Описторхоз ауруы кезінде жүргізілетін ветинарлық – санитарлық шаралары.
Описторхоз - табиғи ошақгы антропозоонозды гельминтоз. Аурудың қоздырғышы адамның, иттің, мысықтың, кейбір терісі бағалы аңдардың-түлкі, көгілдір түлкі, бұлғын, дала күзені, қара күзен, су тышқаны – өт жолдары мен өт қалтасында, кейде ұйқы безі түтіктерін мекендейтін сорғыш кұрт- Оріstогсһos fеlіnеus. Бұл гельминт жабайы шошқада табылған. Лабораториялық жануарлардан қоян мен теңіз шошқасы да зақымданады. Аталған хайуанаттар мен адам трематоданың ақтық иелері болып саналады.
Қоздырғышы. Описторхтың ұзындығы 0,8-1,3 см, денесінің алдыңғы жағы сәл жіңішкелеу. Емізіктері жете дамымаған. Екі ені қурттың артқы жағында бір-біріне қиғаш орналасқан. Осы еркек жыныс бездерінің арасынан түтікше тәрізді қуықша (несеп шығару жүйесі) өтеді, денесінің орта бөлігін іші жұмыртқада толы жатыр алып жатады.
Өсіп-өнуі. Ақтық иесінің бауырындағы описторхтың ішінде мирацидийлері бар жұмыртқалары нәжіске араласып,сыртқы ортаға шығады. Олар өзен, көл суына енген жағдайда аралық иелері ұлулардың тек бір-ақ түрі - Віtһуnіа lеасһі – де ғана дамуың жалғастырады. Алдымен мирацидийден спороциста, кейіннен редий жөне церкарий сатылары пайда
болады. Екі айдай уақыт өтісімен церкарийлер бауыраяқгының денесін тастап шығып, судағы кұрттың қосымша иелері - тұқы тектес балықгардың қабыршақгары араларынан өтіп, олардың ет қабаттарына еніп жайласады.
Мұнда гельминт тез арада цистаға оранып алады да, 6 аптаның ішінде жүқпалы сатысы метацеркарийге айналады. Метацеркариймен залалданған балықган адам немесе етқоректілер описторхоз ауруын жүқгырады. Олардың
асқорыту жүйесіне түскен соң метацеркарийдің сыртқы қабығы еріп, жас трематодалар ішекген өт арнасы арқылы бауырдағы өт жолдарына жетіл, орналасып 3-4 апта өткен соң жыныстық мүшелері жетілгеи ересек соршштарға айналады.
Эпизоотологиясы. Битиния ұлуларыньщ негізгі биотоптары ағынсыз, баяу ағатын тайыз су жағалары, өсімдігі калың ескі арналар, өзектер, өзек салалары, сонымен қатар осындай сулар түқы тектес балықгарының да мекен жәй екенін ескерген жөн. Қауыпты балықгар қатарына ақкайраң,тарақ балық, торта, табан т.б. қосылады. Адам мен етқоректілер шала пісірілген, жеткіліксіз тұздалып, дұрыстап кептірілмеген балықгарды жегенде описторхоз дертіне шаддығады.
Кейбір мәліметтерге карағанда Казақстанда описторхоздың бірнеше табиғи ошақгары ашылған. Ертіс өзенінің алқабы гельминтоздың ірі ордасы екені анықгалды.
Табиғи ошақ санатына Карағанды су қоймасынан басталып, Қорғалжың көлдеріне дейін созылып жатқан Нұра өзені бойы жатады. Сондай-ақ Шідерті, Ырғыз, Торғай, Сарысу өзендері өңірлерінде трематодоздың табиғи ошақгары ұшырасып тұрады. Ғалымдардың анықгауынша республикамыздың алты облысында (Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Акмола,Қараға нды, Ақгөбе) описторхоздың табиғи ошақгары бар екені белгілі.
Аурудын өрбуі.Гельминтгердің бауырға тигізген өсерінен оның бір калыпты қызметі бұзылады; неғұрлым сорғыштьщ саны көбірек болса, солғұрлым дерттің асқынғаны байкалады. Өт жодцары жаракатганады, қабынады, бұлардың орнын дәнекер тоқыма басып, олардыңсемуіне өкеліп соқгырады. Өт жолында жиналған гельминттер эпителий торшаларын зақымдап, көптеп ыдырауына себеп болады. Құрттың улы заттары өсерінен бүкіл дене уланады.
Сырт белгілері айқын емес. Ит, мысықгың т.б. төбеті нашарлайды, көзге ілінетін кілегей кабықгар сарғыштанады, қарын тұсы ісінеді, іші катады немесе өтеді. Оң бүйіріндегі кабырға аралықгарын саусақпен басқанда мал ауырсынады.
Өлекседегі өзгерістер. Бауырдың көлемі ұлғайған, калыңдаған, өт жолдары айқьш көрінеді, бүжырланьш тұрады. Өт қалтасы үлкейіп созылып кетеді. Ағзаны кескен кезде патоморфологиялық өзгерістер тек кдна сорғыштар жайласкан жерде байкалады.
