Тапсырма. Мәтін бойынша бірнеше сұраулы сөйлем құрыңыз. Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіз.

Бауыр адам ағзасында қанды сүзгіден өткізіп,барлық улы заттарды және адам ағзасында жүретін биохимиялық процестердің әсерінен пайда болатын зиянды заттарды залалсыздандырып, қанның тазалығын қамтамассыз етіп отырады. Дені сау адамда бауыр өзін- өзі тазалауға күші жетеді , бірақ адам ағзасына түсетін токсиндердің мөлшері тым көп болғандықтан бауыр өз қызметін атқарып үлгірмейді. Осылай бауырдың зақымдануы басталады. Бұны медицинада токсикалык гепатоз дейді. Адам ағзасына аса зиянды улы заттар қайдан кіретініе тоқтала кететін болсақ, ең бірінші орында арақ, темекі тұрады, бұдан кейін экологиялық факторлар,мысалы: машинаның түтіні,бензин,керосиннің буы, түрлі аыр металлдардың буы (сынап, кадьмий) сияқты улы,зиянды заттардың, тыныс ауа мен өкпе арқылы қанға өтуі, азық түлік арқылы түрлі консерванттар, ( қораптарында Е деген әріппен белгіленген) тамақ бояулары,койылтқыштар,жеміс- көкөністер арқылы нитраттар мен нитриттер пестицидтер т.с:с айта берсе осылардың бәрі бауырға орасан зиян келтіріп, бауыр қанды тазартып та, өзі тазарып үлгермейді. Осылай дұрыс тазармаған қан бүкіл организмді аралап, барлық органдарды улай бастайды, Бауырда нерв талшықтары жоқ сондықтан адам бауырының ауырғанын білмейді. Әбден асқынып шегінге жеткенде ғана бауыр ауырады,және көп жағдайда емдеуге өте кеш болып жатады. Сондықтан бауырды ауыртпауды ерте бастан ойлап шаралавр қолданған жөн. Ол үшін арақ, темекіден аулақ болу,дұрыс ,консерванты жоқ тағамдармен тамақтану, қуырылған, тұздалып, ысталған тамақтарды мейілінше аз жеу,тоң майды мүлдем пайдаланбау.,Жалпы рационға қарақұмық, сұлы,ботқаларын кіргізу. Салаттарды зығыр,күнжіт, зәйтун майларымен шылап пайдаланған бауырдың ластануын болғызбайды. Бауырды тазалайтын белсенді қоспаларды , өсімдік шәйларын кез келген дәріханадан алуға болады, Бауырды тазартудың тағы бір оңай әдісі, дюбаж жасау. Бірақ бұны тек өт жолдарында тас жоқ болса ғана жасауға болады. Сұлы жар масын қара суға кайнатып, тұзсыз,сутсіз,қантсық аш қарынға жеген де бауырды тазартады. бірақ , күнделікті үш айдың көлемінде пайдалану керек. Егер,дәрігер қажет деп айтса, онда карсил, эссенциале форте деген емдік қасиеті бар дәрілерді де алып ішуге болады. Бауыр ластанудың алғашқы белгілері бет терісінің бұзылуы, денеге қышымалар шығу, терінің ешнәрсе шықпаса да қышуы, тәбеттің болмауы, жүрек айну ,өттің қоюлануы,ас қорыту процесстерінің бұзылуы сияқты белгілері болады.

Тапсырма. Мәтіннің мазмұнымен танысып, өзара сұхбат дайындаңыз.

Т мүшесі

Өт — ас қорыту жүйесінің құрамдас бөлігі болып саналатын мүше. Өт бауырдың оң жақ астыңғы қабатында орналасады. Оның пішіні қапшық тәріздес қуыс болып келеді, ал көлемі жұмыртқаның көлеміндей ғана. Өтте бауырдан бөлініп шығатын өт сұйықтығы жиналады.

Өттің ұзындығы 5-14 см аралығында, ені 2,5-4 см аралығында болады. Сыртқы қабаты (терісі) жұқа әрі созылмалы болып келетін өтке 200 мл мөлшеріндегі өт сұйықтығы сыйып кетеді. Өттің түсі — қою жасыл түс.
Өт аурулары
Өтке қатысты мынадайауру түрлері бар:
Өттас ауруы (холелитиаз), Холецистит ауруы, өттің полипы (өттің ісіп қабынуы), Өт жолының тарылуы, т.б.
Өт сұйықтығы
Бауырдан жасалып, өтке келіп түсетін сұйықтық “Өт сұйықтығы” деп аталады. Оның түсі сарғыш-қоңыр немесе жасылдау болып келеді. Дәмі ашы. Өт сұйықтығын бауыр ұлпалары жасайды. Өт сұйықтығының құрамында өт қышқылы, ақуыздар, билирубин пигменті, холестерин, фосфолипидтер, бикарбонаттар, натрий, калий, кальций, және физиологиялық белсенді заттар — гормондар мен дәрумендер.

Ас қорытудағы өттің қызметі
Бауырда жасалатын өт сұйықтығы барлық уақытта жасала береді. Бауырдағы өт сұйықтығы арнайы арналар (өт жолы) арқылы өтке келіп жиналады. Өттегі сұйықтық ас қорыту барысында он екі елі ішек арқылы өттен шығып отырады.
Бауырда жасалған кездегі өт сұйықтығы мен өтте жиналған кездегі өт сұйықтығында айырмашылық болады. Әсіресе, құрамында біраз айырмашылықтар байқалады. Мысалы, бауырда жасалған кезінде сұйықтықтың құрамында альбумин (суда ерігіш ақуыз) болса, өтке келіп жиналғанда өт альбуминдерді сорып алады. Сондай-ақ, билирубин мен минералды заттардың көп бөлігін өт сорып алады. Есесіне, өттегі өт сұйықтығындағы холестериннің мөлшері көп.
Бауыр - денедегі ең ірі без (салмағы 1,5 кг). Ол оң жақ қабырға астында орналасқан. Бауырда өт пайда болады. Адамның бауыры бірнеше бөліктерден (500 мыңға жуық) тұрады. Әрбір осындай бөлік өт түзетін бауыр клеткасының гепатоцитінен пайда болған.
Бауырдың қызметі:
- улы заттарды залалсыздандырады (кедергі қызметі);
- көмірсу, май және белок зат алмасуына қатысады;
- өтті өндіреді (күніне 1,5 л).
Өттің қызметі:
- ұйқы безі және ішек сөлдері ферментін белсендендіреді;
- майларды ұсақ тамшыларға (оның бетін ферменттермен әрекеттесуін күшейту) бөлшектеу;
- май қышқылдарының ерітілуін күшейту;
- аш ішек қабырғасының жиырылуын белсендендіру;
- ішектегі шіру процесін тоқтатады.

Наши рекомендации