Басқару есебі» пәнінің тақырыптық жоспары

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ МЕНЕДЖМЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ

БАҒАЛАУ, ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ» КАФЕДРАСЫ

«БЕКІТЕМІН»

Академиялық сұрақтар бойынша проректор

Н.Дуйсенгулова

Ж.

Оқу бағдарламасы бакалавриат

Мамандық: 5В050508 «Есеп және аудит»

БАСҚАРУ ЕСЕБІ» пәні бойынша

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Алматы, 2014

Құрастырушы: э.ғ.д., доцент Мархаева Б.А.

Жұмыс бағдармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлигінің 2009 жылғы 30 желтоқсан №611 буйрығымен бекітілген типтік оқу бағдарламасы негізінде жасалған.

Жұмыс бағдарламасы «Бағалау, есеп және аудит» кафедрасының мәжілісінде

қарастырылды және мақұлданды (№____ хаттамасы, «»2014 ж.)

Кафедра меңгерушісі, э.ғ.к, доцент _____________________ Л.Нургазиева

Жұмыс бағдарламасы Алматы Менеджмент Университетінің

Оқу-әдістемелік кеңесінде бекітілді (№___ хаттамасы, «»2014 ж.)

Кіріспе

Басқару есебі кәсіпорынның пайда табу және тауарлар мен қызметтер нарығындағы мақсатына жетуге бағытталған кәсіпкерлік қызметін басқару механизмі ретінде тануды осы пән қамтамасыз етеді. Жас мамандар өздерінің жұмысында баламалық таңдау негізінде басқару шешімдерін қабылдауда менеджерлерге маңызды көмек көрсетеді, мекеме жұмысының тиімділігін арттыруға, есеп, жоспарлау, жобалау, қорытынды есеп жасауда, аудит және талдау процестерінде қатысып, нарықтық экономикаға да әсерін тигізеді. Басқару есебінің мақсаты ұйымдардың менеджерлерін жоспарлау, бақылау, талдау және басқару шешімдерін қабылдау, ынталандыру жататын басқару қызметін жұзеге асыру үшін экономикалық ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Кәсіпкерлік қызметін басқару шешімдері жоспарлық, нормативтік, технологиялық, есеп және талдамалық ақпараттарға негізделеді. Басқарудың негізгі қызметі - бақылау мен реттеу жоспарлық мәліметтермен жедел есеп мәліметтерін салыстыру арқылы асырылады. Басқару шешімдерін бағалау және олардың орындалуының жауапкершілігі арнайы тәсілдер арқылы талдамалық есептеулерге негізделген ішкі қорытынды есеп пен келешекте дамудың жоспарлық мәліметтері негізінде жүзеге асырылады.

Пәнді оқытудың методикасы келесілерді қамтиды:

- лекцияларды жүргізуді;

- практикалық сабақтарды өткізуді;

- СОӨЖ;

- СӨЖ.

«Басқару есебі» пәнді оқытудың мақсаты студенттерге басқару есебінің мәні, қажеттілігі, мақсаттары, функциялары, қызметтері, арнайы әдістері мен тәсілдері, кәсіпорында ұйымдастыру принциптері туралы жүйеленген теориялық білім беру, сондай-ақ баламалық таңдау негізінде тиімді басқару шешімдер қабылдау бойынша тәжірибе алу болып табылады.

«Басқару есебі» пәнінің міндеттерітөмендегілерден тұрады:

- кәсіпорында басқару есебінің қажеттілігін және мәнін негіздеу;

- негізгі категориялар, терминдар мен түсініктерді игеру;

- басқару есебіндегі шығындар жіктелуі туралы білімді қалыптастыру;

- кәсіпорындағы өндірістік есептің мәнін, қызметтері мен ұйымдастыру мәселелерін игеру;

- негізгі және көмекші өндірістердің ұйымдастыру мәселелерін үйрену;

- шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерін игеру;

- кәсіпорындағы өндірістік есепті ұйымдастыру және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың әртүрлі әдістері мәселелері бойынша тәжірибе алу және арттыру

Курстың пререквизиттері.Бұл пәнді игеру үшін студенттер экономикалық теория, микроэкономика, математика, статистика, информатика, менеджмент, маркетинг, бухгалтерлік есеп принциптері, қаржылық есеп пәндердің негіздерін білуі қажет.

Курстың постреквизиттері. «Басқару есебі» курсында иеленген білімдер «Экономикалық талдау», «Аудит», «Бизнесті жоспарлау», «Бизнесті бағалау», «Жобаларды талдау» пәндерді игеруде қажет болып табылады.

«Басқару есебі» пәнін игерген студенттер төмендегі компетенцияларға ие болуы қажет болып табылады:

Студенттер білуі қажет:

- басқару есебінің теориялық негіздерін, сондай-ақ оның мазмұнын, мақсатын, пәнін, негізгі категориял, термин мен түсініктерін;

- басқару есебіндегі шығындардың жіктелу бағыттарын;

- өндірістік есепті ұйымдастырудың негіздерін;

- шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың негізгі әдістерінің сипаттамасын;

- зиянсыздықты талдаудың теориялық негіздерін;

-бюджеттеудің негіздерін;

- инвестициялық жобаларды бағалаудың әдістерін.

Студенттер қабілетті болуы қажет:

- кәсіпорында басқару есебінің қажеттілігі мен мәнін негіздеуге;

- түрлі мақсатттарға сәйкес шығындарды жіктеуге;

- есеп-шоттарда негізгі және көмекші өндірістердегі шаруашылық операцияларды дұрыс есепке алуға, сондай-ақ үстеме шығындарды бөліп таратуға;

- тапсырыстық, үрдіс-пе-үрдіс және нормативтік жүйесінде өнімнің өзіндік құнын есептеуге:

- абзорпшен-костинг және директ-костингті қолдана отырып, өзіндік құнды есептеуге және пайда айырмашылығын түсіндіруге;

- кәсіпорынның негізгі бюджетін құрастыруға;

- арнайы басқару шешімдерін негіздеуге;

- инвестициялық жобалардың тиімділігін есептеуге.

Студенттер игерген болуы қажет:

- басқару есебінің қажеттілігін дәлелдеуді;

- шешім қабылдау, талдау, жоспарлау, бақылау және реттеу мақсаттары үшін шығындарды жіктеуді;

- типтік операциялардың шоттар корреспондециясын жасауды және өзіндік құн туралы есептілікті құрастыруды;

- шығындарды есепке алу мен өнімнің өзіндік құнын есептеудің тиісті әдісін таңдау және дәлелдеуді;

- әртүрлі баламалы калькуляциялау жүйелерінде өнімнің өзіндік құнын есептеуді;

- әртүрлі бюджет түрлерін жасауды;

- зиянсыздық талдауын жүргізуді;

- кейбір стандарттық басқару шешімдерін қабылдауды;

- негізгі баламалы көрсеткіштерді есептеуді және инвестициялық жобалар бойынша шешім қабылдауды.

Басқару есебі» пәнінің тақырыптық жоспары

(күндізгі оқу формасы)

Наши рекомендации