Мемлекет және азаматтық қоғам

1) Мемлекеттің пайда болуы мен мәні

2) Мемлекеттің белгілері мен қызметтері

3) Азаматтық қоғам және және құқықтық мемлекет

3. Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет.

1.Мемлекет деген ұғым екі мағынада қолданылады: 1)кең мағынасында үлкен әлеуметтік топтың ұйымын білдіреді де «халық», «қоғам», «ел» деген ұғымдарға сәйкес келеді; 2) тар мағынасында басқару құрылымының, мемлекеттік ақпараттың жиынтығын білдіріп, «үкімет», «әкімшілік» деген ұғымдарға сай келеді. Саясаттануда екінші мағынасында пайдаланылады. Бұдан кейінгі жерлерде біз сол мағынасын ұсынамыз.

Мемлекет - саяси жүйенің басты элементі, оның негізгі ұйымы. Ол - керек кезінде арнаулы күштеу органдарын пайдалана отырып, өз аумағында тұратын адамдардың мүддесін қорғауға тиіс. Мемлекет алғашқы қауымдық қоғамда болған жоқ, ол құл иеленуішлік қоғамда дүниеге келді. Оның пайда болуы мен мәні жөнінде әр түрлі көзқарастар бар. Солардың ішінде ең кең тарағандары мыналар:

- теологиялық теория. Оның негізін салушылар А.Августин мен Ф.Аквинский мемлекеттщ пайда болуые құдайдың қүдыретімен түсіндіреді;

- патриархтық теория. Оның негізін салушы XVIII ғасырда өмір сүрген ағылшын ойшылы Роберт Филмер мемлекеттің пайда болуын рулардың тайпаға, тайпалардың одан үлкен қауымдастыққа, олардың одан әрі мемлекетке дейін бірігуінен деп санайды. Осыған ұқсас идеяны Аристотель де айтқан болатын.

- қоғамдық келісім теориясы (Т.Гоббс, Г.Гроций, Ж.Ж.Руссо) егеменді әмірші мен оның қол астындағы адамдардың келісімінің арқасында мемлекет пайда болды дейді;

- «зорлық жасау» теориясы (Е.Дюринг, Л.Гумплович, К.Каутский) бір елді екінші елдің басып алуының нәтижесінде арадағы қатынастарды реттеу үшін мемлекет пайда болды деп пайымдайды;

- географиялық теория (А.Ратцель, В.Соловьев, Б.Чичерин) мемлекеттің пайда болуы географиялық ортаның (ауа райы, жер бедері және т.б.) өзгешеліктерінен деп түсіндіреді;

- психологиялық теория адамдарға бағыну мен құлшылық ету қажеттігі мәңгі бақи тән болған дегенді айтады.

- марксистік теория мемлекеттің пайда болуын жеке меншік пен таптардың шығуымен байланыстырады.

Сонымен мемлекет дөп белгілі аумақ шеңберінде адамдардың әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бағалайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін айтамыз. Мемлекеттің бірнеше белгілері бар: аумақтық (территориялық) бөліну; ерекше өкімет аппараты;

мемлекеттің егемендігі; ашық күш қолдану, зорлықпен еріксіз көндіру; салық салу; мемлекеттің міндетті түрде мүшесі, азаматы болуы.

Мемлекеттің ішкі және сыртқы міндетті қызметтері болады. Мемлекеттің ең басты міндеті - қоғамның тұрақтылығын орнатып, қалыпты тіршілігіне жағдай жасау. Ол әр түрлі топтарға, жіктеуге бөлінген қоғамның бірлігін қамтамасыз етуге тиіс.

2. Мемлекеттің тұрпаты әр түрде көрініс беруі мүмкін. Мемлекеттің түрі деп оның ішкі құрылысын, ұйымдастырылуын және мемлекеттік биліктің жүзеге асырылу тәсілін айтады. Оның үш жағы бар: 1) басқару турі, 2) саяси тәртібі (режим), 3) мемлекеттік құрылысы. Басқару түрі жогарғы үкімет билігі кімнің қолында екендігін көрсетеді. Соган байланысты мемлекет монархиялық және республикалық болып екіге бөлінеді. Монархия деп - мемлекеттің жоғарғы үкімет билігі жеке - дара, бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мүра ретінде қалатын түрін айтады. Оны хан, патша, император, король деп атауы мүмкін. (Монарх мемлекет басшысы болған кезде оған сол елдің король, император, ұлы герцог, сияқты құрметті атағы бірге беріледі). Монархия өз кезегінде абсалюттік (шексіз) және конституциялық болып екіге бөлінеді. Республика деп мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір ауқытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер (парламент) арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрін айтады.Республика президенттік және парламенттік болып екіге бөлінеді. Мемлекет құрылысы орталық өкімет пен жергілікті биліктін міндеттер өрісінің арақатынасын білдіреді. Ол унитарлық, федеративтік және конфедеративтік болып үш түрге бөлінеді.

3. Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік – экономикалық және мәдени – рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады. Ол жеке тұлғаның емін – еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды.

Азаматтық қоғамда адамдардың экономикалық, саясижәне рухани өмірінің түрін еркін тандауына және жүзеге асыруына заң жүзінде кепілдік беріледі. Олар мемлекет тарапынан қатаң тәртіпке алынудан сенімді түрде қорғалады. Адамның жалпы құқықтары сақталады, бұзылмайды. Саяси өмірде азаматтық қоғам барлық азаматтарға мемлекеттік және қоғамдық істерге еркін қатынасуына жағдай жасайды. Адам құқығы биік дәрежеде сақталады. Барлық аазаматтар шын мәнінде мемлекеттік және қоғамдық істерде қатыса алады. Құқықтық мемлекет деп демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқығы жан – жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылысты айтады.

Қосымша тапсырма:

1. Сайлау жүйесі деп нені айтады.

2. Құқықтық мемлекеттің айырмашылығы неде.

Наши рекомендации