Төтенше жағдай туындаған аймақта кешенді түрде барлау жүргізу

Барлаудың мақсаты – дұрыс шешімдер қабылдау үшін төтенше жағдай жөнінде уақытында мәліметтер алу(стихиялық апаттар , ірі аварийялар және катастрофалар аймағында)

Барлау жалпы және арнаулы болып екіге бөлінеді

Жалпы барлау ТЖ туындаған аймақ жөнінде тез мәліметтер алу үшін жүргізіледі.

Арнаулы барлау химиялық радиациялық, бактерелогиялық жағдайлар жөнінде толық мәліметтер алу үшін зақымданған орындарда жүргізіледі.

Зақымдану аймағында залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу

Залалсыздандыру дегеніміз – зақымданған беттерде дезактивация, дегазация, дезинфекция жұмыстарын жүргізу.

Дезактивация дегеніміз – транспортттарды, ғимараттар мен құрлыстарды, киімдерді, жеке қорғау құралдарын, суларды, зақымданған беттерді радиоактивті заттардан залалсыздандыру.

Дезгазация дегеніміз – үландырғыш заттарды зиянсыз заттарға дейіе ыдырату немесе оның мөлшерін рұқсат етілген шегіне дейін төмнедету

Дезинфекция дегеніміз – жұқпалы аурулар тудыратын қоздырғыштарды құрту, жою.

1.7.2 Төтенше жағдайлардың зардаптарын жоютын шараларды жоспарлауды ұйымдастыру

Ірі өндірістік аварийялар мен катастрофалардың алдын алу үшін профилактикалық шаралар жасалынады

Аварийялар мен катастрофалардың алдын алудың негізі ИТМС ГО толығымен орындау болып табылады (радиациялық жоспарлау, физикалық тұрақтылықты, отқа төзімділікті арттыруға бағытталған конструктивті шешімдер)

Аварийялардың себебін жоятын инженерлік-техникалық және ұйымдастыру шараларын толық және уақытында орындау

Ұйымдастыру шаралары. Төтенше жағдай туындағанда немесе туындайтындай қауіп болатын жағдайларға қатысты күні бұрын басқару органдарының, күштер мен құралдардың барлық персоналдардың істейтін әрекеттерін жоспарлау.

Ол шаралар:

Мүмкін болатын т.ж. зардаптарына болжам жасау

- объектіні аварийялық басқару орталығын жасау

- өндірісті аварийясыз тоқтату ережесін жасау

- персоналдарды оқыту

- тұрғындарды қауіпті аймақтан көшіруге дайындық

- қауіпті аймақты анықтау

Инженерлік-техникалық шаралар

-объектінің тұрақтылығын арттыру

- технологиялық процестерді автоматты басқару жүйесін жасау

--бөлменің ластану деңгейін автоматты бақылау

- тұрғындарды хабар етудің локальды жүйесін жасау

- өртке қарсы шаралар

- жарлысқа , газ- және өртке қауіпті заттардың мөлшерін азайту

- өрттерді өшіру

Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар жөніндегі заңыында» көрсетілген төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары

Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алатын шараларға жататындар

Ғылыми зерттеулер, жағдайды бақылау, т. ж. әкелетін аварийяларды, апаттарды, катастрофаларды болжам жасау және хабарландыру

Мамандарды және тұрғындарды оқыту, т.ж. бойынша қорғау шаралары

Бақылау қызметі : сейсмологиялық қызмет; селді хабарлау жүйесі; радиациялық қауіпсіздікті бақылау және т. б. Бақылау қызметі арнаулы мемлекеттік органдарда құрылып, т. ж. алдын алатын және жоятын жүйеге кіреді

Табиғи және техногенді сипаттағы т.ж. жою

Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алатын және жоятын шаралардың негізгі бағыттары.

