Азаматтық қорғаныс терминінің сипаттамасы, азаматтық қорға ныспен қамтылатын салалар.
Мазмұны
Кіріспе ............................................................................................................ 3
1. Азаматтық қорғаныс терминінің сипаттамасы, азаматтық қорғаныспен қамтылатын салалар ........................................................................................... 5
2. Азаматтық қорғаныс жүйесі, халықты террорлық әрекеттердің зардаптарынан қорғау ................................................................................... 7
3. Азаматтық қорғанысты ұйымдастырудың
негізгі міндеттері мен принциптерi ................................................................ 9
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ....................................................................... 12
Қосымшалар ................................................................................................... 14
Кіріспе
«Қазақстан-2030» даму стратегиясына сәйкес ұлттық қауiпсiздік нөмi рi бiрiншi ұзақ мерзiмдi басымдық болып табылады. Қазақстан Республи касында ТЖ заңнамаға сәйкес ұлттық қауiпсiздiкке төнген қауiп-қатерге жат қызылады. Соңғы онжылдық әлемде қауiптi өндiрiстердi кеңiнен пайдала натын iрi өнеркәсiптiк аймақтардың индустриялық жедел өсуiмен, табиғи ресурстардың қарқынды игерілуiмен, урбанизациялануымен, халықтың едәуiр өсуiмен және олардың шек қойылған аумақтарға, көбiнесе қауiптi аймақтарға көп шоғырлануымен сипатталады. Мұның бәрi қоршаған ортаға түсетiн антропогендiк күштiң күрт өсуiне, экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық зардаптарға әкеп соғатын авариялардың, апаттардың және дүлей зiлзалалардың туындау ықтималдылығын арттырады.
Азаматтық қорғаныс бойынша жоғары оқу орындарында, басқа да мекемелерде табиғи апат, катастрофа, өндірістік апат нәтижелерін жою барысындағы Азаматтық қорғаныс құралдары мен күштерін басқару үрдісін игеруге бағытталғантоптық-штабтық оқулар, сондай ақ, өндірістік авариялардың, апаттар барысындағы Азаматтық қорғаныс тарапынан қолданылатын іс – шараларды қолдану жөніндегіарнайы-тактикалық оқулар және де авариялық жағдайларға дайындық, хабарлау және жинау бойынша оқулар өткізіледі.
Оқулардың мақсаты:
I. Азаматтық қорғаныстың бейбітшілік жағдайдан қарсыластың мүмкін шабуыл қаупі жағдайындағы қауіп төнудің тууына байланысты әскери жағдайға ауыстыру барысында ҚММу қызметкерлері мен жұмыскерлерінің, басқару органдарының, жетекші құрамның жұмысындағы үлкен қиындықтарға жету. Апат, катастрофа, стихиялық апат, азаматтық қорғаныс және өмір қауіпсіздігіне төнген қауіпті жоюға байланысты әрекеттер.
II. Білім алушылардың жоғары моральдық және психологиялық қасиеттерін дамыту, қалыптасқан жағдайда сауатты әрекет етуге дайындық. Қазақстан Республикасында азаматтық қорғаныс барлық жерде аймақтық-өндірістік принциппен ұйымдастырылған. Оны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы тікелей басқарады. Комитеттің облыстық, қалалық және аудандық бөлімдері бар. Жергілікті жерлерде мекеме, ұйым, оқу орындары, өнеркәсіп басшылары және азаматтық қорғаныс шараларын өткізуге жауапты болып табылады. Азаматтық қорғаныс күштері - Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері, аумақтық, объектілік құрамалар, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерінің құрамалары, мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жедел-құтқару отрядтары; Азаматтық қорғаныс құрамалары - облыстарда, қалаларда, аудандарда, орталық және жергілікті атқарушы органдарда, ұйымдарда құрылатын аумақтық және объектілік құрамалар, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерінің құрамалары.
Азаматтық қорғаныс терминінің сипаттамасы, азаматтық қорға ныспен қамтылатын салалар.
Азаматтық қорғаныс - бүл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және бейбіт, соғыс уақытында халықты, шаруашылық объектілерін және ел аумағын осы заманғы зақымдау қүралдарының, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай факторларының зақымдағыш (жойқын) әсерінен қорғау мақсатында өткізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиыны.
Азаматтық Қорғаныс (АҚ) — мемлекеттік қорғаныс шаралары жүйесінің құрамдас бөлігі. Міндеттері: жергілікті халық пен халық шаруашылығын жау шабуылынан, жаппай қыру қаруынан, табиғат апаттарынан т.б. төтенше жағдайлардан қорғау және қорғану шараларын үйрету; су тасқыны, сел, жер сілкінісі, өрт болған аймақтарда құтқару жұмыстарын жүргізу; халыққа жау шабуылының немесе табиғат апатының қаупі туралы алдын-ала хабарлау,т.б. азаматтық қорғаныс бейбіт кезеңде және соғыс уақытында мынадай шараларды жүзеге асырады: жаппай қыру қаруынан сақтану үшін арнайы қорғаныс жайлары салынып, жеке бас қорғаныс жабдықтары дайындалады, ірі қалалар тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп, оларға қорғану тәсілдері үйретіледі, ықтимал қауіп туралы халыққа егжей-тегжейлі түсіндіріледі, соғыс кезінде өндіріс орындары мен мекемелерде жұмыс тоқтамау үшін әртүрлі ұйымдастыру және инженер-техникалық шаралар жүргізіледі, нақты өндіріс орындары қорғалады, математика-техника құралдар, электр энергиясын шығару көздері, газбен, сумен қамтамасыз ету қорлары жасалады; қираған шаруашылықтарды қалпына келтіруге қажетті қосалқы жабдықтар жинастырылады, арнайы азаматтық қорғаныс топтары құрылады т.б. Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақы лауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган; Азаматтық қорғаныстың басқару органдары - бейбіт уақытта және соғыс уақытында Азаматтық қорғаныс іс-шараларына басшылық жасайтын және олардың орындалуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республи касының орталық және жергілікті атқарушы органдары, ұйымдар; "Бар шаңыздың назарыңызға!" дабылы - Азаматтық қорғаныстың дабылдама лармен және басқа да дабыл беру құралдарымен берілетін бірыңғай дабылы. Осы дабыл бойынша халық теледидарларды, радионы және басқа да ақпарат қабылдау құралдарын іске қосып қоюға, беріліп жатқан ақпаратты мұқият тыңдап, іс-әрекет тәртібі мен жүріс-тұрыс ережелері жөніндегі талаптарды орындауға міндетті; жедел-құтқару отрядтары - жол қатынасы қиын аудандарда және аса күрделі объекті лерде іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған республикалық, облыстық, қалалық, аудандық ұйымдар; қорғану құрылыстарының қоры - өндірістік персонал мен халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде арнайы қорғауға арналған қолда бар барлық инженерлік құрылыстардың жиынтығы; шаруашылық жүргізу объектілері - өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы өндірісінің және қоғам қызметінің басқа да салаларының мүдделері үшін пайдаланылатын үйлер, ғимараттар және басқа да құрылыстар; эвакуациялық органдар - халықты, материалдық құндылық тарды қауіпсіз аймаққа эвакуациялау, оларды орналастыруды, өндірістік қызметті және тыныс-тіршілікті қамтамасыз етуді ұйымдастыру үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар құратын эвакуациялық және эвакуация лық-қабылдау комиссиялары.