Р жекешелендіру: кезеңдері, формалары, әдістері, мәселелері

Адамзат қоғамының даму тарихында меншіктің әр түрлі типтері белгілі. Ерте дүниенің өзінде ұжымдық, жеке еңбектік және мемлекеттік меншік түрлері қалыптаса бастады. Олардың ең бастылары: жеке және мемлекеттік меншік болып саналады.

Жеке меншіктің дамуы XIX – ғасырдың екінші жартысының ортасына дейін жүзеге асты. Жеке меншіктің дамуы еркін бәсекенің дамуына, кәсіпкерлердің тиімділігін көтеруге, тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға итермелейді.

Нарықтық экономикаға көшу меншік қатынастарын өзгертугі талап етеді. Меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру нарыққа көшу барысындағы өте күрделі, маңызды мәселе. Орталықтандырылған мемлекеттік экономиканы аралас экономикаға көшіру мәселесі мемлекеттік тікелей басқарудан құтылып, бәсекені дамытуды қарастырады.

Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру – бұл нарыққа бет алған шаруашылық құралдарын дамуына қажет жағдайларды қамтамасыз етуді, тиімді және жауапты меншік иелерін қалыптастыруды, нақты бәсеке ортаны қалыптастыруды қамтамасыз етуге тиіс. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің формалары әр қилы.

Жекешелендіру – меншік құқығын азаматтарға немесе меншіктің мемлекеттік нысаны қағидасында өндіріс жүргізуші, жеке тұлға беру үдерісі. Жекешелендіру экономиканы қайта құрудың соңғы мақсаты болып табылмайды – бұл тек меншік қатнастарын қайта құрудың әдісі

Жекешелендірудің тәсілдері

1. Аукционда байқау бойынша сату және сатып алу. 2. Кәсіпорын капита-лының үлесін сату (акцияларды) 3. Жалға берілген кәсіпорынның мүлкін сатып алу.  

Қазақстан Республикасында жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесі «Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алудың Ұлттық бағдарламасына» сәйкес жүргізіледі. Жекешелендіру үш негізгі бағытта жүргізіледі.

1.Кіші жекешелендіру – еңбеккерлердің саны 200 адамға дейін.

2.Жаппай жекешелендіру – орташа және ірі кәсіпорындар (200-500 адам) және халыққа жекешелендіру купондарының бөлінуіне негізделді.

3.Жеке жобалық жекешелендіру – ірі кәсіпорындар мен мемлекеттің ерекше маңызды кәсіпорындары.

Қазақстан республикасындағы жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесін 4 кезеңге бөлуге болады:

1. 1. 1991-1992 ж.ж.- мемлекет меншігінің реформасы кең көлемде нарықтық экономикаға көшуге жағдай жасау үшін жүргізілді. Бұл кезде мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу жекешелендіру жүзеге асырыла бастады. Негізгі мақсат өндірістік қатынастардың жаңа түрін қалыптастыру, меншік иелерінің жаңа тобын құру. Мемлекеттік меншікті азаматтарға бағалы қағаз түрінде мүлкін бөліп беруді көздеді. Бұл кезде ашық аукциондар мен конкурстар арқылы шағын, орта кәсіпорындар жекешелендірді.

2. 2. 1993-1995 ж.ж. – мемлекет иелігіндегі мүлікті халыққа қайтару арқылы нарыққа көшу жағдайын жасауы. Бұл кезеңде шағын және жаппай жекешелендіру жүргізілді. Мұндағы негізгі мақсат нарықтық экономикаға өту жағдайын қалыптастыру, мемлекет иелігінен алу барысында әлеуметтік әділеттілікті сақтауға, жекешелендірудің тәртіппен, мемлекеттің бақылаумен жузеге асуын қамтамасыз ету. Жекешелендірудің әртүрлі бағыт бөлімінде халықтың меншік деген құқығы инвестиция тарту, оның ішінде шетелдік инвестицияларды мүмкіндігі жүзеге асуына жағдай жасалды.