Анықтау.Трематодоздарды анықгайтынгельминто-овоскоп әдістерін қолданады.Описторхтың жұмыртқасы сопақ, көлем 0,26-0,030х0,01-0,015 мм, ақ сары түсті келеді.
Өлексенің бауырын тіліп, өт жолдарынан жөне өт қалтасынан кұрттарды іздестіреді.
Емдеу. Ет қорекгілерді гексахлорпараксилол және гексихолмен емдейді. Бірінші дөріні андарға 0,4-0,6 г/кг есебінде тартылған етке (фаршқа) қосып, оларға жеке-жеке немесе топтастырып жегізеді. Дөрілеу аддында оларды 18сағат бойы аш ұстайды. Кейде антгельминтикті аз мөлшерде (0,2-0,3 г/кг) екі күн қатар береді. Түлкі мен көгілдір түлкіні гексихолмен (0,2 г/кг тартылған етке қосып) 12-14 сағ.ашықтырып барып, бір кайтара дөрілейді. Ауруы асқынғандарға бұл препаратга 0,1 г/кг өлшемінде екі күн үзбей береді.
Сақтандыру. Описторхоз байқалған аң шаруашылықгарында сақгық дегельминтизация жүргізілуі тиіс. Төбет пен каншықгарды үйығудан бір ай бұрын және күшіктегеннен кейін дәрілейді, ал күшікгерін, егер гельминтоз белгілері байқала бастаса, емдік дегельминтизациядан өткізеді. Жыртқыштарға шикі немесе шала-шарпы пісіріліген, тұздалған балықгарды жегізуге тыйым салынады. Адам, ит, мысық жене т.б. әлжісінің суды былғауына жол бермеу керек. Балықшы кемелерінде тазалық сақгау шараларын мүқият сақтау қажет.
ОРЫТЫНДЫ
Бүгінгі таңда жануарлар арасында жұқпалы, жұқпалы емес аурулармен қатар паразитарлық аурулар жиі кездесуде. Соның ішінде ауыл шаруашылығы малдарының паразиттік (инвазиялық) аурулары шаруашылықты бірталай шығынға ұшыратып, жануарлардың өнімділігінің төмендеуіне әкеліп соқтыруда.
Эхиноккоз – жануарлар арасында кең таралған ауру. Осы аурулардан болатын зардап, мал өнімділігіне және өсуінің төмендеуіне, соның ішінде ет шығымын азайтып, оның биологиялық құндылығына әсерін тигізеді. Онымен қой, ешкі, сиыр, шошқа, сирегірек жылқылар ауырады да, құрттардың аралық иелері болып табылады. Басқа малмен салыстырғанда қой денесінде эхиноккоктың көпіршіктері пісіп – жетіліп, аурудың негізгі таратушылары иттерге жем болады.
Ауыл шаруашылық жануарларының осы аурумен зақымдануына жайылымға мал қораларына және азық сақтау орындарына ауру таратушы етқоректілердің бақылаусыз жүруімен түсіндіріледі. Сонымен қатар адамдар сойылған малдың зақымдалған ағзаларын тікелей итке тастағаннан болуы мүмкін. Бұл адамдар үшін де қауіпті ауру. Сол себепті, аталған дерттің уақытылы алдын алу тек жануарлар арасындағы ауру таралуының шектеу емес, адамдар арасында таралуына да жол бермеудің оң шешімі болмақ.
Описторхоз – бұл адамның, иттің, кейбір терісі бағалы аңдардың (түлкі, бұлғын, қара күзеннің) және шошқаның бауырдың зақымдануымен, сарғыш тартумен, арықтаумен, цирроздың пайда болуымен сипатталатын антропозоонозды, табиғи ошақты гельминтоз ауруы. Трематодалар адам мен жануарлардың өт жолдарында, өт қалтасында өмір сүреді.
Гельминтозға қарсы күресу шаралары алдын ала жоспарланып, кешенді түрде жүргізілуі керек. Ол әдістердің ішінде:
1. Жайылымдық сақтандыру, оның ішінде құрғақ жасанды жайылымдарды пайдалану, ылғалды гельминттердің аралық иелеріне жағымды жағдай тудыратын жайылымдарды пайдаланбау, жайылымдарды гельминттердің биологиясына қарай ауыстыру, төлдерді, ересек малдардан ұстап бағу;
2. Малдарды қорада ұстап – бағу. Бұл әдіспенен бейімді малдар мен гельминттердің арасындағы байланысы үзіледі.
3. Сыртқы ортаны гельминттердің сатыларынан зарарсыздандыру. Оның ішінде кіретін мал қораларында және жанындағы алаңдарда дезинвазия жасау; нәжісті биотермиялық әдіспен зарарсыздандыру; гельминттердің аралық иелерін жою.
4. Химиялық сақтандыру. Бұл әдістің маңыздылығы малдарға жеммен арнайы дәрі – дәрмектерді, антгельминтиктерді ұзақ мерзімде, аз мөлшерде беру.