ИмперияныҢ кҮйреуі
Балкан соғыстары
Берлин конгресінен кейін Балкан түбегіндегі мемлекеттердің көпшілігі өзін-өзі басқару құқығына ие болды. Алайда іс жүзінде олар бәрібір Еуропа державаларының ықпалында қалған болатын. Осман империясының ыдырау үрдісі өзінің шарықтау шегі барысында Балкан мемлекеттері әуелі Осман Портасымен, кейін өзара ықпалы үшін соғыс жүргізген болатын. 1912-1913, 1913 жылдары болған аталмыш Балкан соғыстары түріктерді біржола Еуропадан ығыстырып жіберді.
Бірінші Балкан соғысы ұлт-азаттық, түрік халқына қарсы бағытталған сипатта өтті. Балкан одағы (Сербия, Черногория, Греция, Болгария) Осман империясын Еуропа аймағынан толығымен шығаруды көздеді. Қақтығыс 1912 жылы 9 қазанда черногор әскерінің түріктің Албаниядағы Шкодер қамалына шабуылымен басталды. Келесі күні Түркия Болгария, София, Белград және Цетиньяға соғыс жариялады. Жауап ретінде Балкан мемлекеттерінің болгар, грек, серб халықтары қарулы қақтығысқа түсті.
Балкан одағының әскері Түрік әскеріне қарағанда басым күшке ие болды. Қантөгіскен шайқастардан кейін Түркия үкіметі Батыс державаларынан арашаға түсуін өтінді. Алайда жағдай өзгермеді, соғыс жалғаса берді. Державалар Осман империясының ыдырауын бағып отырғандықтан, делдал ретінде қатынасудан бас тартты. Түркияның әскері күшін әлсіреткен тағы бір жағдай 1913 ж. 23 қаңтардағы мемлекеттік төңкеріс болатын. Билік басына Джемаль-паша, Энвер-паша және Талаат-паша бастаған жас түріктер келді. Осман империясының басшылығы материалдық шығындарды есептей келіп, бейбіт келіссөздер жүргізудің амалын іздеді. Сөзсіз жеңіліске ұшыраған Түркия мен Балкан одағы 1913 жылы 14 сәуірде Лондонда бейбіт келіссөздер жүргізе бастады. Сол жылы 30 мамыр күні тараптар Лондон бейбіт келісіміне қол қойды. Нәтижесінде Балкан одағы мен Түркия арасында мәңгілік достық жөнінде келісілді; Осман империясы Еуропадағы толықтай дерлік иеліктерінен айрылды; Осман империясы Крит аралдарын Балкан одағына беріп жіберді. Парижде соғыстың экономикалық сипаттамасы талқыланады деп келісілді, ал соғыстың өзге салдарлары жеке-жеке келіссөздерде қарастырылу керек деп келісілді.
Бірінші Балкан соғысының ең осал жері оның Еуропалық державалармен қадағаланбауында еді. Яғни екі тараптың иеліктерін куәландыратын делдал мемлекеттер табылмады. Сондықтан Түркияның жер бөлінісі нәтижесінде түскен территорияларды жеңімпаз мемлекеттер өзара бөлісе алмады. Өз кезегінде бұл жағдай екінші Балкан соғысына ұласты.
1913 жылы ақпан айында Батыс Македонияда болгар және грек әскерінің қақтығысы орын алды. Ендігі жерде Балкан елдері өзара соғыс жағдайына қымтанып жатты. Сербия мен Греция Румыния мемлекетімен Болгарияға қарсы одақтасты. 5 мамыр күні Афина мен Белград Софияға қарсы одақ құрды. 8 мамырда дәл осы жағдайда Румыния мен Түркия одақтасты. Бұрынғы одақтас Балкан елдері мен Түркия Болгарияның гегемониясынан сескенді. Ресей Балкан түбегіндегі соғыс қаупін болдырмау мақсатында агрессор деп танылатын мемлекетке экономикалық санкциялар қолданатынын мәлімдеді. 1913 жылы 29 маусымда Болгария соғысты жарияламастан Сербияның иелігіндегі Македонияға әскерін кіргізді. Әскери қауқары жағынан басым болған Болгария біріккен Балкан мемлекттеріне қарсы тұра алмады. Гректердің тарапынан көрсетілген қарсылық есебінен болгар әскері әбден әлсіреді. 29 шілде күні ол ресми жеңілгенін мойындап бейбіт келіссөз жүргізуді ұсынды.
