Йымның қаржы-шаруашылық қызметін, өнімді өндіру және сату шығындарын басқару
«Барлау Өндіру «ҚазМұнайГаз» Акционерлік қоғамы көмірсутектері шикізатын барлау, өңдеу, өндіру, қайта өңдеу және экспорттаумен айналысады. Мұнай газ объектілердің негізгі қызметі Батыс Қазақстанның Каспий маңындағы және Маңғыстау бассейндерінде жүргізіледі. Компанияның тікелей негізгі акционері мемлекеттің мүдделерін Қазақстанның мұнай газ өнеркәсібінде ұсынатын және 2014 жылы желтоқсанның 31 күні жағдайы бойынша Компанияның айналыстағы 56,77% акциясын иеленетін «Ұлттық Компания «ҚазМұнайГаз» АҚ (ҚМГ ҰК) болып табылады. 2014 жылдың маусым айынан «Самрұқ» мемлекеттік активтерді басқару бойынша Қазақстандық холдинг» АҚ «Ұлттық Компания «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның 100% акциясын иеленеді. Өз кезегіне, «Самрұқ» мемлекеттік активтерді басқару бойынша Қазақстандық холдинг» АҚ-ның 100% акциясы Қазақстан Республиксы Үкіметінің меншігі болып табылады.
Компания өз қызметін «ӨзенМұнайГаз» (ӨМГ) және «ЭмбаМұнайГаз» (ЭМГ) өндірістік бөлімдері арқылы іске асырады. Компания 44 мұнай және газ кенішін өндіреді, оның ішінде «ӨзенМұнайГаз» өндірістік бөлімінде – 7, «ЭмбаМұнайГаз» өндірістік бөлімінде – 37.
Кесте 2. «Барлау Өндіру «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамының негізгі қызметін бейнелейтін техникалық экономикалық көрсеткіштер
Көрсеткіштер | 2012ж | 2013ж | 2014ж | өзгерісі(+/-) | |
2012/2014 | 2013/2014 | ||||
1. Мұнай өндіру көлемі, млн. тонна | 8,35 | 9,34 | 9,53 | 0,99 | 0,19 |
2. Мұнай өткізу көлемі, мың тонна | 9.15 | 9.222 | 9.290 | 0.072 | 0.0068 |
3. Өнімді өткізуден түскен табыс, мың теңге |
2 кестенің жалғасы
4. Өткізілген өнімнің өзіндік құны, мың теңге | -12503847 | ||||
5. Жалпы табыс, мың теңге | |||||
6. Кезең шығындары, мың теңге | -12503847 | ||||
7. Негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны, мың теңге | |||||
8. Айналым қорларының орташа жылдық құны, мың теңге | |||||
9. Еңбекақы қоры, мың теңге | |||||
10. 1 тонна мұнайды өткізу бағасы, теңге | 28358412,97 | ||||
11. 1 тонна мұнайдың өзіндік құны, теңге | 177351,2 | 22450,003 | 20939,73 | -154901 | -1510,3 |
12. Таза табыс, мың теңге | |||||
13. Негізгі қызметтен табыстылық, % | 30,10926068 | 40,972614 | 52,70012961 | 10,8634 | 11,7275 |
14. Өткізілген өнімнің табыстылығы, % | 43,99286817 | 69,045911 | 111,6711811 | 25,053 | 42,6253 |
Ескертпе – 2012-2014 жылдар аралығында «Барлау Өндіру ҚазМұнайГаз» АҚ қаржылық есептемесінен алынды.
3 кесте мәліметтері бойынша бірдей көрсеткішке 2013 жылға 102 % құрап, Компания 9,53 миллион тонна мұнай өндіріп, 2014 жылға белгіленген өндірістік көрсеткіштерді орындауға жетті. Барлық өндірілген мұнайдың 6,73 млн. тоннасы ӨМГ-де өндірілсе, 2,8 млн. тоннасы ЭМГ-де өндірілген.
