың арасында бөліп тартылады, ал 2-қадамда көмекші цехтардың үстеме шығындары негізгі өндірістік цехтарға жатқызылады. Бірінші этапта жиі қолданылатын үстеме шығындарды бөліп тарату базасы ретінде төмендегі көрсеткіштер қолданылады:

Үстеме шығындардың түрі Бөліп тарату базасы

Амортизация Жабдықтардың құндылығы

Кадрлар бөлімі, буфет Жұмысшылар саны

Техникалық қызмет көрсету Әрбір цехта істеп шыққан

бөлімі сағаттары

Ғимаратты сақтандыру Аудан көлемі

Коммуналдық қызмет және жал Аудан көлемі

Екінші этапта үстеме шығындар өнімге жатқызылады. Бұл этап та екі қадамнан тұрады. 1-қадамда әрбір өндірістік цех бойынша цехтық нормативтік ставкасы анықталады:

Үстеме шығындар S цех бойынша үстеме шығындардың көлемі

бөліп тарату = -------------------------------------------------------

ставкасы цех S цех бойынша бөліп тарату базасының көлемі

бойынша (жұмыс сағаттары немесе станок-сағаттары)

2-қадамда іс-жүзіндегі базаның көлемін нормативтік ставкаға көбейту жолымен есептелінген үстеме шығындардың сомасы өнімнің өзіндік құнына жатқызылады.

Көмекші цехтардың өзара қызметін

Наши рекомендации