Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры.
Жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлі қоғам формасында құрылады. Олар уәкілетті орғанның келісімімен өз филиалдарын ашуға құқы бар. Міндетті зейнетақы жарна төлеу үшін жинақтаушы тек бір корды таңдауға және сол қормен зейнетақылық қамтамасыз ету женінде келісімшарт пайымдауға мівдеті. Жинақтаушы зейнетақы қорға міндетті жарна төлеуден зейнеттік жасқа жеткен тұлғалар босатылады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларға төленетін міндетті зейнетақы жарналары жұмыскердің төлем көзінен ұсталынатын ай сайынғы табысының 10 пайыз мөлшерінде тағайындалған. Бұл міндетті зейнетақы жарнасын есептеу үшін пайдаланатын ай сайынғы табыс көлемі республикалық бюджетте тиісті жылға тағайындалған минималды айлық еңбекақының 75-реттік көлемінен аспауға тиіс. Міндетті зейнетақы жарналар есебінің тәртібі мен мерзімі, есептеуі мен есепшотқа аударуы Республика Үкіметімен белгіленеді.
Жинақтаушы зейнетақы қорларға еріктік зейнетақы жарналарын өз табысы арқылы зейнеттік қамтамасыз ету жөніндегі келісімшарт негізінде салымшылар-жеке түлғалар енгізеді. Салық салынғаннан кейін табыс арқылы алушының пайдасына енгізілген еріктік зейнетақы жарналар салымшысы ретінде жеке және заңды түлғалар болуы мүмкін. Мұндай жарналардың мөлшері, есептеуі, төлеу мерзімі мен тағы басқа шарттары келісілген келісімшарта белгіленеді.
Кәсіби еріктік зейнетақы жарналары Үкімет анықтаған мамандықтар тізіміне енген мамандығы бар жүмыскердің пайдасына түсетін салымшының меншік ақша құралдары болып табылады. Бұл жарналардың мөлшерлемесі зейнеттік қамтамасыз ету жөніндегі келісімшартта белгіленеді, бірақ оның мөлшері нормативтік актілерде белгіленген жұмыскердің ай сайынғы табысының 10 пайызынан аспауы тиіс.
Агентпен уақытында есептелмеген және аударылмаған міндетті зейнетақы жарналар сомасы салық органдарымен талап етіледі немесе агентгер оны салымшылардың пайдасына Үлтгық банктың белгілеген қайта қаржыландыру ресми мөлшерлемесінің 1,5-реттік мөлшеріндегі өсімімен есептеп аударылуға тиісті.
Жинақтаушы зейнетақы қорлар ашық және корпорациялық түрде болуы мүмкін. Ашың қорлар салымшылардан зейнетақы жарнамаларды қабылдауды алушының жұмыс орны мен мекен-жайынан тәуелсіз іске асырады. Корпорациялық жинақтаушы зейнетақы қоры осы қордың құрылтайшысы және акционері болатын бір немесе бірнеше заңды тұлғалардың алушы-жұмыскерлер үшін құрылады.
Жинақтаушы зейнетақы қорлардың құқы бар:
• зейнетақы жарналарды жинауды іске асыруға;
• өз іс-әрекеттері үшін комиссиондык сыйақы алуға;
• уәкілетті орган берген лицензия негізінде зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөнінде дербес іс-әрекетгін іске асыруға;
• зейнеттік қамтамасыз етуге байланысты мәселелер жөнінде жинақшының мүдделерін қорғауға;
• зейнетақылық келісімшарт шартгарына сәйкес басқа да құқықтарды іске асыруға.
Жинақтаушы зейнетақы қорлар міндетті:
• белгіленген тәртіппен алушыларға зейнетақы төлемдерін жасауды;
• зейнетақы қорландыру мен төлемдердің жеке есебін іске асыруды;
• жылына бір рет және салымшы мен алушының сұрауымен оларға зейнетақы қорландыру ахуалы жөнінде ақпарат беруді;
• алушының зейнетақы қорландыру ахуалы жөніндегі ақпараттарға құпиялылықты қамтамасыз етуді; заңңамаларға сәйкес зейнетақы жөніндегі заңның ережелері мен зейнетақы жөніндегі келісімшарт шарттарын бұзған үшін жауапкершілікті болуға;
• салымшы-алушының зейнетақы қорландыруларын бір қордан басқа қорға немесе сақтық ұйымға ауыстыруды;
• жинақтаушы қордың зейнетақы активтерін инвестициялык басқару жөнінде лицензиясы болмаған орайда сондай іс әрекетті атқаратын үйыммен келісімшарт пайымдауға;
• міндетгі зейнетақы жарнамалар есебінен зейнеттік қамтамасыз ету жөнінде салыншымен келісімшарт пайымдауға;
• жинақтаушы зейнетақы қормен келісімшарт пайымдаған азаматтарға тең шарттар қамтамасыз етуді;
• әрбір жеке түлғамен пайымдалған зейнеттік камтамасыз ету жөніндегі келісімшартқа кепіл қамтамасыз етуді;
• бұқаралық ақпарат құралдарында өз іс-әрекеттері жөніндегі заңнамалармен тыйым салынбаған ақпараттарды жариялауды.
Салымшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатымен жинақтаушы зейнетақы корларға тыйым салынады:
• өндірістік іс-әрекет;
• уәкілетті орган белгілегеннен басқа мүлік алып-сатуды іске асыру;
• сақтық іс-әрекет;
• зейнетақы активтерін кепілге беру;
• акциялардан басқа құнды қағаз шығару.
Жинақтаушы зейнетақы қорлардың зейнетақы активтері өздерінін комиссиондық сыйақыларына шегеру жасаған зейнетақы жарнамалар, инвестициялық табыс және өсім мен залалдарды өтеуден түскен құралдар сомасынан қалыптасады. Зейнетақы активтері тек қана келесі мақсаттар үшін пайдалануы мүмкін:
• уәкілетті орган анықтаған қаржы құралдарыне жайғастыру;
• заңнамаларға сәйкестік зейнетақы төлемдерін іске асыру;
• зейнетақы қорландыруды басқа жинақтаушы қорға немесе сақтық үйымға ауыстыру;
• қате есепке алынған зейнетақы жарнамалар мен басқа есепке алынған ақшаларды қайтару;
• зейнетақы төлемдерін іске асыру мен зейнетақыны қорландыруды ауыстыруға байланысты шығындарды өтеу.
Кастодиандық келісімшартқа сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорлардың зейнетақы активтері банк-кастодианның шоттарында есептеледі және сақталады. Кастодиандық келісімшарт банк-кастодиан, жинақтаушы зейнетақы қор және зейнетақы активтеріне инвестициялық басқаруды аткаратын ұйым араларында жасалады.
Жинақтаушы зейнетақы қордың бір банк-кастодианы болуы тиіс. Бұл банк зейнетақы активтерді жинақтау, оларды орналастыру, инвестициялықтабыс алу жөніндегі барлықоперациялардың есебін жүргізеді және жинақтаушы зейнетақы қорға оның шоттарының ахуалы мен инвестициялық басқару іс-әрекет жөнінде ай сайын ақпарат береді. Банк-кастодиан жинақтаушы зейнетақы қордың зейнетақы активтерін мақсатгы орналастырыуының бақылауын іске асырады лсәне заңнамаларға сәйкес келмейтін операцияларды атқармауға міндетті.
Міндетгі зейнетақы жарнамаларды салымшылар мен жинақтаушы зейнетақы қордан зейнетақы төлемдерін алушылардың құқықтары:
• міндетті зейнетақы жарналар арқылы зейнеттік қамтамасыз ету жөнінде келісімшарт жасау ұшін жинақтаушы зейнетақы қорды таңдау;
• жинақтаушы зейнетақы қор құрылтайшылары, зейнетақы активтеріне инвестициялық басқаруды іске асыратын ұйым және банк-кастодиан жөнінде уәкілетті орган белгілеген көлемде акпарат алу;
• зейнетақы қорландыру ахуалы жөнінде ақпарат алу;
• жинақтаушы зейнетақы қордың әрекеттерін сотта шағым қылу;
• өз зейнетақы қорландыруларын жылына екі рет бір жинақтаушы кордан басқа қорға және сақтық ұйымға ауыстыру;
• жинақтаушы зейнетақы қордан зейнетақы төлемдерді алу;
• ез зейнетақы қордандыруларын заңнамаларға сәйкес өсиет етіп қалдыру;
• заңнамалар мен келісімшарт шартгарына сәйкес басқа да құқықтарды іске асыру.
Міндетті зейнетақы жарнамаларды жинақшылар мен жинақ-таушы зейнетақы қордан зейнетақы төлемдерін алушылар міндеттері:
• міндетті зейнетақы жарналар арқылы зейнеттік қамтамасыз ету жөнінде біржола бір келісімшарт жасау мен зейнетақы қорландыруларын бір жинақтаушы зейнетақы қорында сақтау;
• жинақтаушы зейнетақы кор міндеттеме лерін орындауға әсер ететін барлық өзгерістер жөнінде сол қорға 10 күнтізбелік күннің ішінде хабарлау;
• міндетті зейнетақы жарналарды аудару үшін агентке зейнетгік қамтамасыз ету жөніндегі келісімшарт көшірмесін тапсыру;
• зейнеттік аннуитет жөнінде келісімшарт жасау;
• заңнамалар мен зейнеттік қамтамасыз ету жөніндегі келісімшарт шарттарына сәйкес басқа да міндеттемелерді атқару.
