Жұмыссыздықтың көрсеткіштері, деңгейі
Осы уақытқа дейін біздің елімізде еңбек нарығы болмады. Мамандарды қайта дайындаудың тым қарапайым жүйесінің болуы – тұрғындарды толық, бірақ тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызды, өмір сүру ресурстарын бөлуде теңгермешілдікке жол берді, ал ол белгілі бір дәрежеде қоғамның өндіргіш күштерінің дамуын тежеді. Әкімшілдік - әміршілдік басқару жүйесі жағдайында мемлекет, жұмыспен толық қамту мәселесін өндіргіш күштерді орналастыру бағдарламасына сәйкес орталықтанған жоспар бойынша өндіріс салалары мен аймақтарына бөлу арқылы шешіп отырды. Жаңа жұмыс орындарын жасау еңбек етуге қабілеті бар тұрғындардың санына асып кетіп отырды, ал ол, өз кезегінде жұмыс күшінің тапшылығын тудырды. Бұл қардарлық интенсивті типтігі шаруашылық механизмінен қолдау тауып отырды: кәсіпорынның жалақы қоры жұмыскерлердің санынан тәуелді болды, олардың санының өзгеріп отыруы еңбек өнімділігінің төмендегінің және жұмыскерлерді өндірістегі негізгі жұмыстарынан ауыл шаруашылық және басқа жұмыстарға пайдаланудың орнын толтыруға тиіс еді.
Кадрларды тұрақтандыруда «жас маман» институты, белгілі бір кезеңге мерзімдік шартқа қол қою сияқты тікелей әдістер, тиісті жұмыс уақыты өтелгеннен кейін пәтер беруге уәде беру, бір кәсіпорында істеген үзіліссіз жұмыс стажын жоғалту қатері сияқты жанама әдістер де қолданылды. Өздерінің қабілетін толығырақ көрсетуге және лайықты өмір қалпын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жұмыс іздеу ұмтылысы – қалада төлқұжат тәртібі түрінде, елде керісінше колхозшыларға төлқұжат бермеу, жұмыстан шығуға кедергі жасау, пәтер алу қиындықтары сияқты әкімшілік механизмі кедергілеріне тірелетін. Бір орында ұзақ уақыт жұмыс істеу экономикалық тұрғыдан да және әлеуметтік тұрғыдан да ынталандырылды. Мысалы, американдықтар еңбек ететін өмірі бойына, орта есеппен 7,5 рет жұмысын ауыстырады. Жапонияда, бір бөлігі өмірлік жалдаумен қамтылған жұмысшылар 2,6 рет жұмысын ауыстырады екен. Батыс Европада бұл көрсеткіш Жапонияға қарағанда жоғары, бірақ АҚШ – тағыдан төмен. Бұл процесс, нарықтық принциптерге көшіп жатқан экономикаға тән көрініс. мысалы Финляндияда өндірісте және басқа салалада жұмыс істейтіндердің үштен бірі мамандықтарын ауыстырады немесе басқа жұмысқа ауысады.
Қазіргі таңда Қазақстанда жұмыспен қамтамасыз ету шамасы қандай? Біздің елде еңбек ресурстары және халықтың жалпы санының 55 процентін құрады. Халық шаруашылығы қызметінің салаларында 7,4 миллион адам жұмыспен қамтылған. Олардың 6 миллионға таяу ы немесе 81 проценті экономиканың мемлекеттік секторында жұмыс істейді. Бұл мемлекеттік кәсіпорындардың әлі басым екендігін, яғни нарық механизміне тән еңбекпен қамту қатынастарының қалыптасуы өте баяу жүріп жатқандығын көрсетеді.
Еңбекпен толық қамту дегеніміз, ол халық шаруашылығы көлемінде еңбекке деген қабілеті бар халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету. Ал тиімді еңбекпен қамту дегеніміз – қоғамдық қажеттіліктерді минималды еңбек шығындарымен қанағаттандыру.
Өндірісі дамыған батыс елдерінің тәжірибесі, тиімді еңбекпен қамту тек еңбек нарығы өмір сүрген жағдайда ғана болатындығын көрсетті.