Республикамызда төтенше жағдайлардың болу мөлшері әлі де жағарғы деңгейде қалып отыр. Тұрғындарды және территорияны т.ж. қорғау мақсатында тұрғындардың тіршілік әрекетін және шаруашылық объектілерінің қауіпсіздігін сенімді түрде қорғай алатын тиімді шараларды қамтамасыз ету жұмыстары әруақатта жетілдіріліп отырады. Осыған байланысты т. ж. алдыналатын және жоятын шаралардың 26 түрлі негізгі бағыттары анықталған.

1. Республикалық сейсмологиялық бақылау және жер сілкінуді болжам жасау жүйелерін дамыту.

2. Мазмұны:

- мүмкін болатын жер сілкіну жөнінде тұрғындарды және мемлекеттік органдарды уақытында ескерту;

- сейсмикалық қауіптілік жөнінде локальды мониторинг жүйесін жасау

- ғылыми зерттеулерді белсені түрде жүргізу.

2. Жаңа құрлыстардың сапалылығы және сенімділігі

- Мазмұны:

- жаңа объектілердің сейсмикалық талаптарын арттыратын бағытта бұрынғы бар құрлыс салу нормаларына өзгерістер енгізу;

- республика территориясын сейсмикалық аудандарға деталь түрде бөлу және тұрғын пункттерді микроаудандарға бөлу;

- есеп жүргізудің нақтыланған нормативті базасын жасау;

- сейсмикалық аудандарда құрлыстарды жобалау және салу жұмыстары бойынша жауапкершілікті арттыру;

- салынатын объектілердің барлық стадияларында және этаптарында сапасына бақылау жасау.

3. Құрлыстарды антисейсмикалық күшейту шаралары, күшейтуге келмейтін объектілерді бұзу, инженерлік және көлік жүйелерінің сенімділігін арттыру.

Мзмұны:

- бұрын салынған ғимараттар мен құрлыстардың конструкцияларын, көлік және инженерлік жүйелердің сейсмотұрақтылығын арттыру жұмыстарын кең көлемде және мақсатты түрде жүргізу;

- сейсмикалық тұрақсыз құрлыстарды (сооружение) бұзу;

- көп адамдардың болатын жерлерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тіршілікті қамтамасыз ететін объектілердің, химиялық және жарлысқа қауіпті өндірістердің қаіпсіздігін қамтамасыз ету;

4. Өндіріс объектілерінің қауіпсіздігі

Мазмұны:

- потенциальды қауіпті объектіларді пайдаланудың қауіпсіз шарттарын жасау;

- жағарыда айтылған объектілердің маңындағы тұрғындарды және персоналдарды мүмкін болатын аварийялардан және катастрофалардан қорғау;

- өнеркәсіп өндірістерінің қалалардың тіршілігін қамтамасыз ететін жүйелердің және тұрғын пункттерінің тұрақтылығын арттыратын қажетті шарттарды жасау;

- өндірістік және технологиялық тертіпті сақтау;

- өнеркәсіп және ұйым басшыларының жеке жауапкершілігін арттыру.

5. Шаруашылық объектілерінің жылу- және энергиямен қамтамасыз ету сенімділігі.

Мазмұны:

- электрстансияларды, қазандықтарды отынмен қамтамасыз ету бойынша энергетика объектілерінде, жылу жүйелерінде шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін шұғыл шаралар қолдану;

- тұрғындардың тіршілігін қамтамасыз ететін объектілерде және қауіпті өндірістерде энергиямен қамтамасыз ететін автономды көздердің резерін жасау;

6. Газ шаруашылығының қауіпсіздігі

Мазмұны:

- газ құралдарының дұрыс пайдалану ережелерін сақтауға, қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізуге қатаң бақылау жасау;

- қозғалғыш газтолтырғыштардан газ баллаодарын толтыруға қатаң тиым салу, олардың техникалық күйлеріне бақылау жасауды қамтамасыз ету;

- тұрмыста және өндірісте газды қолданғанда қауіпсіз приборларды өндіру;

- тұрғын үйлерде гзды пайдалану бойынша бақылау жасау және профилактика қызметін ұйымдастыру.