Қазақстан Респу бликасының Үкіметі белгілеген тәртібі бойынша агенттер жинақтаушы зейнетақы қорларға міндетті зейнтақы жарналарын мезгілінде есептеп және төлеп отырута міндеті.
Жинақтаушы зейнетақы қорлар келесі зейнеттік тәртіптерді тағайындайды:
• зейнеттік келісімшарттарды өзгерту немесе тоқтату жөні;
• зейнетақы жарналарын іске асыру мен төлеу шарттары мен жөні;
• алушылар мен салымшылар алдындағы жинақтаушы зейнетақы корлардың міндеттемелері бойынша жауапкершілік;
• зейнетақы қорландыру ахуалы жөнінде мәлімдеу;
• зейнетақы қорландыруды бір жинақтаушы зейнетақы қордан басқа қорға ауыстыру шарттары;
• жинақтаушы зейнетақы қордың, инвестициялық басқаруды іске асыратын ұйымның және банк-кастодианның құрылтайшылары жөнінде салымшыларға мәліметтер беру.
Мемлекет «Зейнеттік қамтамасыз ету жөнінде» атты Заңмен белгіленген тәртіппен жинақтаушы зейнетақы қордағы міндетті зейнетақы жарнамалардың енгізілген көлемінің бүгіндігіне кепіл береді. Зейнетақы қорландырудың бүтіндік кепілі келесілермен қамтамасыз етіледі:
• жинақтаушы зейнетақы қорлардың зейнетақы жарнамаларын өзіне тарту мен зейнетақы төлемдерін іске асыру әрекеттерін лицензиялау;
• зейнетақы активтеріне инвестициялық басқаруды іске асыру ұйымдардың іс-әрекетін лицензиялау;
• екінші деңгейдегі банктердің кастодиандық іс-әрекетін лицензиялау;
• жинақтаушы зейнетақы қорлар мен зейнетақы активтеріне инвестициялық басқаруды іске асыру ұйымдар үшін пруденциялық нормативтер тағайындау;
• жинақтаушы зейнетақы корлардың каржылық тұрақтылығын камтамасыз ететін тиісті нормалар тағайындау арқылы олардың іс-әрекеттерін реттеу;
• жинақтаушы қорлар мен инвестициялық басқару аткаратын ұйымдардың жарғылық капитал құрамы мен көлеміне және олардың құрылтайшылары, басшылары мен мамандарына талаптар тағайындау;
• жинақтаушы зейнетақы қорлардың ақша мен құнды қағаздарды жинақтаушы қорлар мен инвестициялық басқару
ұйымдарымен байланысты емес банк-кастодианда сақтау жөнінде талаптар тағайындау;
• зейнетақы активтерін бір-бірімен және банк-кастодианмен байланысты емес банктердің депозиттарына орналастыру;
• жинақтаушы зейнетақы корлардын меншікті құралдары мен зейнетақы активтерінің есебін бөлек жүргізуін бақылау;
• зейнетақы активтерін орналастырудағы тәуекелдерді төмендету жөнінде талаптар тағайындау;
• жинақтаушы қорлар алатын комиссиондық сыйақы мөлшеріне шек қою;
• жинақтаушы қорлар мен инвестициялық басқару ұйымдарының қаржылық есептеріне жыл сайын аудиттік тексеріс жүргізу міндеттілігі;
• заңнамалармен белгіленген тәртіп бойынша тиісті мемлекеттік орғандар алдында жинақтаушы қорлар мен инвестициялық басқару үйымдарының қаржылық және статистикалық тұрақты есеп беру;
• салымшы мен алушыға жылына бір рет оның зейнетақы қорландыру ахуалы жөнінде ақпарат ұсыну;
• алушыға өзінің зейнетақы қорландыруларының бір жинақтаушы кордан басқа қорға ауыстыруға мүмкіншілік жасау;
• алушының таңдауымен зейнетақы қорландыруының толык көлемін немесе бір бөлігін өз еркінше кауіпсіздендіру;
• зейнетақы активтерінің сақтық жүйесін күру.
Жинақтаушы зейнетақы қоры өз міндеттемелері бойынша алушылар мен салымшылар алдында тек меншікті мүлігімен жауапты. Қорлардың, инвестициялық басқаруды іске асыратын үйымдардың және банк-кастодианның жауапкершіліктерінің тәртібі мен шарттары заңнамалық актілер және келісімшарттармен анықталады. Жеке зейнетақы шоттағы зейнетақы қорландыру сомасының азаюы қордың, үйымның және банк-кастодианның кінәсі нәтижесінде болса, онда сол сома міндетті түрде кор қаражаттары арқылы толтьфылады.