Туризмнің функциялары. Турист- бұл туризмның субъектiсі ретінде.
1. Танымдық қызметі. Таным дегеніміз — өмір шындығы-ның адамның ойлау процесіндегі бейнеленуі, талдануы және қайта жасалуы; обьективті әлемнің, табиғаттық және қоғам-ның заңдарының заңдылықтарын білу; игерген білім мен тәжірибенің жиынтығы
2. Денсаулықтық қызметі. Әлемдік денсаулық сақтау үйымы «денсаулық» деген үғымға адамның физикалық, психикалық және әлеуметтік жақтарының жақсы жағдайда болуын жатқы-зады [102; 143]. Адамның денсаулық деңгейін бағалау крите-рийі — оның қоршаған ортаға ыңғайлана білуі. Адамның қор-шаған ортаның өзгергіш жағдайларына сәтті дағдылана білуі адаптация деп аталады [102; 15]. Адамның туа және жүре пай-да болған қасиеттерінің деңгейінің тиімді адаптациялануын дағдыланғыштық (адаптивность) деп атайды, Физикалық, пси-хикалық және әлеуметтік адаптациялар адам өмірдің барлық саласында белсенді әрекет еткен жағдайда ғана сәтті болмақ. Бүл адамның денсаулық деңгейін анықтайды.
3.Әлеуметтік қарым-қатынас қызметі. Коммуникативтік деген қарым-қатынас жасауға дайындалған, ыңғайланған әре-кет, яғни сөйлеу тілінің көмегімен байланысу, ой мазмұнын қабылдау және беру [134; 190].
Сонымен туризмнің әлеуметтік-қарым-қатынастық қызметі дегеніміз — саяхатқа қатысушылардың бір-бірімен ресми емес жағдайда, өндірістік ара қатынасты (субординация) сақтамай-ақ, әлеуметтік мәртебесін, жасын, үлтын, азаматтығын және т.б. адамдарды бір-бірінен ерекшелейтін белгілерді есепке ал-май-ақ байланысу, қатынасу мүмкіндігі.
4. Спорттық қызметі. «Спорт» деген кең мағынасында алғ-анда, өзіндік бәсекелестік іс-әрекет, оған арнайы дайындық, адамдар арасында осы іс-әрекет барысында арнайы қатынас орнату, оның қоғамдық мәні бар нәтижелері.
Спорт — қоғамдық мәні бар дене тәрбиесінің неғүрлым әсерлі қүралдары мен әдістерінің жиынтығы, адамды еңбекке, басқа да қоғамға қажетті іоәрекеттің түрлеріне дайындау. Со-нымен қатар спорт — этикалық, эстетикалық тәрбиенің маңыз-ды бір қүралы, интернационалдық байланыстарды кеңейту, жеңілдету, халықтар арасындағы өзара түсіністікті, ынтымақ-тастықты, достықты бекіту [203; 15].
5-6. Эстетикалық және эмоционалдық-психологиялық қыз-меттері. Эстетика (грекше «сезімдік», »сезуші» деген мағына береді) — философия ғылымының шындық өмірдегі әсемдікті, эстетикалық тәрбиені және әдемілік завдарына арналған шы-ғармашылықтың жалпы принциптерін, өнерге деген түрлі көзқарастардың жүйесін зерттейтін саласы [134; 505].
Туризмнің эстетикалық қызметі дегенде туристік саяхаттар кезінде адамдардың табиғаттың, сәулетшіяер, мүсіншілер және суретшілердің туындыларының әдеміліктерінен ләззат алу мүмкіндігін түсіну керек. Туризмнің эстетикалық қызметі оның эмоционалдық-психологиялық қызметімен тығыз байланысты. Ол туризмтануда саяхатшылардың қауырт еңбек процестерінен кейінгі шаршап-шалдығуларды басу, адамдармен қарым-қаты-настан жағымды эмоция алу, қызықты туристік нысандардан әсер алу, спорггық және туристік белсенді саяхатғарда кезде-сетін кедергілерден өту деген сөз [78; 8].
7. Шығармашылық қызметі. Шығармашылық дегеніміз -жаңа сападағы, өзінің қайталанбастығымен, сонылығымен және қоғамдық-тарихи ерекшелігімен есте қалатын іс-әрекет. Шы-ғармашылык адамға ғана тән, өйткені шығармашылық іс-әре-кетті жасампаз тұлға жасайды [102; 535].
Туристік саяхаттың жоғары шығармашылық қарымы оған қатысушылардың әдеттегі аядан шығып, түрмыстық күйбең тіршіліктен ажырап, жаңа, қызықты мәселелердің шешімін іздеуге талпындырады. Ұймдасқан саяхаттар пайда болған бірнеше мындаған жылдар бойында саяхатшылардың сан мыңдаған шығармалары дүниеге келді.
Ол шығармашылық туындыларға ғыльши жаңалықтар, көркем және құжаттык және ғылыми-көпшілік прозалық, поэзиялық шығармалар, туризмге қажетті киімдердің, аяқ киі-мдердің, транспорттық көліктердің, жарак-жабдықтардың, жаңа тағам түрлерінің, саяхатқа қатысушыларды белсенді және спорт-тық саяхаттарға үйретудің жаңа әдістері мен тәсілдері жатады.
8. Қажылық қызметі. Қазақстанда 8 миллиондай мұсылман бар. Ал әлемдегі мүсылмандардың саны — 1 млрд. 126 млн. «Қажылық» деп діннің қасиетті орындарына (христиавдар үшін - Иерусалим және Рим, мүсылмандар үшін - Мекке мен Мәди-не) сапар шегуді атайды. Христиандардың әдет-ғүрпы бойынша қажылық сапардың белгісі — Палестинадан пальма бұтағын әкелу [102; 333].
Туризмнің спорттық және сауықтыру қызметтері табиғат ресурстары арқылы, ал қызметтері туристік-рекреациялық ре-сурстар (ТРР) арқылы іске асады.