Й шаруашылықтарының ақшалай шығыстары және олардың сыныптамасы

Үй шаруашылықтарының ақшалай шығыстары – адамның өмір сүруін жалғастыру үшін қажетті материалдық және рухани қажеттіліктерге жұмсалатын іс жүзіндегі шығындар, олар өзіне тұтыну шығыстарын және тұтынумен тікелей байланысты емес шығындарды кіріктіреді. Бұл шығындар үй шаруашылығының жекелеген мүшелерінің жұмыс күшін ұдайы толықтыру жөнінде өте манызды рөл орындайды.

Үй шаруашылығы бюджетінің шығыстары елдін экономи-касында айтарлықтай рөл атқарады. Өзінің табыстарын пайда-лана отырып, отбасы тауарлар мен қызметтер рыногын қалып-тастырып, дамытуды қамтамасыз етеді. Өзінің қорланымдары мен жинақ ақшаларын өткізе отырып, ол бағалы қағаздарға деген сұранымды көбейтеді, сөйтіп қор рыногын кеңейтеді. Мұнан басқа аса маңызды өндірістік ресурстар – еңбек пен кәсіпкерлік қызмет ұсынымының субъекті ретінде үй шаруашылығының маңызы зор. Ақырында, балаларды тәрбиелеумен айналыса отырып, отбасының мүшелері мемлекет қаржыландыратын әлеуметтік-мәдени сфераның басты тұтынушылары болып табылады.

Үй шаруашылықтарының мүшелері өздерінің қаражаттарын жұмсай отырып, сан алуан қажеттіліктерді қанағаттандырады. Бұл екі жолмен мүмкін болады:

1) ақшалай табыстарды тауарлар мен қызметтерді сатып алуға пайдаланумен;

2) шаруашылықтың жекелеген мүшелерінің өздерінің еңбек қызметі есебінен болып жататын натуралдық өзін-өзі қамтамасыз етумен.

Үй шаруашылықтарының ақшалай шығыстары мыналарды кіріктіреді: тұтыну шығыстары; салықтар, алымдар, сақтық және өзге төлемдер; борыштарды, алименттерді төлеу, айыппұлдар, кредитті өтеу, туысқандарға көмек; жылжымайтын мүлікті бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу; отбасының өндірістік қызметімен байланысты шығыстары (бизнесті жүргізу үшін шикізат, материалдар отын, электр қуаты тұқым, мал, жем-шөп және т.б. сатып алу) және тұтынумен байланысты емес басқадай шығыстар.

Тұтыну шығыстары – тұтыну тауарлары мен қызметтерді сатып алуға бағытталған халықтың ақшалай шығыстарының бір бөлігі. Тағамдық азықтарды, азық-түліктік емес тауарлар мен алкаголдық ішімдіктерді сатып алуды, сонымен бірге қызметтерді төлеуді кіріктіреді. Пайдалану түрлері бойынша бұл шығыстардың деңгейі мен құрамы тұтыну шығыстарының құрылымын анықтайды.

Үй шаруашылықтарының тұтыну шығыстары айтарлықтай дәрежеде уақыттың мезгілдері бойынша едәуір құбылатын тұтыну бағаларының деңгейіне байланысты болады.

Түпкілікті тұтынуға үй шаруашылықтарының жұмсайтын шығыстары үй шаруашылықтары жасайтын тұтыну тауарлары мен қызметтерге жұмсалатын шығыстардан тұрады, олар мыналардан қалыптасады:

а) жекеше бюджет есебінен тұтыну тауарларын сатып алуға жұмсалатын шығыстардан (үйлер мен пәтерлерді сатып алудан басқа, оларды пайдаланудың ұзақтығына қарамастан);

ә) тұтыну қызметтерін сатып алуға жұмсалатын шығыстардан;

б) өзінің тұтынуы үшін өндірілген тауарлар мен қызметтерді тұтынудан;

в) шетелдегі резиденттердің тұтыну тауарлары мен қызметтерді сатып алуға жұмсалатын шығыстардан;

г) елдің экономикалық аймағындағы бейрезиденттердің тұтыну тауарлары мен қызметтерді сатып алуға жұмсалатын шығыстардан.

