Жер кадастрының ақпараттық балансын жинау,сақтау

Дәріс.Жылжымайтын мүлік объектілерін техникалық есепке алу және түгендеу. Кадастрлық істің, техникалық паспортын,жоспарын қалыптастыру. Жер кадастрының ақпараттың балансын, жинау, сақтау, өзекті ету.

Жоспар:

1. Жылжымайтын мүлік

2. Жылжымайтын мүлік обьектілері.Жылжымайтын мүлікті бағалау обьектісі

3. Жер кадастрының ақпараттық балансын жинау,сақтау

1.Жылжымайтын мүлік — азаматтық актіде жеке тұлға не заңды тұлғаның иелігіндегі жер және басқа жер-сулар, сол жердегі қозғалмайтын мүліктер (ғимараттар, заводтар және т.б.)

Қазақстан Республикасының Конституциясында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің барлық жағдайларын жасау қажеттілігі бекітілген. Тұрғын үй мәселесі қазіргі заманның өзекті әлеуметтік мәселелерінің бірі ретінде сақталып отыр.

Кез – келген елдің тұрғын үй саясатының бастапқы мақсаты – “әрбір отбасын қолайлы тұрғын үймен және қоршаған ортамен қамтамасыз ету”.

Жылжымайтын мүлік нарығы ұлттық экономиканың маңызды құрамдас бөлігі және қарқынды дамушы рыноктардың бірі болып табылады. Жылжымайтын мүліктер нарығы ауқымы кең нарық болып саналады. Тұрғын үй –нарықтық экономикада экономиканың түрлі секторының даму қарқының және халықтың, жалпы елдің келешегіне деген сенімін бейнелейтін өсімнің.

2.Жылжымайтын мүлік обьектілері.Жылжымайтын мүлікке нені жатқызуға болады, ал нені жатқызуға болмайды деген мәселені шешу үшін: объекті бөлімінің қалай қосылғанын және басқа объектіге сол бөлім қолданылуын қарайды. Бағалау процесінде бағаланатын объект және бағаланатын субъект болады.

Бағалау объектісі иеленушісінің құқықтары жинақталған қандай болмасын жылжымайтын мүлік объектісі. Бұл бизнес, компания, кәсіпорын, фирма, банк, жылжымайтын мүліктін жеке түрлері.

Қазіргі жағдайда жылжымайтын мүліктін қандай да бір обьектісі табыс көзі және нарықтық мәміле объектісі бола алады, оның ішінде мұндай объекті меншік құқығы болып табылады. Мұнда ерекше табыс алу процесі ретіндегі, табыс әкелетін меншік ретіндегі бизнес қызығарлық. Бизнестің негізін, оның бөлінбейтін мәнін капитал құрайды. Капитал қазіргі экономикалық жүйенің жылжымайтын мүліктін базасы болып табылады.

Әр түрлі даму сатыларында экономикалық ғылым оған әр алуан анықтама берді. Бірақ көптеген ғалымдар мен практиктер бұл категорияға бірдей анықтама береді: жылжымайтын мүліктін – бұл байлық, өндіріс құралдары, өндіріс факторлары, яғни табыс әкелетін еңбекті инвестициялаудың әр түрлі материалды-заттай нысандары. Табыс алу процесі белгілі бір экономикалық қатынастарды, оның ішінде меншік қатынастарын білдіреді.

Меншік және жылжымайтын мүлік белгілі бір ұйымдық құрылымдар – кәсіпорындар, ұйымдар, фирмалар және белгілі бір бизнес саласы шегінде қалыптасады және қолданылады. Сондықтан олардың нарықтық бағасын нақты өмір сүруіне қарай қалыптастырады. Кәсіпорын және фирма өздерінің ішкі экономикалық мазмұны мен капиталды иеленсе де, олардың арасында тек қана ұқсас сипаттар ғана емес айырмашылықтар да болады. Барлығына бірдей материалдық, еңбектік, ақшалай, ақпараттық негіз болады, ал айырмашылықтары нарықтағы жағдайға, даму болашағына тиімділікке және бәсеке қабілеттікке мәнді әсер беретін материалдық емес активтерінде фирманың аты, фирма белгілері, технологиялар, өткізуші немесе потенциалды табыстың қосымша көздері болып табылатын маркетингтік жүйе болып көрсетіледі.

