Инновациялық қызметтерді қаржыландыру
Тақырып. Инновацияның әлеуметтік және экономикалық бағасы
Бақылау сұрақтары:
1. Инновациялық қызметтерді қаржыландыру.
2. Инновациялық тәуекелдер және оларды басқару.
3. Интелектуалды меншік инновацияның негізі ретінде.
Аудиториялық жұмыс
Инновациялық қызметтерді қаржыландыру
Инновациялық қызметтің әсері көп аспектілі болып келеді. Көптеген авторлар заңсыз әрекеттер жасайды. Мысалы сол әсердің құрастырушыларын — ғылыми — техникалық, экономикалық, әлеуметтік және т.б. бір-біріне қосады немесе араларына қатынастар орнатқызады.
Әсер (фактор мөлшері) — жоспарланған немесе алынған нәтиже. Оның мөлшері келесі мағыналарда беріледі:
a) азық-түлікте (сапаның жақсаруы және тауар түрлерінің ұлғайуы);
b) технологиялықта (еңбек өнімділігінің өсуі және шарттарының жақсаруы);
c) функционалдықта (басқару құндылығының өсуі);
d) әлеуметтікте (өмір сапасының жақсаруы).
Инновацияның тиімділігі нақты сақтау қабілеттілікпен анықталады (уақыт, қорлар, ақшалар және т.б.).
Экономикалық нәтиже — еңбекті, затты, табиғи қорларды сақтауына және құндық баға алатын өндіріс құралдарын өндіруін, тұтыну заттарын және қызметтерінің ұлғайуына әкеледі.
Техникалық әсер- экономика саласында өндірісте және қанауда инновацияны игеру нәтижесі. Ол нақты экономикалық әсермен бағаланады. Ғылыми құндылық өте күрделі бағаланады, себебі көптеген сапалы әсерлері бар. Өзара байланысын айқындау үшін, олардың әрбірін талдау керек. Ғылыми еңбектің қарқынды дамуы- НТР талабына сай зерттеулер мен өңдеулердің бағыттары қаншалықты дер кезінде айқындалуымен байланысты. Ғылыми еңбек барысындағы ғылыми өнімнен алынған әсерлер, хабарлардың өсуіне әкеледі. Бұл әсер, тек ғылыми болуы мүмкін. Егер тек ғылыми хабардың жетілдіру орны болса.
Әлеуметтік нәтиже — адам мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын және құндық баға алмайтын (денсаулықтың жақсаруы, эстетикалық сауалдардың қанағаттандыруы және т.б.) нәтиже. Көптеген әлеуметтік әсерлерді тура немесе жанама өлшеуге болмайды. Мұнда тек сапалық көрсеткіштермен шектелуге тура келеді. Әлеуметтік жетістіктердің маңызы арта түскенмен, оның интеграл сандық бағалауын жасау қиындыққа түседі. Инновация игеруінің әлеуметтік зардаптарының бағалауы, инновациялық қызметінің методологиялық аспектісіндегі проблемалардың ішіндегі ең күрделісіне жатады.
Нарық шартында инновациялық қызмет экономикалық мақсаты бар және пайда әкелуге лайықталған. Жаңалықтың экономика бағасының негізгі нәтижесі экономикалық әсер болып табылады.
2.Инновациялық тәуекелдер және оларды басқару.
Экономикалық әсердің негізін құрайтын методологиялық, әдістемелік және сандық мінездемелер К.Пузина, Л.Вегера, В.Лившица, Э.Крылова и И.Журавкова және басқа ғалымдардың еңбектерінде өңделген. Инновация қызметінің экономика құндылығы инвестициялау әсерін кешенді бағалау проблемасымен байланысты деген ғалымдардың бірдей пікірлері бар. Себебі, инновациялық жобаларды инвестицияланатын объекті ретінде қарастырады.
Құндылық теориясының критериалық түрі бар. Оның негізіне инвестициялардың үш бірдей рационалдық белгілері кіреді: экономикалық, экологиялық, әлеуметтік.
Экономикалық әсер — инновациялардың қолдануының потенциалды пайдасын көрсетеді және құндық көрсеткіштермен бағаланады. Бастапқыда айтылып кеткен экологиялық және әлеуметтік әсерлер әрдайым құндық көрсеткіштермен өлшене алмайды және сандық анықтамасына қиындықтар туғызады. Сонымен, экономикалық әсер дегеніміз- пайда немесе зиянның экономикалық бағалауларының қорытынды көрсеткіші.
Инновациялық қызметпен айналысқан кәсіпкерлік құрылымдар, потенциалды экономикалық әсер алуын күтеді.
Оларға:
— тура экономикалық әсер (қорлардың қолдануын жақсарту, еңбек өнімділіктің жоғарылауы, лицензиялық қызметтің табысы, таза табыстың өсуі және т.б.);
— техникалық әсер (өнім сапасының жақсаруы, ішкі және сыртқы нарықта бәсеке қабілеттілігі қамтамасыз етуі, өндірістің автоматтандыру коэффициентін жоғарлауы, жаңа ақпараттық технологиялардың салыстырмалы салмағының артуы, жаңа прогресшіл технологиялық процестердің артуы);
— әлеуметтік әсер, бұйымдардың, еңбек шарттарының, тұрмыстың, демалыстың эргономикалық параметрлерінің жақсаруы, сонымен қатар сапаның жақсаруы мен халыққа арналған тауарлар мен қызметтердің жетілдіру бағытын табу; (қызметкерлердің табысының өсуі, қызметкерлердің қажеттілік физиологиялық, психосоциалдық қанағаттандыру дәрежесінің жоғарылауы, қызметкерлердің қауіпсіздігі, жұмысшы орындардың артуы);
— экологиялық әсер (қоршаған ортаға зиянды әсердің төмендеуі, өндіріс қоқыстардың төмендеу, шығарылатын тауарлардың экологиялық жағының жақсаруы).
Қорытынды: инновациялық қызметтің құндылығының барлық белгілері тұтас, әрі бір — біріне тәуелді және келесі элементтерді ұсынады:
— ҒТҰ- дің әлеуметтік бағыты жоғары нормативті талаптарға сай келетін, жаңа технологиялық жүйелердің кең таралғандардың арқасында жоғары дәрежеге жетуі;
— халықтың өмірі сапалы жаңа деңгейге өнімділіктің өсуінің, қалалық және ауылдық халықтың тұрмысын толық жетілдіруінің арқасында көтерілуі;
— қор жинақтаудың сапалы жаңа деңгейі, еңбек өнімділіктің өсуі, қор қайтарылуының, материал сыйымдылығының төмендеуі, энергия сыйымдылықтың, өнім капитал сиымдылығының және оның бәсеке қабілеттілігін арттыру;
— елдің техникалық жағынан артта қалушылығын жеңу;
— әлеуметтік кепілдіктердің орындалуы, экономикалық даму дәрежесінің жоғарлауы;
— жаңалықтарды енгізу барысында денсаулықты қорғау үшін, адамға ауыр тиген жүкті жою, демалыс сфераларын құру, себебі, бүгінгі күнде адам факторы кез-келгенін нәтижелілікте, соның ішінде, инновациялық қызметінде де басты рөл алады.