Оқулықтар және оқу құралдары. Мақалалар. 4 страница

Глоссарий (терминдер): Мемлекет формалары, мемлекеттік құрылым, монархия, респулика, абсолюттік монархия, дуалистік монархия, парламенттік монархия, унитарлық, федерация, конфедерация, тоталитарлық, авторитарлық, аристократиялық, либералдық.

№1 СӨЖ тапсырмасы: Реферат

Студенттің өзіндік жұмысының ең басты түрлерінің бірі реферат жазу. Реферат Мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша жазылады және ол компьютер үлгісіндегі 3-4 беттен аспауы керек. Реферат: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырыптың жан-жақтылығын, мақсатын және талабын және тақырыпты зерттеуде қандай әдебиеттерді пайдаланғаныңызды көрсетесіз. Негізгі бөлімде реферат тақырыбын ашып: ол қысқа әрі жеке зерттеуіңізді көрсетіп, салыстырмалы анализ жасаңыз. Қорытынды бөлімде өз тұжырымдамаңызды көрсетесіз. Сондай ақ әдебиеттер тізімін көрсетесіз: 1) нормативтік құқықтық актілер; 2) негізгі әдебиеттер; 3) қосымша әдебиеттер. Реферат ауызша қорғалады, белгіленген ұпайға сәйкес бағаланады.

Рефератты бағалау критерийлері:

1. Тақырыптың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы

2. Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді терең оқып, дұрыс талдау жүргізіп, оны дұрыс жаза білуі

3. Қажетті қортындылардың жасалуы

4. Материалдардың жоспарға сайкес қисынды және рет-ретімен жазылуы

5. Жұмыстың әдеби тілмен дұрыс жазылуы және оның дұрыс рәсімделуі

Реферат тақырыбы: Тәуелсіз мемлекеттер достастығының құқықтық мәртебесін қарастыру

№2 СӨЖ: Глоссарий

Бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.

СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

1 Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру

2 Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

3 Рәсімдеу сапасы

4 Сауатты талқылау

СОӨЖ тапсырмасы:

Келесі мақалалар үзіндісіне пікір (оппонирование) беру

1.Б. Спиноза: три формы верховной власти (монархия, аристократия и республика) с точки зрения их наилучшего состояния;

2. Г.В.Ф. Гегель: О формах правления; о приемуществах конституционной монархии

3. Ж.Ж. Руссо: о различных формах правления, о наилучшей форме правления

4. Н. Макиавелли: о способах «распространения государств»

5. Ш.Л. Монтескье: о соответствии размера государства форме правления; о необходимости объединения республик в целях защиты;

6. «Федералист»: обоснование преимуществ федерации;

7.Б.Н. Чичерин: положительные и отрицательные стороны демократии;

8. Иван Грозный: о способах осуществления единоличный власти;

9. Фашизм – саяси басқару режимінің бір түрі

Мемлекеттің мәнін және оның қоғамдық тағайындалуын дұрыс түсіну үшін мемлекет типологиясының ғылыми маңызына сипаттама беру.

Үй тапсырмасы:

Дәрістің қарастырылатын сұрақтарына байланысты кесте сызасыз.

Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1. Т.Ағдарбеков.Құқық және мемлекет теориясы. Қарағанды,2002 ж.

2.А.Қ Мұхтарова. Қ.Д Жоламан. А.Н Тәукелев. Мемлекет және құқық теориясы.А.1999ж.

3. С.Өзбекұлы. Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы. А. 2006ж.

4. Коваленко А.И. Теория государства и права. Вопросы и ответы. Москва,1997.

5.Комаров С.А. Общая теория государства и права. Москва,1998.

6.Лазарев В.В. Общая теория права и государства. Москва, 1996.

7.Лазарев В.В., Липень С.В. Теория государства и права. Москва, 1998.

8.Малько А.В. Теория государства и права в вопросах и ответах. Москва, 1997.

Қосымша әдебиеттер:

1. Арон Р. Демократия и тоталитаризм. М., 1993.

2. Ахметов М.М. Особенности становления президентской формы правления в Республике Казахстан (проблемы теории и практики). Алматы, 2000.

3. Байгельдин О. Новый этап в развитии демократии. // Панорама, 1997, 25 июля.