Осылайша, жылжымайтын мүлік табыс алу мақсатында жүзеге асырылатын өнім немесе қызметті жасаудың қандай болмасын процестің негізі, ішкі мазмұны болып табылады. Табыс алу - бұл экономиканың көптеген сфераларында, салаларындағы әрекеттің мақсаты мен соңғы нәтижесі, яғни бизнестің мақсаты мен нәтижесі. Қандай да болмасын бизнесте кәсіпорын ретінде өзінің экономика ұйымдық нысаны болады.

Кәсіпорынды, жылжымайтын мүлікті бағалау ең мүмкінірек сату бағасы бола алатын құнды ақшалай көрсеткіште анықтауды білдіреді және кәсіпорынның тауар ретіндегі екі қасиетін, яғни оның пайдалылығын және пайдалылығы үшін қажетті шығындарды көрсету керек. Бағалаушы құнды бағалауға фирманың экономикалық концепциясы жағынан қарайды.

Бағаға мұндай көзқарасқа сәйкес, табыс немесе ақша ағымын тудыратын қандай болмасын объектісінің нарықтық бағасы инвестормен талап етілетін инвестиция тәуекелі бойынша салыстыру үшін пайда нормасын көрсететін пайыз нормасы бойынша дисконтталатын, күтілетін болашақтағы ақша ағымының ағымдағы бағасынан шыға отырып анықталады.

Егер меншікті, жылжымайтын мүлікті капиталдың баланстық бағасы оның нақты нарықтық, немесе экономикалық құндылығына сәйкес келмесе, онда жабық не баланстан тыс капитал болуы керек.

Жылжымайтын мүлікті бағалау объектісі келесілер бола алады:

· жалпы кәсіпорын;

· кәсіпорынның қозғалмайтын мүлкі;

· машина паркі;

· материалдық емес активтер;

· меншік иесінің мақсаттары мен қажеттіліктеріне байланысты басқа элементтер.

Жылжымайтын мүлікті жалпы ренталық мультипликатор көмегімен объект құнының есебі. Бұл объектіге табыс әкелетін және жалға берілетін объектіге қолданылады. Осы әдіспен құнды есептеу былай жүреді: алдымен объекті үшін жылдық жалдық ставка анықталады, одан кейін осы нарық секторы үшін жалпы ренталық мультипликатор есептеледі, соңғы нәтижесінде тиімді жалпы мультипликаторға жалдық ставка көбейтіледі. Капитализацияның жалпы коэффициентін қолдану өте ыңғайлы, себебі айырымға баға түзету жүргізілмейді. Осы әдісті пайдалану бойынша шектеулер де бар. Бағаланатын объекті жиі сатылатын және сатылып алынатын нарық секторында болуы керек.

Бағаланатын объектіге ұқсас объекті табылған жағдайда тікелей салыстыру әдісі қолданылады. Ұқсас объекті бағасы талданады, түзетіледі және сипаттық емес жағдайлардан тазартылады. Жылжымайтын мүлікті немесе құрылғы бірлігінің құнын мына формула бойынша анықтайды:

С =Бан • К1 • К2... Кт ±Б доп

мұндағы Бан — объекта-аналогтың бағасы;

К1 , К2... Кт – Жылжымайтын мүліктін объекті немесе ұқсас объектінің параметрлеріндегі мәндерді ескеретін түзететін коэффициенттер;

Бдоп – Салыстырмалы объектілер ерекшеленетін қосымша қондырғылардың бағасы.

Жер кадастрының ақпараттық балансын жинау,сақтау

Егер жылжымайтын мүлік объектілер теңестірілсе, тозу болса, онда өзгерістерді енгізу мына кезектілікпен жүргізу керек: басында өзгертудің коэффициенті, содан кейін түзетулердегі өзгерістер, соңында тозуды есептейтін өзгерістер. Тікелей салыстырмалы әдісін қолдану үшін үлкен ақпараттық база болу керек және ол машиналар мен ғимараттардың дамыған нарығы болғанда жинақтала алады.

Жер кадастрын ААЖ жүргізуді жер учаскелері бойынша келесі міндетті ақпараттар кіреді:

· жер учаскесінің кадастрлік нөмірі;

· әкімшілік аудан;

· учаскесінің орны және оның жүйелік баяндамасы;

· нысаналы арналуы;

· бөлінуі;

· пайдаланудағы шектеулер және ауыртпалықтар;

· учаске ауданы.

Жер кадастрыньщ компьютерге түсуі еліміз бойынша Астанада бірінші рет қолға алынып, жүзеге асқан шара болатын.

