Тақырып. Орман қоры жерлерінің құқықтық тәртібі.

Жоспар:

1. Орман қоры жерлерінің түсінігі, құрамы.

2. Орман қоры жерлеріне меншік құқығы.

3. Орман қоры жерлерін пайдалану.

Негізгі ұғымдар:орман қоры жерлері, орман қоры жерлерінің құрамы, орман қоры жерлеріне меншік құқығы, орман қоры жерлерін пайдалану.

Қазақстан әлемнің орманы аз елдердің катарына жатады. Мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы 26464,2 мың гектар. Орман орналасқан аумақ 12374,1 мың гектар, олардың ішінде 896,7 мын гектар - қолдан отырғызылған ормандар. Қазақстанның орманды аумағы 4,2% құрайды. Республика аумағының не­бары 4,2%-ін алатын Қазақстанның барлық ормандарының ерекше экологиялық, ғылыми, рекреациялық, эстетикалық және мәдени мәнін, сондай-ақ биологиялық әртүрліліктің табиғи резерваттары ретіндегі олардың орасан рөлін ескере отырып, оларды ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесіне көшіру жөніндегі шұғыл шаралар қабылдау қажет.

Жалпы орман дегеніміз — Қазақстан Республикасының Ор­ман кодексінің 24-бабында орман - экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәні бар, қоршаған ортамен ықпалдасатын, бұтақтық және теректік өсімдіктердің, басқа да тірі табиғаттардың құрамдастары негізінде белгілі бір аумақта қалыптасатын табиғи кешен деп көрсетілген. Орманның келесідей белгілері бар: Биологиялық белгі - бұтактық, теректік және шөптік өсімдіктердін жиынтығы;

Құқыктық белгісі - занда белгіленген тәртіппен бөлінген, орман қорының жерлеріндегі өсінділер;

Экологиялық белгісі — қоршаған ортаның жағдайына әсер етеді.

Қазақстан Республикасының Орман кодексі орман заңдылығының бағытын анықтайды, оның мақсаты орман табиғи объектісіне жағымды әсер ету.

Бірінші багыт — ормандарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету .Табиғи ресурс экономды пайдалану оны қолдануды азайтады және жойылып кетуіне жол бермейді. Сол мақсатта орман заңдылығында кеспеағаш аймағын бөлу, қорғалуына байланысты ормандарды санаттарға бөлу және т.б. нормалар қарастырылған.

Екінші багыт — ормандарды күзету мен қорғауды қамтамасыз ету. Ормандар өрттен және заңсыз кесуден күзетіледі, зиянкестер мен аурулардан қорғалады. Осы мақсатта орман заңдылы­ғында орман пайдаланушылардың ормандарды өрттен күзету мен зиянкестер мен аурулардан қорғау міндеттері, орман заңдылығын бұзған үшін жауапкершілік көзделген.

Үшінші багыт — ормандардың экологиялық және ресурстық әлеуетін көтеру. Орман заңдылығы орманды қалпына келтіру және орман өсіру мақсатын көздейді, орман өнімділігінің жоғарылатуға негізгі талаптар қояды, орман пайдаланушыларға міндеттер жүктейді және ормандардың экологиялық және ресурс­тық әлеуетін көтеруге байланысты басқа нормаларды бекітеді.

Қазақстан Республикасының Орман кодексінде орман заңдылығының принциптері бекітілген. Қазақстан Республикасының орман заңдылығы мынадай принциптерге негізделеді:

ормандардың климатты реттейтін, орта түзетін, егіс-топырақ корғау, су сақтау және санитарлық-гигиеналық функцияларды орындайтын жалпы мемлекеттік мәнін мойындау;

ормандарды тұрақты дамыу (Қазақстан Республикасының орманды аумақтарын тұрақты ұлғайту);

ормандардың, табиғи - қорық қоры объектілерінің, мәдени және табиғи мұраның биологиялық әралуандығын сақтау;

ормандарды көпмақсатқа пайдалану;

5)орман ресурстарын ұтымды, үздіксіз, сарқылмайтындайетіппайдалану;

6)орман қорын күзету, корғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік реттеу менбақылау;

басты максатта пайдалану үшін ағаш кесу мен алынған сүректі қайта өндеуді жүзеге асыру функцияларынан орман пай­далануды реттеу функцияларының ара жігін ажырату;

Қазақстан Республикасының орман заңдарын бұзудан келтірілген залалдың орнын толтыру;

орман ресурстарын ақылы пайдалану;

орман қорының жай-күйі туралы акпараттың қол жетімділігі;

халықтың және қоғамдық бірлестіктердің орман қорын күзетуге және қорғауға қатысуы.

Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 8-бабына сәйкес, орман қорының жерлері мемлекеттік және жекеше ор­ман қоры жерлеріне бөлінеді.

Мемлекеттік орман қорының жерлеріне табиғи түрде ағаш өскен, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қолдан ағаш өсірілген және ағаш өспеген (орманды және ағаш өспеген алқаптар), орман шаруашылығын жүргізетін мемлекеттік ұйымдарға тұрақты жер пайдалануға берілген жерлер жатады.

Мемлекеттік орман қорына:

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріндегі (орман­ды және ағаш өспеген алқаптарды коса алғанда) табиғи және қол­дан өсірілген ормандар;

Табиғи және колдан өсірілген ормандар, сондай-ақмемлекеттік орман қоры жерлеріндегі орман шаруашылығыныңқажеттері үшін берілген, орман өсімдіктері өспеген жер учаскелері:

Халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темір жолдар мен автомобиль жолдарының, каналдардың, магистральды құбырлардың және басқа желілік құрылыстардың белдеулеріндегі ені 10 метр және одан көбірек, алаңы 0,05 гектардан астам корғаныштык екпелері жатады.