4. Гаджиев К.С. Тоталитаризм как феномен XX века // Вопросы философии. 1992. № 2.

5. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан-2030». Алматы:Жеті Жарғы, 1999.

6. Карапетян Л.М. К вопросу о "моделях" федерализма// Государство и право. 1996. № 12.

7. Масанов Н. Как обустроить Казахстан: к вопросу о модели государственно-политического устройства страны. (ХХ1 век, Алматы, 1998)

8. Мухамеджанов Э. Унитаризм и его влияние на структуру законодательного органа власти. С.45-47. Фемида, № 2. Алматы,1999

9. Правовые проблемы унитаризма в РК /Г.Сапаргалиев, Б.Мухамеджанов, Л.Жанузакова, Р.Сакиева.-Алматы:Жеты Жаргы,2000.-309 с

10. Петров В.С. Сущность, содержание и форма государства. Л., 1977.

11. Петров В.С. Тип и форма государства. Л., 1967.

12. Онлашева Ж.О. Республика Казахстан – светское государство. Известия мин-ва образования и науки РК, нац.академии наук РК. № 499

13. Шайхисламов Ж. Форма правления как фактор устойчивого развития государства. Вестник КазГУ. № 4, 2001

14. Шайхисламов Ж. Методологические подходы к пониманию формы правления. Вестник КазГУ. № 2Салимбаева Ж.Ч. Казахстан – президентская республика. // Политика. Алматы, 1996. № 8.

15. Чиркин В.Е. Нетипичные формы правления в современном государстве // Государство и право. 1994. № 1.

16. Чиркин В.Е. Переходное постсоциалистическое государство: содержание и форма // Государство и право. 1997. № 1.

Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:

«Мемлекет нысаны.» тақырыбына талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Мемлекеттік құрылым нысаны. Басқару нысаны. Саяси режим.

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

Пән: Мемлекет және құқық теориясы Кредит саны:_________

Дәріс № ______ Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________

Дәріс тақырыбы Мемлекет функциялары

Факультет_____________________________ Оқытушы __________________________________

Академиялық жыл 2010-2011 Курс 1 Семестр ______

Дәрістің мақсаты:

Мемлекеттің динамикалық процесінің дамуына, жаңаруына,, нығаюына, оның өзінің саяси, экономикалық, әлеуметтік міндеттерін қалай орындауына, қандай қызмет атқаруына назар аудару.

Жоспары:

1. Мемлекет функциясының түсінігі, оның белгілері.

2. Мемлекеттің ішкі және сыртқы функциясы.

3. Мемлекет функцияларын іске асыру нысандары мен тәсілдері.

4. Мемлекет қызметінің іске асырылуының құқықтық формасы.

Дәрістің қысқаша мазмұны:Мемлекет функциясы – қоғам дамуының белгілі бір кезеңіндегі мемлекеттің әлеуметтік мәні мен маңызын, рөлін көрсететін оның әрекетінің басты бағыттары. Мемлекет функциясы әр түрлі негіздер бойынша жіктеледі. Кеңестік ғылымда мемлекет функциясын ішкі және сыртқы қызмет деп бөле қарастырған. Ішкі қызмет елдің өз ішінде жүзеге асырылады және саяси билікті іске асырумен байланысты; сыртқы қызмет - мемлекеттің өзге елдермен қарым-қатынасын қамтиды. Бұл жерде айта кететін мәселе, мемлекет функциясын ішкі және сыртқы деп бөлудің шарттылығы. Қазіргі кезеңде кез келген мемлекетпен жүзеге асырылатын мемлекет функциясын төрт топқа жіктеу танылған:

- мемлекеттің экономикалық функциясы. Оған экономиканың дұрыс қызмет етуін және дамуын әртүрлі шаралардың (елдегі меншік нысандарын қорғау, сыртқы экономикалық байланыстарды ұйымдастыру және нығайту...) көмегімен қамтамасыз ету жатады.

- саяси қызмет. Бұған мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ әлеуметтік және ұлттық келісімді қамтамасыз ету, өзара күресуші әлеуметтік күштердің қарсылығын басу, ел егемендігін ішкі және сыртқы күштердің қол сұғушылығынан қорғау мәселелерін шешу жатады.