2002 жылы тамыз айында ҚР Жер ресурстарын басқару агенттіктің қолдауы мен 2 жүйе бойынша жоба жасалды. Олар МЖКААЖ және жер балансы. Бұл бағдарламалар Қазақстанның Солтүстік-батысында Ақтөбе облысының екі ауданында құрылған. Бұнда жер кадастрының тематикалық сандық карталарын құру үшін мынадай мәліметтер жиналған:

1. жер кадастрлық;

2. топографиялық;

3. топырақтық;

4. геоботаникалық.

Сонымен қатар жер учаскелерінің атрибутивті мәліметтері жинақталган, жер учаскесінің интенсификациялық мәлімет меншік иесі жэне олар арасындагы құқықтык катынастар. Бұдан басқа сонымен мәліметтерді облыстық және республикалық жіберу механизмін дайындап шығару қажет болатын. Бұл кезде штабта 8 маман болса жылдың соңында 35 маманға көбейген. БМЖР мәлімет базасында мынадай талаптар қойылған: мәліметтерді сақтау мәліметті толық камтамасыз ету, мәлімет алу үшін ешқандай шектеулердің болмауы. Ақпарагтарды қоргау және т.б. мәліметтер базасы 102 кестеден, 4 процедурадан, 24 мінездемеден құрылған. Мәліметтер базасы жер кадастрының төмендегідей обьектілері бойынша мәлімет сақталады:

· жер учаскелері (интенсификациялық, аудандық, экономикалық, құқықтық сипатталады);

· кадастрлық кварталдар (аудандық және құкықтық сипаттамасы);

· аудандық сипаттамалар;

· облыстық сипаттамалар.

Мәліметтер базасында сақталган жермен өзара қатысты субъектілер бойынша мәліметтер бірнеше категорияға бөлінеді:

1) заңды немесе жеке тұлғалар;

2) мемлекеттік немесе мемлекеттік емес тұлғалар.

Азаматтық, ұйымдастырушылық және құқықтық формалары, мекен жайы, куәлан-дыратын құжаттар, жалпы қабылданған кодтар, жетекшілер жайындағы ақпараттар.

Мынадай обьектілерді графикалық түрде корсету үшін мәліметтер сақталады: ғимараттар мен құрылыстар, топографиялық, сызықтық, полигондық және нүктелік жер учаскелері бойынша есептік кварталдардың аудандық елдімекендердің пункттерінің шекаралары. Алқаптар (сызықтық, полигондық, көлемдік), топырақтардың әр түрлілігі (ботаника, азықтық алқаптар). Бұл жобаның (жер балансының) соңғы модулінде жер кадастры бойынша әр жылдық есеп беру көрсетіледі. Оның негізгі мақсаты аудандық, облыстық жер комитетінің және ҚР жер ресурстарын басқару агентствосының жұмыстарын автоматтандыру. Бұл модуль құрылған жалпы жер мемлекеттік статистикалық есеп берудің бекітілген формаларын беруді көрсетеді.

Соның ішінде жерлердің санаттар бойынша бөлінуі, меншік иесінің жер учаскесіне жеке меншік иелері және жер пайдаланушылар туралы есеп. Жерлерді лимандык суару туралы ауылшаруашылық мақсатындағы жер алқаптары көлемінің өзгеруі бойынша анықтамасы. ҚР азамат және занды тұлғаларға ауылшаруашылық емес және т.б. мақсатгарда тұрақты пайдалануға берілген жерлердің есебі: а/ш мақсатындағы жерлердің егістікті пайдалануы жайындағы анықтамасы, а/ш мақсатындағы жер учаскесінің шабындық және жайылымды түбегейлі жақсарту жайлы анықтама, әкімшілік аудан, облыстық және республикалық әкімшілік шекараларынан тыс пайдаланылып жатқан, ауданның, облыстың, республиканың жер пайдалану экспликациясы. ҚР азаматтарының және заңды тұлғаларының жер экспликациясы. 2003 жылы Астана қалалық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеттің және «Астана қала ҒӨО жер» еншілес мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдастырылуымен осы қала бойынша жер кадастрының автоматтандырылған ақпаратгық жүйесінің құрылымы Шымкент қаласындада ашылган.

МЖК ААЖ «элекрондық үкімет» шегінде екі негізгі мәселені шешуге міндетті:

Басқа да мемлекеттік ақпаратгық жуйелерді жер ресурстары жөнінде ақпараттармен қамтамасыз ету.

Тұрғын халық пен басқа да заңды тұлғаларға ақпараттық қызмет көрсету.

