Биржаның жетекшілігі
· Қабашев Мақсат Рахымжанұлы – Президент
· Сәбитов Идель Марсильұлы – Бірінші Вице-президент
· Цалюк Андрей Юрьевич – Вице-президент
· Хорошевская Наталья Юрьевна – Вице-президент
Лицензиялары
Биржаның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті берген, мынадай лицензиялары бар:
· Ұлттық және шетел валюталарында банктік операцияларды жүргізуге (2012 жылдың 29 маусымындағы № 5.3.3);
· Бағалы қағаздар нарығында қызметтерді (соның ішінде бағалы қағаздармен және өзге де қаржылық құралдарымен сауда-саттықтарды ұйымдастыру және бағалы қағаздар наығында жасалған мәмілелер бойынша клирингілік қызметті) жүзеге асыруға (2012 жылдың 19 шілдесіндегі № 4.2.3/1).
Биржаның қызметі негізінде келесідей нормативтік құқықтық актілермен реттеледі:
1) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
2) Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" заңы;
3) Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заңы;
4) Қазақстан Республикасының "Инвестициялық қорлар туралы" заңы;
5) Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау Агенттігі Басқармасының 2008 жылдың 29 қазанындағы № 170 қаулысымен бекітілген, Бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының сауда-саттығын ұйымдастырушы қызметін жүзеге асыру ережелері;
6) "Сауда-саттық ұйымдастырушысының ұйымдастыру құрылымына және қор биржасының листингілік комиссиясының құрамына қойылатып талаптарды бекіту және Сауда-саттық ұйымдастырушысының сауда-саттық жүйесінде жасалатын мәмілелерді қадағалау бойынша сауда-саттық ұйымдастырушысының құрылымдық бөлімшесінің қызметін жүзеге асыру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау Агенттігі Басқармасының 2008 жылдың 28 қарашасындағы № 195 қаулысы.
7) "Эмитенттер мен олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің кейбір санаттарына қойылатын талаптар туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау Агенттігі Басқармасының 2008 жылдың 26 мамырындағы № 77 қаулысы.
8) "Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп мойындау ережелерін және бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп мойындау сұрақтары жөніндегі қор биржасының директорлар кеңесінің комитетін қалыптастыру, оның жұмысы және оның сандық құрамы туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау Агенттігі Басқармасының 2008 жылдың 28 қарашасындағы № 196 қаулысы.
KASE акционерлері
2014 жылдың 01 маусымдағы жағдай бойынша биржаның 57 акционері бар, солардың ішінде банктер, брокерлік-дилерлік ұйымдар, активтерді басқару компаниялары, жинақтаушы зейнетақы қорлары және басқа ұйымдар бар. "Қазақстан қор биржасы" АҚ жарияланған акцияларының жалпы саны 5 000 000 дананы құрайды, олардың 942 013 акциясы орналастырылған. Қазақстан Реапубликасы Үкіметінің 2012 жылдың 19 қаңтарындағы "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы" акционерлік қоғамына қатысты кейбір сұрақтар туралы" № 134 қаулысына сәйкес, орналастырылған акциялардың 50,1 % үлесіне "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" ММ иеленген.
KASE Жарғысымен "алтын акция" қарастырылған, бұл акцияның иесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады. Бұл акция валюталық реттеу және Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары нарығын реттеу сұрақтарына қатысты KASE органдарының шешімдеріне тыйым салуға құқық береді.
Мүшелері
Биржада мүшеліктің үш санаты бар. Ұйымды қызықтыратын қаржы құралының түрлері бойынша өткізілетін сауда-саттықтарға қарай, KASE валюталық, қор немесе мерзімдік нарық мүшесі бола алады. Бір уақытта аталған екі немесе үш санатқа мүшелік етуге рұқсат етіледі.
2014 жылдың 01 маусымдағы жағдай бойынша KASE мүшесі мәртебесіне нарықтың 58 кәсіби қатысушысы иеленген.