3. 3. 1996-1998 ж.ж. экономикадағы жеке сектордың басымдылығымен қатар мемлекеттің халыққа мүлікті қайтаруының аяқталуы. Бұл кезеңде басты мақсат жекешелендіру саясатын аяқтау, экономикадағы жеке меншік үлесін арттыруы және тұрақтандыру, осыған байланысты жаппай жекешелендірумен бірге жекелеген жобалар бойынша жекешелендіру жүргізілді.

4. 4. 1999-2000 ж.ж. – мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендіру заңдылық негізін жетілдіру және басқарудың тиімділігін көтеру. Мемлекеттік үлеске қатысы бар кәсіпорындар белгіленді.

Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің негізгі мақсаты мынада:

— шаруашылық субъектілерінің тиімді түрі ретінде жеке меншік топтарын қалыптастыру;

— бәсекелестік ортаны қалыптастыру арқылы, өндірісті монополиясыздандыруды қамтамасыз ету;

— шағын және орта бизнесты дамыту;

— жеке бизнес басымырақ ұйымдық шаруашылық құрылымды қалыптастыру;

Тақырып № 23

Макроэкономика-ұлттық экономиканың негізі

1.Макроэкономика дегеніміз- ұлттық өндіріс көлеміндегі күрделі мәселелерді зерттейтін экономиканың күрделі бөлімі. Макроэкономика баға мен жалпы жұмыссыздықтың деңгейін, жалпы тұтыну мен инвестицияларды, жиынтық сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысын және ұлттық экономика жағдайының өзгеру заңдылықтарын қарастырады.

Макроэкономика ілімі ХХ ғасырдың 30-шы жылдары өз алдына экономика ілімінен бөлініп шықты. Бұл бөлімнің Дж. Мейнард Кейнс қалады. Ол 1936 жылы “Жұмысқа тарту, процент және ақшаның жалпы теориясы” деген еңбегін жазады. Өз еңбегінде ол тұтыну мен өндіріс көлемі, инвестицияның өсуі мен кемуі арасындағы байланысты, мемлекеттің экономикаға араласуын қарастырады. Кейнс мектебінің экономистері ақша-несие саясатын қолдану арқылы ақша ұсынысына бақылау жүргізуге болатынын дәлелдеді.

Макроэкономикалық көзқарас бойынша ұлттық шаруашылық 4 экономикалық субьектіні қарастырады:

1) үй шаруашылығы секторы;

2) кәсіпкерлік сектор;

3) мемлекеттік сектор;

4) шекарадан тыс шетелдік сектор.

Үй шарушылығы дегеніміз- өз қажеттіктерін қанағаттандыруға бағытталған елдің ішіндегі шаруашылық ұяшықтары. Оның экономикалық белсенділігі өндіріс факторларын ұынғанда көрінеді.

Кәсіпкерлік сектор дегеніміз - елдің ішінде тіркелген барлық фирмалардың жиынтығы. Оның эконмикалық белсенділігі өндіріс факторларына сұраныс тудырғанда, игіліктерді ұсыну және инвестициялауға байланысты.

Мемлекеттік сектор дегеніміз - барлық мемлекеттік институттар мен бөлімшелердің жиынтығы. Оның экономикалық белсенділігі сатып алу, салық салу және ақшаны ұсынудан көрінеді.

Шетелдік сектор дегеніміз - елдің шекарасынан тыс жерде тұрақты орналасқан экономикалық агент, сонымен қатар шетелдік мемлекеттік институттар. Оның экономикалық белсенділігі өзара тауар, қызмет, капитал және валюта айырбасынан көрінеді.

2. Макроэкономикалық көрсеткіштерге жататындар:

а) Ұлттық байлық- қазіргі таңда қоғамның қолында бар тарихи дамуда қорға айналған игіліктер, тұтыну құндарының жиынтығы (өндірістік қорлар, әлеуметтік инфрақұрылым, рухани байлықтар, ақпараттық ресурстар, тарихи, мәдени, әдеби құндылықтар).

ә) Жиынтық қоғамдық өнім дегеніміз- 1 жылда материалдық өндірісте өндірілген өнім мен еңбек заттарының қайталанған есебінің жиынтығы.

Тақырып № 24

Наши рекомендации