Тақырыптық картографиядағы жаңа бағыттар

Методология көзқарасымен қарағанда қазіргі уақытта экономикалық картографияны дамытуда үш нақты мақсатты бағыттар қалыптасты: ресурстық, бағалау және экологиялық – экономикалық.

Ресурстық бағыт аталған классикалық (геологиялық, геоботаникалық, зоогеографиялық және т.б.) карталардың логикалық жалғасы болып табылады. Ол классикалықтан ең алдымен, картографиялық ақпаратты мақсаты пайдалану бағыты болып табылады. Егер классикалық бағыттарда табиғи ресурстар табиғат элементі деп қарастырылса, онда бұл объектілер ресурстықта табиғат ресурстарының түрлері, адам қызметінің саласындағы анылталған материалды объект ретінде қарастырылады.

Мысалы, геоботаникалық картадағы өсімдік жамылғысы өсімдік қауымдастығы немесе оның кешендерін (яғни, қай жерде не өсетінін көрсетеді) сипаттайды. Ресурстық картада бұл өсімдік қауымдастықтары (фитоценоздар) оларды шаруашылық пайдалану тұрғысынан, яғни мал шаруашылығына арналған белгілі бір жеке беру ресурсы немесе медицинаға дәрі – дәрмек ресурсы қарастырылады.

Көбінесе, төртінші топшаның екінші тобындағы ірі масштабты теңіз карталары мақсатты бағыты бойынша ресурстық сала болып табылады.

Ресурстық бағыттар экономикалық дамудың тәжірибелік қажеттіліктері салдарында /тарихы/. Бұл қажеттідіктер шаруашылық пайдаланудың белгілі бір бағытына қолданылатын сандық сипаттамасына байланысты.

Соңғы жылдары ресурстық картографиялау мазмұн бойынша екі бағытта – аз мақсатты және кешенді болып дамиды.

Аз мақсатты мазмұндағы карталар табиғаттың қандайда бір жалғыз элементін, кешенді – осы аумақтағы барлығын сипаттайды. Мысалы жем оттықтарын, минералды шикізаттарды орналастыру карталары табиғат шикізаттарының аталған түрлерінің орналасуын, жағдайын және ресурстық әлеуметтік бейнелейді және әрбіреуінде жеке карта жасалады.

Табиғат ресурстарының қорларын кешенді бейнелеу кезінде осы аумақтағы табиғат ресурстарының барлық түрлеріне сипаттама беріледі. Мұны салалық атластың тақырыптық карталарында көрсетуге болады.

Табиғат ресурстарының сипатталатын түрлері бойынша атластардың мазмұны нақөты қойылған тәжірибелік міндеттрермен анықталады.

Ол тек табиғат ресурстарының бір түрінен ғана шектеледі, мысалы, жер, су, арман, немесе мақсатты пайдалануы бойынша біріктірілген түрлерінің жиынтығы бойынша шектеледі, мысалы, минералдық, энергетикалық.

Табиғат ресурстарының карталарымен атластары аталған аумақтың қандай табиғат байлықтары, және осы табиғат байлықтары нақты салалық мүддеде пайдалануы мүмкін екендігін көрсетеді.

Ресурстық бағыт табиғат элементтерін шаруашылық пайдалану бағытымен ұсынуға мүмкіндік берді. Бірақ табиғат ресурстарының әртүрлі элементтерінің экономикалық мәні, экономикалық салмағы картада анықталмайды.

Сондай – ақ аумақтық ерекшеліктері мен айырмашылықтары бір ғана табиғат компоненті географиялық ахуалынан, табиғи – экономикалық факторлардың жиынтығына байланысты әр түрлі экономикалық тиімді болуы мүмкін.

Ресурспен салыстырғанда бағалау картографиялау бейнеленетін құбылыстардың сипаттамасын кеңейтеді және күрделендіреді. Ол тәжірибелік меңгеруді бастамас бұрын, алдын – ала олардың экономикалық мәні бойынша табиғат ресурстарын таңдауда жүзеге асырады.

Пайда болуының бірінші жылдары бағалау бағдары болжау экологиялық ретінде дамиды, және экологиялық карталар табиғат ортасының өткен немесе болжанатын өзгерістерін сипаттады.

Неге экологиялық өзгерістер болды? Бұл картаға түсірілетін аумақтық экономикалық ахуалына, оның тұрғындарының денсаулығына қандай әсерін тигізеді? Осы және осындай сұрақтарға алғашқы жасалатын экологиялық карталар жауап бермейді, өйткені онда табиғат пен экономика бөлек – бөлек қарастырылып, оқытылды.

Мұның бәрі нәтижесінде экологиялық бұзылулардың пайда болуына, кейінен артуына әкеп соқтырады. Экологиялық апаттар көп бола бастады, мысалы, Арал теңізінің тартылуы.

Технологиялық процестердің бұзылуынан ауылшаруашылығы өндірісінде жерлерді – бұзылған жерлерді пайдаланудың жаңа түсінігі пайда болды. Осы жағдайларда бағалауды картографиялау экономикалық өсім тұлғысынан мүмкін емес. Бірыңғай табиғи экономикалық кешенді жеке – жеке қарастыруға және зерделеуге болмайды.

Сондықтан, экологиялық өзгерістер табиғат ортасына техникалық кедергі келтіру сандары болып табылады. Бұл ХХ ғасырдың екінші жартысында табиғат жағдайларына техногенді әсер ету дәрежесін сипаттайтын жаңа – экологиялық – экономикалық бағыттағы экономикалық карталарды әзірлеуге, кейінен оны, құру қажеттілігін тудырады.