- мемлекеттің әлеуметтік функциясы. Мемлекет тұрғындарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау, азаматтардың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру шараларын іске асыру, тұрғындардың қажетті өмір сүру деңгейін қолдау, еңбек жағдайын, оның ақысын, тіршілік деңгейін қамтамасыз ету мәселелерін шешеді.

- идеологиялық қызмет. Мемлекеттің аталған функциясыне елдегі басым идеологияны қолдау, білім беруді ұйымдастыру, ғылымға, мәдениетке қолдау көрсету тәріздес жұмыстар жатады.

Мемлекет функциясын жүзеге асыру нысандары құқықтық және ұйымдастырушылық болып екіге бөлінеді. Құқықтық нысандарға құқық шығармашылық (нормативті актілерді дайындау және қабылдау), құқыққолдану (нормативті актілерді іске асыру) және құқық қорғау (адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алу және кінәлі жанды заңды жауапкершілікке тарту) әрекеттері жатады. Ұйымдастырушылық нысандар арасынан экономикалық (несиелеу, мемлекеттік тапсырыстар, бағаны реттеу және т.б.), саяси (әртүрлі саяси ағымдарды ортақ келісімге келтіру, халықаралық келісімдер және т.б.), идеологиялық (халыққа үндеу, күнделікті тәрбиелеу жұмыстары, үгіт-насихат және т.б.) және тікелей ұйымдастырушылық (жоспарлау, бағдарлау, тексеру және т.б.) әрекеттерді бөліп көрсетуге болады. Ал әдіс-тәсілдерінің қатарынан сендіру немесе мәжбүрлеу, көтермелеу немесе жазалауды көруге болады.

Глоссарий (терминдер): Мемлекет функциясы, қоғамдық, әлеуметтік, таптық, ұлттық, ғылыми-техникалық, экологиялық, интернационалдық функциялар.

№1 СӨЖ тапсырмасы: Реферат

Студенттің өзіндік жұмысының ең басты түрлерінің бірі реферат жазу. Реферат Мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша жазылады және ол компьютер үлгісіндегі 3-4 беттен аспауы керек. Реферат: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырыптың жан-жақтылығын, мақсатын және талабын және тақырыпты зерттеуде қандай әдебиеттерді пайдаланғаныңызды көрсетесіз. Негізгі бөлімде реферат тақырыбын ашып: ол қысқа әрі жеке зерттеуіңізді көрсетіп, салыстырмалы анализ жасаңыз. Қорытынды бөлімде өз тұжырымдамаңызды көрсетесіз. Сондай ақ әдебиеттер тізімін көрсетесіз: 1) нормативтік құқықтық актілер; 2) негізгі әдебиеттер; 3) қосымша әдебиеттер. Реферат ауызша қорғалады, белгіленген ұпайға сәйкес бағаланады.

Рефератты бағалау критерийлері:

6 Тақырыптың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы

7 Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді терең оқып, дұрыс талдау жүргізіп, оны дұрыс жаза білуі

8 Қажетті қортындылардың жасалуы

9 Материалдардың жоспарға сайкес қисынды және рет-ретімен жазылуы

10 Жұмыстың әдеби тілмен дұрыс жазылуы және оның дұрыс рәсімделуі

Реферат тақырыбы: Мемлекет функцияларының жіктелуіне сипаттама беру.

№2 СӨЖ: Глоссарий

Бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.

СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

5 Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру

6 Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

7 Рәсімдеу сапасы

8 Сауатты талқылау

СОӨЖ тапсырмасы: . Баймаханов М.Т. К разработке современной концепции функций государства\\ Правовая реформа в Казахстане. 2001. № 4

Берілген мақаладағы автордың жасаған талдауына, келтірген дәйектемесіне қарсы пікір білдіру және пікірталас тудыру.

Үй тапсырмасы:

Дәрістің қарастырылатын сұрақтарына байланысты кесте сызасыз.

Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1. Т.Ағдарбеков.Құқық және мемлекет теориясы. Қарағанды,2002 ж.

2.А.Қ Мұхтарова. Қ.Д Жоламан. А.Н Тәукелев. Мемлекет және құқық теориясы.А.1999ж.

3. С.Өзбекұлы. Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы. А. 2006ж.