7. Радиациялық қауіпсіздік

Мазмұны:

- комплексті түрде құқықтық, ұйымдық, инженерлік-техникалық, санитарлық-гигиеналық, профилактикалық, тәрбиелік, жалпы білімберу, ақпарат сипатындағы шараларды жүргізу;

- радиациялық нормалар мен ережелерді сақтауға қатаң бақылау жасау,

- республиканың барлық территориясында радиациялық мониторингті жүзеге асыру

8. Ғимараттар мен құрлыстардың пайдалану сенімділігі, авариялардың алдын алу.

Мазмұны:

- объектілерді зерттеу

- авариялық және құлағалы тұрған тұрғын үйлерден тұрғындарды басқа жерлерге орналастыру

9. Көлік қауіпсіздігі

Мазмұны:

- автомобиль, өзен, теңіз, теміржол және әуе көліктерімен жүктерді, жолаушыларды тасымалдау сенімділігін қамтамасыз ету;

- қауіпті жүктерді тасу ережелерін сақтауға бақылау жасау;

- автомобиль жолдарын дұрыстап ұстау.

10. Сезондық төтенше жағдайлар: көктемгі, қысалдындағы және қыстық.

Мазмұны:

- табиғи сипаттағы т.ж . тұрғындарды қорғайтын шараларды жүргізу (үсік, шторм желі, құрғақшылық, қарлы боран, борн)

11. Селден және көшкіннен, су басудан қорғау, дамбылардың, плотиналардың күйлері.

Мазмұны:

- тұрғындардың, шаруашылық объектілерінің су басудан, қар көшкінінен, селден, опрлымнан, қауіпті атмосфералық құбылыстардан қажетті қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

- жасалған облыстық жоспарға сейкес тұрғындарды, шаруашылық объектілерін қорғайтын кешенді шараларды дер кезінде және толық жүзеге асыру;

- қорғаулың бас схемасына сәйкес селгеқарсы және басқа да құрлыстарды салу;

- бұрыннан бар селгеқарсы кешендердің және басқа да құрлыстардың пайдалану сенімділігін қамтамасыз ету.

12. Каспий

Мазмұны:

- тұрғындарды және шаруашылық объектілерінің Каспий теңізінің суларымен су басудан қорғаудың сенімділігін қамтамасыз ету;

- Атырау және Маңғыстау облыстарының экономикалық тұрақтылығын және дамуын қамтамасыз еру;

- тұратын жерлерін аустыратын тұрғындар үшін тұрғын үй салуды үйымдастыру;

- мұнай скважиналары арқылы мұнай төгілген аймақтарды консервациялау;

- теңіздің және оның маңындағы территорияның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

13. Табиғи, техногенді, тұмыстық өрттер; оларды өшіруге дайын болу

Мазмұны:

- профилактикалық шараларды орындау;

- қауіпсіздіктің нормаларын және ережелерін орындау;

- техникалық өрт сөндіру құралдарын кең көлемде енгізу;

- орман өрттерін қадағалайтын қызметтің іс-әрекетін жақсарту.

14. Эпидемияға қарсы шарадар:

Мазмұны:

- эпидемиялық жұқпалы ауруларды және адамдардың жаппай улануын болдырмау;

- ерекше қауіпті карантинді инфекцияларының әкелінуің және таралуының алдын алу;

- карантинді –шектеу шараларын енгізу және алу.

15. Ақпарат, байланыс және хабарландыру жүйелерін жақсарту.

Мзмұны:

- төтенше жағдайлардың алдын алу және жою кезінде басқарудың тұрақтылығын қамтамасыз ету;

- республика территориясында табиғи апаттар,аварийялар және катастрофалардың туындау мүмкіндігі болғанда немесе туындағанда тұрғындарды, орталық және жергілікті атқарушы органдарды, Қазақстан Республиеасының Азаматтық Қорғанысының әскери бөлімдерін дер кезінде хабарландыру және әр уақытта ақпарат беру;

- Т.Ж.М. жедел кезекшілік қызметін жақсарту

- Хабарландыру,байланы жасайтын техникалық құралдарды модернизациялау, ақпарат беруді автоматтандыру;

- Мемлекеттік жүйелер мен апат аймағындағы ақпараттық ағындардың болуын ұйымдастыру.

