Мәтінді түсініп оқыңыздар.

«Ас иесімен тәтті»

Қазақ халқында ас ішуге үлкен көңіл бөлінеді. Ас адамдарға күш-қуат, береді. «Таңғы асты тастама, түскі асты досыңмен бөліс, кешкі асты дұшпаныңа бер» деген ұғым денсаулыққа байланысты айтылса керек. Қазақтың ет, сүт, тағамдарында дәрумен көп болады.

Менің анам тамақты жақсы дайындайды.Ол кісі біздің сүйікті асымызды жақсы біледі. Сондықтан болар, әр күні әртүрлі тамақ пісіреді. Біздің отбасымыз бесбармақ, тұшпара, палау және көкөніс салаттарын жақсы көреді.

Анам қонақтарға деген асты да ерекше дайындайды.Оларға ет, сүт, ұн тағамдарынан жасалған дәмді ас ұсынады. Дастарқан басында әңгіме ән айтамыз және үлкендер дастарқанға бата жасайды.

Жаңа сөздерді жеке, содан соң топпен дауыстап оқыңыздар.

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗДАР!

Жаңа сөздер
  БАТА АС ІШУ КӨҢІЛ БӨЛУ КҮШ-ҚУАТ ДӘРУМЕН ДОСЫҢМЕН БӨЛІСУ ДҰШПАНЫҢА БЕРУ СҮЙІКТІ АС ҰҒЫМ

Тізбекті үзбе» полиглот ойыны.

Ойынға берілген сөздер: Ас, тамақ.

Үлгі: Дәрігер – радио – орындық – құрылысшы — …

13. Жазылым тапсырмалар.

Топтарға

……………………………………………………………………………………………….. .

Қазақтың ет, сүт, тағамдарында ………………………………………………. .

Менің анам ……………………………………………………………………………… .

Ол кісі біздің сүйікті асымызды ……………………………………………….. .

Сондықтан болар, әр күні …………………………………………………………. .

Біздің отбасымыз бесбармақ, тұшпара, палау және ……………………..

………………………………………………………………………………………

Анам қонақтарға деген асты да …………………………………………………. .

Оларға ет, сүт, ұн тағамдарынан жасалған ………………………………… .

Дастарқан басында әңгіме ән айтамыз және үлкендер ………………….

……………………………………………………………………………………

Тапсырма. Жұмбақтың жауабын тауып, септеңіз.

Қалпағы ақ қарасаң,

Дәрігер емес, бірақ ол.

Тапсырма. Қазақтың ұлттық тағамы ет асу жолын рет-ретімен жазыңыз.

  Нан жазылады
  Тұздық құйылады
  Ет туралады
  Ет табаққа салынады
  Суға ет қайнатылады
  Көбігі алынады
  Нан салынады
  Ет пен нан қайнатылады
  Нан табаққа салынады
  «Бесбармақ» дайын

Көрініс: «Ас – адамның арқауы»

Көрініс:«Қымызханада»

ОРЫТЫНДЫ СӘТ

11. Бағалау, бата беру, мадақтау:

Практикалық сабақ 13.

1.Лексикалық тақырып:Жеке кәсіпкерлік. Шағын және орта бизнесі.Іскер адамдар.

2. Грамматикалық тақырып: Есімше

Грамматикалық анықтағыш:Есімше категориясының функцмоналдық қызметі. Есімшенің тәуелденуі. Есімшенің оңаша тәуелденуі. Есімшенің ортақ тәуелденуі.

1 тапсырма:Мұқият оқу

Жеке кәсіпкерлік — азаматтардың өз атынан мүліктік жауапкершілікке негізделе отырып жүзеге асыратын дербес бастамалық қызметі. Жеке кәсіпкер, әдетте, кәсіпорынды өзінің меншікті капиталымен қаржыландырады, барлық тәуекелді өзінің мойнына алады және осы қызметке байланысты өзінің міндеттемелері бойынша барлық мүлкімен жауап береді. Жеке кәсіпкерлік жалдамалы еңбекті пайдаланып, не пайдаланбай жүзеге асыралады, сонымен қатар заң актілерімен шектелмеген шаруашылық қызметтің барлық түрін де жүргізеді.

Шағын бизнес — ешқандай монополистік бірлестікке кірмейтін және экономикада монополияға қатысты бағынышты рөл атқаратын жеке меншіктегі ұсақ және орта кәсіпорындардың қабылданған жиынтық атауы. Дамыған елдерде сыртқы экономикалық байланыстардың негізгі бөлігі Шағын бизнестің үлесіне тиеді. Елімізде 20 ғасырдың 90-жылдары белсенді түрде жүргізілген жекешелендіру үдерістері шағын кәсіпкерліктің қалыптасып дамуына жол ашты. Республикада Шағын бизнестің дамуы экономиканың ойдағыдай реформалануы көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

Іскер адам—өзінің сырт көрінісімен: қимыл-қозғалысы, жүріс-тұрысы, киім киісі, дауыс ырғағы, шешендігі, бірнеше тілді білетіндігі, адамгершілігі, байсалдылығы, батылдығы, бейімделгіштігі, еркіндігі, заманауи техниканы меңгергендігі, сонымен қатар тәртіпті және жоспар құра білетіндігімен ерекшеленеді.

Іскер адамның қимыл-қозғалысы, жүріс-тұрысы сенімді, салмақты болады. Сасқалақтап, бір отырып, бір тұрып жүгіріп жүрген жан біреуге ұнай қоюы екіталай.

Дресс код - іскер адамдардың басты белгілерінің бірі. Сондықтан көптеген белгілі фирмалар қызметкерлерінің дресс код сақтағанын талап етеді. Іскер костюмнің жүн, мақта сияқты бір тегіс табиғи матадан тігілгені дұрыс. Әйел адамдардың табиғи жібектен тігілген блуза, көйлек киюлеріне басшылары көбінесе қарсы бола бермейді.

2 тапсырма:

1) Жеке кәсіпкерлік мәтінінен есімшені табу.

2) Шағын бизнес мәтінінен етістіктерді табу

3) Іскерадаммәтінінен Ортақ етісті табу

Наши рекомендации