4. Коваленко А.И. Теория государства и права. Вопросы и ответы. Москва,1997.

5.Комаров С.А. Общая теория государства и права. Москва,1998.

6.Лазарев В.В. Общая теория права и государства. Москва, 1996.

7.Лазарев В.В., Липень С.В. Теория государства и права. Москва, 1998.

8.Малько А.В. Теория государства и права в вопросах и ответах. Москва, 1997.

Қосымша әдебиеттер:

1.Теория государства и права Хрестоматия в двух томах. Том 1 Авторы –составители В.В. Лазарев, С.В. Липень. М., 2001).

2. Баймаханов М.Т. К разработке современной концепции функций государства\\ Правовая реформа в Казахстане. 2001. № 4

Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:

«Мемлекет функциясы» тақырыбына талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Мемлекеттік функциясы ұғымы, мемлекет функциясы түрлері, Мемлекет функциясын іске асыру нысандары.

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

Пән: Мемлекет және құқық теориясы Кредит саны:_________

Дәріс № ______ Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________

Дәріс тақырыбы Мемлекет механизмі

Факультет_____________________________ Оқытушы __________________________________

Академиялық жыл 2010-2011 Курс 1 Семестр ______

Дәрістің мақсаты: Мемлекеттік билікті ұйымдастыру негіздерін жетік меңгеру.

Жоспары:

1. Мемлекет механизмі туралы түсінік.

2. Мемлекеттік аппарат қызметіндегі коррупциямен күрес.

3. Мемлекеттік қызмет.

4. Мемлекет органдары, оның белгілері.

5. ҚР мемлекеттік органдарының жалпы мінездеме жүйесі.

Дәрістің қысқаша мазмұны:Мемлекет механизмі – мемлекет әрекетінің негізгі бағыттарын жүзеге асыратын, қоғамды басқаруды жүргізетін, белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сипатталатын мемлекет органдарының жүйесі.

Мемлекет механизмі шынайы ұйымдастырушылық және материалдық күш, мемлекет оны қолдана отырып, билікті жүзеге асырады және белгілі бір саясатты жүргізеді. Заң ғылымында «мемлекет механизмі» және «мемлекеттік аппарат» түсініктері синонимдер ретінде қолданылады. Дегенмен де, мемлекеттік аппарат – басқару әрекетін тікелей жүзеге асыратын, арнайы биліктік өкілеттіліктерге ие органдар жүйесі, ал «мемлекет механизмі» түсінігіне мемлекеттік аппаратпен қатар, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, сондай-ақ мемлекеттік аппараттың соларға сүйене отырып, өз әрекетін жүзеге асыратын «материалдық қосымшалары» (қарулы күштер, милиция, түзеу мекемелері және т.б.) жататындығын ескеру керек. Сондай-ақ, мемлекет аппараты ретінде тұрақтылықта (статика) алынған мемлекеттің барлық органдарын, ал мемлекет механизмі ретінде осы органдарды қозғалыста (динамикада) қарастырған ғылыми көзқарастар да бар. Мемлекет аппаратын зерттеу барысында белгілі бір мемлекеттік органның маңызы, құрылу тәртібі, құзіреттілігі туралы мәселелер көтеріледі, ал мемлекет механизмін зерттеу барысында мемлекеттік органдардың әрекеті, олардың мемлекеттің белгілі бір қызметін жүзеге асыру үрдісіндегі өзара байланысы қарастырылады. Мемлекет механизмінің маңызды белгілеріне мыналар жатады:

-ол өзара байланысты мемлекеттік органдардың тәртіптелінген жиынтығын, яғни жүйесін көрсетеді. Мемлекет механизміне заң шығару органдары (парламент), өз әкімшілігімен қоса президент, атқару органдары (үкімет, министрліктер, ведомстволар, мемлекеттік комитеттер, әкімияттар), сот органдары, прокурорлық және өзге де қадағалау органдары, милиция, салық полициясы, қарулы күштер және тағы басқалар кіреді. Олар жиынтығында билік құрудың біртұтас жүйесін құрайды;

-оның біртұтастығы ортақ мақсаттар мен міндеттер арқылы қамтамасыз етіледі. Мақсат пен міндеттер жоғарыда көрсетілген сан алуан мемлекеттік құрылымдарды тұтас ағзаға айналдырады, ортақ мәселелерді шешуге бағыттайды;

-мемлекет механизмінің негізгі элементі ретінде биліктік өкілеттіліктерге ие мемлекеттік органдар танылады;

-мемлекеттік билікті жүзеге асырудың, нақты нәтижелерге жетудің ұйымдастырушылық және материалдық күші,құралы болып табылады.

