Елдің төлем балансы, оның құрамы

Аржы

Бюджет жүйесі және бюджет құрылымы

Бюджет жүйесі - экономикалық қатынастар мен заңдық нормаларға негізделген түрлі денгейдегі бюджеттердің жиынтығы, сондай-ақ оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және атқарылуын бақылау үдерісі. Бюджет жүйесінің бірлігі бірыңғай заң шығарушылық негіз, бюджеттік құжаттама нысаны, бірыңғай бюджеттік сыныптаманы (кіріс пен шығыстың міндетті бірыңғай топтамасын) қолдану, бюджеттердің төменгі деңгейінен келесі деңгейіне қажетті статистикалық және бюджеттік ақпарат беру, бірыңғай ақша жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі. Бюджеттердің дербестігі меншікті кіріс көздерінің болуы және оның пайдаланылуын айқындау құқығы арқылы қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің құрылымы екі деңгейлі — республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттерден құралады. Бюджеттердің дербестігі меншікті кіріс көздерінің болуы және оның пайдаланылуын айқындау құқығы арқылы қамтамасыз етіледі. Барлық деңгейдегі бюджеттердің теңдестірілуі бюджет-салық саясатының қажетті шарты болып табылады. Қазақстан Республикасында әрбір деңгейдегі бюджеттердің кірістері оның салық, жергілікті өзін-өзі басқару, жергілікті шаруашылық, бюджет жүйесі туралы заңдарына сәйкес құралады.
Бюджеттің құрылымы бюджеттік сыныптама негізінде құрылады және мынадай бөлмдерден тұрады:

1. Кірістер: салықтық түсімдер, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер, трансферттер түсімдері;

2. Шығындар;

3. Таза бюджеттік кредиттеу: бюджеттік кредиттер, бюджеттік кредиттерді өтеу;

4. Қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо: қаржылық активтерін сатудан түскен түсімдер;

5. Бюджет тапшылығы;

6. Бюджет тапшылығын қаржыландыру: қарыздар түсімі; қарыздарды өтеу; бюджеттік қаражаттардың пайдаланылатын қалдықтары.

Кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары, мемлекеттік қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер, қарыздар бюджеттік түсімдер болып табылады. Трансферттердің түсімдері - бұл бюджеттің бір деңгейіен екіншісіне,Ұлттық қордан республикалық бюджетке түсетін трансферттер түсімдері.

Бюджеттің шығындары - қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджеттік қаражааттар. Бюджеттік кредиттер-қайтарымдылық, мерзімділік және ақылық негізде бюджеттен бөлінетін ақшалар. Қарыздар мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруға және қарыздар келісімшарттарын жасасуға байланысты бюджетке түсетін ақшалай түсімдер.

Елдің төлем балансы, оның құрамы

Кез келген елдің дүние жүзінің басқа елдерімен экономикалық байланыстары оның төлем балансында бейнлеп көрсетіледі. Төлем балансы дегеніміз - уақыттың белгілі бір межелдемесінде бір елдің дүние жүзінің басқа елдермен шаруашылық операцияларды жалпы қорытып көрсететін көрсеткіштердің жүйесі. Ол мына бөлімдерді кіріктіреді:

· ағымдағы шот (сауда балансы);

· капиталмен және қаржылармен операциялардың шоты (күрделі шот), қателер мен рұқсатнамалар, жалпы баланс; қаржыландыру (соның ішінде резервтік активтер).

Ағымдағы шот мыналарды бейнелеп көрсетеді: тауарлармен операцияларды - экспорт пен импортты; қызметтерді - жүк, жолаушылар тасымалы, байланыс, туризм қызметтері; техникалық көмек; қарыздардан, кредиттерден алынатын табыстар; трансферттер; ізгіліктік көмек; техникалық жәрдемдесу; гранттар.

Кейде қызметтер факторлық және факторлық емес болып бөлінеді. Факторлық қызметтер көрсету өндіріс факторларын - еңбек пен капиталды пайдаланудан алынған табыстардан тұрады, бұл қызметшілерге берілетін өтемақылар, инвестициялар мен резервтерден түсетін табыстар; капиталдан түсетін табыстар, дивидендтер, пайыздар, басқадай табыстар түрінде болуы мүмкін. Факторлық емес қызметтер көрсету жүк және жолаушылар тасымалдарын, байланысты, туризмді, көрсететін консультациялық және оқыту қызметтері түріндегі техникалық көмекті және бірқатар қызметтер көрсетуді кіріктіреді.Капиталмен және қаржылармен операциялардың шоттары тура шетелдік инвестицияларды тартуды немесе капиталдың шетелге қайтуын, портфелдік инвестицияларды, мигранттардың (жылыстау және құйылым) трансферттерін, коммерциялық кредиттерді, қарыздарды, басқа инвестицияларды (депозиттерді, валютаны және т.б.) бейнелеп көрсетеді.

Ағымдағы операциялар шоты және капиталмен шот өзара байланысты: біріншінің тапшылығы сырттан капиталдың құйылымы есебінен жабылады; ағымдағы операциялардың актив шоты жағдайы кезінде капитал мен кредиттер жылыстайды.

Төлем балансының ерекшелігі сол, онда босалқы қорлар мен қорланымдар емес, қаражаттардың ағыны, олардың кезең ішіндегі өзгерісі бейнелеп көрсетіледі. Түрлі валюталарға атауланылған операцияларды,соманы аударуды құндық бағалау бірыңғай валютаға кіріктіріледі (Қазақстанда АҚШ долларына).

Наши рекомендации