Инфляция және жұмыссыздық – экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі
Техникалық прогрес пен адамдар мүддесінің арасындағы алшақтық экономикалық жүйеге көптеген оқыс сілкіністер әкеледі. Ол адамзат қоғамының ерекшелігіне қарай белгілі ырғақ пен тербеліске түсіп, толқуларға ауысады. Экономикалық теорияда экономиканың мұндай құбылыстары, «экономикалық толқулар» немесе «экономикалық цикл» деп аталады.
Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады. Дағдарыс тауарлардың артық өндірілуі, несиенің азаюы және процентінің жоғарылауы арқылы көрінеді. Бұл жағдай пайданы азайтады және өндірісті төмендетеді. Кәсіпорындардың банкрот болуына әкеледі. |
Қысқаша айтқанда дағдарыстың сипаттамасы келесідей:
1. Артық өндіріс себебінен өндірістің көлемі қысқарады, банктер, кәсіпорындар банкротқа ұшырайды.
2. Жалақы төмендейді, жұмыссыздық өседі.
3. Бағалы қағаздар нарығы құлдырайды, акция курстары төмендейді.
4. Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.
Дағдарыс тоқыраумен алмасады. Бұл сатыда өндіріс төмендеуін қояды, бірақ өспейді де.
Тоқырау фазасының сипаттамасы:
1. Өндірістің құлдырауы мен бағалардың төмендеуі тоқырау жағдайында болады.
2. Жұмыссыздық жоғары деңгейде болады.
3. Ақшаға сұраныс төмендейді, пайыз мөлшерлі жалақысы азаяды, сөйтіп өндірістің салаларын ұлғайтуға жағдай жасалады.
Жандану фазасының сипаттамасы:
1. Дағдарыстан аман қалған кәсіпорындар негізгі капиталдарын жаңартып, өндірісті ұлғайтуға кіріседі. Өндірілген тауарлар көлемі мен сапасы жағынан өндіріс дағдарысының алдындағы дәрежеге жетеді.
2. Инвестициялар өседі.
3. Бағалар көтеріледі, себебі сұраныс өседі.
4. Жұмыссыздықтың деңгейі қысқара бастайды.
5. Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.
Өрлеу фазасының сипаттамасы:
1. Өндірістің көлемі дағдарыс алдындағы дәрежеден артады.
2. Жұмыссыздық деңгейі маңызды түрде қысқарады.
3. Тауарлардың бағасы өседі.
4. Қарыз капиталының ұсынысы өседі.
5. Несиеге сұраныс өседі. Сөйтіп шаруашылық жаңа дағдарысқа қарай қадам басады.
Билет 6
Жұмыссыздықтың мәні, түрлері. Оукен заңы
Қоғамдағы жұмыс жасындағы халық саны – жасына, денсаулығына қарай еңбекке қабілеті бар жұмыс күші болып табылады. Жұмыссыздық - бұл халық шаруашылығында жұмыспен қамтамасыз етілмеген еңбекке қабілеті бар жұмыс күші. Жұмыссыздықтың негізгі формалары:
- Жасырын жұмыссыздық - өндірісте артық жұмысшылардың қолданылуы, немесе ақпараттың болмауына байланысты.
- Фрикциондық жұмыссыздық – адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс іздеумен ауысуын айтады.
- Құрылымдық жұмыссыздық - өндірістік қуаттың жетпеуінің нәтижесінде туындайды: жеке саланың дамуының кері пропорциональды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қарауға болады, сондай-ақ жынысының, жасының, ұлтының, мамандығының, басқа да жеке қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты болады.
- Циклдық жұмыссыздық - өндірістің құлдырауынан туындайды.
Оукен заңы – ЖҰӨ мен жұмыссздық деңгейі арасындағы айырмашылық, яғни жұмыссыздық деңгейінің табиғи деңгейімен салыстырғанда 1% -ға көтерілуі ЖҰӨ-нің өсу жылдамдығын 2,5%-ға төмендетеді.