Тұтыну қызметтерін сатып алуға үй шаруашылықтарының жұмсайтын шығыстары мынадай қызметтерге жұмсайтын шығыстардан қалыптасады: денсаулық сақтау, білім, көлік, байланыс, тұрғын үй-коммуналдық, тұрмыстық, қаржылық, мәдениет мекемелерінің, мейрамханалар мен қонақүйлердің қызметтеріне. Мемлекеттік және мемелекеттік емес ұйымдардан қаржылық емес қызметтерді сатып алуға үй шаруашылық-тарының жұмсайтын шығыстары бұл салалар бойынша шығарылымдардан мемлекеттік бюджет қаражаттарынан (мемле-кеттік басқару органдарының шығыстары) және үй шаруашы-лықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар қаражаттарынан қаржыландырылатын бөлікті шегерумен анықталады.

Үй шарушылықтарының түпкілікті тұтыну үшін өндірген тауарлары мен қызметтерін тұтыну:

үй шарушылықтары (шаруа немесе фермер шаруашылық-тарында және жекеменшіктік қосалқы шаруашылықта) өндірген ауыл шаруашылығы өнімін;

үй шаруашылықтарына қатысты корпоративтік емес кәсіпорындарда өндірілген тауарлардың өнеркәсіптік және басқа түрлерін;

тұрғын үйлер иелерінің өзінің тұтынуы үшін өндірген тұрғын үй қызметтерін кіріктіреді.

Салықтар, алымдар, төлемдер – табыс салығы, жылжымай-тын мүлік салығы, алымдар, айыппұлдар, өсімпұлдар, жарналар; үйлерді, пәтерлерді, көлік құралдарын, техниканы жалдау үшін төлем.

Жылжымайтын мүлікті сатып алу – үйлерді, пәтерлерді,сая-жай және жер учаскелерін сатып алу. Басқадай шығыстар – қайырымдылық қорларына аудару, алименттер төлеу, туысқан-дарға, таныстарға көмек.

Қоғамдық өндірістің жалпы құлдырауы кезінде натуралдық және жартылай натуралдық шаруашылық қайта дами бастады. Өмір сүру үшін отбасылық ұжымдар жекеменшіктік және үй іргесіндегі учаскелерде өнім өндіре отырып, дара-еңбектік және кәсіпкерлік қызметпен, соның ішінде жанбасылық саудамен айналысады; әр түрлі ақылы қызметтер орындайды.

Натуралдық және жартылай натуралдық шаруашылықтар қоғамдықтарға қарағанда нәтижелері шамалы болғанымен және барлық тауарлар мен қызметтердің толық жиынын қамтамасыз етуге қабілетті болмасада, бірақ олар отбасылық бюджеттің қажетті ең төменгі деңгейін қолдайды және үй шаруашылық-тарын кедейлік пен қайыршылықтан сақтайды. Натуралдық өзін-өзі қамтамасыз ету соңғы жылдары өсті, ал натуралдық нысандағы мемлекеттік әлеуметтік трансферттерді есепке ала отырып, үй шаруашылығы тұтынуының төрттен біріне жуығын алады. Алайда ақшалай шығыстар түпкілікті тұтынудың жалпы көлемінде басты рөл орындайды.

Қазіргі жағдайларда нақтылы шығыстардың халықтың белгілі бір топтарының табыстылығының азаюына байланысты, басқа факторлармен қатар, қоғамда сапалы өзгерістерге: халықтың денсаулығының нашарлауына, өмір ұзақтығының қысқаруына, бала туылымы деңгейінің төмендеуіне әкелді.

Үй шаруашылығының ақшалай шығыстарын әр түрлі белгілер бойынша сыныптауға болады:

1) тұрақтылық дәрежесі бойынша:

тұрақты шығыстар (тамаққа; киім-кешекке, көлікке, комму-

налдық қызметтерге және басқаларға); бір жолғы шығыстар (емделуге, ұзақ пайдаланатын тауарларға).

