Азақстанның Тұрғын үй құрылысжинақбанкі» АҚ қызметінің ерекшеліктері және оны несиелеу бағдарламасы
Банктен қарыз алу кезінде жылжымайтын мүлікті кепілге беру, ал қарыз беруші борышкерден кепілдендірілген мүлік құнына талаптарды қанағаттандыру құқығын беруі ипотекалық несиелеудің ерекшелігіне жатады.
Ипотекалық несиелеудің келесідей белгілерін анықтайды:
1. Несие берушінің талаптары жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілуі.
2. Кепіл берушінің жеке меншік құқығында ипотека пәнін иемденуі кезінде ғана ипотека пайда болады.
3. Ипотека анықталған мерзімде және талаптар көлемінде болады.
4. Ипотека ұзақ мерзімді сипатқа ие (несие негізінен 10-25 жылға беріледі).
5. Берілетін қарыз ауқымдылығымен сипатталады.
Ипотекалық бизнестің қалыптасуы экономиканың нақты секторының дамуына, әлеуметтік тұрақсыздықты жоюға жағымды әсер етеді; банктік және мемлекеттің жылпа несиелік жүйесінңғ тұрақтылығының және тиімділігінің жоғарлануына маңызды рөл атқарады.
ҚР-да ипотекалық несиелеу экономиканың даму факторы ретінде көрініс табады. Ол тұрғын үй құрылысының дамуына, өз кезегінде бұл құрылыс материалдардың, арнайы техникалардың шығарылуына, сәулет жобаларын жетілдіруге ықпал етеді. Сонымен қатар, экономиканың іргелес салаларының жылдам дамуына үлес қосады.
Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі – Қазақстандағы халықтың тұрғын үй жағдайларын жақсарту іс-шараларына кредит берудің сапалы жаңа жүйесі. Қазақстан – бірінші кезекте табысы орташа және орташадан төмен халыққа арналған осы жүйенің ұстанымдары мен талаптарын іске асыру басталған ТМД аумағындағы бірінші ел.
2000
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» заңы Қазақстанда тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін енгізудің негізін қалады.
2003
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 сәуірдегі №364 қаулысының негізінде тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзімді қаржыландыру мен тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін дамыту тиімділігін көтеру және жетілдіру мақсатында жарғылық капиталына мемлекет 100% қатысқан «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы құрылды.
Банктің Құрылтайшысы және Акционері – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі.
Банк алғаш рет «Қазпошта» АҚ-мен ынтымақтастық туралы келісім жасады.
2004
19 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған «Бәсекеге қабілетті Қазақстанға, бәсекеге қабілетті экономикаға, бәсекеге қабілетті ұлтқа» атты жолдауында мемлекеттің тұрғын үй құрылысы саласындағы жаңа саясаты баяндалды, оған сәйкес халықтың басым бөлігіне баспана қолжетімділігін қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысының мәселелерін кешенді шешу үшін Президент 2004 жылғы 11 маусымда №1388 «2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасы туралы» жарғы шығарды.
ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 28 маусымдағы №715 қаулысымен 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.
2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-III ҚР заңы арқылы Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер енгізілді, оған сәйкес салық салынатын табыстан шегерілімдерге ҚР резиденті – жеке тұлғалар тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінен ҚР аумағында тұрғын үй салу немесе сатып алуға, жөндеуге алған тұрғын үй заемдары бойынша сыйақыны өтеуге бағытталған сома жатқызылды.
Аймақтық құрылымды дамыту: 3 филиал, 4 өкілдік, 1 ЕКБ.
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі шараларды жүргізуге Банк салымшыларына тұрғын үй, аралық және алдын ала тұрғын үй заемдарынбереді, атап айтқанда:
o құрылыс (жер телімін сатып алуды қосқанда), тұрғын үй сатып алу, соның ішінде, жақсарту мақсатымен оны алмастыру жолы;
o тұрғын үйді жөндеу және жаңарту (құрылыс материалдарын сатып алу, мердігерлік жұмыс ақыларын қосқанда);
o тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі шаралармен байланысты пайда болған міндеттемелерді өтеу;
o Банк және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы ипотекалық тұрғын үй заемын алу үшін бастапқа жарнаны енгізу.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында тұрғын үй құрылысы саясатын жетілдіру саласында аталған бағытты дамытуда жоғары әлеуетке ие тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне ерекше көңіл бөлінген.