16. Аварийялық-құтқару қызметін және жасақтарды құру.

Мазмұны:

- төтенше жағдай туындау мүмкіндігі болғанда немесе туындағанда Т.Ж.М. және басқа да басқару органдарының шұғыл шараларын дер кезінде жүргізу үшін, жедел әрекет ету үшін комплексті шаралармен қамтамасыз ету;

- жасақтарды техникалық жағынан жабдықтау және оларды оқытып, үйрету;

17. Басшыларды, мамандарды және тұрғындарды оқыту; кадрлар дайындау; бімдерді үгіттеу; ақпарат құралдары арқылы жұмыс жүргізу.

Мазмұны:

- кез келген меншіктегі өнекәсіп және ұйым басшыларын, жұмысшылар мен қызметкерлерді, оқушылар мен студенттерді, мектепке дейінгі мекемелердегі балаларды төтенше жағдай бойынша әрекет жасауға жалпы түрде дайындауды қамтамаыз ету және оқытуды қадағалау;

- тұрғындарды, мамандарды, барлық деңгейдегі басшы қызметкерлерді төтенше жағдайлар бойынша оқытатын оқу жоспарларын , әдістемелік, оқу құралдарын жасау және енгізу.

18. Төтенше жағдайлар үшін мемлекеттік және жергілікті ақша, материалдық-техникалық, азық-түлік және дәрігерлік қорлар.

Мазмұны:

- аварийялар, катастрофалар, табиғи апаттар туындаған кезде тұрғындардың тіршілігі үшін, аварийялық-құтқару, аварийялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін, шаруашылық объектілерінің қалыпты жұмыс жүргізуі үшін қажетті мөлшерде, қажетті номенклатурада материалдық-техникалық, азық-түліктік, дәрігерлік және басқа да ресурстардың қорларын жасау (Қорлар күні бұрын жасалынады).

19. Төтенше жағдайларда автоматтандрылған ақпараттық-басқару жүйесі.

Мазмұны:

- барлық деңгейде ( республика, облыс, салалық және объектілік) басқару процестерін және ақпаратпен қамтамасыз етуді автоматтандруды қамтамасыз ету;

- көп көлемдегі ақпараттарды жинау (территорияның және шаруашылық объектілерінің тәуекел паспорттары, т.ж. күштері және құралдары жөнінде мәліметтер, басқару органдарының т.ж. кезінде алдын алатын және әрекет жасау жөніндегі шұғыл жоспарлары);

- т.ж. жөнінде толық ақпарат берудің жеделжігі және қысқа уақыт ішінде зардаптарды жоютын басқару жөніндегі шешімдер.

20. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың әрекет жасау жөніндегі жоспарлары.

Мазмұны:

- т. ж. қаупі болғанда немесе туындағанда жоспарлар уақытында әрекет әтуді қамтамасыз етуі қажет.

21. Мақсатты жоспарлар.

Мазмұны:

- жоспарлар т. ж. алдын алатын және жоятын кешенді, ғылыми негізделген, тиімді және финанстық тұрғыдан қамтамасыз етілген жүзеге асатын шараларды қарастыру қажет.

22. Құқықтық және нормативті база.

Мазмұны:

- ТЖ жөнінде заңдар және құқықтық-нормативті актілер жасау.

23. Т.Ж. аумағында ғылыми зерттеулер ұйымдастыру.

Мазмұны:

- ТЖ алдын алатын және зардаптарын жоятын ғылыми негіздерін және әдістерін жасау;

- Қорғау шараларын жүргізу үшін нормативті-құқықтық шаралар жасау;

- Қауіпті табиғи құблыстардың және техногенді катастрофалардың түзілу және таралу заңдылықтарын зерттеу;

24. Халықаралық бірлестік.