Кесте 3. Шикі мұнайдың өндірісі, миллион тоннада
Өндіретін бөлім | 2013ж | 2014ж | % |
ӨзенМұнайГаз | 6,55 | 6,73 | |
ЭмбаМұнайГаз | 2,79 | 2,80 | |
Барлығы | 9,34 | 9,53 |
Ескертпе – 2013-2014 жылдар аралығында «Барлау Өндіру ҚазМұнайГаз» АҚ қаржылық есептемесінен алынды.
2012 жылдың 1 қаңтар күні жағдайына Компанияның мұнай ұңғымаларының пайдалану қоры 5865 ұңғыма құрайды, басқаұңғымалар – 1693. Ұңғымалардың қызмет етпейтін қоры 1,7 %-ға дейін төмендеді (осы көрсеткіш 2013 жылы – 2,0 %).
Компания кеніштерінің негізгі бөлігі жоғары сулылығыжәне мұнай өндірудің жыл сайынғы төмендеуімен сипатталатын өңдеудің кешкі сатысында. Өндірудің табиғи төмендеуін толықтыру мақсатында және сонымен қатар 2014 жылға мұнай өндірудің жоспарланған көлемін қамтамасыз ету үшін Компания пайдаланушылық бұрғылау, ұңғымаларды жөндеу, мұнай өндіруді күшейту, сонымен қатар екінші стволдың кесіндісі бойынша шаралар жүргізді.
Есепті кезеңде 221 пайдаланылатын ұңғымалардың құрылысы жүргізілді, осы кезде жаңа ұңғымаларды енгізуден мұнай өндіру 279700 тонна құрады. 2014 жылы 1361 ұңғыма жөнделді, жөндеу бойынша өткізілген жұмыстардың нәтижесінде қосымша өндіру 558000 тонна мұнай құрады. Жыл ішінде екінші стволдың кесіндісі жүргізіліп, нәтижесінде қосымша өндіріс 17100 тонна мұнай құрады.
2014 жылы Компания келесі кеніштерде/блоктарда барлау жүргізді: Тайсойған (Уаз, Қондыбай), Р-9 (Қойқара, Дүйсеке-Солтүстік, Құлсары Солтүстік-Батыс) және Өзен мен Қарамандыбас кеніштері маңындағы территорияларда, сонымен қатар С.Нұржанов, Ақінген (оңтүстік), Батыс Прорвасы, Өзен (Шығыс Пасмұрын) және Қарамандыбас.
2014 жылы 10 барлау ұңғымаларының құрылысы аяқталды. Қондыбай 8, Уаз 15, 16, С.Нұржанов 501, Ақінген 1-А және Өзен-6244 табысты ұңғымалар болып табылады.
2012 жылы шикі мұнай өндірісі шамамен 2014 жылғы деңгейде қалып, 9,5 миллион тоннаға жетеді деп күтілуде. 2012 жылыға мұнай өндірісінің жоспарланған деңгейін қамтамасыз ету үшін 175 өндіруші ұңғымаларды барлау қарастырылған, сонымен қатар бар ұңғымаларды жөндеу, қызмет етпейтін ұңғымаларды жөндеу бойынша шаралар қарастырылған.
2012 жылы Компания барлауды орнату үшін перспективті блоктардың геологиялық құрамын нақтылау мақсатында геологиялық барлау жұмыстарының кең көлемін жоспарлап отыр. Соның ішінде Компания Р-9, Тайсойған, Лиман және Өзен мен Қарамандыбас кеніштерінің маңындағы территорияларда барлау жұмыстарын жоспарлаған.
2012 жылы Компанияның кассалық әдіспен есептелген капиталды шығыстары шамамен 39,8 миллиард теңге құрады деп күтілуде.
Компанияның жарғылық капиталы 2012 жылы 11761130 мың теңге құраса, 2013 жылы 11792208 мың теңге, 2014 жылы 259276481 мың теңге құрады.