Бастапқыда тек табиғат ортасының ахуалын сақтау және жақсарту жөніндегі жоспарланған іс – шараларды бейнелейтін насихаттау нысандағы ұсақ масштабты жобалау – болжау карталары болды (мысалы, КСРО – ның эколгиялық картасы. Кейінен ғылыми – анықтамалық нысандағы карталар пайда бола бастады, ол АӨК (аумақтық - өндірістік кешендер) деп аталатын елдің өнеркәсіптік дамыған аймақтарын құруға және дамуына, табиғат ресурстарының қарқынды пайдалануға ықпал етті.

Алғашқы жылдар АӨК – ң жұмыс істеуі табиғат ресурстарын пайдаланудың салалы бағалау жеткіліксіз және зиянды, ол табиғат ресурстарының ескеруіне, табиғи табиғат байланысының бұзылуына, күрделі экономикалық механизмінің бұзылуына әкеп соқтырады.

Табиғат ресурстарын пайдалануда экономикалық мақсатқа сай ұсталыммен ғана жоспарлау жеткіліксіз.

Сондықтан өткен жүзжылдықтың 60 жылдары табиғат ортасына технологиялық араласуды бағалаудың алғашқы тақырыптық карталарын жасауға кіріскен.

Қазақстанда тұрғындардың өмір тіршілігін қамтамасыз ету ұсталылмымен табиғат жағдайларын бағалау картасы 1964 жылы Қарағанды облысының атласында жарияланған болатын.

Содан бері бағалау карталары жетілдіруде, олардың саны арта түсуде, осы бағыттағы карталар әртүрлі аумақтарды шаруашылық меңгеру жобаларын әзірленгенде негізгі жәрдемақы ретінде пайдаланылады.

1992 жылы “Арал өңірінің экологиялық картасы” жарық көрді. Онда осы аумақтың құрғақтануының жағымсыз әсерінің өсуі және осы қатыгез экологиялық құбылыстардың әсерінен пайда болатын барлық аурулардың өсімі бейнеленген. Бұл әртүрлі экономикалық жаңалықтарды пайдаланатын аумақтық табиғат жағдайларынаәсерлі ескерусіз жоспарлдауға және енгізуге жол берілмейтіндігін көрсетті.

90 жылдары Қазақ жерлер мен экожүйелерді мониторингілеу институтында алғашқы 1:150 000 масштабтағы әкімшілік ауданның сынақ экологиялық – экономикалық картасы жасалды. Бұл картада әрбір ауылшаруашылығы кәсіпорнына жер мен судың экологиялық жағдайы бойынша сипатталатын аумақтарды бес топқа: жақсы экономикалық жағдайдағы жер, қанағаттандырарлық, жаман өте жаман және амат жағдайындағы жерлерге бөлетін 100 балдық шкала бойынша сандық бағалау – экологиялық сипаттама берілген болатын.

Ормандар, көп жылдық жасыл желектер тұрмыстық және құрылыс қоңыстарымен және жекелеген металлаломмен ластану дәрежесі бойынша, ал су ағындары – шаруашылық пайдалануы (тұрғындарды сумен қамтамасыз ету, жолды суару,) бойынша сипатталады.

Қоршаған табиғат ортасының жағдайы туралы мәліметтерді жинақтау және жүйелеу – бұл экологиялық – экономикалық картографиялаудың міндеттерінің бірі. Екінші міндет тақырыптық карталардың және жедел агрокосмостық ақпараттардың көмегімен табиғатқа техногенді әсер ету дәресін белгілейді.

Қазіргі технологиялар мен адамдардың табиғатқа әсер етуші сандық бағалау әдістемесі әлі нақты әзірленген жоқ және жетілдіру жалғасын табуда. Осы бағыттағы алғашқы сынақ жұмыстары бұл карталар мазмұны бойынша ел аумағында немесе ірі аймақтардағы экологиялық объектілерді орналастырудың гипотетикалық су ретін сипаттайтын жүйелі ұсақ масштабты карталардан ерекшеленеді (мысалы, қоршаған ортасы қорғау картасы “Оныншы бесжылдықтағы КСРО” Атласынан, 1978 ж).

Ірі масштабты экологиялық – экономикалық карталарда өнеркәсіптік, энергетикалық, көмекші ауыл шаруашылығы және т.б. объектілер олардың қоршаған ортаға, (ауаға үстіңгі және жер суларына, орманға) әсер ету жүйесін ескеріп, көрсетеді. Бұл жағдайда жердің рельефі, топырақтар, ландшафттың және климаттың ерекшеліктері және табиғат жағдайларымен ресурстары туралы басқа да мәліметтер ескеріледі.

Сонымен қатар экономиканың барлық көрсеткіштері (мысалы, мал басы, ауыл шаруашылық мәдениетінің құрамы) осы карталарда экологиялық әсер ету призмасы бойынша қарастырылады және бейнеленеді.

Экологиялық – экономикалық карталарды жасау үшін аймақтық мәліметтер банкі қажет. Банкке түскен ақпаратқа код қойылып, арнайы саланы бағдарлама бойынша өңделеді.

Өңделген қапаратты базалы аумақтың экологиялық әлеует балын есептеу үшін пайдаланады. (Ворожцов В.И 1990)

Әкімшілік аудандардың ірі масштабты карталары үшін ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының аумақтары, фермерлік учаскелер, сондай – ақ өнеркәсіптік және көленшік нысандағы жерлер базалар болып табылады. Облыстық карталар үшін - әкімшілік аудандар аумақтары.

Ұсақ масштабты экологиялық – экономикалық карталарды бір атаулы ірі масштабты, сондай – ақ табиғат пен экономиканы сипаттайтын карталарды пайдалану жолымен жасау мақсатқа сай.

Экологиялық – экономикалық бағыттар – тақырыптық картографиядағы әзірленген бағыт.

Наши рекомендации