Мемлекет механизмінің құрылымы деп оның ішкі құрылысын, оның аралық элементтерінің орналасу тәртібін, олардың өзара бағыныштылығын, қатынасын және байланысын айтамыз. Мемлекет механизмінің құрылымы мынандай элементтерден тұрады:

1) Мемлекеттік органдар, олар өздерінің тікелей биліктік функцияларын атқару барысында тығыз өзара байланыста және бағыныштылықта болады. Мемлекеттік органдардың ерекшелігі сонда, олар мемлекеттік-биліктік өкілеттіліктерге, яғни мемлекет күшімен, жалпыға міндетті басқармашылық шешімдер қабылдаумен байланысты құралдарға, ресурстарға және мүмкіншіліктерге ие болады. Оларға парламент, президент, үкімет, министрліктер, ведомстволар, мемлекеттік комитеттер, әкімияттар жатады;

2) мемлекеттік ұйымдар, оны басқаша, мемлекет механизмінің «материалдық қосымшалары» деуге де болады, олар мемлекеттің қорғау әрекетін жүзеге асыруға арналған. Қатарына қарулы күштерді, милицияны, салық полициясын және т.б. жатқызуға болады;

3) мемлекеттік мекемелер – мемлекет механизмінің биліктік өкілеттіліктері болмайтын (олардың әкімшілігін есепке алмағанда), әлеуметтік, мәдени, тәрбиелеу-білім беру, ғылыми аймақтардағы мемлекет қызметін атқару бойынша практикалық әрекетті тікелей жүзеге асыратын бөлігі. Оның қатарынан кітапханаларды, ауруханаларды, пошта, телеграф, ғылыми-зерттеу институттарын, мектеп, балабақша, жоғарғы оқу орындарын, театрларды және т.б. көруге болады;

4) мемлекеттік кәсіпорындар – бұлар да әкімшілігін есепке алмағанда биліктік өкілеттіліктері болмайтын, шаруашылық-экономикалық әрекетті жүзеге асыратын, өнім шығаратын немесе өндірісті қамтамасыз ететін, әртүрлі жұмыстар атқаратын және қоғам қажеттілігін қанағаттандыру, пайда табу үшін көптеген қызмет көрсететін мемлекет механизмінің құрамдас бөліктері. Оларға қазыналық зауыт, фабрикалар және т.б. жатады;

5) мемлекеттік қызметкерлер – басқарумен арнаулы түрде айналысатын мамандар;

6) ұйымдастырушылық және қаржылық құралдар, мемлекет аппаратының әрекетін қамтамасыз ету үшін қажетті мәжбүрлеу күштері.

Мемлекет органы – мемлекет қызметін жүзеге асыруға көмектесетін, мемлекет механизмінің құрылымдық бөлігі болып табылатын, биліктік өкілеттіліктерін жүзеге асыруы мемлекеттік мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етілетін мекемелер мен жеке лауазымды тұлғалар.

Мемлекет органының өзіне тән ерекше белгілері болады:

-мемлекетік органдар мемлекет механизмінің дербес элементі, біртұтас мемлекеттік ағзаның өзіндік арнаулы орнымен сипатталатын ажырағысыз бөлігі;

-мемлекет атынан және оның өкілеттілігімен әрекет етеді;

-мемлекеттік органдар нормативті-құқықтық актілер (конституция, заңдар және заңға бағынышты актілер) негізінде құрылған және әрекет етеді;

-әрбір мемлекеттік орган тек өзіне тән міндеттер мен функцияларды атқарады және сол үшін тиісті нысандар мен әдістерді қолданады (биліктік өкілеттіліктерді иемденген, соның ішінде қажетті жағдайда мемлекеттік мәжбүр ету шараларын қолдану да қарастырылған);

-мақсат ортақтығымен сипатталатын мемлекеттік қызметкерлер мен тиісті құрылымдардан (бөлім, басқарма, аппарат, кеңсе және өзгелерден) тұрады;