Есепті 2014 жылы Компанияның операциялық қызметінің нәтижелері мен қаржылық жағдайына әсер ететін негізгі факторларға шикі мұнай бағасының динамикасы, валюталық бағамдардың ауытқулары, соның ішінде теңгенің АҚШ долларына айырбас бағамы мен елдегі инфляция қарқыны жатады.
Шикі мұнайды сату Компания табысының негізгі көзі болып табылады. Компанияның бизнесі, болашағы, қаржылық жағдайы мен қаржы-экономикалық қызметінің нәтижелері көбіне мұнай бағасына тәуелді. Өткен кезеңдерде мұнай бағалары өзгерістің жоғары деңгейін бейнеледі. Компанияның табыстары мен таза пайдасы шикі мұнай бағасының мұнайдың әлемдік бағалары 2001 жылдан бастап қатты өссе де, бұл өсім, сонымен қатар қазіргі баға сақталады деген кепілдік жоқ. Мұнайдың бағасының болашақта кез келген төмендеуі Компанияның бизнесіне, болашағына, қаржылық жағдайы мен қызметінің нәтижелеріне жағымсыз әсер етуі мүмкін.
4 кесте мәліметтері бойынша Brent мұнайының бағалары 2013 жылмен салыстырғанда 1 баррельге 12 АҚШ долларына көтеріліп, 2014 жылы орташа алғанда 1 баррельге 65,14 АҚШ долларын құрады.
Кесте 4. Мұнай бағалары
Көрсетілген жылға орташа баға | 2013 ж.(АҚШ доллары/баррель) | 2014 ж.(АҚШ доллары/баррель) |
Brent | 54,38 | 65,14 |
КТК қоспасы | 53,50 | 65,23 |
Urals | 60,99 | 50,52 |
Ескертпе – 2013-2014 жылдар аралығында «Барлау Өндіру ҚазМұнайГаз» АҚ қаржылық есептемесінен алынды.
Компания табыстары мен қарыздарының көп бөлігі АҚШ долларында бейнеленсе, операциялық шығындарының көбі теңгеде бейнеленді. Компания қызметінің нәтижелеріне валюталық бағамдардың ауытқуының әсер етуі Компанияның таза валюталық бағытына, сонымен қатар мұндай ауытқулардың көлемі мен бағытына тәуелді.
Берілген жылдарға тұтынушы бағалардың индексі (ТБИ) бойынша өлшенген теңге/АҚШ долларының айырбас бағамы мен елдегі инфляция қарқыны 5 кестеде берілген.
Кесте 5. ТБИ бойынша өлшенген теңге/АҚШ долларының орташа айырбас бағамы
2013ж | 2014ж | |
Теңге/АҚШ долларының орташа айырбас бағамы | 132,88 | 126,09 |
ТБИ | 7,6% | 8,4% |
Ескертпе – 2013-2014 жылдар аралығында «Барлау Өндіру ҚазМұнайГаз» АҚ қаржылық есептемесінен алынды.
АҚШ долларына қатысты теңге 2013 жылы орташа132,88 теңге/АҚШ долларынын 2014 жылы орташа 126,09 теңге/АҚШ долларына дейін өзгерді. ТБИ 2013 жылғы 7,6%-мен салыстырғанда 2014 жылы 8,4% деңгейіне дейін жетті. 2014 жылы теңгенің револьвациясы шикі мұнай бағаларының көтерілуінің және жағымды эффектісін және Комапанияның теңгеде деноменацияланған табысын төмендетті. Бұдан басқа, Компания шығындарының көп бөлігі елдегі инфляцияның әсер етуіне бейім және бұл жағдай инфляцияға байланысты Компания табыстарының артуын өтемеуі мүмкін.
2012 жылдың басынан 1 баррель бағасы шамамен 10 АҚШ долларына төмендеуінен және 1 баррельге 50 АҚШ доллары белгісі шыққаннан кейін Brent мұнайының бағасы өсіп, ақпан айында бұл марканың мұнайы шамамен 1 баррельге 60 АҚШ доллары деңгейінде сатылды. 2012 жылы шикі мұнай бағалары бірқатар факторлармен анықталатын тұрақсыздықты сақтайды деп күтілуде.
