Ық негіздерінен силлабус

Р БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Азаматтық, табиғтресурстық және экологиялық құқық кафедрасы

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Мамандық бойынша міндетті пән

KN – 1109 Құқық негіздері

Барлық мамандықтарға арналған

(Мамандықтың атауы және шифры)

Астана

ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕННІҢ

МАЗМҰНЫ

Силлабус

Пән бойынша глоссарий

Дәрістердің қысқаша конспектісі

Негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі

Семинар сабақтарының орындалу жоспары

Студенттің өзіңдік жұмысына арналған материалдар (үй тапсырмасының терілген мәтіні, әрбір тақырып бойынша өзін-өзі бақылауға арналған материалдар, рефераттар).

Аралық және қорытындф бақылау материалдары, қорытынды бақылау сұрақтары

Осымша материалдар.

Хрестоматия.

ық негіздерінен силлабус

1.Курс оқытушысы:Экологиялық және кәсіпкерлік құқық кафедрасының аға оқытушылары Карибаева А.К., Байтемирова Г.А.

2.Ғылыми қызығушылығы: Азаматтық, табиғиресурстық және экологиялық құқық

3.Ғылыми мектебі:Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

4. Курстың атауы:Құқық негіздері Кредит саны-2

5. Оқу пәнін өткізу уақыты мен орны:кесте бойынша.

5.1Оқу пәнінің бағыты:

Құқық негізі барлық мамандық студенттері үшін міндетті оқу пәні болып келеді, себебі әрбір азамат өзінің құқықтары мен міндеттерін білуі тиіс.

5.2 Курстыңмақсаты:

Қазақстанда қандай мемлекет құрылып жатқанына түсінік беру, жүйелі түрде білім беріп, азаматтардың қандай құқықтары мен бостандықтары бар екенін, адамның заңды мүддесін нұқсан келтірілсе, оларды кімнің қорғайтынын және тағы басқаларға түсінік беру болып келеді.

5.3Курстың міндеттері:

− студенттерге мемлекет пен құқықтың пайда болу кезеңдерімен

таныстыру;

− құқықтың басқа құқық салаларымен ара қатынасындағы

байланыс пен айырмашылығымен таныстыру;

− заңдардың мағынасын түсіндіріп кету.

5.4 Пәнді оқыту жоспары:

Тақырыптардың аттары Оқуды ұйымдастыру формасы және сағат саны Сабақтың нысаны
Мемлекет және құқықтың пайда болу теориялары. Мемлекеттің пайда болуы мен даму себептерінің маңызы. Құқықтың қайнар көздерінің бір-бірінен айырмашылығы. Дәріс – 1 сағат Практика – 1 сағат Мемлекет және құқықтың пайда болу теорияларын жеке-жеке қарап оларға сипаттама беру. Құқықтық қайнар көздерінің сипаттамасын анықтап бір-бірінен ажыратып көрсету.
Құқықтық норманың түсінігі мен түрлері. Құқықтық қатынастың субъектілері мен оның белгілері. Құқықтық қатынастың маңызы және түрлері. Дәріс – 1 сағат Практика – 1 сағат Құқықтық норманың түсінігін ашып оның элементтерінің бір-бірінен айырмашылығы мен түрлерін сипаттау. Сонымен қатар құқық қатынасының маңызын ашып оның түрлерін анықтау.
Конституциялық құқықтың маңызы. Қазақстан Республикасы демократиялық, әлеуметтік, құқықтық мемлекет ретінде сипаттама беру. Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарын анықтау. Дәріс – 1 сағат Практика – 1 сағат   Қазақстан Республикасында Конституцияның маңызын ашып оның құрылысын анықтап және қандай мемлекет болып табылатындығын көрсетіп, қандай билік органдарынан тұратындығын анықтау.
Әкімшілік құқықтың пәні. Мемлекеттік басқару органдары. Әкімшілік құқық бұзушылық, әкімшілік жауапкершілік, шаралардың түрлері және олардың қандай белгілерден тұрады. Дәріс – 1 сағат Практика – 1 сағат   Әкімшілік құқықтың маңызын ашып және мемлекеттің басқару органдарын анықтап олардың бір-бірімен байланысы мен айырмашылықта-рын белгілеп және әкімшілік құқық бұзушылығының түсінігі мен жауапкершілігін анықтау.
Еңбек құқығының маңызы. Жеке еңбек және ұжымдық шартының жасалу тәртіптерінің ерекшеліктері. Жеке еңбек шартын тоқтату және бұзу тәртіптері. Жұмыс уақыты және демалыс уақытының ерекшеліктері. Дәріс – 1 сағат Практика – 1 сағат   Біздің еліміздің еңбек құқығының алатын орнын анықтау және еңбек шарттарының белгілері мен маңыздылығын ашып және басқа елдерден айырмашылығын салыстырып сараптау.
Азаматтық құқықтың маңызы мен жүйесі. Азаматтық құқықтық қатынасқа түсетін субъектілерді анықтау. Азаматтық құқық қабілеті мен әрекет қабілетілігінің айырмашылығы. Мәміленің түрлерін анықтау. Азаматтық құқықтың объектілерінің түсінігі. Дәріс – 1 сағат Практика – 1 сағат Азаматтық құқықтың түсінігін ашып оның жүйесіне сипаттама беріп және құқықтық қатынасқа түсетін субъектілерін бөліп қарап оларды сипаттап кету. Азаматтық құқықтың объектілерін ашып қарау.
Қылмыстық құқықтың маңызы мен жүйесі. Қылмыс құрамы мен элементтері. Қылмыстық жауапкершіліктің түсінігі, түрлері және маңызыдылығы. Дәріс – 1 сағат Практика – 1 сағат Қылмыстық құқықтың жүйесін бөліп қарап және қылмыстың элементтері мен құрамының түрлерін белгілеп, Жазаның тағайындалу мақсаттарына сипаттама беріп кету керек.
Отбасы құқығының түсінігі мен қағидалары. Некеге тұру және некені бұзу шарты және тәртіптері. Ерлі зайыптылардың құқықтары мен міндеттерінің жалпы сипаттамасы. Ата-аналардың өз балаларына қатысты құқықтары мен міндеттерін сипаттау. Дәріс – 1 сағат Практика – 1 сағ Отбасы құқығының қағидаларының маңызын ашып және біздің елімізде некеге тұру немесе некені бұзу кезіндегі шарттарының ережелерінің сипаттамасын ашып анықтау.
Бюджет құқығының жүйесі. Қазақстан Республикасының бюджеттің құрылымы. Бюджеттің құқықтық реттелуі. Дәріс – 1 сағат Практика – 1 с Қазақстан Республикасында бюджет жүйесінің құрылымын ашып анықтап олар қандай заңмен реттеліп отыратынын көрсету.
1) Салық құқығының түсінігі мен элементтері. 2) Қазақстан Республикасының салық жүйесі. 3) Салық қызметінің органдары. Дәріс – 1 сағат Практика – 1 сағ Қазақстан Республикасының салық жүйесіне сипаттама беріп сонымен қатар салықтың элементтерін анықтап оларды бір-бірінен ажырата білу.
Қаржы құқығының маңызы. Қаржылық құқық қатынасқа түсетін субъектілер. Қаржылық құқық бұзушылық пен жауапкершіліктің мәнінің түсінігі. Дәріс – 1 сағат Практика – 1 сағат Қазақстан Республикасының Қаржы жүйесін ашып олардың маңыздылығын ашу. Қаржылық құқық қатынасқа түсетін субъектілерді бір-бірінен ажыратып олардың құзыреттерін белгілеу.
Мемлекет нысанының мазмұны. Мемлекеттің басқару нысанының түрлері мен сипаттамасы. Мемлекеттің құрылымдық нысанының мазмұны мен түрлері. Мемлекеттің саяси басқару жүйесінің нысаны. Дәріс – 1 сағат Практика – 1 сағат   Қазақстан Республикасының құрылымдық нысанын ашып қарап оларды жіктеп көрсету. Біздің еліміз қандай нысан белгілеріне жататындығын және қандай нысан белгілерінен тұратындығын анықтау.
Жер құқығының пәні. Жер құқығының қағидалары. Жерге меншік құқығын анықтап олардың түрлерін көрсету. Дәріс – 1 сағат Практика – 1 сағ Жер құқығының қағидаларын ашып олардың маңыздылығын көрсету. Жер құқығының субъектілерін көрсетіп олардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу.
Банк құқығының түсінігі. Қазақстан Республикасының банк құқығының институттары. Банкілік қатынастардың ерекшеліктерінің сипаттамасы. Дәріс – 1 сағат Практика – 1 саға Қазақстан Республикасында банк жүйесін анықтап көрсету және қандай институттардан тұратындығын бөліп анықтап белгілеу.
Сақтандыру құқығына түсінік беру. Сақтандыру құқығының түрлерін көрсету. Сақтандыру құқығының субъектілері. Сақтандыру шарты. Дәріс – 1 сағат Практика – 1 сағ Біздің еліміздің сақтандыру түрлерін көрсету және сақтандыру құқығының субъектілерін анықтап белгілеу, сонымен қатар сақтандыру шартының жасалу тәртіптерің көрсету.

7.Оқыту нәтижелерін бақылау және бағалау:

Семинар сабағы барысында ағымдық бақылау жүргізу оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін өзіндік жұмысы , кроссворд шешу, тест түрінде бақылау жүргізу жоспарланып отыр. Қорытынды сынақ түрінде өтеді.

8. Оқу пәнінің саясаты:

Курсқа келесі бақылау түрлері мен әдістері кіреді: курсты оқыту барысында бұл тақырыптың бақылау жұмыстары (жазбаша), ауызша сұрақтарға жауап беру, аралық тестер, кроссворд шешу,зерттеу жұмыстары (реферат), қорытынды сынақ түрінде жүргізіледі.

Студенттердің білімін бағалауды семинар барысында жауабының сапасымен қатар белсенділігі де ескеріледі.

Наши рекомендации