-органдардың мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті материалдық база (құрылым, көлік, ұйымдастырушылық техникалары және т.б.) мен қаржылық құралдар (банктегі есеп шоты, қажетті қаржы қорлары т.б.) берілген;

-мемлекеттік органдар белгілі бір құқықтық мәртебеге ие болады, онда берілген мемлекеттік органның жағдайы және оның нақты әлеуметтік мазмұны көрініс табады;

-мемлекеттік органдардың өзіне тиісті құзіреті болады. Құзірет - ұйымның заңмен бекітілген құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы. Ол нақты органға немесе лауазымды тұлғаға мемлекеттік, яки қоғамға маңызды міндеттер мен тиісті қызметтерді тиісті дәрежесінде жүзеге асыру мақсатында беріледі;

-мемлекеттік органдар өз құзіретін үш тәсілмен: а/нормативті актілер (жалпы сипаттағы нұсқаулар) қабылдау жолымен; ә/құқық қолдану актілерін (жеке сипаттағы нұсқаулар) қабылдау жолымен; б/нақты-ұйымдастырушылық әрекеттер жолымен жүзеге асырады;

-мүліктік құқықтарды жүзеге асыру барысында заңды тұлға ретінде көрінеді, яғни өз жауапкершілігі бойынша оған сеніп тапсырылған мүлікпен жауап береді, сондай-ақ өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иемдене және жүзеге асыра алады, міндеттерді атқарады, сотта талапкер және жауапкер бола алады;

-мемлекеттік органдар белгілі бір аумақта әрекет етеді.

Мемлекеттік органдар көп түрлі. Олар әр түрлі негіздер бойынша жіктеледі. Құрылу тәртібіне байланысты мемлекеттік органдар тікелей халықпен сайланатын органдар (ҚР Парламенті, ҚР Президенті, маслихаттар) және өзге мемлекеттік органдармен қалыптастырылатын органдар (ҚР Үкіметі, ҚР Конституциялық Кеңесі) болып бөлінеді. Мемлекет әрекетін жүзеге асыру нысандарына байланысты заң шығарушы, атқарушы-жарлық етуші, сот және бақылау - қадағалау органдары ретінде айырылады. Заң шығару органдары мысалы, Қазақстан Республикасының Парламенті, заңдарда қоғам еркін және мүддесін көрсетуге лайықталған арнаулы органдар; атқарушы – жарлық етуші органдар (ҚР Үкіметі, министрліктер, ведомстволар, мемлекеттік комитеттер, әкімияттар) қабылданған заңдар мен заңға бағынышты актілердің жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге арналған; сот органдары (конституциялық, жалпы құзіреттегі, әскери, өзге де арнаулы соттар) әділсотты іске асыруға, жеке және заңды тұлғалардың мүліктік дауларын қарастыруға, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуге арналған; бақылау - қадағалау органдары (прокуратура, өндірістік бақылау органдары, радиациялық қауіпсіздікті бақылау органдары) мемлекеттік басқару органдарының, кәсіпорындардың, мекемелердің, қоғамдық ұйымдар мен лауазымды тұлғалардың және азаматтардың заңдарды дәлме-дәл және біркелкі орындауын қадағалайды.

Мемлекеттік органдар билікті бөлу қағидасына сәйкес заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына жіктеледі. Мемлекеттік органдар орналасу иерархиясына сүйене отырып, республикалық (мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары) және жергілікті болып екіге бөлінеді. Бағыныштылық сипатына байланысты «вертикалды» бағыныштылықтағы органдар (прокуратура, сот т.б.) және екі жақты «вертикалды – горизонталды» бағыныштылықтағы органдар (милиция, мемлекеттік банктер т.б.) болып бөлінеді. ¤кілеттілік мерзіміне байланысты тұрақты, яғни әрекет ету мерзімі шектелместен құрылатын органдар (оларға прокуратура, милиция, сот т.б. органдар жатады) және уақытша, белгілі бір міндетті шешу үшін құрылатын органдар түрінде беріледі. Шешім қабылдау тәсіліне байланысты мемлекеттік органдар алқалы және жеке органдар ретінде көрінеді.

Наши рекомендации