Мемлекеттің экономиканы реттеу формалары мен әдістері.
Нарықты реттеу тәсілдері-бұл мемлекет пен мекемелердің ұдайы өндіріс процесінде мақсатты бағыт беру әдісін айтамыз. Ол нарық механизм қызметіне қалыпты жағдайды қамтамасыз етуге әсер етеді. Реттеуші субъетілеріне байланысты реттеу тәсілін шартты түрде былай класификациялаймыз: мемлекеттік және мемлекеттік емес, ол нарықтық тепе-теңдікке әсер ету әдісіне қарай – тікелей және жанама. Реттеудің тікелей тәсілі экономикалық процестің өзіне және оның параметріне өктем әсер етуәмен байланысты. Нарықты тікелей реттеу тәсіліне жиынтық сұраным төлем қабілеттілігінің қалып тасуы үшін және халық шаруашылығы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін орталықтан қолданатын әдістер жатады. Бұл жерде әңгіме жалпы мемлекеттің қызметі жайлы емес, мемлекеттің дұрыс әлеуметтік атмосфера жасауды қолдану тәсілі жайлы болып отыр. Ол нарық қызметінің тиімді жүзеге асуына ықпал жасайды. Бұл жағынан бәсекені дамыту үшін экономиканы монополиялау шараларына қатысты болса, екінші жағынан, төлем қабілеттілігі жағдайын сақтау үшін трғындарды әлеуметтік қорғау саясатын жүргізеді. Реттеудің жанама тәсілі негізінен адрессіз болғанмен, бірақ барлық шаруашылық субъектілерніне міндетті болады. Мемлекеттік реттеудің ең мағызды инструментіне мыналар жатады: 1)фискалды саясат- ол мемлекеттік бюджетпен байланысты қаржыны реттеуді қамтиды.2) ақша-несие саясаты. Мемлекет нарықты салалық және аймақтық мәселелерді шешу үшін арнайы мемлекеттік бағдарлама негізніде мақсаттық жеңіл несие береді. Несиені реттеудің төмендегідей түрлері жиі қолданылады:экономикалық банктің есептеу ставкасының өзгеуі; ашық нарықтағы операция. 3) баға мен абысты реттеу саясаты. Фискалды және несие саясаты тәсілдері көбінесе баға мен табыстарды реттеуде тиімсіз құрал болып қалады. Сондықтан мемлекет көбірек тікелей құралға жүгінеді. 4) әлеуметтік саясат өзіне табысты индексациялау төменгі өмір сүру деңгейін бекітуді қоса отырып, қоғамдағы кедей тпқа көмек көрсету бағдарламасын жүзеге асыруға күш салады. Оларды қарқынды инфляция салдарынан қорғауға көмектеседі.5) сырқы экономикалық реттеуге мыналар жатады: мемелекеттің сауда саясаты, валюталық курсты басқару, сыртқы сауда тарифтер жүйесі, квота, лицензия. Осы мақсатқа мемлекет баға мен табыстың өсуіне максимальді шектеуді белгілеп, кейде оны уақытша ұлғафын тоқтатады.6) әкімшілік реттеу әт түрлі бақылау шараларын жүзеге асырады. Олар арнайы кейбір оқшауланған салаларға байланысты қолданылады.7) қысқа мерзімді реттеу ұдайы өндіріске сондай мақсатпен әсер етеді, себебі бірнеше айдың ішінде нәтиже алуы керек.Алдына қойған мақсаты экономикалық циклдық ағымдағы фазасының іс-әрекетін өзгертуге әрекет жасау.
Мемлекеттік реттеудің кейнстік және монетарлық үлгілері.
Монетаризм-экономикалық концепция, бұл макроэкономикалық талдаудың негізгі құралы ретінде, айналымдағы ақшаны қарастырады. Монетаризм XX ғ 50 жылдарында пайда болды. Оның мәні екі түрлі тезиске келеді:ақша экономикада басты рөлді ойнайды; орталық банк ақша ұсынысына,яғни айналымдағы ақша санына әсер етеді.Қазіргі заманғы монетаризмге ақшаның кейнсиандық және неокейнсиандық бәсекелес теориялары бар. Кейнстік теория ақшаға сұранысты анықтау үшін экономикалық тұлға тетіктеріне сүйенеді, яғни ол тұлға байлығының бір бөлігін ликвитті ақшалай актив нысанында сақтауғы ықпал жатпайды. Монетаризм мен кейнстік теориясының арасындағы негізгі айырмашылық келесіде болады: мемлекеттің реттеуші рөліне сүйенетін кейнстік теориядан айырмашылығы монетаристтер ескі классикалық мектепке жақын тұрады және ақша массасын реттеуге мемлекеттің араласуына қарсы пікір айтады. Кейнсиандық ілім жорамалы бойынша, ақша ұсынысының өзгеруі проценттік мөлшердің өзгеруіне әкеліп, содан кейін – инвестициялық сұраныс және тек мультипликатор арқылы номиналды ЖҰӨ өзгеруіне әкеледі. Монетарлық бағдар бойынша, ұзақ мерзімді саясатты мемлекет негізделген тұрақты түрде ақша массасының өсуін қамтамасыз етіп отырады. Монетарлық бағдардың кейнсиандық ілімдерден пікір айырмашылығы: ақша ұсынысының өсуі негативті салдарға әкеліп соқтырады. Егер ақша ұсынысы өссе, сұраныс төмендейді, бұл ақша ұсынысының өсуіне әсер етпейді. Нәтижесінде экономика «ликвидті қақпанға» түсіп, ақша санымен номиналды ЖҰӨ арасындағы байланыстың себеп-салдарлы шынжыры үзіледі.Сондықтан кейнсиансттердің монетаристерден айырмашылығы, кейнсианистер экономикалық тұрақтылығының негізгі құралы ақша емес – фискальді саясат деп есептейді.