Осы уақытқа дейін, біздің елде жұмыссыздық жоқ және бұның өзі ұлы жетістік деп есептелді. Еңбекпен қамту қызметіне жұмыс іздеп жүрген 185 мың адам өтініш білдірді оның 785 мыңы еңбек биржасы арқылы жұмысқа орналасты. Бірінші 5 мың адам жұмыссыз деп тіркелді, оның 75 проценті әйелдер болды. Ал ресми түрде 70,5 мың адам жұмыссыз деп тіркелді. олардың 54 проценті жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алды. Жұмыссыздардың 80 процентіне дейінгісі әйелдер, ал олардың жартысына жуығы 29 жасқа дейінгі жастар. Әрбір жұмыссыздың бесеуі – жоғары білімді, әрбір екеуі – орта кәсіпті маман, әрбір үшеуі – жалпыға бірдей орта білімді.
Қазақстанда тіркелген жұмыссыздардың саны 250-600 мың адам болуы мүмкін деп күтілуде. Сондықтан мемлекет, дүние жүзінде жинақталған тәжірибеге сүйене отырып бұл процесті реттеуді үйренуі қажет. Жұмыссыздықтың әлеуметтік және саяси өткірлігін азайту үшін соңғы 20 жыл бойына нарық қатынастары дамыған елдердің үкіметтері жұмыссыздарға жәрдем берудің әртүрлі жүйелерін қолдануда. Халықты еңбекпен қамтудың мемлекеттік реттеу механизмі оның хұқтық негізін жасауды, әртүрлі мамандандырылған мекемелердің, экономикалық тұтқалардың кең жүйесін қолдануды қажет етеді.
Жұмыссыздық дегеніміз – әлеуметтік-экономикалық құбылыс, осы құбылыс кезінде елдің экономикалық белсенді халқының бір бөлігі біршама уақыт не тұрақты жұмыссыз немесе жалақысыз болады.
Жұмыссыздық – экономикалық өсу жетістіктерінің адам дамуына ықпалын азайтатын құбылыс.
Біріншіден, ол адамдар мен үй шаруашылықтарының белгілі бір бөлігін (кейде едәуір көлемін) экономикалық әрекет жағдай жасайтын мүмкіндіктерге қол жеткізуден айырады. Олар үшін адам даму жағдайлары едәуір нашарлайды. Екіншіден, жұмыссыздық (әсіресе, ұзақ мерзімді, тоқыраулы) еңбек дағдыларын жоғалтуға, яғни жинақталған адам капиталынан айырылуға ұшыратады және осылыайша ол адам дамуына теріс ықпалын тигізеді. Үшіншіден, жұмыссыздық тек жеке адамдардың ғана емес, сонымен бірге жұмыссыздардың әл–ауқатының деңгейін қолдауға, мемлекетердің жұмыспен қамту жөніндегі түрлі бағдарламаларын іске асыруға байланысты елеулі әлеуметтік шығындарға ұшыратады, ал мұндай жағдай адам дамуына анағұрлым тиімді бағытталуы мүмкін ресурстарды қоғамнан оқшауландырады.
Сонымен, жұмыссыздық құбылысы қоғам үшін қазыналық жоғары шығындарды, адам капиталынан айырылуды, әлеуметтік саралардың күшеюін, жастар проблемасының шиеленісуін білдіреді. /3/.
III.Қорытынды
Қазақстан Республикасының статистика және сараптау комитеті ай сайын қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін анықтау мақсатында арнайы статистикалық бақылау және зерттеу жұмыстарын жүргізеді. «Қазақстан - 2030» ұзақ мерзімдік даму стратегиясында халықты әлеуметтік қорғау, жұмыссыздық пен кедейшілікті жою бірінші кезекте тұрған негізгі әлеуметтік мәселе ретінде атап көрсетілген. Статистикалық мәліметтер бойынша Қазақстанда 2007 жылы орташа табыс деңгейі 34 024 теңге болған және 2006 жылмен салыстырғанда 1,2 есе өскен. 2007 жылдың соңында (желтоқсан айы) орташа табыс деңгейі 13 195 теңгеге жеткен, бұл 2006 жылдың желтоқсан айындағы көрсеткіштен 15 % жоғары. 2006 ж. тұтыну шығындары орта есеппен 33 193 теңге болған екен. Бұл мәліметтер нені көрсетеді? Орташа табыс (2007 ж.) 34 024 теңге болса, оның 33 193 теңгесі тұтынуға және басқа төлемдерге шығындалған, яғни сақталған табыс деңгейі 831 теңгені құраған.