Қазакстан Республикасының Орман кодексінің 8-бабының 3-тармағына сәйкес, жекеше орман қорының жеріне Қазакстан Республикасының жер туралы заң актісіне сәйкес орман өсіру үшін нысаналы мақсатта жеке және мемлекеттік емес занды тұлғаларға жеке меншікке немесе ұзақ мерзімді жер пайдалануға берілген жерлерде, солардың қаражаты есебінен қолдан ағаш өсірілген, агроорман — мелиорациялықекпелер, арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсірілген жерлер жатады. Қазақстан Республикасының Орман кодексі бойынша орман қорына жатпайтындар:

Жеке ағаштар және аумағы 0,05 гектардан аспайтын ағаш топтары, мемлекеттік орман қоры жерлерінен тыс орналасқан, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде өскен бұтақтық өсімдіктер;

Елді мекен жерлеріндегі көгалдандыру түптері, қала ормандары мен орман парктерін қоспағанда;

Саяжай және бақшалардағы ағаштар мен бұтақтар.

Орманды, сондай-ақ ағаш өспеген, бірақ орман шаруашылығының қажеттеріне берілген жер учаскелері орман қорының жері деп танылады.

Орман қорының жері де мемлекеттік және жекеше орман қорыжерінен тұрады.

Табиғи өскен орманы бар және мемлекеттік бюджет қаража­ты есебінен отырғызылған жасанды орманы бар жер, сондай-ақ орман шаруашылығын жүргізетін мемлекеттік ұйымдарға тұрақты жер пайдалануға берілген ормансыз жер мемлекеттік орман қорының жеріне жатады.

Жекеше орман қоры жеріне жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар қаражаты есебінен отырғызылған және олардың жеке меншігіне берілген жасанды орманы бар жер жатады.

Мемлекеттік орман қоры учаскелеріне орман иелену тұрақты жер пайдалану құқығымен туындайды. Орман иелену дегеніміз - орман шаруашылығын жүргізу мен орман пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жұмыс істеуі үшін мемлекеттік ор­ман иеленушілерге Қазақстан Республикасының Үкіметі беретін мемлекеттік орман қоры учаскелерін иелену мен пайдалану құқығы, сондай-ақ жекеше орман иеленушілерге белгіленген тәртіппен берілетін жекеше орман қорын иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.

Мемлекеттік орман қорының учаскелері орман иелену құқығымен:

мемлекеттік орман қорын күзету, қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсіру, мемлекеттік орман қорының кешенді пайдаланылуын ұйымдастыру үшін орман мекемелеріне және уәкілетті органның өзге де мемлекеттік ұйымдарына;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметіне байланысты мақсаттар үшін мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтарға, мемлекеттік табиғи резерваттарға, мемлекеттік өңірлік табиғи саябақтарға, мемлекеттік ботаникалық бақтарға, мемлекеттік дендрологиялык саябақтарға беріледі.

Орман пайдалану дегеніміз - орман ресурстары мен орманның пайдалы қасиеттерін пайдалану жөніңдегі зандық және эко-номикалық жағынан регламенттелген қызмет. Мемлекеттік ор­ман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану құқығы тендер нәтижелері туралы хаттама және сол негізге алынып жасалған шарт негізінде туындайды

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қысқа мерзімді ор­ман пайдалану құқығы орман билетінің негізінде туындайды. Ор­ман пайдаланушы жеке тұлға қайтыс болған жағдайда оған тиесілі орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгіленген тәртіппен басқа адамға ауысады.

Орман пайдаланушы заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде оған тиесілі орман пайдалану құқығы Қазақстан Республика­сының заңдарында белгіленген тәртіппен қайта ұйымдаетырылған заңды тұлғаның құқық мирасқоры — занды тұлғаға ауысады.

Орман пайдалану құқығы — орман пайдалану түрі сақталғанда ғана, құқық мирасқорында орман пайдалануды жүзеге асыру үшін қажетті қаражат пен өндірістік қуаттар және облыстық атқарушы органдар айқындайтын тиісті біліктілікке ие мамандар болған жағдайда, ал орман пайдалану жөніндегі қызметтің лицензияланатын түрі жүзеге асырылатын жағдайда лицензиясы бар болған кезде ғана ауысуы мүмкін.

Орман пайдалану құқығының ауысуы ұзақ мерзімді орман пайдалану шартына, ағаш кесу билетіне, орман билетіне өзгерістер енгізу арқылы ресімделеді. Мемлекеттік орман қорында орман пайдаланудың:

сүрек дайындау;

шайыр, ағаш шырындарын дайындау;

қосалқы сүрек ресурстарын (қабықтар, бұтақтар, түбірлер, тамырлар, жапырақтар, бүршіктер) дайындау;

жанама орман пайдалану (шөп шабу, мал жаю, марал ша­руашылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарта орналастыру, бау-бақша шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, дәрілік шөптер мен техникалық шикізаттар, жабайы өсетін жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер мен басқа да тағамдық өнімдер, мүк, орман жамылғысы мен түскен жапырақтар, қамыс дайындау мен жинау);

мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының қажеті үшін пайдалану;

мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаты үшін пайдалану;

мемлекеттік орман қоры учаскелерін мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттағы мақсаттар үшін пайда­лану түрлері жүзеге асырылуы мүмкін.

Наши рекомендации