2) қажеттік дәрежесі бойынша: тамаққа, киім-кешекке жұмсалатын бірінші кезектегі (қажетті) шығыстар;

медицинаға;

екінші кезектегі (қажет) шығыстар (білім алуға, сақтық жарналары және т.с.с.);

басқадай шығыстар (қалғандары);

3) пайдалану мақсаттары бойынша:

тұтыну шығыстары (тауарлар сатып алуға және қызметтерді төлеуге);

салықтар мен басқа міндетті төлемдерді төлеу;

салымдардағы және бағалы қағаздардағы қорланымдар мен

жинақ ақшалар; шетел валютасын сатып алу;

халықтың қолдарындағы ақшалардың өсімі. Тауарлар сатып алу мен қызметтерді төлеу – бастысы болып табылатын тұтыну шығыстары барлық ақшалай шығыстардың төрттен үшін құрайды. Олардың мөлшері мыналарға байланысты: ақшалай табыстардың көлеміне, қажетті жеке және отбасының қажет-тіліктерін қанағаттандыруға; бөлшек сауда бағаларының деңгейіне; өмірдің климаттық және географиялық жағдайларына және басқа факторларға.

Статистика жөніндегі агенттіктің мәліметі бойынша 2007 жылы Қазақстанда үй шаруашылықтарының ақшалай шығыс-тарының құрылымы мынадай болды:

тұтыну шығыстары – 94 %;

оның ішінде: азық-түлік тауарларына – 39%;

азық- түлік емес тауарларға – 30 %;

ақылы қызметтерге – 25 %;

салықтар төлеу – 0,2 %;

басқадай ақшалай шығыстар – 5,8 %, соның ішінде кредит пен борышты өтеу – 2,8%.

Үй шаруашылығы шығыстарының құрылымы тамақ өнім-деріне жұмсалатын шығыстар үлесінің басымырақ екенін көрсетеді. Оның үстіне қалада бұл үлесі жоғары. Ауылдық жерде үй шаруашылықтары үштен біріне жуығын натуралдық шаруа-шылық есебінен өздерін қамтамасыз етеді. Азық-түліктік емес тауарлар (киім-кешек, аяқ киім, жиһаз, тұрмыстық техника) қалада 29 %-ды, ауылда 31 % құрайды.

Қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі үнемі өсуде. Қаладағы отбасының шығындары әсіресе тұрғын үйге, коммуналдық қызметтерге, дәрілерге, сондай-ақ қоғамдық көлікпен жүріп-тұруға көбейді. Қызметтердің жекелеген түрлерінің қымбаттағаны соншалақ олар тіпті қатардағы азамат-тың бюджетінен түсіп қалды (мысалы, киім тазалау, қоғамдық кір жуу және басқалары). Алайда ақылы қызметтердің жаңа түрлері (денсаулық сақтау, білім беру) пайда болды, олар отбасы шығындарының үлкен үлесін ала бастады.

Үй шаруашылықтарының сандық құрамы да түпкілікті тұтыну шығыстарының құрамына әсер етеді. Бір адамнан тұратын үй шаруашылықтары анағұрлым жақсы жағдайда болады. Үй шаруашылықтары санының өсуімен жағдай нашарлайды. Оларда тамаққа жұмсалатын үлес төмендейді және жекеменшіктік қосалқы шаруашылықтан және басқа түсімдерден түсетін натуралдық өнімнің үлесі көбейеді.

Азық-түліктік тауарларға жұмсалатын жалпы шығыстардың азаюы тағамдық азық-түліктердің сапалық құрамында бейне-ленеді: фруктылар, кондитерлік бұйымдар, ет және ет өнімдері сияқты өнімдердің үлесі төмендейді, ал нан және нан өнімде-рінің, картофель мен овощтардың үлесі артады.

Қазақстанда халықтын әр түрлі топтарының, материалдық әл-ауқаты бойынша щығыстардың деңгейі мен құрылымында қалыптасқан айырмашылықтар сақталып отыр: кедей және кедей емес үй шаруашылықтарының орта есеппен жан басының шы-ғыстарындағы алшақтық үш есені құрайды. Кедей үй шаруашы-лықтарының бюджет шығыстарының сипатты белгісі кедей емес үй шаруашылықтарындағы 35,4 %-ға қарағанда тағамдық азық-тарға жұмсалған шығындардың үлес салмағы негұрлым жоғары болып табылады – 47,8 %.