Жалпы 2000 – 2001 жылдары Қазақстанда жұмыспен қамтылғандардың саны өндірісте – 20 712 мың адамға, ауыл шаруашылығында – 287 мыңға, транспорт пен байланыс саласында – 68 мыңға, құрылыста – 747 мыңға өскен. Жұмыспен қамтамасыз ету саясаты жұмысқа орналастыру түрімен, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтамасыз ету тобына жататындар, кәсіптік дайындық және жұмыссыздарды еңбек нарығындағы сұранысқа байланысты қайта дайындық және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады. Мұның бәрі халықты жұмыспен қамтамасыз етуін реттеу механизімдері арқылы жүргізіледі.
Жұмыс күшіне сұраныс жұмыс күші жетіспейтін жұмыс орындарынан құралды жаңа жұмыс орындарының пайда болуы жұмысшылардың жұмыстан шығуынан болды. Жұмыс күшіне сұраныстың өсімі жұмыс орындарын толтыру үшін қосымша еңбек ресурстарын қажет етті.
Жұмыс күшінің ұсынысы мынадан тұрады: жұмыс іздеуші азаматтар, бірақ әлі таппағандар, ауысқан жұмыс іздеуші азаматтардың ішіндегі жұмыстан шыққандар және жұмысқа қайта оралушылар; бірінші рет іздеуші тұлға, ұзақ мерзімнен кейін өзінің еңбек қызметін жалғастырғысы келетіндер, жаңа қоныс аударғандар, оқушылар және студенттер, екінші жұмыспен қамтамасыз етушілер.
Жалпы ай сайын орташа есеппен еңбек нарығында жұмыспен қамтылмаған жұмыс күшінің ұсынысы 630 адамға бағаланған, сол кезде оған 2000-нан астам жұмыс орнына сұраныс болды.
Қаланың еңбек нарығын талдау жағдайында осы жарты жыл мен былтырғы жарты жыл 2007 жылмен салыстырғанда жұмыс іздеушілердің саны 24,1% өскен, яғни 4365 адам. Мұның бәрі тек Астана қаласының тұрғындарынан толып қана қоймай, сондай-ақ республикамыздың әр түкпірінен жұмыс іздеп
келетін азаматтардың санымен толығуда. Жалпы жылдың басында Астана қаласында 7488 адам жұмыс іздеу бойынша хабарласқан, соның ішінде 16 жастан 24-ке дейінгі жастар 30,5% құрайды, әйелдер 62,6%. Жұмыссыздардың негізгі тобын құрған тұлғалар, ол еңбек келісімін өзінің еркі бойынша бұзғандар және еңбек нарығын бірінші рет қалыптастырушылар және ұзақ мерзім бойы жұмыс істемеген жастар.
2008 жылдың бірінші каңтарында жұмыссыздардың 3251 адамы ресми тіркелген және экономикалық белсенді халықтың 1,2% үлесін құрайды.
Осы кезеңде жұмыссыздықпен күрес тұрақты және тізбекті қолданылуы ңақты шараларды талап етті.
Бос қызмет орындарының жәрменкесін өткізу тек кадрларды тағайындау ғана емес, сондай-ак еқбек рыногындағы жұмыс іздеп келушілер және жұмыс берушілерді бағдарлауға көмектеседі. Жұмыс берушілер жәрмеңкеде өздерінің қатысуларын өз кәсіпорынның сенімділігі мен дамуы, деп бағалайды. Сонымен, берілген талдамасы бойынша жұмысқа орналастыру көрсеткіші былтырғы жылмен салыстырғанда сол деңгейде қалды, жұмыс іздеп келгендердің саны 411 адамға өсті.
Халықты жұмыспен қамту аймақтық бағдар-амасымен қарастырылған жылдық көрсеткіш 102% орындалған.
Жұмысқа орналаса алмай қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды талап ететін адамдарды жұмыска орналастыру мақсатымен «Қала аумағында тұратын халықтың нысаналы тобын анықтау, оларды жұмыспен қамтуда жәрдемдесу және әлеуметтік қорғау бойынша шаралары туралы» қала әкімшілігі қаулы қабылдады. Аталған қаулыны басшылыққа ала отырып, халықтың нысаналы тобына жататын 450 адамның жұмысқа тұруына жәрдемдесу жоспары барысында департамент арқылы 519 азамат жұмысқа орналасты. Сондай-ақ кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін көтеру жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады, жұмыскерлердің мәнділігін және әлеуметтік қорғауын жүзеге асырады
Жұмыстан босатылатын қызметкерлер мен жұмыспен қамтылмаған халықтың жұмыссыз азаматтарын кәсіби оқыту мақсатында, еңбек рыногының болжамы мен жұмыс берушілердің жеке қажеттілігіне келісу негізінде оларға әр түрлі білім қызметтерін ұсыну арқылы жұмысқа орналастыру мақсатында бәсекеге жарамдылығын көтеру болып табылады.