Мазмұны:

- ТЖ алдын алу және жою халықаралық ұймдармен және партнер елдермен тығыз қарым-қатынассыз мүмкін емес. Табиғи апаттардан, авария, катастрофалардан қорғау мәселесі жөнінде шет елдермен іскери қатынастар орнату қажет, табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ алдын алатын бірлестіктер ұйымдастыру.

25. Рынок экономикасы және төтенше жағдайлар.

Мазмұны:

- рыноктық жағдайда ТЖ алдын алатын және олардың зардаптарын жоятын жұмыстарды ұймдастыру.

26. Соғыс сипатындағы шаралар.

Мазиұны:

- АҚ ерекше жағдайда жұмыс жасауға дайындау

Басшы құрамға төтенше жағдайлардың алдын алатын және жоятын шаралардың жоспарын жасағанда осы айтылғандарды негізге алулары қажет.

Негізге әдебиеттер

1 Қ.Т Жантасов, А.Т Сүлейменова, С.П. Назарбеков, Б.Б. Маханов, Е.Н. Кочеров. Төтенше жағдайлдардағы тіршілік қауіпсіздігі, оқулық. ҚР Білім және ғылым министрлігі, Алматы. 2011- 272бет

2 Қ.Т. Жантасов, Е.Н. Кочеров, А.С. НаукеноваМ.К. Жантасов. Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі, оқулық. ҚР Білім және ғылым минимтрлігі, Алматы, 2011-512бет

3 С. Арпабеков. Өмір-тіршілік қауіпсіздігі., оқулық. Алматы 2004 – 256бет

4 Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық-әдістемелік жинағы,№ 1 (41) шығарылым, 2010

5 Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық-әдістемелік жинағы,№ 3 (43) шығарылым, 2010

6. Гринин А.С., Новиков В.Н. Безопасность жизнедеятельности. – Москва.: ФАИР-ПРЕСС, 2002.-228б.

7.Қазақстан Республикасының «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Заңы, Астана, 3сәуір 2002ж.

9. Гринин А.С., Новиков В.Н. Безопасность жизнедеятельности. – Москва.: ФАИР-ПРЕСС, 2002.-228б.

10 Суровцов А.А. и др. Сборник материалов для подготовки руководящего состава по вопросам ЧС и ГО. – Алматы, 1999

11 Әжібеков, Кравченко. Аварийно-спасательные работы

12 Конститутция РК – Астана, 2007

13 Арустамов Э.А. и др. Безопасность жизнедеятельности, часть 1 и 2. – Москва, 1998, 1999г.г.

Осымша әдебиеттер

14 Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заңы, Алматы,22 қараша 1996ж.

15 Қазақстан Республикасының еңбек қорғау бойынша нормативтік актілерінің жинағы. Н.Д. Спатаевтың, К.А. Алдабаеваның ред. – Қарағанды,-356б.

16 Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай туралы заңы» 5 июль 1996ж.

17 Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс туралы» заңы, 7 май 1997ж.

18 Қазақстан Республикасының «Радиациялық қауіпсіздік туралы» заңы , 23апрель 1998ж

19 Алексеев С.В., Усенко В.Р. Гигиена труда. – Москва: Медицина, 1988. -576б.

20 Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігі ережелері. Негізгі талаптар (ҚР ӨҚЕ 08-97), Алматы, 1999ж.

21 Защита населения и территорий в чрезвычайных ситуациях: Учебное пособие / В.П. Журавлев и др. Изд-во АСВ/ 1999.-586б.

22 Белов С.В., Ильницкая А.В., Козяков А.Ф., Морозова Л.Л. Безопасность жизедеятельности. Москва: Высшая школа, 1999.-478б.

23 Атаманюк В.Г и др. Гражданская оборона.- Москва,1987

25 Гражданская оборона. Под.ред. Е. Шубина. М., «Просвещение», 1991. 154б.

26 Әлібеков Е.К Азаматтық қорғаныс – бүкіл халықтық іс. – Алматы, 1986

27 В. Кудряшов. Катастрофы и аварии.- Минск: «Литература», 1996. І-Vт.

Наши рекомендации