Үй шаруашылықтарының ақшалай шығыстарының екінші тобы – міндетті және ерікті төлемдер. Міндетті төлемдерге салықтар, алымдар, баждар, аударымдар жатады, оларды атқарушы биліктің органдары түрлі деңгейдін бюджеттеріне және бюджеттен тыс қорларға өндіріп алады. Ерікті төлемдерді үй шаруашылықтарының жекелеген мүшелері өз бастамасы бойынша сақтық органдарына түрлі тәуекелдерден (қауіп-қатерлерден) сақтандыру кезінде, мемлекеттік емес зейнетақы қорларына, қайырымдылық қорларына төлейді. Үй шаруашы-лықтарының жалпы шығыстарындағы бұл шығыстардың үлесі шамалы.

Қазақстан азаматтары ретінде үй шаруашылығының мүшелері әр түрлі міндетті төлемдер төлейді, олардың саны 20-ға жуық, ең алдымен бұл жергілікті салықтар, алымдар және төлемақылар. Оларға: жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, жер салығы, жеке тұлғалардың мүлік салығы, көлік құралдары иелерінен алынатын салық, мемлекетік баж, жеке тұлғалардан алынатын кедендік алымдар. Жергілікті салықтардың арасында негізгілері жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы және басқалары болып табылады.

Ақшалай нысанда, табысты алу күніне жиынтық табыстан алынатын табыс салығы төлеушіге оның ауыртпалығы тұрғы-сынан ең бастысы болып табылады.

Шығыстардың үшінші тобы – үй шаруашылықтарының жинақ ақшалары мен қорланымдары.

Экономикалық реформаны жүргізудің басында халықта көбінесе тауарлардың тапшылығына байланысты сұранымды кейінге қалдырудың нәтижесінде пайда болған және жинақ кассаларының шоттарында шоғырланған едәуір қорланымдар болды. Алайда 90-жылдардың бірінші жартысындағы күшті инфляция барлық жинақақшаларды тез құнсыздандырды.

Рынокка көшу және кәсіпкерліктің еріктігі үй шаруашы-лықтарының айрықша санаттары үшін қымбат тұратын құндылықтарды (жерді,үйлерді,көлік құралдарын) сатып алу немесе бағалы қағаздарға, банктік депозиттерге салу арқылы капиталдандыру үшін қаражаттарды жинай отырып, оларды қорландыруға мүмкіндік жасады.

Банктерде шоғырландырылған ақшалай қорланымдар мен жинақ ақшалар кредиттік қатынастарды кенейту көздері болып қызмет етеді. Тұтыну кредиті үй шаруашылықтары мүшелерінің ақшалай табыстарын толықтырады және тауарлар мен қызметтерге деген төлем қабілеті бар сұранымды көбейтуге жәрдемдеседі. Тұрмыс деңгейі бір шама төмен, ал банк жүйесінің кредиттік мүмкіндіктері қосымша капиталдарды қажет ететін Қазақстан үшін тұтыну кредиті ерекше манызды.

Үй шаруашылығы қаржылық шешімдерді тек экономикалық мақсаттарды (үй шаруашылықтары табыстарының өсімі, шығын-дарды үнемдеу және т.с.с) ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік (балаларды тәрбиелеу, білім беру және т.с.с.) мақсаттарды да негіздей отырып қабылдайды. Бұл жағдайда экономикалық мақсаттар әлеуметтік мақсаттарды неғұрлым толық іске асыруға бағытталған. Алайда әлеуметтік-экономикалық мақсат-тарды үй шаруашылығы жиі формалды байланыстардың жүйесі негізінде айқындайды.

Әзірше үй шаруашылықтарының қаржысы қаржы жүйесінің басым буыны болмай отыр, бірақ дамыған рыноктық қатынастар жағдайларында олардың рөлдері күшейе түсуде, бұл олардың барлық экономикалық үдерістерге қатысуымен қамтамасыз етіліп отыр, оның үстіне ХХІ жүзжылдықтын алғашқы жылдарында Қазақстан экономикасында байқалған он құбылыстар үй шаруашылықтарының қызметін жандандыруға жеткізеді.

Наши рекомендации