Екінші Балкан соғысын қорытындылаушы қос құжат қабылданды: Бухарест бейбіт келісімі және Константинополь келісімі. Бухарест бейбіт келісімі – 1913 жылы Сербия, Черногория, Румыния, Греция және Болгария арасында қабылданған, екінші Балкан соғысын тәмамдаған келісім. Ол бойынша Болгария өз иелігіндегі Македонияның бір бөлігін Сербияға, келесі бөлігін Грецияға беріп жіберді. Румыния Оңтүстік Добруджаны иеленсе, Осман империясы Бірінші Балкан соғысында айырылған бірнеше жерлерін қайтарып алды.
Түркия Бухарест келісіміне қатыспады, сондықтан Болгария мен Түркияның арасында Константинополь келісімі қабылданды. Константинополь (кейіннен Стамбұл) бейбіт келісіміне 1913 жылы 29 қыркүйекте қол қойылды. Негізгі талаптар бойынша Болгария Түркияға Шығыс Фракия мен қоса Эдирне қаласын беруге тиіс болды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Балкан соғыстарының тарихи маңызы зор болды. Өйткені аталмыш соғыс нәтижесінде Балкан түбегіндегі елдер Антанта мен Үштік Одаққа бөлініп, тарихи позициясын айқындап алды.
ОРЫТЫНДЫ
Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Осман империясы Балкан соғыстарының салдарынан, жас түріктер революциясынан кейін және экономикалық әрі саяси құлдырауға ұшырап әлсірегеннен түпкілікті Германия саясатының жетегінде кетті. Осман империясының басшылығында отырған жас түріктер әлі де болса империяның тағдырын өзгертуге болады деп сенді. Сондықтан 2 тамызда 1914 жылы Германия мен Түркия әскери келісімге қол қойып, ресми одақтас елдерге айналды. Стамбұл Германия үкіметінен әскери қарыз алып, 29 қазанда Антантаға қарсы державалармен соғысқа кірісті. Германия Үштік одақ құрамына Балкан соғысындағы реваншистік көңіл-күйдегі Болгарияны тартып алды. 1915 жылы Антанта құрамына Италия, ал кейін Румыния келіп қосылған болатын. 1916 жылы Балкан, Кавказ, Қара теңіз бұғаздары Бірінші дүниежүзілік соғыс алаңына айналды. 1915 жылға дейін Осман империясы жауының бетін қайтарып отырды, алайда Кавказ аймағындағы орыс әскерінен жеңіліске ұшыраған түрік әскері бұдан былай бас көтерместей шығынға ұшырады.
1915 жылдан бастап Антанта құрамындағы мемлекеттер Осман империясын ресми бөлісу үдерісін бастап кетті. Шығыс мәселесін қадағалаушы мемлекеттер болып Франция мен Англия белгіленді. Алайда олар мәжбүрлі түрде Ресей тарапымен де санасуы тура келді. Келісілгендей Ресей үкіметі Армения мен Константинопольге иелік етті. Сайкс-Пико құпия келісімі нәтижесінде Франция мен Англия үкіметі Түркияның иеліктерін өзара бөлісіп алды.
Бірінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіліс, Германияның капитуляциясы және Осман Портасының өз ішіндегі саяси алауыздықтардың нәтижесінде кезінде ұлы империя саналған Осман мемлекеті құлады, империямен қатар XVIII ғасырдан бері ушығып тұрған Шығыс мәселесі де өз тарихи маңызын жойды.