ОперациялыҚ жҮйелер, Қоршамдар, орталар
Операциялық жүйелер (ОЖ) жүйелі программалы етудің негізі болып табылады. Операциялық жүйесіз осы заманғы компьютердің аппараты мен программасына қатынау (яғни компьютердің аппараты мен программасына еніп, жұмыс істеу) мүлдем мүмкін емес. Барлық аппарат, сондай-ақ программа құралдарына пайдаланушы операциялық жүйе деп аталатын делдал арқылы ғана қол жеткізе алады.
Операциялық жүйе-барлық программаның, ЭЕМ аппараты құралдарының және желілердің жұмысын жүргізуді қамтамасыз ететін программалар кешені.
Компьютерді қоректендіруге қосқанда ең алдымен ОЖҚ-ға ЭЕМ-нің жұмысқа жарамдылығын тексеруді және одан кейінгі жұмысын басқаратын операциялық жүйе жүктеледі (загружаются). Операциялық жүйе компьютердің қосылған сәтінен бастап жұмыс істейді, ал компьютер ажыратылған сәттен бастап ол жұмыс істеуін тоқтатады. Егер компьютер жергілікті желіден ажыратылған болса, онда оны қызмет көрсетуші персонал қосып береді.
Дербес жұмыс істейтін компьютерді қосудың реттертібі өте қарапайым:
1. Модем, дыбыс колонкасы, принтер, сканер және т.б. аса қажеті сыртқы құрылғылардың электірлік қоректендіргіші ерікті рет-тәртібімен қосылады.
2. Дисплейдің электр қоректендіргіші қосылады (егер дисплейдің қоректедіргш жеке кнопкасы болса ғана).
3. Соңғы сәтте Power кнопкасын басу арқылы компьютердің жүйелік блогын қосады.
Компьютерді ажырату (сөндіру) керісінше рет-тәртіппен жүзеге асады:
1. Алдымен Power кнопкасын басу арқылы жүйелік блогы қосылады
2. Содан кейін дисплейдің электр қоректендіргіші сөндіріледі (егер дисплейдің қоректендіргіш жеке кнопкасы болса ғана).
3. Ерікті рет-тәртіппенбұрын қосылып қойылған барлық сыртқы құрылғылардың электр қоректендіргіш сөндіріледі.
ЭЕМ-НІҢ НЕГІЗГІ БӨЛІКТЕРІНІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТІ. МАГИСТРАЛЬ
Процессор, зерде және енгізу шығару құрылғылары өзара қалай байланысқан? Қазіргі электроникада ол үшін көбінесе магистраль жиі қолданылады. Магистральды ЭЕМ-нің барлық компоненттері өзара параллель қосылған сымдар шоғы түрінде көрсетуге болады. Магистраль адрес шинасынан, мәліметтер шинасынан және бірнеше қосыша сымдардан (мысалы, белгілі адрес бойынша мәліметтерді жазуға немесе оқуға болатындығын көрсету үшін) тұрады. Магистраль бойымен электр сигналдарын жіберу арқылы ЭЕМ компоненттері бір-біріне информация бере алады.
Процессор құрылғыларды қалай басқарады? Магистраль арқылы жалғанғанда құрылғыға берілетін кез келген команда белгілі бір информацияны арнайы адрес бойынша жазу немесе оқу командасы сияқты болады. Мысалы, «электроника УКНЦ» ЭЕМ-де адрес 0 мен 65535 аралығында өзгере алады. Бірақ 0-ден 57343-ке дейінгі адрестер зердеге тиісті ал қалған адрестер түрліше құрылғыларға үйлестіріліп бөлінген (кейбір адрестер ещқайдада пайдаланылмайды). Мысалға, басу құрылғысына (принтерге) 65356 және 65358 адрестері, клавиатураға 65392 және 65394 адрестері бекітіліп берілген.
Принтер командасын шақыру былайша орындалады: процессор магистраль бойынша 65356 адрес кодын, команда кодын және «жазу» сигналын жібереді. Магистральға қосылған әрбір құрылғы адоес кодын талдайды. Принтер «өзінің» адресін тауып аладыда, «жазу» сигналы және мәліметтер шинасының күйі бойынша сәйкес команданы орындайтын схемаларды іске қосады. Әртүрлі информацияны жіберу арқылы принтерді әртүрлі командаларды орындауға мәжбүр етуге болады. Осы сияқты «оқу» сигналы және 65394 адрес коды бойынша клавиатура мәліметтер шинасы арқылы өзінің күйі жөнінде информация жібереді, осы информацияны талдау арқылы адамның қай клавишты басқандығын білуге болады. «аударады», «талдайды», «тауып алады» сияқты сөздерге сәйкес келетін схемалармен вентильдердің іске қосылғанын, өткізгіштерде жоғары (+5 В) немесе төменгі (0В) кернеудің паайда болғанын көрсетеді.