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) мен Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы агенттігінің бірлескен жұмысы нәтижесінде Үкімет 2010 жылдың 30 қыркүйегінде бекітілген 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы құрылыс индустриясын және құрылыс материалдарын жасауды дамыту бағдарламасын (бұдан әрі – Құрылыс индустриясы бағдарламасы) бекітті, онда жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – ЖАО) тұрғын үй салуы және оны тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы іске асыру көзделген.
2011 жылғы 11 ақпанда өткен «Нұр Отан» ХДП XIII съезінде сөйлеген сөзінде Елбасы тұрғын үй құрылысының құлдырауынының мүмкін екенін атап көрсетіп, тұрғын үй құрылысын қолдау және ипотеканы ынталандырудың кешенді шараларын әзірлеуді тапсырды.
Осыған орай, Үкімет тұрғын үй құрылысын дамытудың бірнеше бағыттарын қамтитын 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы бағдарламасын қабылдады.
Қазақстан Республикасы Президентінің жоғарыда көрсетілген баяндамасында ЖАО-ның тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі аясында құрылысты қамтамасыз ету қажеттілігі атап көрсетілген. Осыған орай, Тұрғын үй бағдарламасында тұрғын үй құрылысын қолдау шараларының бірі ретінде ЖАО қатысуымен және тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй салу мен іске асыру көзделген.
Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй салу мен іске асыру механизмі мынадай:1)ЖАО Банкпен келісілген жобаларды таңдаған соң тұрғын үй құрылысы мен пайдалануға беруді қамтамасыз етеді;2)Банк тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылар қатарынан тұрғын үй сатып алушылар пулын құрып, олардың арасында пәтерлерді бөледі;3)пул қатысушылары өздеріне бөлінген пәтерлерді жинаған тұрғын үй құрылыс жинағы және Банк берген тұрғын үй заемы есебінен сатып алады.
Тұрғын үйді пайдалануға берген сәтте тұрғын үй заемын алу талаптарын орындаған Банк салымшылары сатып алушылар пулын құру кезінде басымдылыққа ие болады. Аталған тұрғын үйлерді сатып алу аралық тұрғын үй және алдын ала тұрғын үй заемдары есебінен де жүзеге асырылады.
Аталған шара аясында 2011-2013 жылдары Қазақстанның бүкіл облыстарының, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары републикалық бюджеттен тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі қатысушыларына арналған 3-санатты жайлылық деңгейі бойынша тұрғын үй құрылысын қаржыландыру мақсатында 80,84 млрд. теңге бөледі. Мұндайда таза әрленген тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің іске асыру құны Алматы қаласы үшін 142,5 мың теңгеден, Астана және Атырау қалалары үшін 112,5 мың теңгеден, басқа облыс орталықтары үшін 90 мың теңгеден аспайтын болады. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі қатысушыларына шамамен 800 мың ш.м. тұрғын үй тұрғызу жоспарланып отыр.
Тұрғын үй бағдарламасы аясында кредит беру талаптарын жұмсарту, ЖАО тұрғызған тұрғын үйді уақтылы әрі толық сатып алуды қамтамасыз ету мақсатында Банктің алдын ала және аралық тұрғын үй заемдарын беру үшін бюджеттік қаражат бөлу көзделген.
Сонымен қатар Тұрғын үй бағдарламасында 2-3 санатты жайлылық деңгейі бойынша тұрғын үй құрылысын одан әрі қаржыландыру үшін екінші деңгейлі банктерді (бұдан әрі – ЕДБ) қорландыру болып табылатын қолдау көрсету көзделген.
Бұл үшін 2011 жылы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ын республикалық бюджеттен 57 млрд. теңгеге капиталдандыру жүзеге асырылмақ. Банк ЕДБ-ге тұрғын үй құрылысы құнының 50%-ы шамасында келісілген депозиттер және 50% – ЕДБ-ның жеке қаражаты есебімен депозиттер орналастырады. Мұндай жағдайда соңғы заемшыға (құрылыс салушыға) арналған сыйақының тиімді мөлшерлемесі жылына 12%-дан аспауы тиіс. Бұл бағыт бойынша дайын тұрғын үйді іске асыру таза әрленген тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны 170 мың теңгеден аспауы тиіс.
Тұрғын үй құрылысы нысандарының тізімін ЕДБ ЖАО-мен келісе отырып, салушылармен бірге анықтайды және Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия бекітеді.
Тұрғын үйді іске асыру ЕДБ таңдауы бойынша артынан ипотека берілетін депозиттік-жинақтау жүйесі, артынан бөліп төлеуге сатылатын депозиттік-жинақтау жүйесі, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі пайдаланыла отырып жүзеге асырылуы мүмкін. Мұндайда тұрғын үйді іске асырудың басқа схемаларын да қолдануға болады