МЖК ЛАЖ мен электрондық үкімет интеграциясы саласында келесі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілді:

- электрондық үкімет веб сайтының жер кадастрлық мазмұнды ақпаратпен жинақталуы;

- «Пайдаланушымен жұмыс» жүйешесінің көмегімен МЖК ААЖ мәліметтер базасындағы акпараттарға қол жеткізу мен пайдаланылу механизмі өңделіп, сынақтан өткізілді. МЖК ААЖ бұл ақпараттармен «Адресті регистр», «Тұрғындарға қызмет көрсету орталыгы», мемлекеттік мәліметтер базасы «Жылжымайтын мүлік регистрін» қамтамасыз етеді;

- ақпараттандыру Агенттігімен өңделіп шығарылатын МЖК ААЖ-ның «Жеке тұлға» және «Заңды тұлға» сияқты мемлекеттік мәліметтер базасы мен интеграциясы жөніндегі жұмыстар жоспарға енгізілген;

- ақпараттандыру Агенттігі мамандарының көмегімен мемлекеттік құжатайналымы жүйесі ендірілуі орын алуда.

Республика аумағында қалыптасып жатқан «Электрондық үкімет» шегінде багытталған мемлекеттік жер кадастрлық және оның автоматтандырылган ақпараттық жүйесі осындай сипатқа ие және ол келесі мәселелерді шешеді:

- меншік қүқығына және жылжымайтын мүлікке басқа да заттық құқыктарды мемлекеттік кепілдемелермен қамтамасыз етуге жағдайлар жасау;

- жер және басқа да жылжымайтын мүлік объектілерін есепке алудағы уақытша талап етулерді қысқарту және мемлекеітік жер кадастрының мәліметтерімен таныстыру;

- салықтық әкімшіліктендіру жүйесінің жоғары жетілуі және салықтандыру мақсатында пайдаланылатын ақпараттардың толықтылығын және айқындылығын қамтамасыз ету;

- ұйымдар мен азаматтарға, сонымен қатар мемлекеттік органдарға және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетудің жоғары жетілуі.

Қазақстан Республикасының Жер кодексі 2003 жыл 20 маусым жер кадастры қагазға түсіріліп жүргізіледі және ақпаратты жинақтаудың, өңдеу мен сақтаудың электрондық жүйелерін пайдалану арқылы жүргізілуі мүмкін.

Дәріс Кадастрлық жоспарлы-картографиялық материалдар. Алу әдістері, жаңарту, пайдалану және сақтау картографиялық және жоспарлы ақпарат. Кадастрлық карта, кезекші кадастрлық картасы. Базистік масштабы, ауқымы мен дәлдігіне қойылатын талаптар кадастрлық түсірілім.

Жоспар:

1. Жоспарлы – картографиялық материалдар

2. Картографиялық ақпарат

3. 3. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібі

1.Жоспарлы-картографиялық материалдар.Жоспарлы-картографиялық материалдар алуда жүргізу нәтижесінде жер бетін суретке түсіру немесе аэрофотосуретке жерде. Жер үстіндегі түсіру ( теодолитная, мензуальная және т. б.) қолданылады локальды және, әдетте, шағын алаңдарда. Ол қолданыс табады есепке алу кезінде құрамындағы ағымдағы өзгерістерді және жерді пайдалану. Кезінде алынған жердегі түсірілім жоспарлы-картографиялық материалдар негізгі талаптарды қанағаттандыруы тиіс жер кадастры - қажетті дәлдікті қамтамасыз ету, жер-кадастрлық мәліметтер, байланысты ауқымдағы.

Жоспарлы-картографиялық материалдарды алуға нақты мәліметтер бойынша барлық құрамдас бөліктері жер кадастры мүмкін емес. Өз кезегінде, бұл өте маңызды, бұл материалдар қамтамасыз етеді көрнекілігі жер-кадастрлық мәліметтерді ескертеді мүмкіндігі рұқсаттама немесе қайталауды алаңдарды ықпал етеді және объективті алу қажетті ақпарат.

Кадастрлық нөмiр аумақтық есеп бiрлiгiне сәйкес 4 деңгейлiк мынадай сатылық құрылымнан тұрады:
- облыстың немесе республикалық маңыздағы қаланың коды;
- әкiмшiлiк ауданның немесе облыстық маңыздағы қаланың коды;
- есептегi кварталдың коды;
- жер учаскесiнiң нөмiрi.

Наши рекомендации