2012 жылдың алғашқы екі айында теңге АҚШ долларына қатысты тұрақтанды және осы кезеңде орташа бағамы 125,27 теңге/АҚШ долларын құрап, 2014 жылғы орташа бағаммен (126,09 теңге/АҚШ доллары) салыстырғанда 0,82 теңгеден астам револьвация орын алды. Үкіметтің болжамдары бойынша теңге/АҚШ долларының айырбас бағамы төмендеуді жалғастырады.
ТБИ 2014 жылғы қаңтар және ақпан айларында 0,9% және 2,4%-ға өскенімен салыстырғанда 2012 жылдың осы айларында 1,1% және 1,9%-а өсті. ҚР Ұлттық банкісінің болжамдары бойынша 2012 жылдың қорытындылары бойынша ТБИ 7,3%-8,3% аралығында болады.
Компания көліктік тарифтер, мұнай өндіру, қаржылық және еңбек ресурстары сияқты қызмет аспектілерінде маңызды өзгерістерді күтпейді.
Компания өндірілетін мұнайды үш негізгі бағыттар бойынша жеткізеді: Каспийлік Құбыр Консорциумы (Каспийский Трубопроводный Консорциум (КТК)) және Өзен-Атырау-Самара (ӨАС) құбырлары бойынша экспортқа және 6 кестеде көрсетілгендей ішкі нарыққа:
Кесте 6. «Барлау Өндіру «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның мұнайды жеткізуінің негізгі бағыттары
2013ж | 2014ж | |
КТК арқылы экспорт | ||
Шикі мұнай көлемі (млн. тонна) | 1,5 | 1,7 |
шикі мұнайды сатудың жалпы көлемінен % | 17 % | 18 % |
мұнай және өңдеу өнімдерін сатудан жалпы түсім % | 22 % | 23 % |
ӨАС арқылы экспорт | ||
Шикі мұнай көлемі (млн. тонна) | 5,0 | 5,1 |
шикі мұнайды сатудың жалпы көлемінен % | 54 % | 55 % |
мұнай және өңдеу өнімдерін сатудан жалпы түсім % | 66 % | 66 % |
Басқалар | ||
Шикі мұнай көлемі (млн. тонна) | 2,7 | 2,5 |
шикі мұнайды сатудың жалпы көлемінен % | 29 % | 27 % |
мұнай және өңдеу өнімдерін сатудан жалпы түсім % | 12 % | 11 % |
Ескертпе – 2012-2014 жылдар аралығында «Барлау Өндіру ҚазМұнайГаз» АҚ қаржылық есептемесінен алынды.
Компания мұнайды ҚазТрансОйл АҚ-ның құбыры ӨАС және КТК-ның құбыры арқылы экспорттайды. Бұл екі экспорттық бағыттың салыстырмалы табыстылығы Компания жүктейтін мұнайдың сапасына, халықаралық нарықтағы бағаларға және қолданылатын құбырлық тарифтерге тәуелді.
7 кестеде 2013-2014 жылдарға сату көлемдері мен өткізу бағалары туралы мәліметтер берілген.
2014 жылы ӨАС құбырлары арқылы экспорттық және ішкі жеткізулердің сомалық көлемдері тұрақты болып қалды. Осы уақытта КТК құбырлары арқылы экспорттық көлемдер артты. 2014 жылы ӨАС құбыры арқылы шикі мұнайды сатудан түсім 39,6 миллиард теңгеге немесе 17,5%-ға өсті. 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылғы түсімнің жоғарылауы өткізу көлемі мен бағалардың өсімімен түсіндіріледі.