Сонымен УКНЦ-дегі құрылғыларды басқару арңалған ешқандай арнайы командалар жоқ, ол үшін «х-тен у-ке аудару» «х-пен у-ті салыстыру» деген сиқты өзімізге бұрыннан белгілі командалар пайдаланылады (бұл командаларды құрылғыға тиісті бекітілген адрестер көрсетіледі). Ал әртүрлі құрылғылар оларға тиісті адрестерге және командаларымен жағдайлары қалай кодталатынына (0-мен 1-дің қандай жинағы) байланысты ажыратылады.
ОНДЫРМАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Қондырмалар-Excel программасының мүмкіндіктерін кеңейтетін арнайы құралдар.Іс-тәжірибе жүзінде,нақ сол қондырмалар Excel программасын ғылыми-техникалық жұмыста қолдануға қолайлы етеді.Бұл құралдар сыртқы қосымша болып саналғанымен ,мәзірдің кәдімгі бұйрығы (әдетте ,Сервис немесе Мәліметтер мәзірі арқылы) көмегімен оларға қол жетеді .Әдетте қондырманы қодану бұйрығы арнайы диалогтық терезені ашады ,оны дайындау Excel программасының стандартты диалогтық терезелерінен айрықшаланбайды .
Қойылған қондырмалар Сервис –қондырмалар бұйрығының көмегімен іске асуға немесе ажыратып ,алып тастауға болады.Қондырмаларды іске қосу есептегіш жүйеге деген жүктемені ұлғайтады ,сондықтан әдетте іс жүзінде қолданылатын қондырмаларды ғана іске қосу ұсынылады .
Талдау пакеті-мәләметтер жиынтығын талдаудың қосымша мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді . Талдаудың нақты тәсілін таңдау бұйрығымен ашылатын мәліметтерді талдау дтологтық терезесінде атқарылдады.
Автосақтау-Бұл қондырма жұмыс кітабын автоматты түрде сақтау режимін берілген уақыт аралығы арқылы қамтамасыз етеді .Автосақтау режиіеің қондырмасы Сервис –автосақтау бұйрығының көмегімен атқарылады .
Қосындалу шебері-Кесте бағанында мәліметтерді қосындалу үшін формула жасауды автоматтандыруға мүмкіндік береді .Мұндайда ұяшықтар белгілі бір шарттарды орындағанда ғана сомаға қосылады Шеберді іске қосу Сервис-Шебер –Бірең-сараң сома бұйрығының көмегімен аткарылады .
Ауыстырым шебері-Бағандар мен жолдардың атаулары бойынша кестедегі мәліметтерді іздеу үшін формула жасауды автоматтандырады. Шебер ізденіс үшін қолданылатын параметрлерді қолмен беру мүмкіндігін ұсынады немесе бір мәрте ізденісті жүргізуге мүмкіндік береді.Сервис—Шебер—Ізденіс бұйры,ымен шақырылады.
Web-парақ шебері-Қондырма жұмыс парағы диапазондарының жиынтығын қайта жаңғыртады,сонымен қатар HTML тілінде жазылған Web-парақтарға программаларды да өзгертеді.Шебер HTML форматында Файл—Сақтау бұйрығының көмегімен іске қосылады және жаңа Web-парақ жасауға да HTML –дің бар құжатына жұмыс парағынан мәліметтерді енгізуге жол ашады
Шешім іздеу-Бұл қондырма оңтайландыру шешімдерін шешу үшін қолданылады .Оңтайлы мәндер іріктеліп ,шектеуліктер берілетіе ұяшықтар Сервис—шешімдерді іздеу бұйрығының көмегімен ашылатын шешімдерді іздеу диалогтық терезесінде таңдалады .
Мәліметтерді жинауға арналған шаблондар шебері .Бұл қондырма мәліметтер базасына жазбалар енгізуге арналған формалар ретінде қызмет етеді .Шаблондар негізінде жұмыс кітабы жасалған кезде оларға енгізілген мәліметтер базасының шаблоныменбайланысты болып автоматты түрде мәліметтер көшіріледі Шеберді іске қосу Мәліметтер –шаблон шебері бұйрығымен атқарылады
Web-форма шебері. Қондырма Web-торапта орналастырылатын формаларда жасауға арналған.Форма келушілер енгізген мәліметтер формамен байланысқан мәліметтер базасына автоматты түрде қосылатынлай етіп ұйымдастырылады.Мәліметтерді жинау үшін Excel формасын жұмыс парағында бұрынырақ жасау керек.Мәліметтерді жинау жүйесінің қондырмасы Сервис—Шебер-- Web формасы бұйрығымен іске қосылатын шеберді қолдану арқылы ұйымдастырылады.