Г.В.Вернадскийдің еуразияшылық идеясы

Еуразияшылдыққа ғылыми тұрғыдан әсер еткен ғылыми және саяси бағыттағы ғалымдардың бірі Г.В. Вернадский. Өз еңбектерінде осы идеяның сан салалы мәселелерін жан-жақты талдап қарастырды. Еуразияшылдардың негізгі еңбектері Батыста жарық көрді. еуразиялықтың көтерген басты-басты мәселелері турасында қысқа түрде шолу жасасақ. Алғашқы мәселе — Батыс пен Шығыс және онымен тығыз байланыстағы православие мен католицизм. Батыстың ең ұлы жетістігі — ғылым мен техника. Алайда, еуразияшылдардың ойынша, бұл жетістік дін мен ізгіліктің жұтаңдығына алып келді. Ізгілік пен дінді экономика қанауда. Гуманизм де экономизм мен қатар орнында тұр, себебі ол адамды құдайдан бездіріп, тек күйкі тіршіліктің бұғауымен шырмалап тастады. Сонымен қатар рационамизм (парасаттылық) да Батыстың күнәсі. «Батыс еуропалық әлемді Шығыстық әлемнің ауыстыратынына ешбір күмәніміз жоқ» дейді олар.

Дін жөнінде мәселе қозғай отырып, еуразиялықтар, Батыс («роман») мәдениетінің негізгі католицизм екендігін және осы діннің орталық идеясы күнә мен қылмыс маңына шоғырланғандығын тілге тиек етеді. Еуразияшылдар — жаңаша ойлау мен өмірдегі жаңаша бастаманың өкілдері, олар соңғы онжылдықта бастан кешкендерді, өмірдің мәнін айқындайтын мәселе мен қарым-қатынастарға жаңа көзқарас негізінде жұмыс істейтін қайраткерлер тобы. Еуразияшылдар өздеріне дейін үстемдік еткен көзқарастар мен өмір құбылысын түбірімен қайта қүруға да жаңа бір қырынан келіп, өзінше дүние таным қалыптастырды. Сонымен бірге еуразияшылдар бүкіл әлем жайлы жаңа географиялық және тарихи түсінік қалыптастырып, өздері оған «еуразиялық» деп атау берді. Оның мәні, көне әлемнің құрамдас бөліктері- «Еуропа» мен «Азиянының» шекаралық аймақтарын шартты түрде «Еуразия» деп қарастыра отырып өз аттарын осыдан шығарды. Еуразия идеясы олардың еңбегінде ғылыми және философиялық негіздеуге ие болды, белгілі бір дәрежеде нақты ғылыми материалмен бекітілген ережемен байланысты теориялар, жүйелер мәртебесін қалыптастырды. Еуразияшылдықты дүниеге жаңа көзқарас, доктрина, жаңа тарихи-философия және мәдениеттің жаңа онотологиясын дүниеге әкелген қоғамдық-саяси қозғалыс деуге болады.

Еуразияшылдықтың идеология болғаны анық. Дегенмен, көптеген зерттеушілерді осы бір бұлтартпас айғақ еуразиялық доктринаның мәні мен нағыз мағынасын анықтауда қиыншылықтарға ұрындырады. Өте білімді және өз заманының салауатты ойшылдары болғанымен, осы бір прогресивті идеяны дүниеге келтірушілердің көпшілігі большевиктер билігіндегі отанынан шеткері жерге кетуге мәжбүр болды. Олар туған жерінен көз жазған, бірақ туған мәдениетінен ажырамаған эмигранттар еді.

Сұрақ №61 Г.В. Вернадскийдің «Биосфера ілімі»

Жердiң барлық экожүйелерi планетаның бетiн алып жатқан бiр үлкен экожүйенiң құрамдас бөлiгi болып табылады. Бұл әлемдiк экожүйенi биосфера деп атайды. Биосфера туралы iлiмдi орыс геохимигi В.И. Вернадский жасады. Ол алғаш рет тiршiлiктiң физикалық табиғатқа әсер ету масштабын бағалады.

В.И. Вернадскийдiң айтуы бойынша, биосфера — жалпы планеталық қабықша, тiрiшiлiгi бар және оның әсерiне ұшырап отырған Жер бөлiгi. Биосфера құрлықтың, теңiздiң және мұхиттың барлық ауданын алып жатыр, және тiрi организмдер қызметiмен жасалынған жыныстары бар Жер бөлiгi кiредi.

В.И.Вернадский жер бетiнде үздiксiз қызмет ететiн химиялық күш жоқ, сондықтан тұтас алынған тiрi организмдерден басқа өте құдiреттi күш жоқ деп жазды. Миллиардтаған жыл бойы фотосинтездеушi организмдер Күн энергиясының көп мөлшерiн байланыстырып, химиялық жұмысқа айналдырады. Оның қорының бiр бөлiгi геологиялық даму барысында таскөмiр және тағы басқа тыңайған жерiне жиналды. Фотосинтез нәтижесiнде атмосфераның оттегiсi жиналды. Ертедегi Жердегi атмосферада басқа газдар: сутегi, метан, аммиак, көмiрқышқыл газы болды. Оттегi нәтижесiнде озонды экран түзiледi. Бұл газдың молекуласы оттегiнiң 3 атомынан тұрады және молекулярлы оттегiге ультракүлгiн сәулесiнiң әсерiнен түзiледi. Сонымен, тiршiлiктiң өзi атмосферада бұл сәулелердiң көп мөлшерiн ұстап қалатын қорғаныш қабатын түздi.

Тiршiлiк құрлық бетiнде топырақ қабатын түзедi. Топырақта минералды компоненттер, органикалық заттар және көптеген микро — және микроорганизмдер өзара байланысқан, оны В.И. Вернадский табиғаттың биокосты денелерiне жатқызды. Мұндай биокосты құрам дүниежүзiлiк мұхит суында да бар, ол жерде зат алмасу өнiмдерi мен мекендеушiлер өте көп.

Наши рекомендации