2007 жылғы аймақтық бағдарламада қаралған есеп жоспарында жұмыссыздардың 950 кәсіптік оқуды қамту, жұмыссыздардың 1315 кәсіптік оқуға жіберілген, оның ішінде 138%, жұмыссыздардың 1237 оқуды аяқтады, 1080 адамы қала ұйымдарына жұмысқа орналасқан. Осы мақсатқа жергілікті бюджет есебінен 194111,3 мың теңге жұмсалды.
Кәсіби оқытуды ұйымдастыру серіктестік жөнінде екі жақтылық келісім
жасаған 12 білім ұйымдары арқылы өткізілді. Жұмыссыздарды кәсіптік даярлау, қайта даярлау жеке меншік кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыра отырып, сондай-ақ жалданып жұмыс істеуге мүмкіндік беретін 39 әр түрлі мамандықтар бойынша жүзеге асырылды. Ең беделі жоғары компьютерлік курстары, мамандықтары қажет болды: аспазшы, шаштараз, бухгалтер, автокөлік жүргізуші. Еңбек рыногында электрдәнекерлеуші, арматуршы, бетоншы, штукатур-әктеуші, электромонтер, т.б. осы сияқты талап еткен жұмыс мамандарына топтар жинақталған.
Сонымен қатар қоғамдық жұмыстардың әрі қарай дамуына уақытша жұмыс орындарын құру және жұмыссыз азаматтарды қосымша жалақымен қамтамасыз етуді болжайтын, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудің үлкен ресурсы салынған. Осыны есепке ала отырып, қала әкімшілігімен «Ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру туралы» қаулы қабылданды. Осы қаулыны жүзеге асыру белгілі бір нәтижелер берді. 2004 жылдың басынан бастап ақылы қоғамдық жұмыстарга 2042 адам хабарласты. Қоғамдық жұмыстарға 2042 адам қатысты, оның ішінен 1805 жұмыссыздар. Қоғамдық жұмысқа қатыскандардың 596 тұрақты жұмысқа орналасты. Аймақтық бағдарламада қарастырылған жылдық көрсеткіш 100%-ға орындалды.
III.ҚОРЫТЫНДЫ
Мен 23.01.17 - 11.02.17 аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының «Халықты жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар» басқармасында өндірістік өндірістік іс тәжірибеден өттім. Іс тәжірибе барысында көптеген тәжірибе жинақтадым. Құжаттармен жұмыс жасау, клиенттермеге әлеуметтік қызметті ұйымдастыру сияқты жұмыстарды меңгердім. Тәжірибе барысында мекеменің тарихымен, еңбек іс-тәжірибесімен, тәртіп ережелерімен танысып, жұмыстарына атсалыстым, жиналыстарына қатысып, сенбіліктерге, семинарлар ұйымдастыруға араластым және Облыстық жқмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына топ серуенге бардым, жұмыстарымен таныстым.мекеме қызметінде басшылыққа алынатын құқықтық нормативтік құжатпен таныстым, мекеменің функцияларын, құрылымын реттеуге, мекеменің бөлімшесінің құжаттарын жүргізуге, мұрағаттық жұмысқа атсалысып, мекеме ұжымымен және олардың атқарып отырған іс-жоспарын талдауға көмектестім. Жеке тапсырманы және ғылыми зерттеу жұмыс тақырыптары
бойынша ізденіс жұмыстарын жүргіздім. Жоспарларын түзіп, әдебиеттеріне талдау жасадым. Үйде әлеуметтік қызмет көрсету мекемесінің мүгедектері мен қарттарына көрсетілетін көмек түрін білдім.
Мекеменің жұмысының құқықтық негіздерін зерттеп, тарихына шолу жасадым.
Қорытындылай келе, өндірістік іс тәжірибе өз деңгейінде өтті деп ойлаймын.