Кесте 7. Сату көлемдері мен өткізу бағалары
Көрсеткіштер | 2013ж.,басқаша көрсетілмесе, мың теңгемен | 2014ж., басқаша көрсетілмесе, мың теңгемен |
Шикі мұнайды экспорттық сатурлар | ||
ӨАС құбыры | ||
Өткізу | ||
Көлем (мың тонна) | ||
Орташа баға (1 тоннаға теңге) | ||
Орташа баға (АҚШ доллар/баррель) | 44,66 | 57,57 |
КТК құбыры | ||
Өткізу | ||
Көлем (мың тонна) | ||
Орташа баға (1 тоннаға теңге) | ||
Орташа баға (АҚШ доллар/баррель) | 51,30 | 61,32 |
Шикі мұнайдың экспорты барлығы | ||
Шикі мұнай мен өңдеу өнімдерінің басқа сатулары | ||
Ішкі нарықта шикі мұнай мен өңдеу өнімдерін өткізу | ||
Көлем (мың тонна) | ||
Орташа баға (1 тоннаға теңге) | ||
Орташа баға (АҚШ доллар/баррель) | 15,38 | 19,22 |
Ішкі нарықта өткізу барлығы | ||
Шикі мұнай мен өңдеу өнімдерінің Сомалық сатулары | ||
Шикі мұнай мен өңдеу өнімдерін өткізу | ||
Сомалық көлем (мың тонна) | ||
Орташа баға (1 тоннаға теңге) | ||
Орташа баға (АҚШ долл./барр.) | 38,21 | 46,99 |
Басқа сатулар | ||
Табыс барлығы |
Ескертпе – 2012-2014 жылдар аралығында «Барлау Өндіру ҚазМұнайГаз» АҚ қаржылық есептемесінен алынды.
2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы КТК құбыры арқылы мұнайды сату 17,3 миллиард теңгеге немесе 22,9%-ға өсті. Түсімнің артуы өткізу көлемдері және бағалармен байланысты.
Өткен жылмен салыстырғанда 2014 жылы ішкі нарықта шикі мұнай мен өңдеу өнімдерінің басқа сатулар 4,3 миллиард теңгеге немесе 10,7%-ға өсті. 2014 жылы ішкі нарықта мұнай және өңдеу өнімдерін жеткізу көлемдері 182 мың тоннаға төмендесе де, 1 тоннаға орташа бағалар 2013 жылғы 14780 теңгеден 17525 теңгеге дейін өсіп, сатудан түсімнің 40,4 миллиард теңгеде 44,7 миллиард теңгеге дейін артқанына әкелді.
Компанияның операциялық шығындары мұнай өндіру құнымен байланысты. 9 кестеде Компания операциялық шығындарының құрамы берілген.
Кесте 9. Операциялық шығындар
Көрсеткіштер | 2014ж. | 2013ж. | 2013ж. түзетілген | Өзгеріс |
(мың теңге) | ||||
Көлік шығындары | ||||
Жұмысшыларға төлемдер | ||||
Тозу, амортизация | ||||
Жөндеу және қызмет көрсету | ||||
Роялти | ||||
Шикізаттар мен материалдар | (5878480) | |||
Басқа салықтар | ||||
Әлеуметтік жобалар | ||||
Басқарушылық гонорар және сатулар бойынша комиссиялар | (4298455) | |||
Электроқуат | ||||
Айыппұлдар мен Штрафтар | (3692545) | |||
Экологиялық штрафтар | (11427595) | (22855190) | ||
Басқалар | ||||
Операциялық шығындар барлығы | (7177785) |
Ескертпе – 2013-2014 жылдар аралығында «Барлау Өндіру ҚазМұнайГаз» АҚ қаржылық есептемесінен алынды.
Жыл бойына Компанияның операциялық шығындары резервтерді өзге және профильді емес ұйымдарды сату нәтижесінде төмендеді. Маңызды сомалар мен қозғалыстар келесідей түсіндіріледі(теңестіру мақсатында 2013 жылы Атыраулық мұнай өңдеу зауытында жолай мұнайын өңдеуімен байланысты шығындар алынып тасталған):
Көлік шығындары жыл бойына 1%-ға жеткізілетін мұнайдың жалпы көлемінің өсуі және жеткізудң жалпы көлеміндегі экспорт үлесінің өсуі нәтижесінде 9%-ға өсті.